Шиенде өткен семинар

Сәния Әбдіғапар 2013 M10 17
458
0
1
0

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Шиен ауылының фермерлерін жайылымдарды тиімді пайдалануды оқытуға арналған семинар өтті. Қазіргі кезде қыс және күз айларында малдарға азықтың жетіспеуі жайылым жерлерді...

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Шиен ауылының фермерлерін жайылымдарды тиімді пайдалануды оқытуға арналған семинар өтті.

Қазіргі кезде қыс және күз айларында малдарға азықтың жетіспеуі жайылым жерлерді тиімсіз пайдалануға алып келеді.  Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Қанат Шанбаевтың айтуынша: «Шиен аумағында барлығы 188 млн гектар жердің 46 млн гектары тозған жерлер. Егер жоба уақтылы жүзеге асырылмағанда, 5 жыл ішінде бұл көрсеткіш 80%-ға жету қаупі болған».

Оқыту бағдарламасын Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметкері Қанат Шанбаев, «Казахстан Фермері» Қоғамдық Қорының директоры Владимир Геннадьевич Левин өткізді.

Жобаның мақсаты – табиғи жайылымдарды сақтау және жер ресурстарын ұзақ уақыт бойы тиімді пайдалану.

«Жайылым Комитетінің» басшысы Байшелеков Тұрысбайдың айтуынша: «Кәсіби дайындықтың жетпеуі салдарынан арнайы жас мамандар саны аз. Ауыл тұрғындарының басым бөлігі агрономдар мен ауыл шаруашылық мамандары. Аталмыш оқыту жұмысы барлық фермерлердің жұмысын жақсартуға, жайылымдарды тиімді пайдалануға көп көмек береді»

Оқыту Жаһандық Экологиялық Фондының (ПМГ ГЭФ) Шағын Грант Бағдарламасы жобасы негізінде, БҰҰДБ қолдауымен жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты – табиғи жайылымдарды сақтау және жер ресурстарын ұзақ уақыт бойы тиімді пайдалану. Ауылдағы жайылымдардың дегредацияға ұшырау көрсеткішін төмендету және жайылым айналымын қалыптастыру. Яғни, жаз мезгілінде жайлау, күз, көктем айларында Бассу аймағына малдарды көшіру қажет. Ол Шиен ауылы үшін экологиялық және әлеуметтік экономикалық жағынан өте  пайдалы.

Ол үшін ауылшаруашылығында малдардың санын көбейту, суаттарды қалпына келтіру, табиғи жайылымдардан өзге қорек ретінде жем егістіктерін көбейту қажет. Сонымен қатар, халықтың тұрмысын жақсарту мақсатында омарта шаруашылығын дамыту да қолға алынды.

Бағдарламаны жасаушылардың ойынша, жаз мезгілінде малдарды жайлауға жіберу, шопандар үшін өте тиімді. Олар қыс мезгіліне дайындыққа кіріседі. Сонымен қатар, омарта шаруашылығымен, үй шаруасымен айналысуларына мүмкіндік болады.

Жоба негізінде Шиен ауылы Суықтөбе асуында ауылды ауыз сумен қамтамасыз ету және малдарды суару үшін бастау қосылды. Фермер Жолбасар Мантаев: «Барлығымыз, үлкен қариядан кішкентай балаға дейін, су ішкенде осы жобаға үлкен рахметімізді айтамыз. Бұл жоба тек экологияны сақтауға ғана емес, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, ауылшаруашылығын дамытуға көп әсер етті» дейді.

 

Оцените пост

1