• 6782
  • 16
  • 1
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Bale-нің басталуы

Кіріспе немесе "Bale"-нің басталуы

Тұңғыш рет FIFA 07-ні 2007 жылы ойнадым. Ол кезде қазіргідей футболдың фанаты емес едім, әрі ойыншыларды да толық танымайтынмын. Үйдегі компьютер ескі болса да, ФИФА-ны тартуға жетіп жатты. Колледжден келе сала монитор алдына қонжиямын. ФИФА-ны ойап көрсеңіз, менеджерлік карьераны білетін шығарсыз. Маған сонысы қызық. Өзіңді клуб қожайыны тәрізді сезінесің. "Барселона" жанкүйері болғандықтан, сол клубпен футболдық "өмірімді" бастаймын. Клубқа жаңа ойыншы сатып алу, талантты жастардың көз алдыңда өскенін көру қандай ғажап...

Мессидің жұлдызға айналуы секілді қызықтар көп. Карьерада маған ең ұнамайтыны "Барселонаның" сол қанаттағы қорғаушылары кәрі болатын. Силвиньо 33, Джованни ван Бронкхорст 32 жаста еді. Бір жылдан кейін екеуінің де спорттық формасы азайып, дымға жарамайтын қарияға айналып шыға келеді. Осы сәтте маған сол қанатта зырылдайтын қорғаушы керек. Кіріспе көп болып кетті демеңіз, дәл бүгінгі кейіпкеріміз мен "қиналған" сәтте көмекке келді. Ардагер ойыншылардың орнына жас періні "сатып алдым". Ол – Гарет Бэйл, "Саутгемптон" клубының 17 жастағы қорғаушысы. ФИФА карьерасында бір-екі жыл күтсеңіз Мессимен бірге тағы бір жұлдыз өсіп шығатын.

Әлбетте, сол кезде басқа да жас әрі талантты ойыншыларды сатып алатынмын. Дегенмен, олардың көбісі бүгінде ортаңқол ойыншы. ФИФА ойынын құрастырушы EA Sports компаниясы Бэйлдың талантын жазбай сол кезде таныпты. Бүгінде ол әлемдегі ең үздік вингерлердің бірі.

Гарет Франк Бэйл 1989 жылы 16 шілдеде Кардиффте дүниеге келген. Сол аяғымен тепкен добы қақпадан табылатын бүлдіршінді "Саутгемптон" клубының скауттары байқайды. Кейіннен оны Кардиффтегі филиалдарының бірінде ала доптың қыр-сырына үйретеді. 2005 жылы "Саутгемптонның" жастар құрамасында жаттыға бастады. Негізгі құрамдағы тұңғыш ойынын 2007 жылы 17 сәуірде "Миллуолға" қарсы өткізді. Ол кезде Бэйлдің дүние есігін ашқанына 16 жыл, 275 күн болған-ды. Гарет АПЛ-да доп тепкен екінші жас ойыншы атанды.

Қызықты деректер

1. Гареттің әкесі Франк әуесқой футболшы болғандықтан, үлкен жетістікке қол жеткізе алмады. Ал, оның атасы Крис Пайк нағыз кәсіпқой футболдың дәмін татыпты. Бэйл дүниеге келетін жылы Пайк "Фулхэмнен" "Кардифф Сити" клубына ауысып келеді.

2. Бэйл үшін жанұяның маңызы зор. Жоғары жалақы алатын футболшылар демалыс күндерін көңіл көтеруге арнаса, біздің батыр ата-анасымен Кардиффте өткізгенді қалайды.

3. Мектепте дене шынықтыру сабағында мұғалім Бэйлға сол аяғымен доп тебуге тиым салыпты. Себебі, сол аяқпен ойнайтын болса, қарсылас команда ұтылды деп есептей беріңіз.

4. Бүлдіршіннің талантын байқаған "Саутгемптон" оны өзінің филиалында тәрбиелегенін жоғарыда айттық. Әйтсе де, ол апта сайын Саутгемптонға ата-анасымен бірге барып қайтатын. Сол кезде Бэйл жүгіретін болса, Франктың ескі машинасынан озып кетер ме еді, сірә?! Ол 14 жасында 100 метрге 11,4(!) секундта жүгіретін. Кәмелетке толмаған жасөспірім үшін қандай жетістік екенін бағамдай беріңіз.

5. Бэйлдың футболдық карьерасында өкінішті сәттер де бар. "Саутгемптонда" жүргенде оның болашағына күдікпен қарағандар болды. Арқасына жабысқан ауру оның болашағын бұлыңғыр тәрізді көрсеткен. Әйтсе де Гарет бұл қиыншылықтың бәрін жеңе білді.

