• 101213
  • 6
  • 3
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Жасан Зекейұлы: Мен Шығыс-тибет медицинасын, Шығыс-тибет медицинасы мені танытты

Алматы қаласында 2004 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан Шығыс-тибет медицинасының «Жас-Ай» орталығы бүгінге дейін 50 мыңға жуық науқас қабылдап, ажалға арашашы болып келеді. Шығыс-тибет медицинасын Қазақ елінде дамытушы да, медицина орталығын құрушы да Қытайдан келген қандасымыз Жасан Зекейұлы болатын. Медицина ғылымдарының докторы, профессор Жасан Зекейұлымен сұхбаттасқан едік.

– Аға, атажұртқа қашан оралдыңыз?
– 1983 жылдары Қытайдағы Шыңжаң медициналық университетінің емдеу факультетінде оқып жүргенімде бар күш-жігерімді ең алдымен қазағыма арнасам деп ойлаушы едім. Себебі, айтпаса да түсінікті шығар. Миллиардтардың ішінде 100 адамды емдесең, ішінен екі-үш қазақты көресің, не көрмейсің. Қазақтың денсаулығы жақсы деген сөз емес бұл. Тек күш-жігер, қайрат-қуатыңның ең бірінші өз халқыңа жұмсалмағанына налисың. Тіпті, университетте алған біліміме қанағаттанбай, Пекин, Тиянжин сынды Қытайдың маңдай алды қалаларынан білім асырып келуім кім үшін еді?! Еңбегім де бағаланбай қалған жоқ, 1995 жылы тибет медицинасындағы ерекше еңбегім үшін ҚХР Денсаулық сақтау министрі «Жоғары білікті аға зерттеуші-дәрігер» атағы берді. Сол жылы Халықаралық Алтын инемен емдеу ғылыми-зерттеу қоғамының мүшесі болдым. Денсаулық сақтау ісі бойынша Қытайдағы 100 үздік жас маманның бірі деп танылдым. Хирургия бөлімінің меңгерушісі етіп тағайындады.... 
Осындай еңбектерім бола тұра, ауылдан емделем деп келген ағайынға ақшаны аз жұмсап, нәтижелі емделулеріне кеңес бергенім үшін «ұлтшыл» атандым. Қойшы, өзге елде сұлтан болғанның сиқы осы болды. 
Содан 1996 жылы ғана алып елдің барлық үлде мен бүлдесінен бас тартып, аттың басын атажұртқа бұрдым. 
– Сөйтіп аңсаған Атажұртқа жеттіңіз...
– Елге оралғаннан бері де, міне, 16 жылдан асыпты. Сол жылы Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде орыс тілінен білім алдым. Ана тіліміздің қайнарынан қаншалықты қанып ішсек те, Қытай мемлекеті болғандықтан, Қытайда ханзу (қытай) тілін үйреніп едік. Ал қазақ елінде тұрып орыс тілін үйрену бізге оңайлық тудырған жоқ. Десек те, елге толыққанды еңбек ету үшін орыс тілін жақсы үйрену керек болды. Үйрендік. 1997 жылы аталған университеттің «Хирургиялық сырқат» кафедрасының аспиранты атандым. 1999 жылы аспирантураны бітіріп, Алматы қаласының №12 клиникалық қалалық орталық ауруханасында Шығыс-тибет медицинасы бойынша, аға дәрігер қызметін атқардым. 2004 жылы ғана Шығыс-тибет медицинасының жеке шаңырағын көтеріп, «Жас-Ай» орталығын құруға мүмкіндік туды. 
Қазір 50-ге жуық адамды жұмыспен қамтып, науқастар сұранысын толық өтеуге тырысып келеміз. Осы күнге дейін 50 мыңға жуық науқас қабылдап, оның 10 мыңнан астамына тегін ем көрсетілді. Өкінішке қарай, көпке дейін орталығымыздың шағындығына байланысты науқастар сұранысын толық өтей алмай келгенбіз. Үлкен еңбектің арқасында ғана жақында жеке ғимаратқа қол жеткіздік. Дегенмен, Қытайдың құпияға толы емшілік дәстүрін қазақ еліне жеткізу үшін әлі талай асулардан асу керек. Шәкірт тәрбиелеу, оқулықтар шығару, ғылыми зерттеулер жасау жағы әлі де қолдау күтеді.
– Қазақстан оқырмандарына арнап, Шығыс-тибет медицинасының қыр-сырын үйрететін журнал шығарып жатқандарыңыздан хабардармыз. Осы жайында кеңірек айта отырсаңыз...
– Біздің үлкен жетістіктеріміздің бірі – «Жас-Ай» Шығыс-тибеттік медицина журналын шығаруымыз. Көрші Қытайда қазақ тілінде медициналық сауат беретін мерзімді баспасөздер шаш етектен. Ал бізде мұндай басылымдар жоқтың қасында. Журнал жарық көрген 4 жылдан бері халыққа салауатты өмір салтын насихаттауда айтарлықтай жұмыстар жасап келеді. 
– Тарихи Отаныңызға не сыйлай алдыңыз? Еңбегіңіз еленді ме?
