Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
4
02:01, 20 декабря 2012

Хайтек

       

Blog post image

Хайтек

1-бөлім

Нью-Йорк таңы атып келеді. Көк тіреген ғимараттар. Көшеде құлақ тұндыратын шуыл. Таңғы сарпылыс. Қабырғалары суретке толы тар бөлме. Ескі диванда, жұқа жамылғысы жерге түсіп жас жігіт жатыр. Таң шапағы терезеден әлсіз ғана сығалайды. Жігіт аяғын кеудесіне тығып, жылу іздегендей жастықты құныға құшақтап алыпты. Мүлгіген тыныштықты есіктің қоңырауы бұзды. Жігіт маужыраған күйі басын зорға көтеріп, қалғып-мүлгіп есікке қарай жүрді. Есікті тұтқасын құлықсыз ашқаны сол еді, езуі ел көшсе де жиылмайтын Майк досының сұлбасын көрді.

Майк бөлмеге ентелей еніп,

- Сәлем дос! Ұйқыға тоймайсың-ау, досым! Сәске түсті, сен әлі маужырап жүрсің! Оян қане, бізді бүкіл әлем күтіп отыр- деп тар бөлмеде ары-бері жүре бастады.

Көзі жан-жақты тіміскілей бұрышта тығылған тоңазтқышты тез тауып, өзіне сэндвич дайындап үлгерді.

- Қазір ұйқының кезі емес. Алдымызда алар асу, жетер арман бар. Сол мақсатқа жету жолында аянып қалмауымыз керек! Әй, сен сэндвич жеймісің? Жарайды, өзің біл онда! Алдымен асқазанға ас керек. Ұлы істердің тіпті титтей сэндвич жасаудан басталуы да ғажап емес, солай емес пе! Достым онда сен киін. Жолға шығайық кешігеміз, болсаңшы енді - деп кока коланың бір құтысын қылғыта салды.

Ал Хайтех үнсіз ғана қанбаған ұйқысыны игере алмай, жуынатын бөлмеге қарай аяндады. Бетін шала шарпы жуып, тісін киімін киіп жатып тазалап, айналдырған 10 минуттың ішінде екі дос көшедегі қалың халық нөпіріне қосылып кетті.

Екі дос тар көшеде жылдам жүріп келеді. Кейде жүгіріп те алады. Сол қарқынмен жұмыстарының алдына келіп жеткенін де аңғармай қалды.

Аспанмен тірескен үлкен ғимарат. Алды ығы-жығы халық. Барлығы терезеге жапсырылған бір қағазға үңілген. Екі дос та сол қағазға халық арасынан зорға жетіп, оқи бастады.

Қағазда: Құрметті компания қызметкерлері! Әлемдік қаржы дағдарысы салдарына «Вестон» компаниясы өз жұмысын тоқтатады. Бүгіннен бастап басқа жұмыс іздеу керектігін ескертеміз! Бізге түсіністікпен қарағандарыңыз үшін алдын ала алғысымызды білдіреміз!

Екі дос баспалдаққа отыра кетті. Жүздерінде жалын бір сәтке сөніп қалғандай. Тұнжыраған бейне. Құлдыраған көңіл. Көздері ескі баспалдақтан бір нәрсе іздегендей төменге бағытталған. Бір кезде тек екеуі қалғанын бірақ аңғарды.

Екі дос шулы тар көшенің бірінде сылбыр басып жүріп келеді. Қарқындары бәсең. Қадамдары тар.

Екі досты тағдыр қосты. Екеуі де жастайынан қиыншылық көріп өсті. Майк қаланың қара кварталдарының бірінде дүние есігін ашқан. Әкесі әйгілі бұзақы болатын. Бір текетіресте полиция қолынан қаза тапқан. Ал, анасы бар күш-жігерін Майкты өсіруге жұмсап бақты. Болмады. Тағдыр тәлкегі еркі-жігерін жеңіп есірткіге еліртіп, ақыры ажалы айдап тынады. Анасының мәйітін Майк жеті жасында тауып алып, содан ұйқысынан оянды. Жалғыздық қара баланы жабырқата алмады. Өмір сүру үшін күресті. Арпалысты. Талай тауқыметтерді бастан өткерді. Деседе жасымады. Тек алға қадамдады. Оқуда озат атанды. Мектепті үздік бітіріп, колледжде талаптанып талантты бағдарламашыға айналды.

