место в рейтинге
  • 70074
  • 110
  • 10
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Тезек технологиясы

АҚШ үкіметі тегін отынды аяқ астынан тауыпты. Біз бұл сөзді тура мағынасында айтып отырмыз. Кәдімгі аяқ астында шашылып жататын мал қиынан қуат өндіретін әлемдегі алғашқы биореакторды салу үшін АҚШ үкіметі WESTERN PLAINS ENERGY компаниясына бес миллион доллор грант бөлген екен…

Адамзат өз қайнарына орала бастағанының дәлелі осы ғой. Жуырда туған ауылым Арысқа жазғы демалысқа барып қайтқам. Жасы жетпіс екіге келсе де, арқасына қап салып, ақшаңқан түсте сиырдың жапасын теріп жүрген Жалғас апамды көріп америкостардың әлгі жаңалығы тағы да есіме түсіп, күлкім келіп кетті.

Әсіресе, сырқырайтын аяғын билете басып, ауыл сыртын адақтап жүрген апамды көріп, жанымдағы қалалық құрбым аңтарылды да қалды. «Қазекемнің көгілдір отын, кесек көмір дейтін тұрмыстың жетістіктеріне қолы жетіңкіремей жүргені қандай жақсы болған бір есептен» деймін іштей.

Арыста құбырмен келетін газ жоқ. Көршілес Өзбекстаннан баллонға сығымдай құйған отын мен Қарағанды, Екібастұздан келетін тас көмірді қашан да шекесі шылқымай жүретін ауыл қазағы қайдан сатып ала қойсын. Тезек жасау технологиясы бізде осындай кеппен сақталып отыр.

Апамыз қалалық қыздың қызығушылығын қанағаттандыру үшін тезек жасаудың технологиясымен таныстыруға шын кірісті. Өзі де әккі. Әуелі жүзімнің саясындағы тапшанға отырып, дәм сезгіш қасиетіміз арқылы теориясын ынтықтыра тыңдатты: ұсақ қиды үгітіп салып қайнатқан шоқ самаурыннан шәйді сыздықтатып құйып беріп отырды. Қи исі сіңген күрең шәй кеңсірігіңді жарып жіберердей. Оның үстіне күлге көміп пісірген жаппа нанды сары майға шылап жеп отырдық емес пе. -Еңбектенген жанның өзегі талмайды. Балаларын аяқтарынан тік тұрғызу үшін Көлбай атаң екеуміз жатпай-тұрмай жұмыс істедік,-деп әріден бастады әңгімесін. - Атаң ауылдағы бар жантақты өз қолымен орып алатын. Көп жыл бойы шопыр болды да, темір жолда да аянбай қызмет етті. Қазір ғой қарға адым жер мұң болып, қара кемпірге қарап қалғаны...

Аяғын әзілге ұластырып жіберді. Шалының жағдайын Жалғас апа өзі жасап отыр. Енесінің талабына шыдай алмаған жас келіні мен қарашаңырақтың иесі еншілерін алып бөлек кеткен. Сегіз баланы тәрбиелеп өсірген «Алтын алқа» иегері зейнетақымен күн көреді. Таңертең үйдегі малдарын өріске айдап салғаннан кейін кірісетін күнделікті күйбеңінің бірі – отын дайындау. Бүгін үлкен ұлы Базарбай көмекке келді.

Қазақ арасында таныс тезек дайындаудың үш түрлі әдісі біздің ауылда да тегіс қолданылады. Бірі - әлгіндей далада жатқан кепкен жапаны жинау. Кетіп бара жатып, бет жағы қаудырлап қалған жапаны төңкеріп кете бересің.

Ал екінші түрі – қыстай үйілген көң мен биылғысына сабан қосып, аздап қойдың құмалағының үгітілген күбірін араластырып, қалыпқа салып соғатын тезек.

