• 15917
  • 17
  • 3
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Әйтеке бидің Әжібай мен Аралға берген батасы

Біреу күн сәулесіне малынса, біреу ай сәулесіне зәру шақта бір шаңырақтан екеуің бірдей атқа міпсіңдер. Атқа мінгенің — азапқа да мінгенің. Азапсыз ердің аты шықпас. Азап дегеніміз тынымсыз еңбек. Өйткені сен жетем, сен алам деген нәрсенің бәрі алыста. Таңсықтың бәрі тасада тұрады әрдайым. Ең дәмді деп татқаның — өз еңбегіңмен тапқаның. Сонда ғана еңбегің — дәулетің, беделің — сәулетің бола алады. Сонда ғана шыраққа айнала аласың. Жанған шырақ жарық берер, жарық берген шырағын халық көрер. Тек лап етіп жанып, жалп етіп сөнуден сақтасын өздеріңді. Еңбексіз өткен өмір де бір, ерте келген өлім де бір. Еңбегің жанса қуанарсың. Бірақ, қуаныш келсе таспа, қасірет келсе саспа. Жетпей жатып болдым деме, толмай жатып толдым деме. Жетпей жатып болдым деген, толмай жатып толдым деген төменде күйбеңдейді. Ал төменде күйбеңдеген төбенің басын көрмейді. Қолдан келген — биікке ұшар. асқақ ұшсаң абайлап қон. Өйткені төбеге шықсаң күндейтін, төменде қалсаң тілдейтін жамағайын сымақтар толып жатыр бұл өмірде.Сондықтан төбең көкке жетсе де, табаның жерде тұрғанын ұмытпа. Жоғарыға ұшқан — даңққа бөленер. Бірақ, ауру батпандап кіріп, мысқалдап шықса, даңқ мысқалдап кіріп, батпандап шығатынын ұмытпа. Даңқ жүрген жерде әзәзіл боп нәпсі жүреді. Даңқ өзі келмесе, артына шырақ алып түспе. Шырақ алып іздегенің — нәпсіге бой алдырғаның. Шикі теріні илесең, ұлтан болады, нәпсісін тежей білген, сұлтан болады. Нәпсі тойымсыз. Аспандағы құсты да жердегі жем ұятқа қалдырады, тойымсыз нәпсі де ер азаматты ұятқа қалдырады. Даңққа тұлпар дүлдүлдігімен жетеді, ер азамат білгірлігімен жетеді. Кейде сен жетпеген биікке өзге бұрын жетеді. Ондай жағдайда өзіңнен биіктегіні күндей көрме, өзіңнен төмендегіні жүндей көрме. Жарлылық пен байлықтың қандайы да, жазылмаған ешкімнің мәңгілік маңдайына. Сұрғылыт тұман торламаған аспан жоқ, сор мен шер шырмамаған данаң жоқ. Даңқтың жолы даңғыл емес, абыройдың жолы арналы емес. Дана мен кемеңгерді күндеуші көп. Өйткені құнарсыз жеміске құрт та жуымайды. Үнемі жақсыларды жанай жүргейсіздер. Өзен теңізге қарай ағады, жақсы — жұрт мақтаған, ел жақтағанға қаорай барады. Жақсының нәрін ал, тәлімін ал, сосын бақиға кеткенше сыйлап өт. Нәрін ішкен бұлаққа тас лақтырма, құм атпа. Ұлының жеткен биігіне жетем деп ұитыл. Бірақ, әлмисақтан келе жатқан «Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл!» дегенді зерделе. Өрең жетпегенге ентелеме, жетпегеніңе өкпелеме. Әйтпесе, қаз болып алшаңдағысы келген қарға аяғын сындырады дегеннің кебін құшасың. Досқа күлкі, дұшпанға таба болу деген сондайдан шыққан. Жібек тозса есекке жабуға да жарамайды деген, балаларым. Уақытымының озған, сөзімнің тозған кезіне тап келдіңдер, көне сөзден әрі озбады деп, лапылдап, лаулап жанбады деп сөге кетпегейсіңдер, тастүлектерім! Кәрі де бол, жас та бол, сыйлас бол көппен тіріде, қалады бір күн алтын бас қазылған көрдің түбінде. Жүрген жерлеріңнің бәрі жазық болсын, ар мен абырой өмірлеріңе азық болсыен. Бірің ту ұстаған қолбасшы, бірің сөз ұстаған би басы болыңдар, қанаттарым, бердім батамды, аллаһуәкбар!

