Yvision.kzYvision.kz
kk
Qaz
Qaz
492 постов4 подписчика
8
01:16, 15 января 2013

Баламен қайда барамын, немесе оқушыларға Сарай салып берген Школьник

Жұма сайын үйімізде пікір талас басталады. Демалыс күндері қайда барамыз? Керуен, Азияпарк, Ханшатыр және тағы басқа ойын-сауық орталықтарына демалыс сайын барып қомақты сома қалдыру қиындау болып барады. Оған қоса "біреудің пәтері" деген атракционға ай сайын төлеп жатқан жайымыз бар. Сондықтан балаға қызықты, сонымен қатар пайдалы демалыс ұйымдастыруды ойластырып жүрдім. Кеше Астанадағы Оқушылар сарайына жолым түсті. Қатты таң қалдым.Blog post image

Бұл ғимараттың жанында өткен сайын таң қалатынмын. Керемет жобаға сүйеніп салынғаны сыртынан-ақ көрініп тұрды. Өткен демалыс күндері Сарайдың ішіне де кірдім. Ендеше іште жүріп алған әсеріммен бөліскім келеді.

Blog post image

Ғимараттың ішіне кірген кез келген адам мына бір конструкцияға назар аударады. Ол үнемі айналып тұрады, ал конструкцияның астында Сарайдың ресми символы кілем болып төселіп жатыр.

Blog post image

8.3 гектар аумақты алып жатқан кешенге 3880 келіп, 80-нен астам түрлі үйірмеге қатыса алады екен. Жалпы ауданы 60 мың шаршы метрді құрайтын 4 қабатты ғимаратты инновациялық білім беру орталығы деп атауға толық негіз бар. Оған өзім куә болдым.

Blog post image

Мысалы мына залда қойылған ойын құралдары көмегімен оқушылар астрономия мен физика пәнінде оқып, жүрген заңдар мен құбылыстармен жақынырақ танысады.

Blog post image

Ал мына құрылғы арқылы балалар аспан денелерімен, ғарыш кеңістігінде милиондаған жұлдыздармен танысады. Оқушылар сарайының бұл бөлігінде бұдан басқа ғарыш аппаратын басқаруға

Blog post image

Ғарышқа да барып келуге болады, өзіңнің суретіңді ғарышта жүрген ғарышкерге орналастырып.

Blog post image

Оқушылар мына интерактивті тақтаны ерекше жақсы көреді екен. Ғарышқа барып келу күнде бұйыра бермейді ғой ))). Суретіңді орналастырсаң болды.

Blog post image

Мына макет көмегімен адам ағзасымен, органдармен танысуға болады.

Blog post image

Жалпы анотомия мен биология бөлімшесі өте қызықты екен, арнайы құрылғылар көп. Мысалы біреуі таразы іспеттес, сіздің салмағыңызбен қатар, ағзада қанша литр су бар екенін көрсетсе, екіншісі омыртқаныздың түзу немесе түзу емес екенін көрсетеді екен.

Blog post imageАл Мына макет көмегімен адамның бұлшықеті қалай қозғалатынын көруге болады.

Blog post image

Оқушылар қарап жүрген шағын ботаникалық бақ бар екен. Экзотикалық өсімдіктер бар.

Blog post image

Айтапқшы ғимараттың бір ерекшелігі мұндағы жылу мен электроқуаты жел мен күн энергиясынан өңдіріледі екен.

Blog post image

Лайм ағашы да бар мұнда, мохито сусынын жақсы көретіндер бірден танитын шығар )))

Blog post image

Лимон да өседі. Ботаникалық бақтың жан жағында түрлі лаболаториялар бар. Биология, Химия пәндерін жақсы көретіндер өз уақыттарын сонда өткізеді.

Blog post image

80-ге жуық үйірмесі бар Оқушылар сарайында ұлттық ойындарға да көңіл бөлінеді. Оған қоса оқушылар фотоөнер, журналистика және театр мен сахна өнері үйірмелеріне қатыса алады. Ең кішкенайлары болса ойын арқылы білім алуға мүмкіншілік алады.

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Оқушылар сарайы 11 айдың ішінде тұрғызылды, басында оқушыларға Школьник салып берді деген себебім мынау. 8,3 гетар аумақты алып жатқан кешенді В.Школьник мырза басқаратын "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының тапсырысы бойынша салынған екен.

Blog post image

Астанадағы оқушылар сарайы туралы толығырақ сайтынан немесе мына сілтемеден білуге болады http://archi.ru/agency/news_current.html?nid=24278 Ал ең дұрысы балаңызбен сонда барып танысу. Айтпақшы сарайға баламен барып келу тегін екен, жолдастар.

 
8
2130
3