Жаймашуақ жаз күндерінде ересектер сумен жібіткен көңді әбден иін қандырып араластыру үшін бала-шағаны қаптатып жібереді. Ауыл балалары таласып қалады ондайға. Себебі, башпайларын жуғаннан кейін ағарып шыға келеді. Әбден араласқан қойыртпақты қалыпқа құйып, қолмен шапаттайды. Жалғас апам бізге тырысқаны ма, тезегін құдды көрмеге қоятындай әдеміледі. Арасы дымқыл болып қалмас үшін ортасына саңылау жасады.

«Кепкенше жаңбыр жауып кетпесе екен деп тілеп отырамыз. Кепкен соң, жеп-жеңіл болып шыға келеді. Сол кезде арбамен тасып, жабық қораға, жаппа астына үшбұрыш, пирамида, дөңгелек сықылды әдіспен жинаймыз»,- дейді ұлы Базарбай. Қидың мұндай жеңіл түрі тез жанғыш. Сондықтан оны қыста отқа тамызық қылуға пайдаланады. Үстінен керорсинді тамызып жіберсе болды, гүр ете түседі.

Ал үшінші әдісті көбіне қорасына ақтылы қойы барлар жасайды. Қыстыгүні үйілген көңді қотанға жаймалап, атпен бастыртып алады немесе қой қамайды. Қысы-жазы малдың бауыры жылы жатады. Күздігүнгі қотан ауыстырып, әбден тапталып, кәдімгідей тектоникалық қабат түзген шымтезекті күрекпен ойып, аудара бересің. Мұндай тезек көмірдің орнына жүреді. Шоғы қызарып, ұзақ жатады.

Арыс тұрғындары үшін тезек таптырмас өнім. Былтыр түнге қарай осы үйдің 200 тезегін кепкен жерінен ұрлап кетіпті. Ауылдың кержалқауларынан келген іс. Әйтпесе, бұл да бизнес. Тыңайтқыш ретінде тезек сатып аламын немесе сатамын дейтін жарнама қаптап тұр. Мұнда сары тезектің бір кесегінің бағасы – 5 теңге болса, қара тезектікі – 8 теңге, ал ойма көң – 10-15 теңгеден сатылып жатыр.

Ақтөбе өңірінің тұрғыны Павел Ледаков қолды былғамай-ақ тезек жасайтын агрегат ойлап тауыпты. Кәдімгі ет тартқышқа қарағанда үлкендеу. Мотордан қуат алады. Комбайнды қосып, көңді лақтырып үлгерсең болғаны. Шұжықтың ұзындығындай болып шыға келеді. Үш литр бензин құйсаң, түске дейін бітіресің.

Осы күнгі ауылдықтар үйді жылытудың тағы бір керемет түрін ойлап тапты. Қойдың құмалағын, жапаны көмірдің ұнтағымен араластырса, шоғы ұзақ маздап жанады екен. Кесек көмірге қарағанда арзандау әрі исі де шықпайды. Тек кемшілігі – күлі көп.

«Бұл тәсілді Әндіжанның өзбегі Садырохун Софиев ойлап тапты деп жүр жұрт. Қайдам, біз баяғыдан бері үйімізді осылайша жылытып келеміз»,- деп шындығын айтты Жалғас апа. Шамасы, электр қуаты күніне алты сағат болмайтын көрші өзбек еліндегі «өнертапқыштық та» осындай тұрмыс таршылығынан туса керек.

Былтыр көрші ауылда ошаққа көмір салып, түнде ұйқыға кеткен әйел мен екі баласы уланып, таңертең жатқан жерлерінен тұрмай қалған. Содан бері ауылдықтардың зәре-құты қалмай, тезекпен үй жылытуға көшіпті. Тезектің күлі де радиоактивті. Жас тезек шіріген кезде метан деген газ бөледі. Экологтардың айтуынша, мал жеген азығының 40% органикалық затын, 50-70% азотын, 80% фосфорын және 95% калийді қимен бөліп шығарады. Бірақ қидың исінен адам ешқашан уланбайды.

