Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:48, 20 декабря 2012

жастар саясаты

Бүгін мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі концепциясымен таныстым http://www.mod.gov.kz/mod-ru/index.php?option=com_content&view=article&id=1132&Itemid=72&lang=ru

Өте маңызды, өзекті мәселелер көтерілген, қағазда жазылғанның бәрі айнымай іс жүзінде де іске асса, сірә менің мемлекетім әлемдегі дамыған мемлекеттердің қатарынан үздік орынды алып тұрар еді ))

Өз ойымды айтатын болсам, ішкі саясат ол сіз бен біз, әр азамат өз құқығын білсе және құқығын қорғай алса, сауатты болса, заңды бұзбаса бәрі де жақсы болады. Барлық келеңсіз жағдайды бір адамның мойнына жауып қойып, тек сынап сөкеннен басқа ештеңе істемей жата бергеннен ештеңе де өзгермейді, бұл әсіресе аға буында көп кездеседі.

Мемлекет қолынан келгенін істеп жатыр, ең бастысы заң бар, негіз бар, қалғаны өз қолымызда.

Қазақстанның жастары, елдің ертеңі біздің қолымызда, тыным таппай білім алып, еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек етейік!

0
433
0