• 101102
  • 6
  • 3
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Моңғолияның президентін тауға ертіп шыққан қазақ

АСТАНА. 12 қараша. BAQ.KZ – Жанарбек Ақыбиұл– альпинист, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Баян-Өлгей аймағының жыл адамы және ең таңдаулы спортшысы болған. Кезінде мемлекеттік Еңбек құрметі медалімен марапатталған, Спорт және білім министрліктерінің әртүрлі сыйлықтарының иегері. Моңғол елінде биік-биік шыңдарды бағындырып жүрген қандасымыздың журналист Дастан Жұмабекұлына берген сұхбатын ұсынамыз.

– Әуелі өзіңіздің шыққан тауларыңызды санамалап берсеңіз.
– Мен моңғол еліндегі биік таулар басында мәңгі мұзбен көмкерілген барлық шыңдарға шықтым. Ең биігі саналатын Бесбоғда шыңдарына 60 рет шығыппын. Шетел шыңдарына алғаш рет 1994 жылы шықтым. Бұл Түркияның 4000 метрлік биік Бурса шыңы болатын. Одан кейін Алатаудың Тұйық суына, 2002 жылы Тянь-Шаньның 6400 метр биік Мәрмәр дуал шыңына, Алтай тауларының 4506 метр биіктегі шыңы – Белухаға шықтым.
2009 жылы Кавказ тауларының ең биік шыңы – 5642 метрлік Эльбрус шыңына, Көкшетаудағы Бурабай, Семейдегі Орда, Шыңғыстаудағы Хан тауына шықтым. Қазір шетелден келген әлем альпинистері мен Мемлекеттік тау спорт комитетінің бағдарламасына сәйкес Моңғолиядағы қазақ жастарын ертіп, оларды мұздақ шыңдарға шығарып жүрмін.
– Моңғолияның президентін тауға ертіп шыққаныңызды баянөлгейлік қандастар мақтанышпен айтады екен. Моңғолияның қай президентін қай тауға шығарып жүрсіз?
– 2006 жылы Моңғолия Шыңғыс ханнан бері ел атанғалы 800 жылдық торқалы тойын ЮНЕСКО көлемінде атап өтті. Соған байланысты ел президенті Моңғол Алтайының ең биік шыңына шығатын болды. Сол кезде маған президентті шың басына алып шығу жауапкершілігі жүктелді. Моңғолия басшысы және үш парламент мүшесі бар жалпы саны 41 адамды мұзарт шың басына шығардық. Сол шыңға шыққанда оған «Ұлы Моңғол» деген жаңа ат бердік. Содан кейін моңғол халқы өте ырымшыл ғой, Бейжің Олимпиадасына апаратын ел байрағын мұзарт Цамбгарав тауының ең биік шыңына шығаратын болды. Бұған президент Намбарын Энхбаярдың өзі бастама көтеріп, өзі тағы да шыңға шықты. Мен сол кезде деректі фильм түсіруші операторды қорғаушының міндетін атқардым. Нәтижесі әсерлі болды. Сол жолы ел президентімен бірге шың басында желбіреткен байрағымыз Бейжің Олимпиадасында екі мәрте көкке көтеріліп, тарихта тұңғыш рет екі алтын медальға қол жеткізілді. Олимпиада ел есінде мәңгі қалды.
– Қазақстаннан Моңғолияға барып, сізбен бірге тауда болған қандастарыңыз болды ма?
