Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:00, 21 декабря 2012

Мұқағалиды Қытайша сөйлеткен қазақ қызы

Қазақ-Қытай әдеби байланысының аясында қазақ әдебиетінің класскалық туындылары миллиардтар тіліне аударылып жүр. Дегенмен қазақ әдебиетін өз деңгейінде қытай тіліне аударуда маман тапшылығы сезіледі. Айталық, қазақ тілінен қытай тіліне аударатын сапалы аудармашылар ретінде арғы бетте екі-ақ адамның аты аталады. Оның бірі – Еркеш Құрманбекқызы болса, бірі – Қайша Тәбәрак. Қайша Тәбәрак – Алаштың ақиық ақыны Мұқағалиды Қытайша сөйлеткен талантты аудармашы.

Blog post image

Қайша Тәбәрікқызы 1957жылы қарашада Санжы Облысына қарасты Құтыби ауданының торғайты ауылында дүниеге келген. Мектепті қытай тілінде бітірген. 1976- 1978жылдыры Іле қазақ автономиялы облыстық партия мектебінің аударма бөлімінде білім алған. Ол бертінгі жылдарға дейін, яғни 2000 жылға дейін Санжы облыстық үкімет кеңсесінде жұмыс істеді. Қайша 2003 жылдан бастап, жұбайымен бірге "Шоқ жұлдыз» жаңа техникалармен тәрбиелеу орталығын құрып, содан бері жыл сайын жүздеген шәкіртті тәрбиелеп келеді. 
Қайша Тәбәрікқызының "Аруақтар арасында", "Рухым сахарада", "Рухым байтақ әлемде" секілді повесттері ғана емес шалқымалары мен өлеңдері де Қытай оқырмандарының ыстық ықыласына бөленген. Ол шығармашылықпен қатар аудармашылықты қатар алып жүрген қаламгер. Талантты аудармашы қазақтың ұлы тұлғаларын миллиардтар тілінде сөйлетуді басты мақсат етіп, осы күнге дейін "Елжау күнби(Сұлтан Жанболатов)", "Таңжарық өлеңдер жинағы", "Ертіс кілкіп ағады", "Қазақ ертегілері", "Құз басындағы аңшының зары» секілді классикалық туындыларды аударып, Қытай оқырмандарына ұсынды.


Хазірет Әбділда

 
0
946
1