Ал, Хайтектің балалық шағы Нью-Йорктің жақсы аудандарының бірінде өтті. Ата- анасы білімді, қызметкер, мейірбанды жандар еді. Сәбилерінің мылқау кембағалдығын ешкімге сездірмей өсірді. Алайда Хайтехтің бақытты балғын шағы ұзаққа созылмады. Ол алты жасқа толғанда ата –анасы жол апатынан бақилық болды. Әке-шешесінен мирасқа қалған үй алаяқтарын талапайына түсіп, жас бала қаралардың кварталынан бірақ шықты. Сөйлей алмағанымен өте зерек білімге құшталықпен ер жетті. Тілдің ұшыннан шықпаған ойларын ойларын қағазға шимайлап жеткізетін. Міне, екі досты осылайша тағдыр қосты. Олар мектеп қабырғасында танысып, мұңдас жандар ажырамас достарға айналды. Арманға бірге беріліп, қиялда да бірге қалықтады. Ортақ мүдде колледжге де бірге аяқ бастырды. Олар ортақ арманға жету үшін бағдарламашы мамандығын таңдап, «Вестон» бағдарлама жасаушы компаниясына да жұмысқа бірге орналасты. Әттең, тәп-тәуір қанаттанған арманды әлемдік дағдарыс тежеп тастады. .

Макдональдс дәмханасы. Екі дос тамақтанып отыр.

- Не істейміз? Барлығы бітті ме? Енді не болады? Қайда барамыз? Бізді жұмысқа кім алады? Әлде Марсқа кетеміз бе? Барлығына тойдым, шаршадым осы шым-шытырық кедергілерден - деп Майк қапалана сөйледі.

Хайтех болса қаламы алып алдына тұрған салфеткаға бір сызбаларды сызып отыр. Сызбада биік ғимарат, алдында «Ньюсофт» тақтайшасы бейнеледі. Майк сызбаны көріп:

- Иә не болды енді суретші болайын дедің бе? Рембрандтпын десенші болмаса ВанГокк! ?

Сол кезде Хайтек:

- Майк біз арманымынызға жетеміз! Менде бір ұсыныс бар! –деп жазды.

- Қалайша? Біздің қоқыс компьютерлермен бе? –деген Майк ашуға булықты.

- Жоқ! Ньюсофтқа ұрланып кіреміз. Түнімен кірпік қақпай, қалайда сонда кіруіміз керек. Басқа амал жоқ – мәтінімен Хайтек жазуын жалғастырды.

- Сенің есің дұрыс па өзі, Ньюсофтқа қалай ұрланып кірмексің, сен тұрмақ тышқан ұрланып кіре алмай, ақылға сыйымсыз нәрсені айтпашы! оның үстіне менің биіктен қорқатынымды білесің! Жоқ! Болмайды, ұсынысыңды қолдамаймын, қолдамаймын! Сенің түкке тұрғысыз тірлігің үшін басымды бәйгеге тіге алмайын! Кешір дос! - деді Майк басын салбыратып.

- Жарайды, бармасаң бармай-ақ қой, ынжық неме! Өзім барамын! Бұл арманға жетпесем өмір сүрмей-ақ қойдым. Не арманыма жетемін, не өлемін, тәуекел! - деген жазуы бар салфетканы досының алдына доллармен қосып қалдырып Хайтек шығып кетті.

Майк болса ашуға ерік беріп:

-«Ақымақ» - деп айтып салды.

Сағат кешкі 20:00 дер шамасы. Хайтехтің бөлмесі. Есік қоңырауы шырылдап қоя берді. Жұмысқа белсене кіріскен ол асығып бар есікті ашып еді тағы да Майктың бейнесін көрді.

-Кешір достым! Жарым жолда далғыз қалдырғым келмеді, сендей досты! Екеумізді тағдыр қосты, бірге көреміз ендеше! Сені уайымдап, бір жетіден асты сэндвич жеуді де қойдым ғой. Мазам қашты, әбден! Сондықтан біргеміз, берік іргеміз! Харлимен де қоштасып шықтым. Не боларын кім білсін, дегендей! ?- деп жыламсыраған күйде Хайтехтің құшағына еніп кетті.