– Қазақ елінің кәсіпқой альпинистерімен бірге бола алмасам да, Ерлан Қарин деген азаматпен жақсы таныспын. Ол Қазақстанда «Нұр Отан» партиясының хатшысы екен. Екеуміз соңғы үш жыл қатарынан Моңғолияның даласын кезіп, Алтай шыңдарының маңын шарлап жүрміз. Оның мақсаты – сонау біздің 3 000 жылдық тарихы бар таста¬ғы жазу-сызуды және балбал тастарды фотоға түсіру. Маған оның не көріп, нені фотоға түсірсе де суреттерін елдегі барлық ақпарат құралдарына жариялайтыны ұнайды. Сосын мені Ерекеңнің қазақтың ұлан байтақ даласын ерте заманда бабаларымыздың найзаның ұшымен, білектің күшімен, өзіндік әскери тәсіл, қару-жарағымен қор¬ғағанын көрсетіп, көне қару түрлерін жи¬нас¬тырып, бір жебенің өзінің қазақ тілінде жүзге тарта аты бар екенін жазып-сызып, көпшілікке паш етуі қатты қызықтырды. Содан мен де тау-даладан садақтың жебе ұштарын жинастырып жүретін болдым. «Дала жебенің ұштарымен, тарихи деректермен менмұндалап жатыр. Солар әлі де анықтап, зерттеп, қазақы көзбен қарауды қажет етеді», дейді ол.
– Жәке, сіз әлемнің 30-ға тарта мемлекеті альпинистерінің тобын басқарып Алтайдың асқар шыңдарын бағындырып жүрсіз. Шетелдіктер сізден нені көргісі келеді, ал сіз олардың бойынан не байқап жүресіз?
– Бірде Испаниядан келген ерлі-зайыпты қос отбасымен Алтай шыңдарын армансыз бағындырдық. Сапар соңында маған қатты разы болғаны сонша уақыттарының азды¬ғына қарамай бір күн әңгімеге ерік бердік, қыза-қыза сөздерімді бейнежазбаға түсіріп те алды. Абылайхан заманынан қазақ жеріне қозғалған көштің Қытайды басып бүгінгі Моңғол даласына жетіп енді қайта ұзақ жылдар отардан болған қазақ елі егемендік алысымен қандастарымның Қазақстанға көшіп жатқанын, қандай қиын заманды бастан кешірсе де бабалар ұлттық рухты жоғалтпау үшін қасық қаны қалғанша, ұрпағын аман алып қалу үшін осындай трагедиялық көштің орын алғанын әнгімеледім, жылап отырып тыңдады. Бұрында бұл жайлы шет жағалап естігендерін айтты. Өзімді атамекеннен жырақта туғыздыртқан озбыр ұлттың озбырлығын әлем туристеріне аямай әшкерелеп айтып беремін. Ішімдегі қатқан шерді осылайда шығарам да. Еуропа мен АҚШ туристері көбісі қазақтың басынан өткен бұл трагедиядан хабары бар екенін айтып жатады. Ұлттық рух демекші, олар да өздерінің көне салт-дәстүрлерінің жоғалып бара жатқанын, бүгінгі жастар көненің көзін елемейтінін қынжыла айтатындары көп. Бірақ ұлтжанды азаматтардың арқасында әр сатыдағы ақпарат арқылы әр түрлі бағдарламамен және жоғарғы деңгейде сыйлық ұсынылып, қызықтырып, насихаттау жұмыстарын жүргізіп жүргендерін жасырмады. Мұндай ұлтжандылықты насихаттауға келгенде көбінде жеке ауқатты кәсіпкерлер тарапынан ықпал мен белсенділік де өте жоғары болады екен.
– Тауға шыққанда қандай да бір оқиғалар болды ма?
– Қауіп, қатер, қызықты оқиғалар әр тауға барған сайын кезігіп тұрады. Мына бір оқиға әлі есімнен кетпейді. 2009 жылы Кавказдағы Эльбрус шыңын бағындыруға төрт моңғол әріптесіммен бірге барып едік. Ұланбатырдан шыққан пойызымыз Буряттардың Улан-Удэсін, одан кейін Новосібірді басып өтіп, Кавказ тауларына да жеттік. Пойыздан түскен соң, такси ұстап тауға кеттік. Орысшамыз шамалы. Кавказдық¬тар¬дың тілін қалай түсінеміз деп бір-бірімізге қараймыз. Арасында картамызға қарап жолдан жаңылмасақ болды деп өзімізді жұбатып қоямыз. Сөйтіп жүргенде, мына қызықты қараңыз, маған кезіккендердің бәрі қазақ тілінде сайрап қоя береді. Мен қиналмай жол бағдарымызды біліп