– Өз басым атажұртыма келген соң хирург мамандығымен қоса алған шығыс-тибет емін қанат жайдырдым. Қазақстан жұртына бейтаныс болып келген мұндай ем түрін ең алғаш болып жүйелі түрде қолданысқа енгізгендіктен болар, халық мені Шығыс-тибет медицинасын Тәуелсіз Қазақстанға тұңғыш әкелуші деп санайды. Бұл елімнің бір кем тұсын толтырайын деген асыл арманның нәтижесі еді. Бәрі де тәуелсіздіктің арқасы ғой. Бұл күнде «Жас-Ай» Шығыс-тибет медицина орталығы дара емдеу ерекшелігімен Қазақстанның емдеу саласынан көрнекті орын алғандығы – менің еліме емдеу ісі арқылы қосып жатқан үлесім деп білемін. Дегенмен мемлекет болшағына тікелей қатысты әрбір жауапты сәтте, «мен тек емшімін, басқа жұмысқа араласпаймын» деп қол қусырып қарап қалмадым. Өзімнің азаматтық пікірімді білдіріп тұратындымды көзқарақты жұрт жақсы біледі. Айталық, кейбір пайда табуды көздеген топтардың сапасыз дәрілер мен біліксіз дәрігерлер арқылы Астанадан «Қытай емдеу орталығын» ашпақшы болған кезінде, төлқұжаттағы «қазақ» атауының көкпарға түскен уақытында еш тартынбастан азаматтық үнімді таныттым. Бұларды айтып отырғаным тәуелсіздікті бәріміз қорғауға тиіспіз. Ол үшін Қазақ елінің әрбір қадамына жіті бақылау жасап отырғанымыз абзал. 
Елге келгеннен кейінгі еңбектерім де елеусіз қалып жатқан жоқ. Бір ғана Қазақстан Республикасы Халық емшілері қауымдастығының өзі әр жылы «Халық емшілігін дамытуға қосқан үздік үлесіңіз үшін», «Халық медицинасы мен рухани тәрбие қызметіне қосқан жеке үлесіңіз үшін», «Халықтың денсаулығын жақсартудағы емшілік қызметіндегі үздік жетістіктері мен нәтижелері үшін» деп аталатын әртүрлі құрмет грамоталарымен марапаттап келеді. 2007 жылы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» атандым. 2008 жылы жыл сайынғы «Алтын Жүрек» сыйлығы табысталды. Тіпті, «Жас-Ай» орталығының нәтижелі жұмыстары еліміз іші-сыртындада біраз аңыс қозғады. 2009 жылы Вена қалалық Халықаралық Университеттің «Құрметті профессоры» атансам, 2010 жылы Халықаралық «Сократ» атындағы орденнің иегері болдым. Міне, биыл «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталдым. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі маған және менің ұжымыма алғыс хат жариялап, атқарып жатқан қызметтерімізге ризашылығын білдірді. 
– Өзге елдердің, әсіресе, медицинасы дамыған елдермен іскерлік байланыс жасап тұрасыздар ма?
– Жеткен жетістіктерге марқайып, арқаны кеңге салу әдетімде жоқ. Жыл сайын Америка, Жапония, Еуропа мемлекеттері сынды дамыған елдердің медицина саласындағы жетістіктерімен танысу үшін арнайы іссапарларда боламын. Соның арқасында біраз тәжрибе жинап, халқыма заманауи медицинадан не қажет екенін бағамдап отырдым. Бір түйгенім, бізге іскерлік, нақты нәтижеге ұмтылыс жетіспейді. Кез келген елде Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қалыптасып, даму кезеңі болатыны сөзсіз. 
– «Жас-Ай» медициналық орталығы жанынан «Нұр Отан» ХДП Бастауыш партия ұйымын құрып, өзіңіз төрағалық еткен аз уақыт ішінде мемлекеттік шараларда үлкен белсенділік танытып жүрсіз. Осыншама жұмысқа қалай үлгересіз?
– Ізденген адамға халық үшін қызмет жасаудың жолы тым көп. Менің ойымша, әр адам өзінің ұлты үшін, Отаны үшін тер төгуі керек. Мұндай ұлы мұрат адамды үлкен жетістікке жетелейді. Менің «Жас-Ай» орталығыма ауруына ем іздеп келген мыңдаған науқасты емдеп жаздым. Бірақ қазақтың саны неше миллион ғой. Кеңсемнен шықпай, келген адамды қабылдап отыра берсем, менің айлық үшін жүрген адамнан қай жерім артық. Міне, осындай ойлар мені қоғамдық жұмысқа еріксіз алып келді. Қоғамдық қор ашып, жағдайы төмен отбасыларға, қалтасы таяз науқастарға көмек көрсеттік. Тіпті кейбір жас өнерпаздардың кешін өткізіп, кітабын шығарып бердік. Ардагерлерге, жалғыз басты қарттарға, аналар мен балаларға жеңілдік жасап, ауруларын емдеп бердік. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде оқитын 4 студенттің оқу қаражатын, ай сайын берілетін шәкіртақысын өзім көтеріп алдым. Бір жылдың ішінде игілікті шараларға жұмсаған қаражатымыз 3-4 миллион теңгеге жетті.
Ал орталығымыздың жанынан «Нұр Отан» ХДП Бастауыш партия ұйымын құрғаннан бері, менің бар қазаққа жылу сыйласам деген арманым бір жүйеге түсіп, халыққа тіптен жақындай түстім.
- Ел үшін істеген игілікті ісіңіз ілгері болсын! Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен Майгүл СҰЛТАН