6. Саутгемптонда жүргенде Бэйлдың жолын "кес-кестеген" футболшы бар-тұғын. Сенесіз бе, ол – Гареттің ең жақын досы Тео Уолкотт болатын. Мысалы, Тео 4 ай бұрын ерте туылған. Негізгі құрамда да Бэйлдан ертерек, 8 ай бұрын алаңға шықты. Бір жарым жыл бұрын талантымен әлемге танылды. Бэйл бір ғана сәтте, ұлттық құрама сапында Теоға қарағанда ертерек жасыл алаңда доп тепті. Оның өзі небәрі 3-ақ күн.

7. Бэйлдың әжесі ағылшын болған екен, сондықтан оған Англия жейдесінде ойнауына мүмкіндік бар. Дегенмен ағылшындар оған назар аудармапты. Англия сапында ойнауға шақыра қалған күннің өзінде, Гареттің келісе кетуі неғайбыл. Себебі, ол өзін нағыз елінің патриоты уэльстік екенін мақтанышпен айтады.

8. Бэйл мен Уолкотт өмірде жақын дос болса да, жасыл алаңда бітіспес қарсылас. Алғашқысы Уэльстің намысын қорғаса, кейінгісі Англия құрамасында ойнайды. Әрі Гарет "Тоттенхэмнің" ойыншысы, Тео "Арсенал"-дың шабуылшысы.

9. 2007 жылы «МЮ» бапкері сэр Алекс Фергюсон уэльстік жігітке қызығушылық танытады. Алайда қос тарап ойыншының трансферлік бағасына келісе алмай тарқасты.

10. Лондонда Бэйлді жақтырмай қарсы алды. Әуелі оны маймылға теңеп, суретіне күлген-ді. Меніңше, ұқсайтын тәрізді ;)

11. Англия астанасында тағы бір қиыншылық болды. «Тоттенхэм» клубы қатарынан Бэйл алаңға шыққан 24 ойында жеңіске жете алмады. Жанкүйерлер де, журналистер де кінәні уэльстіктен іздей бастаған. Харри Реднапп клуб тізгінін ұстаған кезде ғана Гареттің бағы ашылды.

12. Қиюы қашқан ойындар футболшының талантына күмәнмен қарайтындарды көбейтеді ғой. «Футбол филасофиясын жаңартқан» бапкер Жозе Моуриньо сәтсіздікке қарамай Бэйлдің талантына сенді. «Қазіргі таңда Эшли Коул Ангиядағы ең үздік қорғаушының бірі. Алайда, Бэйл одан бір мысқал кем емес», – дейді Жозе бапкер The Telegraph газетіне 2008 жылы берген сұхбатында.

13. Гарет 2010 жылды үйінде, жылы жерде Play Station ойнап отырып қарсы алды. Ал, ертеңіне оны Ассу-Экоттоның жарақат алуына байланысты алаңға шығуға шақырды. Сол ойында біздің кейіпкеріміз екі мәрте әріптесіне гол соғуға мүмкіндік жасады. Қорғаныстан гөрі шабуылда жақсы ойнайтынын байқаған бапкер, Бэйлды орталық алаңның сол қанатына қойды. Бұл қадам клуб үшін де, футболшы үшін де сәтті болды. Келесі ойындарда қатарынан «Арсеналға» және «Челсиға» гол соқты.

14. Чемпиондар Лигасы. Топтық турнир. Милан, «Сан Сиро» стадионы. «Интер» – «Тоттенхэм» ойыны, екінші тайм, есеп 4:0. Міне, дәл осы ойында Бэйлдің бенефисі болды. Ол үш рет әлемдегі ең үздік қорғаушының бірі Майконды алдап өтіп, хет-трик жасады. Қарымта ойында да Гарет мергендігімен танылды.

Бэйлдің әйгілі Майконды үш рет алдап өтуі

15. Сол маусымда ол тағы да жарақат алып алды. Әйтсе де, АФФ оны 2011 жылдың ең үздік ойыншысы деп таныды.

16. Тұрақтылық – Бэйлдің жақсы мінездерінің бірі. Ол бала кезінен Эмма есімді арумен араласап келеді. Бүгінде екеуі отау құрған, тұңғыш қызы биыл 21 қазан күні дүниеге келді.

Бэйлдің жұбайы Эмма

Бэйлдің жұбайы Эмма

17. Бэйл Лондонда өткен Олимпиадада Англия сапында ойнағысы келетінін айтқан. Әйтсе де, уэльстік ондай қадамға бармады.

18. Гарет үшін «МЮ»-дың қорғанысы бас ауыртар мәселе. Қанша тырысса да Гигз бастаған жігіттерді айналып өте алатын емес.