отырдым. Артынан елге келген соң әріптестерім «Жанарбек түркі тектес халықтардың барлығының тілін біледі екен. Олармен ана тіліндей еркін сөйлесті», – деп таңғала айтып жүрді. Ол жердегі халықтың әйелдері мен басқа да адамдары туристердің жан-жақтан Эльбрус тауына ағылып жататындықтан, тау етегіндегі туристік базада қозы терісінен істелген ұлттық тымақ пен қол кәде бұйымдарын сатып, шағын бизнес жасайды екен. Бірде соларға барып суреттерін тамашалап жүрсем, «Әй бала, қай ұлтсың?» – дейді біреуі. «Қазақпын» десем, олар да қазақша сайрап қоя берді. Өзім де таң қалып «Ойбай! Ел болып жабылып қазақтарға қазақша сөйлете алмай жүрсек, сендер қазақ тілін қайдан ұғып алғансыңдар?» – деп қоямын. Сөйтсем, олар Кеңес одағы кезінде Қазақстанға пойызбен жөнелтіліп, жер аударылған халық екен. Кеңес одағы ыдыраған соң атамекендеріне қайта оралыпты. Маған кезіккендердің бәрі де Алматы облысынан кеткендер болып шықты. «Қазақстанды сағындық» деп, таныс-тамырларын еске ала, қазақтардың қонақжайлылығын айтып тауыса алар емес. Маған «Тегің қазақ қой, Алматы жаққа барып жатсаң сәлем айт» – деп кейбірі қазақ достарының мекен-жайын жазып та берді. Тіпті, қандастарым көшіп жатқанда, қаражат болмай қиналғанда «Мен бай емеспін, бірақ өзіме деп жинаған ақшамды берейін, еліңе жетіп ал»,– деген қазақ азаматының берген ақшасымен еліме жетіп алғанмын. Тірі болып, ауқаттанып алсам, мен жақсылығыңды қайтарамын», деп көзіне жас алған апаның сөзін естігенде, ана мәрт қазақтың ерлігінен Еуропа құрлығының ең биік мұздақ шыңының түбінде тұрып керемет әсер алдым.
– Жәке, осы қазақты альпинист халық дей аламыз ба?
– Менің ойымша, иә. Қазақ тауға тым құмар халық. Оның бір айғағы – халқымыздың тым ертеден қыран баптап,тазы ертіп тау кезген халық екендігінде. Анау көне ғасырдан бізге жеткен тастағы қашалған суреттерге қарап отырсаң, халқымыздың тірлігі таудан алшақ кетпегенін байқаймыз. Басқыншы жауларын тауға апарып әр түрлі әдіс-тәсілмен қырып-жойып жіберген аңыз-әңгімелерде де көп кездеседі, соған қарағанда қазаққа тау таңсық емес, қазақтар тау тілін жақсы меңгеріп қана қоймай, оны өз өмірлеріне байланыстыра білген, сондықтан қазақты тау құмар халық деп айта аламын.
Қазақтар ежелден бүркіт баптап келген халық. Ал балапанды ұясынан ұшарда алып баптағанда ғана ол нағыз мінезді қыран болмақ. Ондай балапандар таулардың ең қиын қиялы, құз жартастардағы ұяларда болады. Міне, қазақтар осы балапанды алу үшін де сол адам аяғы тимеген шыңдарға өрмелеп, басын қатерге тігер болса, онда неге қазақтардың тау перзенті екенін жоққа шығарамыз? Еуропалықтар тау спортын альпинизм дейді, ол терминнің шығу тегіне тереңдесек, Еуропадағы Альпі тауларына алғаш бір дәрігер мен бал өсірушінің асқарлы мұздақтарға шығамыз деп қайта-қайта барып жүргенін көрген жұрт әне Альпілер, Альпішілер кетіп барады деп жүріп, тау спортына қатысты альпинизм терминін қалыптастырды. Бұған 100 жылдан астам уақыт болды. Ал біздің қазақтың шың-құзға шығып жүргені тым әріден бастал¬ғанын жоғарыда айттым. Тіпті, қазақ ақындардың да «тау ұлымын» – деп жырлауы да, Абайдың өз өлеңдерінде де тауды сипаттайтыны тегін емес. Қазақ биіктерге алысқа қарап үйренген тау баласы ғой.