- Бізде бір-ақ түндік уақыт бар, нақтырақ айтсам 7 сағат, осы түні екеулеп мына бағдарламаны жасап, тексеріп те үлгеруге тиіспіз. Уақыт өте тығыз. Әлбетте, онда кіру де оңайға соқпайды. Ешқандай сақтандыру да жоқ. Демек, көрші ғимараттан арқан тартып өтеміз. Мен Ньюсофтқа апарар жолды ойластырып қойдым. Керек-жарақтың бәрі сайлаулы. Тек батылдық керек. Ынжық досым, саған сене берейін бе? – деген сөздер мониторда пайда болды.

- Мм- мен, әрине альпинист емеспін! Бірақ жұмған көзімді ашпай жоғарыға жорғаласам бәрі де дұрыс болатын сияқты! Көз қорқақ, қол батыр, кеттік досым, тосылмайық! Айтқандай, парольдары қандай екен? деген Майкл ыңғайлана отырды.

- Қиын емес! Тексеріп көрдім! Айналасы 5 минуттық жұмыс! Тек білдірмей кіріп-шығу керек. Бірінші сен өтесің! деп жазды.

Майк қатуланып:

- Мен бе? Неге осы, үнемі жорыққа бірінші болып мен бастай берем?

Сол сәтте монитордан,

- Досым! менің алабөтен ойым жоқ! Бұл жерде арқан үйкелістен соң жұқаруы мүмкін. Өзің ойлашы сен жеңілсін бе, әлде мен жеңілмін бе? Әрине мен жеңілмін. Сенен кейінгі қалған арқан мені көтереді. Ал менен кейінгі арқан сені көтермеуі мүмкін, деген дәйекті ой пайда болды.

Түн. Екі дос Ньюсофтқа қарсы ғимараттың үстінде жүр. Хайтек арқанды межесіне дәл жеткізді. Енді достар өтуге оқталды. Бірінші Майк өтті. Екінші Хайтех жылдам өте жөнелді. Ғимараттың желдеткіші арқылы қабаттар арасыннан өткен олар діттеген жеріне де жетті.

Үлкен зал. Компьютерлер қаз қатар тізіліп тұр. Екі дос жоғары тұрған негізгі компьютерге қарай ұмтылды. Келе салып, арқа сөмкедегі құрал жабдықтарын алып компьютерге ыңғайласып отырған Хайтек компьютердің паролін бұзуға кірісті.Тез шаруасын бітірген олар жұмыстарын бастап, бағдарламарын жүктеп, жаңа қосымшаларын қоса бастады. Соңғы әрекеттерді жасап, бағдарламаны іске қосуға дайындады. Сол сәтте экраннан дайын деген белгі көрінеді. Екі дос бір-бірін құшақтай алады.

- Жеңіс! Жеңіс! Армандар орындалады! Енді біз әлемдегі ең бай бақуатты, атақты адамдар боламыз! Әлем біздің алақанымызда! деп секірген Майкл айқайлап жібере жаздады.

Бұл бағдарлама үшін олар 7 жылдай уақыттарын жұмсады. Бағдарламаның басты мақсаты мен ерекшелігі сол кез келген адамның генетикалық кодын анықтап ғана қоймай, онда жиналған табиғи ақпараттарды тауып, оларға түзету мен толықтырулар енгізуге мүмкіндік ашатын еді. Яғни адам бойындағы жаман қасиеттерді жойып жақсы қасиеттерді орналастыруға болады. Ал достардың негізгі мақсаттары әлемдегі өшпенділікті жойып, жақсы адамдардың көбеюіне ықпал ету еді. Міне армандарына жеткен сияқты.

Хайтех Майкға бағдарламаны тексеріп көру үшін, арнайы құрал-жабдықты ұсынып, өзі компьютерге отыра бастап еді, бірақ сол кезде Майк:

- Жоқ! арқанмен жүргенім аз ба саған! Мен сынақтан өткізетін ит емеспін ғой. Сен айтты екен деп, мен өзімді құрбан ете алмаймын! Кешір жоқ болмайды, батылым бармайды.