19. Бүгінге дейін Бэйл бір-ақ рет қызыл қағаз алыпты. Оның өзінде қақпашымен бетпе-бет қалатын болғандықтан, қарсыласын шалып жығуға тура келіпті.

20. Бэйлді өз сапында көргісі келетін алпауыт клубтар жетерлік. Осыған байланысты «Тоттенхэм» бапкері Реднапп уэльстікті тек оған рекордтық сомада қаржы ұсынғанда ғана сататынын мәлімдеді.

Клубтық карьерасы

Ұлттық құрама

Ойын

Гол

2005–2006

Уэльс U17

7

(1)

2006

Уэльс U19

1

(1)

2006–2008

Уэльс U21

4

(2)

2006–

Уэльс

38

(9)


Туылған жылы – 16 шілде 1989 (23 жас)

Туылған жері – Кардифф, Уэльс

Азаматтығы – Уэльс

Бойы –186 см

Салмағы – 81 кг

Алаңдағы позициясы –вингер

Түпнұсқа: http://nurastana.kz/football/?p=180

Абайус Отариус abay_convict
Қазақтың қарапайым баласымын.
25 декабря 2012, 13:05
1149

Loading...

Комментарии

Оте кызыкты ақпарат!
Бэйл менің сүйікті ойыншыларымның бірі!
Мен де Барселонаның жанкүйерімін және Бэйлдің сол командаға ауысканы оте жаксы болар еді деп ойлаймын!
Оте кызыкты ақпарат!
Бэйл менің сүйікті ойыншыларымның бірі!
Мен де Барселонаның жанкүйерімін және Бэйлдің сол командаға ауысканы оте жаксы болар еді деп ойлаймын!
Абай, жақсы жазыпсың :) Bale дегенге не БӘЛЕ екен деп кірсем, мына қалқан құлақ жайлы екен ғой :)))

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Самый большой провайдер в стране: методы работы с клиентами от «Казахтелеком»

Самый большой провайдер в стране: методы работы с клиентами от «Казахтелеком»

История о том, как Народный провайдер наваривается на своих клиентах, намерено не отключая услуги, и беря лишние деньги за ненужные и не оказываемые услуги.
ligaspravedlivosti
17 нояб. 2017 / 19:12
  • 33423
  • 194
Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

В Казахстане введен институт упрощенного (письменного) судопроизводства, который позволяет повысить доступность правосудия и сократить сроки рассмотрения дел.
mark_iceberg
20 нояб. 2017 / 15:49
  • 15451
  • 3
«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

Заранее отпишусь, данный пост не является попыткой оскорбить собственную нацию) Как говорится о вкусах не спорят, каждому свое.
Bonittta
16 нояб. 2017 / 14:28
  • 16864
  • 372
Новшества на орбите уголовного правосудия

Новшества на орбите уголовного правосудия

Недавно я приняла участие в международной конференции по модернизации уголовного процесса, прошедшей в Бурабае. В чем значимость данных реформ для обычного казахстанца?
mirabeisenova
20 нояб. 2017 / 16:22
  • 12286
  • 3
Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Как сообщает телеканал КТК, только за последние девять месяцев Казахстан покинули 28200 человек, из них почти пять тысяч инженеров, около 2700 экономистов и 1700 учителей.
openqazaqstan
17 нояб. 2017 / 11:00
  • 12040
  • 59
Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Подтверждаются худшие предположения, циркулирующие в соцсетях. Периодические исчезновения детей в разных регионах Казахстана объясняются не только семейными проблемами и «синими китами».
openqazaqstan
16 нояб. 2017 / 15:46
  • 8437
  • 57
О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

В объективности выводов швейцарского банка Credit Suisse усомниться трудно – его экономические рейтинги относятся к самым авторитетным и их явно трудно упрекнуть в предвзятости
openqazaqstan
18 нояб. 2017 / 17:21
  • 7759
  • 87
Атамбаев под занавес президентства сделал всё, чтобы сжечь мосты

Атамбаев под занавес президентства сделал всё, чтобы сжечь мосты

На своей итоговой пресс-конференции в понедельник уходящий кыргызский президент говорил не об итогах своей деятельности, а о «плохом» Казахстане.
openqazaqstan
21 нояб. 2017 / 18:36
«Смех сквозь слезы», или 7 причин не любить Алматы

«Смех сквозь слезы», или 7 причин не любить Алматы

Жизнь в Алматы не всегда сладкая, как сахарная вата и мультики субботним утром. В этой ироничной статье автор блога «Almaty — My First Love» расскажет о семи причинах не любить Алматы.
AlmatyMyLove
20 нояб. 2017 / 13:12
  • 2653
  • 70