 
nazgulnaz
21 декабря 2012, 12:04
1199

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Почему я больше не поеду отдыхать на северное побережье Алаколя

Почему я больше не поеду отдыхать на северное побережье Алаколя

Нам казалось, что на Алаколе мы сможем хорошо отдохнуть, расслабиться и набраться сил на весь следующий год. Вроде, и достаточно бюджетно, и не так далеко.
RisKaS
26 июня 2017 / 18:05
  • 7827
  • 38
ЭКСПО-2017. Каким бы правдоподобным ни казался обман, он всё равно раскроется

ЭКСПО-2017. Каким бы правдоподобным ни казался обман, он всё равно раскроется

Изначально про ЭКСПО было очень много слухов. Лишь только усаживаясь в поезд «тальго» до Астаны, мы уже были изрядно загружены этими слухами. Кто их запускал, для чего – отдельный вопрос..
openqazaqstan
вчера / 15:45
  • 6750
  • 41
Эксперимент. Два парня и девушка в поисках лучшего донера в Астане

Эксперимент. Два парня и девушка в поисках лучшего донера в Астане

Нас трое: девушка и двое парней. Мы обошли 7 заведений, где продают донеры. Оценивали по 10-бальной шкале только по вкусовым качествам донера. Никто нам за рекламу не платил, бесплатными донерами не кормил!
nargiz_15
вчера / 10:08
  • 6236
  • 15
На каких улицах города Алматы вы точно попадете в «пробку»

На каких улицах города Алматы вы точно попадете в «пробку»

Строятся пешеходные и велосипедные дорожки, трамвайные пути "сносят", а главная традиция нашего мегаполиса - замена подземных коммуникаций и в этом году не была нарушена.
beoblod
26 июня 2017 / 17:22
  • 4081
  • 3
Где отлично провести летние месяцы с пользой для здоровья и кошелька?

Где отлично провести летние месяцы с пользой для здоровья и кошелька?

Я обратил внимание, что в случае с уникальными природными зонами Павлодарской области применима поговорка: «что имеем – не ценим», а ведь они легко могли бы стать международными курортами.
Muzalevskiy
23 июня 2017 / 22:57
  • 3535
  • 11
Это «колхозное сооружение» вредит имиджу города. Я, как алматинка, против!

Это «колхозное сооружение» вредит имиджу города. Я, как алматинка, против!

Почему эту трубу не проложили под землей? Она обезображивает улицу, как дикий багровый шрам от раны, зашитой равнодушным, криворуким и ленивым хирургом, обезображивает лицо.
ValentinaVladimirska
23 июня 2017 / 12:10
  • 2864
  • 45
На Иссык-Куль через Юг. Не бойтесь ехать в Киргизию своим ходом!

На Иссык-Куль через Юг. Не бойтесь ехать в Киргизию своим ходом!

Очень живописная и бюджетная поездка вдоль всего берега по Иссык-Кулю! Мы, две обаятельные девушки, поехали вдвоем, подготовленные к совершенно автономной жизни в палатке, и ни разу ничего не...
yelenasergiyenko
22 июня 2017 / 13:20
  • 3069
  • 23
Неравенство в Казахстане – доходы самых богатых граждан в 6 раз больше заработка бедных

Неравенство в Казахстане – доходы самых богатых граждан в 6 раз больше заработка бедных

Почти 46% расходов казахстанцев уходит на продукты. При этом бедные казахстанцы стали есть меньше, богатые - больше. Инфографика
ZonaKZ
25 июня 2017 / 9:06
  • 2510
  • 23
Миф о героях нашего времени: «Они лишь дешевые подделки»

Миф о героях нашего времени: «Они лишь дешевые подделки»

Они назвали лизоблюдство – нетворкинг. Они назвали бессовестное самохвальство – селфбрендинг. Они назвали беспринципность и отсутствие морали – гибкость и креативный подход.
Aks_Ras
22 июня 2017 / 17:32
  • 2194
  • 12