Досының осы сәттегі батылсыздығына ашуланған Хайтех қатуланып, ққұрылғыны өзі кие бастады. Майкке өз орнын ымдап көрсеткен ол, компьютерге ыңғайланып отырып, бағдарламаны қосты.

Осы кезде күтпеген жағдай орын алды, орындықта отырған Хайтех кенеттен орнынан тұрып кетіп, екі қолын екі жаққа бағыттап, құс секілді басын төмен түсіріп түсініксіз бейнеде тұрып қалды.

Хайтех сол кезде басқа бір әлемге кіріп, бір белгісіз құсқа айналғандығын сезді. Үстінен күн сәулесі ме бір жарық шапағын сезеді түсіп тұрған. Ұшып келеді.. Алдынан биік таулар, шалқар көлдер, керемет жазық далалар шыға бастады. Бір керемет исті сезінгендей. Жаны жеңілдеп рахаттана түскендей. Ұша бергісі келетіндей. Бір кезде сол жазира алқаптан қорғандар көріне бастады. Тіпті жауынгерлерді де байқағандай. Көбі атқа мінген. Орта ғасырлық рыцарларға ұқсайды. Бірақ сауыттары күнге шағылысады. Алтыннан жасалған ба деген ой да келді. Жауынгерлер ортасында бір ерекше киінген адам, қолбасшы болуы керек көпке бағыт бағдар беріп көсіле сөйлеп тұр. Бірақ жақындай келе оның әйел екенін байқап бұл ханшайымы (Томирис)болар деп пайымдады. Одан ары ұша түсті. Алқаптың аяқталатын түрі жоқ. Бір адамдар тасты қашап бір түсініксіз жазулар жазып жатыр. Жүздерінен қайсарлық, өрлік сезілетіндей, бірақ жылуы да бар. Жазуларға жақындай түсіп еді, бірақ оқи алмады. Мұндай әріптерді бұрын соңды көрмеген. Ары қарай қозғалды. Тағы да тауға кезікті. Оның қызықтап үлгермей тағы да жазық басталды. Қорғандар көрінді. Мыңдаған жауынгерлерді байқады. Қолды екі қолбасшы (Керей мен Жәнібек) бастап келеді. Жүрістері қауырт. Жақындап еді жігерді, батылдық байқады қолбасшылардың жүзінен. Бір бұл топ жауынгерлермен бітпеді. Артынан ілескен көшті көрді, көп халық жүктерін түйеге артқан. Қайда бара жатыр бұлар деген ойда санасында сайрады. Тағы да белес тауға жалғасқан. Керемет суретті рахатана көре бастап еді, соңы тағы да кең далаға ұласты. Бір шатырлар көрінеді. Бірақ дөңгелек кейіпте.(киіз үй) Бұл қандай шатыр екен деген ойда пайда болды. Жанында тағы да атты адамдар. Және сансыз жылқы, қойлар, түйелер көрінді.Жүздері жылы, бір туыс жандар секілді. Бір құлағы керемет үн келді. Қайдан шықты бұл ғажап үн деп төменге үңілсе әлгі шатырдың алдында бір топ адам алдында бір кісі гитараға ұқсас белгісіз аспаппен(домбыра) ойнауда. Бір кісілер ел алдында көсіле сөйлеп тұр. Жүздерін тағы шолып шықты жүрегіне бір жақын жандар секілді. Тағы да қорғандар киімдері өзгеше адамдар шайқастар көрді. Керемет қалалар бірақ бір жауынгерлер қиратып жатыр.