– Туризм әлемінде гид деген сөз бар ғой. Бұл барлық халықтың санасына сіңіп болды. Оны біз қазақшалап жолбасшы деп те аударып жүрміз. Осы кәсіп қазаққа таңсық па?
– Түпкі ойыңды түсіндім. Гидтер (guaid) жайлы ойды әріден қарауға болады. Қазақтың аңыз әңгімелерінде жолсерік, жолбасшы жайлы аңыз көп, солардың ең бір кереметі – сақ дәуіріндегі Шырақ жайлы. Онда тұтқиылдан шабуыл жасаған парсылар сақтарды бір-біріне қоспай қырғынға ұшырата бастайды. Сақ көсемдері күш алып келе жатқан жаулардан қалай қорға¬намыз, қалай құтыламыз деп бастары қатып қиналып жатқанда мал бағып жүріп-ақ қазақ даласын жетік білетін Шырақ көсемдеріне келіп: «Мен туған жерім өскен ортамды жауға таптатпаймын. Сендер менің бала-шағамды бағамын деп уәде берсеңдер мен жауды өзім-ақ тойтарам» деп келісімге келеді де, бет-аузын тіліп, қанын сорғалатып, парсылардың алдынан шығады. Сол кезде ол: «Сендер келеді дегенде мен шамамыз келмейді, соғыспайық, берілейік деп едім, мені бет аузымды тілгілеп өлтірмекші болды, мен әрең қашып құтылдым» дегенде парсылар сеніп қалады. Сосын ол парсыларға: «Мен өшімді алам, сендер көмек қылсаңдар, олар жайбарақат жатқанда үсті¬нем түсіремін, қане, мен жол бастайын», – дейді. Соғыстың бұл қулық-сұмдық түрін жақсы білетін парсылар құп көріп, Шы¬рақтың артынан ереді. Қазақ сахарасын жақсы білетін Шырақ оларды 8 күн бастап жүріп, азық-суы таусылғанда қулығын айтыпты. Дарийдың алданғанын біліп, қолбасы Ранасбат қылышын қынабынан суырып алып, Шыраққа тұра ұмтылады. Өлімнен қорықпаған Шырақ тәкаппарлықпен Ранасбатқа қарсы қарап: «Жеңіске жетті деген осы! Атажұртымды жаулап алмақ болып Дарий I патша бастаған қанқұйлы жауды жалғыз өзім шөлге қамап, қырып тастадым. Төрт жақтарың бетпақ дала, қалай жүрсеңдер де шөлден өлесіңдер. Ал менде ешбір арман жоқ. Қаным кіндігім кесілген туған жерде төгіледі, денем осында көміледі» – деген екен. Ашуға булыққан Ранасбат қылышпен Шырақты шауып өлтіргенімен, қай жақтан келіп, қай жаққа барарын білмей дағдарған қалың әскер шөл мен аштыққа ұрынып, шетінен өліп көмусіз қалыпты. Ал туған жерін өз қанымен қорғап қалған Шырақтың есімі мен рухы күні бүгінге дейін Қазақ даласында жаңғырып асқақтап келеді. Міне, бүгінгі ағылшынша гид (жолбасшы) деп жүрген кәсіптің біздің бабалар 517 жылдың өзінде соғыс өнеріне тамаша пайдаланып қойғанын бабалардан бізге жеткен аңыздардан байқаймыз.
Бүгінгі таңда жолсерік қызметін заманға сай жетілдіріп дамытсақ, ұтпасақ еш ұтылмаймыз. Себебі, туризмді дамытудың бірде-бір жолы – жол серіктердің дархан қазақ далаларын аралатып қана қоймай әр тасы суына дейін сөйлете алар білімі мен өз мамандығын жетік меңгергені жоғары деңгейде болуы керектігін қажет ететінін басты назарда ұстаған абзал.
– Әңгімеңізге рахмет.