«Әсіресе фермерлер биогаз құрылғысын орнатса, құрамындағы 60 пайызды құрайтын газды шығарып, тыңайтқыш ретінде қолдануға болады»,-дейді осындай құрылғыны ойлап тапқан қостанайлық Серік Қажиев. Ол өнертабысын жалпыластыруға инвестор таба алмай жүр.

Ежелдегі жаугершілік заманда тезектің түтіні белгі беру үшін қолданылған көрінеді. Қышқылтым исімен «жиналыңдар» деген белгі беретін болған. Ата-бабаларымыз жаз жайлау, қыс қыстауда жүргенінде, танауын желге тосып, қи маздатқан иістен ауылдың қай маңда орналасқанын анықтаған.

Тезекті Үндістан мен Қытай б.з.б. 3 мың жыл бұрын пайдаланып келеді. Мысалы, Қытайда тезекті кәдімгі тандырға ұқсатып, үйдің қабырғасына жапсыра береді екен. Этнограф және жиһангез М.Пессель Гималайда үй пештеріне тезек жаққанда, хош иісті шайырды еске түсіретінін еңбектерінде айта кетіпті. Ал Орталық Африкада сиыр жапаларын масаларды бездіру үшін жағады.

Лев Толстойдың «Байлық деген қи сияқты, үйілген сайын сасиды. Шашылса жер тыңайтады» деген сөзі қалай дөп айтылған. Мына қызыққа назар аударыңыз, қиға өлген жануардың денесін көмсе, тез шіриді екен. Яғни, шіріту процесін үдетеді. Үндістан, Қытай, АҚШ сияқты елдерде көп мөлшерде жиналатын қиды тезірек пайдалану жолға қойылған. Қытайда 1960-шы жылдары қаланы жылқы қиымен ластамау мақстанында шаһарға келгендердің аттарының сауырына дорба байлатқан екен. Малдың тезегіне салық салу былтырдан бастап біздің елде де пайда болды. Әзірше шаруа қожалықтарына жүретін салық ережесі бойынша мал тезегінің әр тоннасына 0,009 АЕК немесе 10 теңге көлемінде салық төлеу талап етіледі.

Бар гәптің басы мыңжылдық мұздықтарды мүжіп жатқан жаһандық жылымықтың негізгі катализаторы – көліктен, зауыт-фабрикадан бөлінетін көмірқышқыл газ емес, зардабы одан жиырма есе күшті қой мен сиырдың желдетуі мен жапа тастауынан бөлінетін парниктік газ болып тұр ғой. БҰҰ-ның Азық-түлікпен қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы жөніндегі ұйымы 2030 жылға қарай ірі қарадан келетін зиянды булы газ – метанның көлемі 60%-ға дейін артуы мүмкін деп қауіп қылады. Сондықтан да әлемнің биоинженер, агроном ғалымдарына не Зеңгі баба төлінің рационына өзгеріс енгізу керек, не ірі қара басын азайту жөніндегі ғаламдық шартты жүзеге асырамыз деп көлденең талап қойды. Екеуі де орындалуы неғайбіл іс қой. Ал американдықтардың мына бір маңызды қадамы 2017-жылға қарай баламалы қуат көздері бойынша әлемдік EXPO өткізгелі жатқан Қазақстанға да, басқасына да керек іс екен.

 