Өрт қойған. Тағы да көш. Ғажап қорғандар жанып жатыр. Кескілескен ұрыс, бірақ қорғандағы халықтың қайсарлығына таң қалды. Арасынан бір қолбасшы(Абылай) мен көп батырларды (қазақ батырлары) байқады. Жанындағы төбеден үш ақсақалды(үш би) көреді. Жанында көп адам жиналған. Жүздерін көруге асықты. Таныс секілді. Жанына тартатындай. Хайтехтің жаны ашыды. Тағы керуендерді көрді, сол керуен ішінде қолына көп кітабы бар бір кісі ерекше назарын аудартты. Жүзінен ұлылықты аңғарғандай болды. Қанаты талар емес алға ұша бастады. Тағы да биік шыңдар. Одан асып еді. Тағы жазық бірақ енді үйлер көріне бастады бірақ мүлдем басқаша. Бірақ әлгі дөңгелек шатырлар тағы да көрінді. Жанында қаумалаған адам, кішкене төбенің үстіне бір кісі (Абай) отыр. Атқа мінген қыз жігіттер, ауыл бейнесі. Ән айтып, алтыбақан тепкен. Бір жас жігіт (Шоқан) сай саланы аралап, қойын дәптеріне бір нәрселерді түртіп қояды. Ұшуын жалғастыра берді. Бір кіші кіші үйлер тағы дөңгелек шатырлар бір топ жас жігіттерді байқады. Үстеріне костюм киген, қолдарында кітаптары бар. Бір мәселені ақылдасып жатыр. (Алаш ардақтылары). Тағы да көш. Көп халық қайда бара жатқаны белгісіз. Жүздерінде мұң, көздеріне жас, бір мұңды әуен құлаққа келеді. Бірақ бұл мәселені түсіне алар емес. Ойға шомып кетіп, алай-дүлей соғыстың үстінен шыққанда түсінбей қалды, Бір аңғарғаны Кремль Москва. Сосын барып екінші дүние жүзілік соғыс деп ұқты. Фашистер Москваның жанында екен. Кескілескен ұрыстар жүріп жатыр. Советтердің солдаттары болуы керек, аянбай қорғанып жатыр, бірақ қоршау қалың, командирі болуы керек бірақ орысқа мүлдем ұқсамайтын бір жігіт (Бауыржан Момышұлы) , өз жауынгерлерін ертіп жауға ұмытылып жатыр.Таныс жан секілді, көзі өткір қайратты жан екендігін аңғарылғандай. Тағы қалықтап келе жатыр, алды жазира дала, сол ғарышқа ұшқалы тұрған ракетаны байқады.(Байқоңыр ғарыш айлағы) Тағы түсінбеушілік. Бұл қандай ғарыш айлағы? Сәл ұшқан соң, кең бидай алқабын кездестірді. Егіншілермен жүрген бір кең иықты ұзын бойлы бір азаматты (Дінмұхаммед Қонаев) кездестірді. Теңіздей толқыған бидай ортасында бидай дәнін иіскеп алысқа көз тастап қояды.Қайта жоғары көтерілген Хайтех қанатын қағып жоғары қарай өрлей бастады. Бір рахаттанып демалған соң, алға қарай ұшуын жалғастырды. Биік шыңдарды тағы кездестірді. Тағы жазық, тағы дала. Бірақ қазіргі өмірді көргендей болды. Ауылдарды қалаларды, егістерді мұнай, тау-кен, басқа да өндіріс орындарын байқады. Қым-қуыт тіршілік. Бейбіт өмір сүріп жатқан көп ұлттарды көреді. Сәл жүріп еді. Бір керемет қалаға тап болды. Үстінде алтын шары бар бір мұнарасы бар. Пирамида да бар. Үлкен шатырды көріп таң қалды. Ғимараттары биік керемет салынған. Кең көшелерде халық емін-еркін қыдырып жүр. Ғимараттар пішін тіпті ерекше. Бұл бұрын соңды көрмеген. Сол ерекше ғимарат алдында жиналған көп халықты көріп жақындай түсті. Жақындап барғанда ел алдында сөйлеп тұрған. Кең маңдайлы мейірлі жүзді бір кісіні (Нұрсұлтан Назарбаев). Жақындай түскісі келіп, сол кісінің қолын алайын деген ниет танытса, қолы қанатқа айналып кеткен. Тіпті мүмкін емес, тек осы кісінің ұлылығына тәнті болып, құлаққа жағымды даусын тыңдаған басқа амал қалмады. Жүрегі осы сәтті ұзаққа созылсын деп тілеп тұр. Бірақ кенеттен тосын дыбыс шығып көз алды қара түнек болып кетті. Бағдарламаға берілгендігі соншалықты айқайлап жібергенін де байқамай қалды.