 

Әнгімелескен Дастан Жұмабекұлы.

 
nazgulnaz
14 января 2013, 13:14
615

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Прогноз эксперта: в Казахстане будут жить 5 миллионов китайцев

Прогноз эксперта: в Казахстане будут жить 5 миллионов китайцев

В ближайшие годы в Центральной Азии будут проживать восемь миллионов китайцев, считает заведующий отделением востоковедения национального исследовательского университета высшей школы экономики.
kurmanovainur
23 июня 2017 / 11:23
  • 40141
  • 20
Они сделали это! Kaspi Bank презентовал свое мобильное приложение

Они сделали это! Kaspi Bank презентовал свое мобильное приложение

Изучив ошибки предшественников и собрав воедино новейшие идеи онлайн-банкинга, Kaspi Bank наконец выпустил... свое мобильное приложение!
niyazov
20 июня 2017 / 15:05
  • 8645
  • 7
Почему мы должны быть благодарны журналисту Джеймсу Палмеру за критику ЭКСПО

Почему мы должны быть благодарны журналисту Джеймсу Палмеру за критику ЭКСПО

Как одним критичным постом зарубежному журналисту Джеймсу Палмеру удалось вскрыть сразу несколько гнойников казахстанского общества.
anotherblogger
21 июня 2017 / 0:39
  • 6641
  • 63
В каких случаях у вас могут изъять удостоверение личности?

В каких случаях у вас могут изъять удостоверение личности?

Недавно один знакомый задал вопрос: «Я сейчас выступаю как свидетель по одному делу. У меня забрали удостоверение личности (УЛ) в РУВД и не вернули обратно. Так можно?». Я сразу задалась вопросом...
asselsabekova
21 июня 2017 / 10:17
  • 3004
  • 10
Инструкции по сопроводительному письму и собеседованию, которые подойдут всем

Инструкции по сопроводительному письму и собеседованию, которые подойдут всем

Наткнулась на статью Ассоциации юристов Новой Зеландии, в которой они дают советы выпускникам юрфака по поиску работы. Статья меня поразила, поскольку там описано все до мелочей, а их советы подойдут абсолютно всем.
asselsabekova
20 июня 2017 / 16:10
  • 2631
  • 6
На Иссык-Куль через Юг. Не бойтесь ехать в Киргизию своим ходом!

На Иссык-Куль через Юг. Не бойтесь ехать в Киргизию своим ходом!

Очень живописная и бюджетная поездка вдоль всего берега по Иссык-Кулю! Мы, две обаятельные девушки, поехали вдвоем, подготовленные к совершенно автономной жизни в палатке, и ни разу ничего не...
yelenasergiyenko
22 июня 2017 / 13:20
  • 2539
  • 23
Где отлично провести летние месяцы с пользой для здоровья и кошелька?

Где отлично провести летние месяцы с пользой для здоровья и кошелька?

Я обратил внимание, что в случае с уникальными природными зонами Павлодарской области применима поговорка: «что имеем – не ценим», а ведь они легко могли бы стать международными курортами.
Muzalevskiy
23 июня 2017 / 22:57
  • 2702
  • 8
Это «колхозное сооружение» вредит имиджу города. Я, как алматинка, против!

Это «колхозное сооружение» вредит имиджу города. Я, как алматинка, против!

Почему эту трубу не проложили под землей? Она обезображивает улицу, как дикий багровый шрам от раны, зашитой равнодушным, криворуким и ленивым хирургом, обезображивает лицо.
ValentinaVladimirska
23 июня 2017 / 12:10
  • 2279
  • 32
Миф о героях нашего времени: «Они лишь дешевые подделки»

Миф о героях нашего времени: «Они лишь дешевые подделки»

Они назвали лизоблюдство – нетворкинг. Они назвали бессовестное самохвальство – селфбрендинг. Они назвали беспринципность и отсутствие морали – гибкость и креативный подход.
Aks_Ras
22 июня 2017 / 17:32
  • 1911
  • 12