Олар кімдер?!

nurmura 2012 M12 28
357
0
0
0

Ойланыңдар. Әль – Бұхари, Мүслім, Әбу Дәуіт, әт – Тирмизи дегендер кімдер? Олар - .... сендердің және аталарыңның қойған құр есімдері ғана. Алла оларға байланысты бір дәлел түсірген жоқ. Олар...

Ойланыңдар. Әль – Бұхари, Мүслім, Әбу Дәуіт, әт – Тирмизи дегендер кімдер?

Олар - .... сендердің және аталарыңның қойған құр есімдері ғана. Алла оларға байланысты бір дәлел түсірген жоқ. Олар ойларына көңілдері қалағанына ғана ереді. Расында оларға Раббыларынан туралық (Құран) келді. (53:23)

Олар пайғамбарымыз Мұхаммед өлгеннен соң 200 жылдан кейін өмір сүрді және болжамдарға ерді. «хмм, мына хадис сенімді сияқты, осыны жинаққа қосайыншы.» болжам болмаса бұл не сонда? Біздің дініміз соқыр сенім мен болжам жасауға рұқсат бермейді. Бізге былай деген:

Осылар Алланың аяттары. Саған бұларды ақиқат бойынша оқимыз. Енді олар Алланың аяттарынан кейін қай хадиске (арабша. сөз, әңгіме) сенеді?(45:6)

Барлық проблема осыдан. Адамдар көр соқыр осы хадис \ сөз\ әңгімелерге сенеді және кез – келген адам «пайғамбар былай деп айтты.....» деп сендірсе, сондай – ақ, бұл хадис\әңгімелер ауыздан – ауызға 200 жыл тараса онда сенбеуіміз керек. Бұл сонда соқыр сенім \ болжам болмаса не? Құранның қай аяттарында Мүслім, Бұхари, Дәуіттің есімдері аталған? Біздер не үшін оларға сенуіміз керек?

Сонан соң Мұсаға игілік істегенге толық, әр нәрсені айыратын, жетекшілік ететін мәрхамет түрінде Кітап бердік. Олар Раббыларына жолығуға иман келтірер. (6:154)

Сондай – ақ, олар Құдайдың сөз \ хадисіне риза болмай ақымақтық сұрақтарын қойған. Олар өздерінің ақымақтық сұрақтарына жауап таба алмағасын, олар ойдан шығарған. Мұндай шайтани қарым – қатынастың кесірінен Талмұд , Мишна мен Гемарлардың пайда болуына әкелді. Содан, яһудилер сияқты мұсылмандар ойдан неше түрлі хикаялар құрастырып пайғамбарымызға тіркей салды. Айтарлықтай дерек бойынша, өздерінің жалған хикаяларын хадис (ауызекі хикая) және сүннет (хикая жиынтығы) деп яһудилер секілді атаған.

Әрине оларға оқылып жатқан Кітапты саған түсіргеніміз өздеріне жеткілікті емес пе? Сөз жоқ. Құранда, иман келтірген ел үшін әрине игілік және үгіт бар. (29:51)

Алла құлына жеткілікті емес пе? (39:36)

Өзіңізге жауап беріңізші: «маған бір ғана Құдай жеткілікті ме? Әлде, намаз орындаған кезімде бұрын мерт болған пайғамбарды және оның отбасына салауат айтып мадақтайын ба? Кітабым сендерге жеткілікті деген Құдайдың аяттарына сенейін бе немесе пайғамбар былай айтқан сияқты дейтіндердің хадистеріне сенейін бе?»

Біле – білсеңіз пайғамбар және оның қасындағы нағыз мұсылмандар хадисті құптамай оны жазуға рұқсат бермеген, әрине бұл ақпарат сіздердің өздеріңіздің «Сахих» хадистерінен.

Тіпті хадис жинаушылардың өздері де Мұхаммед пайғамбардың хадисті жазуға үзілді-кесілді қарсы болғанын айтады. Екі авторитетті Мүслім мен «Мүснәд» Ибн Ханбели хадис жинағында мына хадистер пайғамбарымыздың хадис жазуға қарсы екеніне дәлел ретінде келеді. «Менен Құраннан басқа нәрсе жазушы болмаңдар! Кім менен бір нәрсе жазған болса, оны жойсын!» (Мүслим зұһд/72; Ханбел 3/12,21,39).

Тағы да мына хадис: Хадис: «Біз хадис жазып жатқанымызда Пайғамбар қасымызға келе қалды да: «Бұл жазғандарың не зат?» деп сұрады. «Сенен естіген хадистеріміз» дедік. Пайғамбар: «Аллаһтың кітабынан басқа кітап қалап тұрсыңдар ма? Сендерден бұрынғы үмметтер Аллаһтың кітабының қасына басқа кітаптар жазғандықтары үшін жолдан шыққан!» деді. (Әл-Хатиб, тақйид/33).