Бұл бағдарламаның істен шыққаны белгісі еді. Майк кенеттен сөнген копьютерге қарап абдырап тұрған кезде, Хайтектің өмірі шықпаған даусын естіп сол жерде талып қалды.

Ал Хайтех құрылғыны шеше бастады. Үсті терге малынған, суға түскен секілді. Өзіне өзі сенер емес. Басқа адам секілді. Дауыстың қалай шыққандығы белгісіз. Ақырындап дауыс шығарып қояды. Тіпті күбірлеп қояды.Тез орыннан тұрып қашуға беттеді. Сол кезде досын байқады. Ол компьютер жанында сұлап жатыр екен. Оны түрткілеп еді. Бірақ ол қозғала қоймады. Тұр орныннан деп айқайлап жіберді қазақ тілінде! Сол кезде Майк атып тұрды. Бірақ көзі алақандай Майк:

-Хайтек сенбісін?

Хайтек:

- Кеттік жүр уақыт жоқ кешігеміз-деді тағы қазақша.

Түкке түсінбеген Майк жинала берді. Екі дос асыға барлық құрал жабдықтарды арқа сөмкелеріне салып бөлме есігіне қарай беттеді. Қызметтік есік арқылы төмен түсіп, көшеге енді. Жүгіре отырып, келесі оралымға жеткенде ғана сәл тыныстады. Сонда қалай болғаны. Бұл өзі қай тілде сөйледім деген ой Хайтектің санасын билеп алған. Өзі түс көріп келгендей кейіпте, және қалай сөйлеп кеткендігіне таңданып келеді. Ал сол кезде көрген оқиғалар мен бейнелер шынында бар ма екен деген ойлар мазалап келеді. Бұл қандай ақпараттар. Америка тарихында кездестірмедім. Мен кіммін өзі, тегім кім, қай ұлтпын? Енді мұнда қалай сөйлесемін деп те ойға батады. Ой шырмауына түскен достар үйге қалай жеткендерінде білмей қалды. Қатты шаршаған олар, сөмкесін еденге тастай салып, ұйқыға басты.

Колумбия университеті. Хайтех пен Майк профессор Джон Уокердің кабинетінде.

Майк:

-Мистер Уокер, мына қызық жағдайдың анық-қанығына жетіп бермесеңіз болар емес! Көмегініз өте керек. Кеше ғана ағылшынша сөйлейтін, осы өткен түннен бастап басқа бейтаныс тілде сөйлестін болды. Бір-бірімізді түсінбей, тартысып қала береміз! Мүлдем түсіне алар емеспін.

Мистер Уокер:

-Жарайды, көрейік! Жаза біледі ме, өзі! ?

-Жоқ! Жаза алмайды. Тек сөйлейді. Көмектесінізші.

Мистер Уокер жұмыс телефонын теріп:

- Мистер Мейсон маған дауыс жазғыш құралынызды алып кірінізші!

Көп кешікпей Мейсонда кіріп келді. Майк досын микрофонға жақындатып, сөйле деп ымдады. Хайтех не айтарын білмей аптығып:

- Майк сен жақсы доссың бірақ мен сені түсінбеймін! Кешір мені! - дейді де тұрып кетті.

- Қазір бара берініздер! Телефон байланысыңызды қалдырып кетіңіз! Озім хабарын айтамын. Сәттілік тілеймін, сіздерге!

-Рахмет Мистер Уокер! Кездескенше! - деп  Майк есікке қарай беттеді.

Хайтек үйінде терең ойға батып отыр. Майк ентігіп :

- Құрыдық! Өткенде менің флешкам қалып кетіпті. Бізді тауып алса оңдырмайды, тек қашу керек, басқа амалымыз жоқ! -деп бар өнерін салып болған жайтты түсіндіре бастайды. Хайтех шала болса да түсінеді. Енді қайда қашпақ. Бұларды кім күтіп тұр. Осы кезде Майктың қалта телефоны шырылдайды. Арғы жағынан:

- Сізді профессор Уокер мазалап тұр. Біз анықтадық! Тіл көне түрік тілдері тобына жатады! Нақтысын айтсақ, Қазақ тілі!