Салтанат Сүгір

   
26 декабря 2012, 12:45
3794

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Qaseke
0
0
бізде бір кісі осы тезекпен үй жылытатын, тезектің жердің астына қарай көміп, бір беріс, бір шығыс құбырын әкеп қойған, әлгі тезектің ішіндегі үрдістерден жылу бөлінеді, сол жылу құбырдағы суды жылытады.. тегін дүние)))
з.ы. бала кезімде менде тезек жинайтынмын, қазандық үшін.
әжем тірі кезінде тезек істейтін. ал енді тезек істеу ұмытылып бара жатқан сияқты, ауылға барсам, қолы бос болса да, ешкім тезек істемейді
Ал менің әжем үрдісті қалыптастырып келеді....
Бір деммен оқылатын әңгімен екен, күшті. Негізі, оны тек американдықтар (америкос деген сөзді оқып күлдім) емес, немістер де шығарған екен, бір ғылыми-танымдық бағдарламада көргенмін, әлгі биогаз шығаратын биореактор дейді екен оны.Барлық процесс жер астында болады да, және де жаңағы биореактор барабан сияқты айналып тұрады, оның ішін жартылай көңмен толтырады. Ал барабан электр тоғымен айналады екен. Барлық процесс автономды, электр көзін, күннің жылуынан алады екен. Жақсы технология менің ойымша.
Дегенімен, түсінбеймін не үшін керек газ ауыл адамдарына? Ауылдан қашып, көшіп қонып жүреді, Алматы Астанаға, ауылға оралған соң, әрине ерінеді отын бұтауды, газ баллондармен машақап көріп. Тағы, нан сатып алады ғой, сонда жағамды ұстағанмын, недеген сұмдық? Нан сатып алу? Картоп, пияз, сәбіз...басқа да көкөністерді сатып алу? Қое.. онда оның аты ауылға келмейді ғой. Әбден ерінді халық. Еріншектер өңкей.

пөсткриптұм: Арыс қаласында газ бар.
Ким айтып жур Арыста газ бар деп? туган жеримди мен билмесем....
Дұрыс айтасын, шатасып кетіппім :)

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Наступил долгожданный момент и мы смогли заселиться в собственную квартиру. А потом началось... Все знакомые, родственники, даже коллеги и соседи родителей вспомнили о нашем существовании.
Idealovnet
14 окт. 2017 / 20:38
  • 8898
  • 83
Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Продление перерывов, втыки от менеджеров, борьба за стенды, кучкования, как мы друг-друга прикрывали, защищали от гостей. Все эти события доставляли радость, и каждый день на работу я приходила...
madiNAtty
14 окт. 2017 / 22:34
  • 6131
  • 24
О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

У меня обширный сексуальный опыт, и я этим не хвастаюсь. Будь у меня возможность, променял бы это всё на одного партнёра. Но так как с личной жизнью не заладилось, а секс я очень люблю, то приходилось изворачиваться.
bez_prav
18 окт. 2017 / 18:01
Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

У нас была особенная атмосфера, мы постоянно были вместе, читали треки, летом часто поднимались в горы. Гуляли пешком по ночному городу, иногда до утра. Снимали хату и представляли совместную жизнь...
Dominator-kz
14 окт. 2017 / 22:29
Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Вы когда-нибудь пользовались казахстанской косметикой? Я тоже нет, поэтому сразу же откликнулась на приглашение своего фейсбук-френда протестировать отечественные крема… из Степногорска.
Shimanskaya
16 окт. 2017 / 11:32
  • 2788
  • 31
Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я знал дату свадьбы. За неделю до свадьбы в соцсети "Вконтакте" на все мои последние фото, был проставлен лайк с её профиля. Сердце забилось сильнее. В душе загорелась наивная, крошечная надежда.
Dominator-kz
17 окт. 2017 / 15:41
Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

История из моей жизни. Я вспоминаю эти отношения и сама не могу понять - как так произошло? А дело в том, что вы и сами не заметите. Это наступает плавно и динамично.
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 14:17
«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

Аким Шымкента Габидулла Абдрахимов нашёл решение накопившихся проблем городского транспорта. Все ключевые работники акимата некоторое время будут сами ездить на автобусах.
openqazaqstan
18 окт. 2017 / 10:53
  • 1680
  • 32
Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Если вам нет 35 лет и у вас нет своего жилья, то есть интересная гос.программа. Нишевая программа - молодые семьи Алматы до 35 лет, семья - это как минимум 2 супруга без детей.
DanaJarlygapova
19 окт. 2017 / 16:21