Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
12:27, 29 декабря 2012

ҚҰТЫДАН ҚҰТ ІЗДЕМЕЙІК!

 

Мыңдаған жылды артқа тастасақ ежелгі Мысырда, ендігі бір деректерде Эллада жерінде пайда болған осы бір ащы «сусын» сол күннен бастап қаншама адамды өзінің құтысына үйіріп, әрбірдесін телміртіп бұл жалғаннан әкете барды. Орта ғасырларда Каспий мен Алтай өңірін жаулап алып, мұсылман дініне кіргізген арабтар ендігі жерде Русь жерін исламға кіргізуді көздеп, орыс еліне елші аттандырады. Ислам әмірінің хатымен танысқан Русь кінәзі бұл дінде араққа тиым салынған екен деп бас тартқан деседі.   ХVI ғасырда Польша мемлекетінде “garzalka” атты арақ ұғымы пайда бола бастаған. Ал Ресей мемлекетінің құжаттарына 8 маусымда 1751 жылы І Елизавета бекітуімен сұранысқа ие болаған екен. Араға 7-8 ғасырды салып арақты қазақ жеріне қоныс аударған орыс шаруалары алып келді. Сөйтіп бұл дерт қазаққа жабысып алды. Жабысқанда да мықтап жабысты-ау! Жасы мен кәрісін құрдас етіп, әйелі мен еркегін сырлас еткен бөтелкедегі бұл сусынның не құпиясы бар екенін ішкендер ғана түсінетін секілді. Белгілісі, арақпен бірге ішіне шайтан енеді.

Blog post image Қазірдің өзінде арақ кеңінен тарқап бір жылда бүкіл әлем есебі бойынша 2,5 млн. адам көз жұмып бақилық болады екен. Дүние жүзі бойынша жылына 4,6 млрд. литр арақ өндіріліп сатылса, оның бағасы кемінде 50 млрд. АҚШ долларын құрайды. Яғни “шайтан судың” сұранысқа көп ие болғандығын дәлелдейді. Ал енді ВВС-дің ақпараттарына сүйенсек, жалпы әлем бойынша ЖИТС, туберкулез ауруларынан қарағанда арақтан әлде қайда басым болып көз жұмуда. Оның қатарындағы алғашқы мемлекеттердің бірі біз екенбіз.

Өткенде ғана елді дүрліктірген  қақпағында құдіретті Алланың атын жазып, әдемі етіп безендірілгендігін оқып жағамызды ұстадық. Қазақ қоғамы, былайғысы мұсылман жұрты бас көтеріп, арақ зауытының иесіне тап берді. Көп қорқытады деген бар емеспе, зауыт иесі адамнан әлде Алладан қорқып кінәсін білді ме, кешірім сұрап құтылды. Одан қалса қазақтың қастерлі сөзін қор етіп «Дастархан», «Домбыра», «Түркістан», «Абылайхан» деген атаулармен  ұсынылып жүрген арақтары кімнің кеңірдегінен өтпей жатыр дейсіз. Қаншамыздың жанымызды сал етіп, өлімге әкеліп, ақ кебінге орап алып кетіп жатыр. Қонағын құт деп біліп, төріне отырғызып, бір жақсылықтың нышаны болар деп барын салатын қазақтың киелі дастарханы адамға өмір емес өлім сыйлайтын шайтани дастарханға айналып кеткені өкінішті-ақ!

Осы шайтан судың кесірінен қанша жандар бақытсыздыққа душар болып, шаңырағын шайқалтты. Қысқасы адамға берерінен алары көп. Қаншама қандастарымыз осы арақтың азабын тартып, біреуі мүгедек, ал көбі бақилық болуда. Ішпейтініміз аз, дәмін көріп соның жетегінде кеткен жастарымыз да көбейгелі қашан. Бұған ешқандай қоғам да, өмірге әкелген ата-анамыз да, бауырларымызда кінәлі емес. Адамның өз қолында. Санасында. Адам мен хайуанның айырмашылығы ақылында емес пе? Ал осындай жандарға қарап ауладағы ала төбеттен айырмашылығы жоқ-ау деп ойлайсың. Себебі, иісі қолқаны жаратын өлексені жеген ала төбет Сіздер ішетін ащы суды ішпейді! Ол осынысымен Сізден ақылды көрінеді.

Қасиетті Құранда арақ ішкен адамның денесінде қырық күн иман болмайды деп жазады. Бұл сөздің түсінгенге мағынасы зор. Сол қырық күнге жетпей талқаныңыз таусылған болса, онда барар жеріміз айтпасақ та аян. Дүкендерге бас сұға қалсаңыз болды бірден көз алдыңызда түрлі-түстісі, ұзын-қысқасы тұрады. Әрбірінің төрінде менмұндалап түр-түрімен самсап тұр. Бағалары да өздерінің «сапаларына» сай. Шамасы жеткен қымбатын алып ішсе, амалы жоқтар қарызданып, қауғаланып алып жатады жан сөзін айтып. Той-томалақ, мерекелер онсыз өтпейді, шарапсыз еш сәні де мәні де жоқ деген сана сейілмеген. Кейінгі кезде жүрегінде иманы бар жандар арақсыз дүркіреген той жасап, құда-жекжат күтіп жататындарын көріп қуанамын. Ешкімнен қалып қойған жоқ, туғаны түгел қызықты етіп думандатады. Бірақ, өкінішке орай, мұндай той жасауға баратындар бірен-саран.  Керісінше атадан қалған қастерлі су секілді сақалдыларымызбен жарысып тығылып болса да бұрыш-бұрышта дәмін татып уланып жатқан жастарымыздың кез келген той томалақта қайталанып жататыны бәрімізге мәлім.

Араққұмарлардың ұялмай ертеңгі күні «есімде жоқ» деп отыратындары ақылсыздық. Сол тойға қызық көріп барған ұрпақтарымыз осыдан кейін қалай осындай жағымсыз қылықтарды үлкендерден үйренбейді демейсіз? Ал енді «денсаулық үшін алып қояйық» деп сөздің басын бастайтын адамдарда ішкеннен кейін денсаулығы темірқазықтай мықты болып кетеді деу күлкі туғызады. Қолымызға «үстепкіні» алып Алладан қуат, бақ пен ырыс тілейміз. Шайтанның уытын ішкен қарттардан бата сұраймыз. Бұған да жол болсын!

Жиіркенішті сасық судың дәмін татып, жағымсыз ойларға шомылып, өзгелердің жанын жаралап, адамгершілік қасиеттен арылғанша, надандық қасиетке ие болмай артымыздағы келешек ұрпақтар пір тұтатын адам атауымызды жоғалтпасақ екен. Болашаққа бөтелкемен емес, батамен барайық ағайын!

Арман Құрманбай

 
0
637
0