Майк аптығып:

- Рахмет! Мистер Уокер осы тілге тілашар табуға болады ма?

- Әрине. Қалаған уақытынызда алып кетсеніз болады.

-Жақсы мен қазір барамын.

Майк енді мұғалім болады саған! Ия, қашқын-мұғалім! деп шыға жөнелді.

Хайтехтің үйі. Майк қолында кітабы бар кіріп келеді.

-Бізде енді бірақ жол бар! Ол әскерге кету. . Бір тәуірі, мен мәліметтерді мықтап қорғандырғанмын.. Бұл кемі он күн! Сондықтан бізде 10 күн ғана уақыт. Мұнда тілашар! Мен мүмкіндігінше әскерде қажет болатын сөздерді жинақтаттым. Қазіргі кезде Ауғанстанға баратын әскерге сарбаздар жинап жатыр екен. Біз қалайда сол құрамға енуіміз керек. Құжаттарды түгелдеп, неғұрлым ертерек өткізсек, солқұрлым тез аттанатын мүмкіндігіміз бар! Болмаса мұндағылар бізді аямайды. Ал, сен, мына тілашарды оқы. Мен саған көмектесемін! Досым, біз әскерге кетеміз! Мен кеттім құжаттарды реттей берейін!

2-бөлім

Ауғанстанның аптап ыстығы бетті қарып тұр. Хайтектің жанары алыс көкжиекті бағамдағанмен жан досы Майкпен қоштасатын сәт жақындаған сайын жаны жабырқай түскендей. Майк бүгін арнайы жасақ құрамында Ауғанстанның солтүстігіне аттанады. Ой қамаққа түскен екі досты капитанның тікұшаққа деген қатқыл дауысы бұл қапастан тез шығарды.

Біз әлі кездесеміз –деген Майк тікұшаққа қарай беттеді. Хайтех досынан көз алмай:

-міндетті түрде! -деп жігерлене, көңілдегі қайғысын қайсарлыққа айналдырды.

Бүгін де Тәжікстанмен шекарадағы өткізу бекетінде тыныштық болатын секілді. Есекке отын тасып ары-бері жүрген шал-қауқаннан басқа ештене көрінбейді. Жауынгерлер уақыт өткізудің амалына кіріскен. Әңгіме қызып жатыр, жарқын-жарқын күлкілер естіледі. Хайтек ол топқа қосылмай шеткері отыр. Есінен досы шығар емес, көңілін көңілсіздік жаулап алған. Осы кезде барлаушылардан бекетке қарай ауыр жүк көлігі бағыт алғаны туралы ақпарат келіп жетті. Ақпаратты алысымен жауынгерлер тез қамданып, көлікті тоқтатуға оқталды. Жүк көлігі бекетті байқаған соң жылдамдығын азайтып, шлагбаумға жақындады. Жауынгерлер көлікке жақындай бергені сол еді, күтпеген жағдай орын алды. Жүк көлігі бірден жылдамдығын үдетіп, шлагбаумды бұзып, өз жүрісін жалғастыра берді. Мұндай жағдайды күтпеген жауынгерлер абдырап қалды. Бірақ тез естерін жиып, бес қаруын асынған олар хаммерге тез отырып жүк көлігінің артынан қуғынды бастады. Жүк көлігі тау жолымен жүйткіп келеді. Хаммерде қалысар емес. Жауынгерлер қаруларын кезеніп оқ жаудыруда, алайда нәтиже болар емес. Жүк көлігінің тоқтайтын түр көрінбейді. Жылдамдықтары желмен жарысқан олар терең құздағы көпірге келгендерінде аңдамай қалды. Көпірдің орта жағына келгенде жауынгерлер жүк көлігінің артқы есігінің ашылғанын байқады, жауынгерлер мұның себебін сараптап үлгермей жатып көпірге лақтырылған гранатаны аңғарды. Жауынгерлер жанталасып көліктен шығуға ұмтыла бастағаны сол еді, күшті жарылыс орын алды. Хаммер отқа оранып, қираған көпірмен бірге құзға құлдилады. Ал жүк көлігі болса көпірден шығып үлгеріп, бағытын жалғастыра берді.