20 декабря 2012, 15:04
3287

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

Инцидент с пьяным киргизским гостем на борту Air Astana, наверное, остался бы только во внутренних сводках авиакомпании, если бы г-н Доган, не поднял громкий крик о государственном языке.
openqazaqstan
17 авг. 2017 / 14:43
  • 12203
  • 178
Дайте Байбеку сломать и переделать город. Он хочет шагнуть вверх, а не бабло украсть

Дайте Байбеку сломать и переделать город. Он хочет шагнуть вверх, а не бабло украсть

Я в тогдашней Алма-Ате родился, вырос. В школу начал ходить пешком. Весь центр опползал. Все эти знаковые места помню как ещё не знаковые места. Никаких этих ностальгических страданий у меня нет.
Aidan_Karibzhanov
21 авг. 2017 / 16:25
  • 6972
  • 34
Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Президент Назарбаев наконец-то разъяснил для всех, кто ещё не понял, очевидный вопрос, который всем в Казахстане очевиден. Елбасы повторил: на латиницу мы переводим казахский язык, и это не означает отказ от русского языка.
openqazaqstan
18 авг. 2017 / 16:23
  • 3550
  • 52
Подземная Акмечеть Бекет-Ата в Атырауской области – одно из самых сакральных мест

Подземная Акмечеть Бекет-Ата в Атырауской области – одно из самых сакральных мест

Его отцом был Мырзагул, матерью Жания, оба глубоко верующие. По рассказам, Бекет-Ата обладал богатырской силой, что в том числе помогало выбивать мечети в крепких скалах.
theYakov
21 авг. 2017 / 17:21
  • 3281
  • 3
Байбек замахнулся на то, о чём давным-давно писали и говорили – «город для людей»

Байбек замахнулся на то, о чём давным-давно писали и говорили – «город для людей»

Какой «золотой квадрат»? Вам действительно это место кажется лучшим?! Вот когда Байбеку удастся воплотить в реальность скверы и парки, тогда я буду согласен называть старый центр золотым квадратом.
openqazaqstan
сегодня / 16:53
  • 2537
  • 17
«Нас и здесь неплохо кормят», или почему я не собираюсь уезжать из Казахстана

«Нас и здесь неплохо кормят», или почему я не собираюсь уезжать из Казахстана

Я всегда теряюсь, когда слышу этот вопрос, потому что я так и не сумел выразить причину одной фразой. Давайте рассмотрим популярные варианты, и я объясню, что именно мне в них не нравится.
convoluted
21 авг. 2017 / 12:29
Надо научиться видеть скрытые экономические процессы за вспышкой национального гнева

Надо научиться видеть скрытые экономические процессы за вспышкой национального гнева

При полном отсутствии бюджетного жилищного строительства, целые аулы оседают в ветхих домишках, сквозь заборы которых насмешливо возвышаются башни "коктемов", "риц карлтонов" и "есентаев".
niyazov
19 авг. 2017 / 11:16
  • 2595
  • 67
В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

Общая площадь парка составляет 25 гектаров. На территории предусмотрено устройство прогулочных дорожек, площадок для установки аттракционов и павильонов различного назначения, цветников.
zhasakmola
17 авг. 2017 / 17:13
  • 2200
  • 1
Казахский язык выбирает алфавит, который считает необходимым. Дело не в латинице

Казахский язык выбирает алфавит, который считает необходимым. Дело не в латинице

У русскоязычных казахов два варианта, один - срочно отдавать детей в казахские школы, если видят их будущее в стране. Русскоязычным неказахам ещё меньше выбора. Надо становиться казахами.
Aidan_Karibzhanov
вчера / 18:08
  • 2191
  • 55