Жапон-Қытай медицинасын қатар меңгерген ұстаз

nazgulnaz 2013 M01 2
574
0
0
0

Шыңжаңдағы қазақ балаларына заманауи шипагерліктің қыр-сырын үйретіп жүрген ардақты ұстаздар аз емес. Солардың бірі Шыңжаң медицина университеті гигиена институтының профессоры, аспирант жетекшісі...

Шыңжаңдағы қазақ балаларына заманауи шипагерліктің қыр-сырын үйретіп жүрген ардақты ұстаздар аз емес. Солардың бірі Шыңжаң медицина университеті гигиена институтының профессоры, аспирант жетекшісі, 12 жыл жалпы гигиена институты бастығының орынбасары болып ٴқызмет істеген – Жақан Сәбитұлы. Ол Жапон-Қытай медицинасын қатар меңгерген ғалым.

Жақан Сәбитұлы Мори Қазақ автономиялы ауданында дүниеге келген. 1975 жылы Бейжің медицина университетіне қабылданып, сол жерде кәсіптік біліммен қатар ағылшын тілін, жапон тілін қосымша үйренеді. Аталмыш жоғары оқу орынын 1978 жылы үздік бітірген Жақаң Шыңжаң медицина университетінде оқытушылық өмірін бастайды. Қазірге дейінгі 30 жылдық ұстаздық өмірінде «ортаны қорғау ілімі», «сапалы туу», «орта геохимиясы», «ортаны тексеру», «орта ықпалын бағалау», «орта сапасын жалпылық бағалау» сияқты сабақтарды жүргізді. Жақан сонымен бірге ғылыми-зерттеу тақырыптарына да белсене атсалысып, «фтор және арсенмен уланудың алдын алу», «Шыңжаңдағы 100 жастан асқан қарттарға зерттеу», «Шыңжаңдағы жоғары қан қысым ауруы көп кездесетін және сирек кездесетін ұлттардың тұқым қуалау қайнарын зерттеу», «май құрамының алмасуы және витаминдердің атқаратын рөлі» сияқты 7 зерттеу объектісін табысты орындады.

Жақан ғылыми кітап жазуды да қағыс қалдырмады . Оның «Медициналық статистика» (Шыңжаң халық баспасы), «Әлеуметтік тазалық» (Шыңжаң ғылыми-техника, денсаулық сақтау баспасы), «Витаминнің зерттелуі» (Токиода жапон тілінде), «Қоғамдық медицина және денсаулық» (Шыңжаң ғылыми-техника, денсаулық сақтау баспасы), т.б кітаптары жарық көрді.

Ол 1996 жылдан 1998 жылға және 2003 жылдан 2004 жылға дейін Жапонияда магистрлік оқу кезінде жазған «Улы химиялық заттардың үлкен ми, бауыр, жүрек, өкпе және бүйрегіндегі 30 ٴтүрден астам майлы қышқылына әсері және оларды витамин E мен тізгіндеу рөлін зерттеу», «Жұңго мен Жапониядағы 100 жастан асқан қарттардың ортақ ғұмыр кешуін салыстырып зерттеу» сияқты мақалалары жапон тілдерінде шығатын беделді басылымдарда жарияланып, шетел мамандарының жоғары бағалауына ие болды. «Шыңжаңдағы 100 жастан асқан қарттардың ұзақ жасау сапасын зерттеу», «Шыңжаңдағы бу арасанының фтор құрамы және оның шипалы әсерін зерттеу», «Шыңжаңдағы ٴтабиғи ұзақ жасаған ұйғыр қарттарының жасын тұрақтандыру және қатысты факторларды зерттеу» ғылыми зерттеулері сәтті орындалып, автономиялы аймақтың Ғылыми-техника саласының 2, 3, 4-дәрежелі сыйлықтарын еншіледі.

 

Ол Жапонияда үш жыл арнаулы оқудан тыс, Нанжиң медицина университеті сияқты еліміздегі әйгілі медицина университеттерінде әлденеше рет білім алды. 1998 жылы аспирант жетекшісі болғаннан бері әр ұлттан 12 аспирант тәрбиелеп шығарды. Жапонияның өз ішінде болған халықаралық ғылыми талқы жиынына 4 рет қатысып, құнды ғылыми мақалалар оқыды. Осындай еңбектері үшін Шыңжаң медицина университеті жағынан «Озат қызметкер», «Ұлттар достығының үлгісі», «Таңдаулы оқытушы» болып 13 рет сайланды. Сонымен қатар 1992 жылы автономиялы ауданнан «Аз ұлттың тіректі оқытушысы» болып даңқ төрінен орын алды. 1994 жылы доцент, 1998 жылы аспирант жетекшісі, 2001 жылы кәсіптік-техникалық профессор атағын алды.

 

Бұл күндері Жақан Сәбитұлы Жұңго қоршаған ортаны қорғау ғылыми қоғамының, Шыңжаң сақтық медицина ілімі қоғамының, Шыңжаң СПИД ауруы және жыныстық ауруынан сақтану қоғамының тұрақты мүшесі; Жұңго сақтық, медицина ілімі қоғамының, Жұңго фтор зерттеу қоғамының мүшесі; Үрімжі қаласы ғылыми-техника саласы бойынша сыйлығының иегері, Шыңжаң медицина университеті аспиранттардың ғылыми мақалаларын бағалау комитетінің бағалаушысы.

Хазірет Әбділда

 

Оцените пост

0