Сөзімді тыңда

nazgulnaz 2012 M12 21
390
0
0
0

Сөзімді тыңда сеніп, қарағым, Төзімнің бұзып берік қамалын. Өмірден де өңді өзіңді көріп, Сары майдайын еріп барамын.   Тал бойың тұнып қылыққа керім,Тұмадай жаның тұнық па дедім. Көркіне көптің көз...

Сөзімді тыңда сеніп, қарағым, 
Төзімнің бұзып берік қамалын. 
Өмірден де өңді өзіңді көріп, 
Сары майдайын еріп барамын.

 

Тал бойың тұнып қылыққа керім,
Тұмадай жаның тұнық па дедім. 
Көркіне көптің көз байланса да, 
Өзімді бұлай ұмытпап едім.

 

Қалғандай құрып амалым менің, 
Тоғысар тағдыр-таланым ба едің?! 
Өзіңді көріп ұмыттым бәрін, 
Жаз жазиралы жамалым менің.

 

Жаныма жарық өң бере келдің,
Толқындай толқып тербеле бердім.
Өмірге мына өзіңді жаным,
Көруге ғана келмеген едім.

 

Сондықтан көңіл танысатындай, 
Қос жүрек мәңгі табысатындай. 
Қасымнан қалқам, ұзасаң егер, 
Басымнан менің Бақ ұшатындай.

 

Ақ қардан аппақ құлын денелім, 
Күннен де көркем күлімдегенің. 
Баурыма басып аймалар едім, 
Аулыңа қашан ұрын келемін?!..

Ілияс Мұқаев

http://www.baq.kz/blog/article/4538

Оцените пост

0
Дальше