4 ӘМІРШІНІҢ ХАДИСТЕРГЕ КӨЗҚАРАСЫ

4 ӘМІРШІ БІР ХАДИС ТЕ ЖАЗДЫРҒАН ЖОҚ

Әбу Бәкір Пайғамбарымыздың уафатынан соң халықты жинап, оларға былай деді: «Сендер Аллаһтың елшісінен түрлі хадистерді риуаят етудесіңдер. Демек сендерден кейінгілер бұдан да үлкен келіспеушіліктерге салынбақ. Аллаһтың Елшісінен ешбір хадис (сөз) риуаят етуші болмаңдар! Сендерден хадис айтуларыңды сұрап келгендерге былай деңдер: «Міне, Аллаһтың кітабы арамызда тұр. Оның халалын халал қылыңдар, харамын харам көріңдер!» (Зәһәби, Тәзкират-ұл хұффаз 1/3, Бұхари, 1-том)

Хазіреті Омар басқа қалалардағы сахабаларға да хаттар жазып, олардың қолдарындағы хадис парақтарын жоюларын сұрады (Ибн Абдил Берр, Жамиул баянил илм уа фазлұһұ, 1/64-65)

Омардың билігі тұсында хадистер көбейген-ді. Омар халықтан қолдарындағы хадис парақтарын әкелуін сұрады. Соңыра бұлардың өртелуін бұйырып, былай деді: «Кітап иелерінің мишнасы сияқты бұлар да мұсылмандардың мишналары-дүр!» (Ибн Сад, табақат 5/140, мишна – йаһұдилердің өздері құрастырған кітаптары)

Хазіреті Омар Ираққа жолаушылап кеткен достарына былай деген: «Сендер сондай бір елге бара жатырсыңдар-кім, оның халқы араның ызыңы сияқты Құран оқиды. Хадистермен оларды мазаламаңдар және жолдан тайдырмаңдар!» (Ахмед ибн Ханбел, китаб әл-илел 1/62-63)

Хазіреті Омар былай деді: «Ләкин, сендерден бұрынғы қауымдарды есіме алдым. Олар да кітаптар жазып, Аллаһтың кітабын тастап, әлгі өздері жазған кітаптарға жұмылып кеткен еді. Аллаһтың кітабына еш нәрсені араластырмаймын». Ендігі бір риуаятта: «Аллаһтың кітабын әсте басқа бір нәрсеге айырбастамаймын!», тағы бір риуаятта болса: «Сендерге ант етемін, Аллаһтың кітабына көлеңке түсіруге жол бермеймін!» (әл-Хатиб, тақйид-ұл илм, 50-бет және Ибн Сад, Табақат, 3/206)

Шәддад Ибн Аббасқа: «Хазіреті Пайғамбар бір зат қалдырды ма?» деп сұрады. Ол да: «Тек қана Құранның екі мұқабасының арасындағыларды қалдырды» деді. (Бұхари, китаб фазаил-ұл Құран, 16; Мұслим, китаб фазаил-ұс сахаба 30,31;Әбу Дәуіт, китаб фитен, 1; Тирмизи китаб фитен,43)

Ибн Аббас хадис жазуды тыйып, былай деуші еді: «Сендерден бұрынғы үмметтердің адасуы осындай жолдармен кітаптар құрастыру салдарынан болған» (Ибн Абдұл Берр, Жами-ұл баян-ил илм, 1/63-68)

Абдұллаһ бин Мәсұд қолында бір хадис парағымен келді. Соңыра су сұрады да жазуларды өшірді. Әлгі парақты өртеуді әмір етті де былай деді: «Аллаһ кімде-кімге бір хадис парағының орнын білдірсе және ол адам да маған хабарласа, Аллаһқа ант болсын-кім, ол хадис Үндістанда да болса, іздеп тауып, оны жояр едім!» (Махмұд Әбу Раййа, Мұхаммади сүннетті анықтау, 27-бет)

Хазіреті Әли мінберден мына хұтбаны айтушы еді: «Қастарында хадис парақтары барлар барып оларды жойсын! Сірә, халықты әлек еткен уақиға ғалымдардың риуаят етілген хадистерге мойынсұнып, Құранды тәрк етулері (тастап кетулері)» (Ибн Абдұл Берр, Жами-ұл баян-ил илм)

Осындай хадистерді оқығаннан кейін бәрі де аңық болады. Егер де хадистер жинағында қарама – қайшылықтар көп болса, және Құдай берген Құранында осы кітап жеткілікті деп тұрса, демек Құдайдың Құрандағы хадисі \ сөзі \ аяты жеткілікті.

Оцените пост

0