Қазақ қызы Қытай көсемі туралы фильмге режиссерлік етпекші

nazgulnaz 2013 M01 2
589
0
0
0

АСТАНА. 27 желтоқсан. BAQ.KZ – Кеше Бейжіңде жаңадан түсіріліп жатқан «Мау Зыдоң» атты тарихи фильмнің бас рөлдерін сомдаушы актерлері және фильм режиссері, миллиардтар елін мойындатып жүрген қазақ...

АСТАНА. 27 желтоқсан. BAQ.KZ – Кеше Бейжіңде жаңадан түсіріліп жатқан «Мау Зыдоң» атты тарихи фильмнің бас рөлдерін сомдаушы актерлері және фильм режиссері, миллиардтар елін мойындатып жүрген қазақ қызы Жанар Сағатқызының қатысуымен баспасөз маслихаты өтті.

Синь Хуа агенттігінің хабарлауына қарағанда, Қытай Халық Республикасының тұңғыш төрағасы, Қытай жаңа дәуірі төңкерісінің көсемі Мау Зыдоң жайлы түсірілетін «Мау Зыдоң» атты бұл тарихи фильм 100 сериадан тұрады екен. Мау Зыдоңның өмірге келгенінен тартып 1949 жылы Қытай Халық Республикасы құрылғанға дейінгі тарихи кезеңді 60 сериаға қамтыған бірінші маусымын түсіру жұмысына талантымен талайды тамсандырған қазақ аруы Жанар Сағатқызырежиссерлік еткелі отыр.


Саяси тұлғаның өмірі мен Қытай мемлекетінің құрылуы, дамуы арқау етілген тарихи фильмді түсіру жұмыстарына мемлекет тікелей қаржы бөліпті. Бірінші маусымның түсірілуіне Қытай Үкіметі 120 миллион юань (20 миллион доллар) бөлгенін айта кеткен жөн. Қытайдың Шаңхай, Бейжің, Ху Нань, Шанши және Чуңчиң сияқты 10 ірі қалаларында түсірілгелі отырған фильм Мау Зыдоңның туғанына 120 жыл толуына орай келесі жылдың желтоқсан айында көрермендерге жол тартады деп күтілуде.

 

Майгүл СҰЛТАН

 

Суретте: алдыңғы қатарда Жанар Сағатқызы, соңғы қатарда Қытайдың тұңғыш премьер министрі Жоу Ынлай рөлін сомдаушы Лю Сыдан және басқалар.

 

Оцените пост

0