Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:45, 14 января 2013

Иранда қазақ тілінде оқытатын мектеп жоқ

Ел тәуелсіздігінің арқасында тарыдай шашылған қазақтың жоғын жоқтап, мұңын мұңдай бастадық. Дегенмен қазақтар жиі қоныстанған Қытай, Ресей, Өзбекстан, Моңғолия елдерінен өзге мемлекеттердегі қандастарымыз турасында мәлімет өте аз. Иран қазақтары туралы аз-кем ақпарат алу үшін М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері Юсуф Пилтанды әңгімеге тарттық.

Blog post image

— Иран қазақтары 1929-33 жылдар аралығында Маңғыстау мен Атыраудан Түркменстан жері арқылы Иранға қоныс тепкен. Мыңдаған адамдар жолда ауырып,сырқаттан қаза тауып, көмусіз қалған болатын. Елден көшкен қазақтардың бірсыпырасы Иранда безгек және тағы басқа ауруларға шалдығып көз жұмған. Жат ортаға бірден бейімделіп өмір сүру қазақтарға оңайға түскен жоқ. Бүгінгі таңда олар Гүлістан облысындағы, Горган, Бендер-Түркмен, Күмбет қалаларында топтасып бір аймақта оян-қолтық өмір сүріп отыр.
— Иранда қанша қазақ тұрады?
— Қазіргі таңда Иранда 8 мыңға жуық қазақ тұрады. Олардың барлығы Адай руынан тараған.
— Қазақ мектебі бар ма?
— Иранда қазақтарға арнайы мектеп жоқ. Барлығы тек қана иран тілінде оқып 12 жылдық білім алады. Қазақтардың біразы ұстаздық, дәрігерлік, бухгалтерлік, салықшы, банкир, тоқымашы, телеграф қызметтерін атқарып, зейнеткерлік демалысқа (30 жыл еңбек етсе жасқа қарамайды) шығады. Жалпы, аранайы бір мектеп немесе Қазақстан елшілігінің жанындағы мәдени орталықтан қазақ тілін үйреу бөлімдері ашылса құп болар еді. Біздің тіліміз 1929 жылғы тіл. Қазіргі таңда тіл дамып әдеби құбылыстар еніп көркейген. Бірақ біз әлі сол кеңестікте қалып отырмыз. 
— Көші-қон жағдайы қалай?
— Иран қазақтарының тең жартысы Қазақстанға көшіп келді. Олардың шоғырланған жері – Маңғыстау облсы. Көшіп келгендердің ішінде айтарлықтай жетістікке жеткендер жоқтың қасы.Бір айта кетерлігі –Абайды өз ағайындарымыз иран тіліне аударды. «Иран қазақтары» жайлы еңбек жарық көрді. Қазақтардың Иран тілінде 12 вебсайты бар. Олар Қазақстан туралы ақпарат беріп отыр. Иран қазақтары жайлы Ислам Жеменей, Қажы Кедей, Жапарбай Шадкам, Нияз Тобыш ағаларымыз біршама жазып үлгерген. Ислам ағамыздың Иран қазақтары жайлы еңбегі 2007 жылғы «Зерде» баспасынан жарық көрді. Ираннан үш студент келіп Әл-Фараби атындағы ұлттық университетте дайындық бөлімінде оқып жатыр. Ол да Ирандағы Қазақстан елшілігінің арқасында болса керек. Осылай барып-келу көбейіп ұлғая берсе Иран қазақтарының тілі біршама жақсарып қалады деген үміттемін. Ал Алматыда 10 отбасы тұрамыз. Қазіргі таңда Алматыда үкімет берген үйде тұрамын. 
— Қазір қандай зерттеулермен айналысып жүрсіз?
— 2007 жылы «Ән жаңбыры» өлеңдер жинағын баспадан шағардым. Енді екінші өлең жинағын шығарамын деп жоспарлап отырмын. Бүгінгі таңда «Шахнаманы», «Гилгамишті», «Ләилі-Мажнунді» Қазақ тіліне аударып Қытай басылымдарына беріп қойдым. Енді келешекте Иран класиктерінің еңбектерін қазақ тіліне аударуды жоспарлап отырмын.

Әңгімелескен Біләл Қуаныш

 
0
524
0