Неге ID Host?

justman 2012 M12 21
579
1
0
0

Ғаламтор беттерінен еліміздің нарығындағы аладыңғы қатарлы хостерлерді іздеп мез болсаңыз, менің сізге айтарым, құрметті оқырман, www.idhost.kz сайтына кіріңіз! «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы...

Ғаламтор беттерінен еліміздің нарығындағы аладыңғы қатарлы хостерлерді іздеп мез болсаңыз, менің сізге айтарым, құрметті оқырман, www.idhost.kz сайтына кіріңіз!

«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы ұсынып отырған бұл хостингтің өзіне тән ерекшеліктері, көрсете білетін қызметтері мен бәсекелестерінен басып озатын артықшылықтары жетерліктей. iD Host алаңдары еліміздің барлық орталық аймақтарында орналасқан.  Меніңше, мұндай көрсеткішті барлық хостерлер көрсете алмайды. Еліміздің ордасы Астана мен Алматы қалаларындағы орталықтандырылған алаңдар барлық хостинг қызметтерін клиенттеріне ұсынуға дайын. iD Host алаңдары ерекше сенімділік дәрежесі мен ақпаратты берудің жоғары жылдамдығы бар арнайы жабдықтармен жабдықталған.

Неге iD Host? Жауабы оп оңай, өйткені тек Id Host-та қол жетімді бағалар , оған қоса  қызметтердің барлық түрлері жоғары сапада көрсетіледі. Дата орталықтарында электр қоректендіру, салқындату және өрт сөндіру жүйелері жоғарғы сапада жасалған. Қызмет көрсету, жетекші әлемдік брендтердің заманауи технологиялары арқылы жүзеге асырылады.

 

Сонымен қатар ID Host, клиенттеріне  кез келген қиын жобаларды орналастыру бойынша төмендегі қызметтер кешенін ұсынуға дайын:

Егерде ID Host-тың жұмыс жасау қабілетін тексеріп білгіңіз келсе, онда сізге тегін «арнайы хостинг» беріледі. Бұл жерде көп мәселе туындамайды деп ойлаймын, барлық үтір нүктесі сайтта жазылған, шыны керек бұл арнайы хостингтің маған көрсеткен көмегі көп  )))

Жоғарыда айтылған қызметтердің әр қайсысына толық ақпарат www.idhost.kz сайтында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған, көптеген сұрақтардың толық жауаптарын сайттың «Сұрақ және Жауап» мәзіріннен таба аласыз, оған қоса ID Host, тегін, әрі жедел түрде қоңырау шалу мүмкіндігінде ұсынып отыр: +7 (727) 2-274-266; 8-800-080-0188;

Тағы бір айта кететін жайт — "Қазақтелеком" АҚ сервистік қызметтеріне хабарласқан кезде, қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында сөйлесімді жазып алу жүргізіледі.

«Қазақтелеком» акционерлік қоғамына ID TV, ID Phone, IDHost сияқты қызметтері үшін алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта қызметтердің бұл түрін әрі қарай дамытып, телекомуникация жуйесінде жаңа өзгерістер енгізулеріңізге тілектеспін!

 

Оцените пост

0

Комментарии

0
Бұл ID Host жайында жазылған қысқа мақалада, сайттан алынған улкен суреттер мен регистрация кезіндегі беттердің принтскриндерін салуды жөн көрмедім. Егер ондай суреттер керек болса почталарынызды беріңіздер, сонда жіберейн )))))
Показать комментарии