Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:23, 09 января 2013

Ресейлік ғалымдар жанның бір денеден екінші денеге көшуін дәлелдеді

Мұндай ақпарат Ресей медицина ғылымдары академиясы басып шығаратын бюллетеньде жарияланды. Ғылыми зерттеу Анюхин атындағы қалыпты физиология институтында жүргізілген. Ғалымдар арасында үлкен пікірталас туғызған осынау мақала «Алынған ақпараттың өліден тірі субъектіге өтуі. Атжалмандарға тәжірибелі зерттеу» деп аталады.

Blog post image

Ғалымдар атжалмандарды суы бұлыңғыр, ортасында құрғақ алаңы бар бассейнге салып көрген. Бұл әдіс ғылымда кеңінен танымал. Көзі мүлдем көрмейтін кеміргіштер болса алдымен сезімдері арқылы сол құрғақ алаңқайды тауып алады, келесі жолы оған баратын жолды жаттап та алады.
Мұндай зерттеуден бірнеше атжалман өткізілді. Нәтижесінде ең сезімтал жиырмасы тәжірибенің келесі сатысына таңдалып алынған. Ол жиырманы ғалымдар алдымен ұйықтатқан. Ал, жарты сағат өткеннен кейін бастарын кесіп алып тастап, екі қабатты қораптың астыңғы бөлігіне орналастырыпты. Үстіңгі қабатына екі кеміргішті көбею үшін жайғастырған. Нәтижесінде не болғанын білесіз бе? Айтайық...
Қораптың ішінде туылған атжалмандарды ғалымдар өзге кеміргіштермен бірге ортасында құрғақ алаңы бар бассейнге салып көрген, ешқайсысының көзі көрмейді. Бірақ, қораптан шыққан атжалмандар өзгелерден қарағанда алаңқайды еш қиналмастан, бірінші болып тауып барыпты.
Зерттеушілер өздерінің бұл тәжірибесін үлкен жаңалыққа балап отыр. Алайда, Ресей ғалымдары арасында бұл мәселе басы ашық күйінде қалды.

 
0
270
0