Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:40, 14 января 2013

Астана қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығына» — 10 жыл!

Blog post image

фото: Емельянов, Литвина, Руденконың бапкер Н. Загриценко

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Астана қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы»  республикалық  мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қаңтардағы № 99 қаулысымен құрылды.

 

Орталықты  әр жылдары  басқарғандар:

  1. Болат Үкібайұлы Әбдірахманов  (2003-2006 ж.ж.)
  2. Ербол Нұраханұлы Қырғызбаев  (2006-2007 ж.ж.)
  3. Бостан Оңдашұлы Жаңбырбаев (2007 ж.)
  4. Қанат Сыздықұлы  Төлеков  (2007-2012 ж.ж.)
  5. Қанат Ізбасарұлы Жұрқаев  (2012 - қазіргі уақытта)
 

Blog post imageӘр жылдары Қазақстанның ең үздік  жаттықтырушылары

бізбен бірге жұмыс істеді:

Олар:

Еркін күрестен С. Жақсыбеков, Я. Абылғазин, Н. Рахманқұлов;

Бокстан Г.Кенжебаев, С.Костоев, Е.Оспанов, Б. Масабаев;

Дзюдодан Б. Жаналин, С.Жылқыбаев,  С.Шәкімов, С.Раков,                 Е. Иманбеков, В.Кичатов, С. Ғабдуллина;

Жүзуден А.Иванов, О. Вагизов, Н.Загриценко, Н.Будянский, В.Дрынь, В. Котов;

Байдарка мен каноэде есуден С.Бандурин, С.Подойников, С.Тиунов;

Академиялық есуден В.Белоногов, О.Опачанова, Г.Бартенев;

Үйлесімді жүзуден Ж.Демченко;

Көркем гимнастикадан Е.Есикова, С.Красникова, Е.Белус;

Таеквондодан С.Шоқпытов, Б.Райбеков, М.Сұранов;

Грек-рим күресінен Р.Нұрғазин, Қ. Нұртазин;

Жеңіл атлетикадан В.Рыхликов, С.Лосев, Т.Назарова;

Семсерлесуден В.Скорневский, М.Мищук, В.Дьякокин;

Суға секіруден Я.Семенов, Г. Макеенко;

Велосипед спортынан А. Кочетков, В.Березин, А.Скляров, А. Байгудинов.

 

Әдіскерлер құрамы:Blog post image

 

Ванжа Вера Васильевна

Зыкина  Ольга Тимофеевна

Галченкова  Татьяна Евгеньевна

Бас есепшілер:

Кәмелова Гүлжазира Өмірбекқызы

Еденбаева Аягөз Бименқызы

Біздің Орталықтан әр жылдары даярлықтан өткен  атақты спортшыларымызды мақтан етеміз.

 

Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

Бокстан Серік Сәпиев (2012 ж. Олимпиада  ойындарының жеңімпазы), Еркебұлан Шыналиев (2008 ж. Олимпиада  ойындарының жүлдегері);

еркін күрестен Ақжүрек  Таңатаров (2012 ж. Олимпиада  ойындарының жүлдегері);

әйелдер күресінен Елена Шалыгина (2008 ж. Олимпиада  ойындарының жүлдегері;

 

Азия ойындарының, Әлем және Азия чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

бокстан Бейбіт Шүменов, Біржан Жақыпов, Мирас Сәрсенбаев, Мерей Ақшалов, Дәурен Елеусінов;

грек-рим  күресінен Әсет Иманбаев, Ермек  Көкетов, Д.Жүсіпов, Дархан Баяхметов, Ербол Қоңыратов;

еркін күрестен Леонид Спиридонов, Нұрлан Әшкен, Ербол Исаев, Нұрлан Аманқосов, Дәулет Шабанбай;

дзюдодан Максим Раков, Ринат Ибрагимов, Ержан Шынкеев, Ұлан Рысқұл, Әсет Түсіпов, Келбет Нұрғазина;

әйелдер күресінен Жұлдыз Ешімова, Ольга Жәнібекова,  Ольга Смирнова, Эльонора Ауталипова;

жүзуден Евгений Рыжков, Дмирий Гордиенко, Екатерина Белус,  Стас Осинский, Олег Работа;

көркем гимнастикадан Аида Красникова, Айдана Қауылдашева, Мая Зайнуллина, Марина Петракова,  Анна Алябьева;

байдарка мен каноэде есуден Евгений Бежнар, Александр Подойников,  Михаил Емельянов;

таеквондодан Ринат Құралбаев, Фируза Ергешова, Екатерина Дмитрьева, Ұлан Тағаев, Сергей Пак.

 

Сондай-ақ, жастардың Әлем  чемпионаттары мен жасөспірімдер  арасындағы Олимпиада және Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

Еркін күрестен  2006 жылғы  жастар арасындағы  әлем чемпионатының қола  жүлдегері  Самат Жақыпов.

Дзюдодан  2006 жылғы  жастар арасындағы әлем чемпионатының қола  жүлдегері  Анна Подрядова.

Таеквондодан 2006 жылғы  жастар арасындағы  әлем чемпионы Жалғас  Бекқасымов.

Республика тарихында тұңғыш рет  академиялық есуден                   2008 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы  Евгений Васильев.

Жүзуден 2009 жылғы  І  жасөспірімдер Азия  ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері  Екатерина Руденко, Руслан Байманов, Эльмира  Айғалиева, Юлия Литвина.

Таэквондодан  І жасөспірімдер Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері  Нұрсұлтан Мамаев.

Байдарка мен каноэде есуден жасөспірімдер арасында 2011 жылғы  үш дүркін Әлем чемпиондары, ағайынды Сергей және Тимофей Емельяновтар.

 
0
717
0