Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
14:56, 13 января 2013

Қазіргі қазақ киносы жайында...

Қазіргі қазақ киносының бет алысы бір арнаға түсе бастағандай.Соңғы 3-4 жылда бірінен соң бірі шыққан киноларымыз қазақ тілді көрерменнің көзайымына айналып,жақсы-жаман бағаларын да алып үлгерді.Сең боп қатып  қалған қазақ киносын аз да болса қалыпқа келтірдік-ау,бірақ  сапа,мән-мағына жағынан әлі де кем-кетік тұстарымыз табылуда.Әрине,мойындау керек,бұл 3-4 жылымыз қазақ тілді көрерменнің қатарын едәуір көбейтті.Шетел көрерменіне арналған кейбір төл туындыларымыз жүлделі боп жатса,кейбірі үмітті ақтамай жатты.Шетел демекші,көптеген режисерлер осы күні фильмдерінің тұсауын өз елімізде емес,шетелде кесуге тым әуес.Егер ұлттығымызды көрсететін фильм болса бір сәрі,кей фильмдерімізді қарап отырып,нағыз қазақ осындай ма еді деп күмәндәніп қалатынымыз тағы бар.

Жақсыны жақсы дей отырайық! Мың бала,Аңшы бала,Шал және тағы басқа фильмдердің қазақ көрермені үшін орны бөлек бұл күнде.Елімізде де,шетелде де лайықты бағасын алған туындылар...

Жалпы,қазіргі режисерлер туындыларын алып қарар болсақ,кішігірім эпизодтарда болса да,көкжалдарды жиі кездестіретін болдық.Мысалы “Менің балалық шағымның аспаны” фильміндегі қораға түскен көкжал,” Аңшы баладағы” қасқырды ату,”Жерұйық” және “Шал” фильміндегі арландармен арпалыс, тағысын тағы...Шыны керек,кейде біздің фильмдердің жүлде алуына қасқырлардың да септігі тиген деп ойлайтыным бар.

P.S Фильм десек- айтар нәрсе табылар... Бұл күнгі қазақ фильмінің бет алысы жаман емес.Осы бағытымыздан жаңылмайық! Шетел үшін керім,еліміз үшін мәңгүрт фильмдерден арылайық!Қазаққа телміре отырып ішінен нағыз қазақты таппайтын кино қажет емес,қазаққа өзін айнадай көрсетер туындылар қажет!

   
0
11862
0