Темір-терсекке айналған хаммердің жанында жай ғана ыңырсыған дауыс естіледі. Бетін қан жуған, денесін күйік шалған Хайтек қимылсыз жатыр. Қасында оған сескене қарап тұрған бес-алты ешкіден басқа ештене көрінбейді.

Күнкөрісіне жарап тұрған бес-алты ешкісін кешқұрым түгелдеп айдап келуді әдетке айналдырған Әмзебек ақсақал бүгін де тауды бетке алды. Астындағы көк есегі де ақсақалға әбден үйренгені соншалық сол бағытта жадында сақтағандай жорғалай жөнелді. Тауға шығып жан-жаққа көз тастаған ақсақал ешкілерінің қарайлап еді, көре алмады бірақ төменнен шыққан түтінді байқады. Бір сұмдықты жүрегі сезген абыз сол жаққа қарай жүрді. Діттеген жеріне жетуге асыққан ақсақал, хаммер құлаған жерге қалай жеткенін де білмей қалды. Ешкілерін осы жерден тапқан қарт жаралы жігітті көзі шалып, тез қасына келіп тамырын ұстап жаны бар екеніне көз жеткен соң, бар қарымымен қиналып жігітті есегіне артты. Сол кезде шалының кешіккеніне алаңдаған Хадиша әжей үй алдында тосып отырған еді. Алыстан дүбірді естіген ол шалының келе жатқанына көз жеткен ол көңілім бір демдеп алғандай болып еді, бірақ шалының есекті жетектеп келе жатқанын және ондағы белгісіз жанды көріп жүрегі дүрсілдей бастады. Ақсақал жігітті есектен түсіріп жатып:

-Су дайында! Жарақаты ауыр секілді. Мен дәрілерін дайындайын- деді. Мәселеннің мәнісін шалының жүзінен аңғарған Хадиша әжей қобалжыған күйде үйге кіріп кетті.

Үйге қарай келетін бір аяқ жолда қолынан шелегі бар жүзін жасырған жас қыз келе жатыр. Бұл осы үйдің жалғыз қызы Тұмар болатын. Әмзебек ақсақалдың бұл жердің мекендегеніне де біршама уақыт өтті. Жалпы арғы ата-бабалары Қазақстанда тұрған деседі. Сол елде қиын-қыстау заман болғанда елден жырақтап Ауған жерінен бірақ шыққан. Ақсақалдың ұлы да болған бірақ осы жердегі біптес соғыстан мезгілсіз көз жұмды. Ендігі үміті тек осы Тұмар ғана еді. Үйге кірген бойда ауыр халдегі жігітті көрген Тұмардың есіне кетпес сапарға кеткен ағасы түсіп, көз жасына ерік беріп алды. Қанша байқатпауға тырысқанмен, қыз көңілін тез аңғарған анасы құшағына қысып мұңды бөлісті. Ал сол кезде ақсақал жігіттің өмірі үшін арпалысып жатты. Ақсақалдың әрекеті нәтижесіз болмады.

Хайтектің өз-өзіне келуі ұзақ уақыт алды. Басын бір жеті дегенде зорға көтерді. Күндер өте келе өздігінен жүріп, үй маңында серуендеуге жарады.

Жартастарға қарайды терең ойға беріледі. Өткен кездерін, сол бағдарламаны қайта қайта көз алдынан өткізеді. Енді не істемек, әскерге қайта оралу керек пе? Онда барғанда не істемек, достарының барлығы қаза болған жоқ па, мұны да қайтыс болғандар санатына енгізіп те қойған болар. Қазір емделу керек, есті жию керек сосын басқа да жолдарды қарастырамын деп пайымын түйіндеді. Оның үстіне ақсақалдың кейбір сөздерін түсінетін сияқты, тіпті ұқсас. Бірақ сұрайын десе әлі болса да қобалжиды.

Осылай уақыт өте берді. Хайтек осы отбасыға бауыр баса басты. Өзіне осы уақытқа дейін белгісіз болып келген тілмен олармен тез түсінісіп те кетті. Толық жазылып, ақсақалға жақсы көмекші бола бастады. Отбасы мүшелері де оған үйренісіп, туған балаларындай көрді. Атқа мінуді үйренді. Тұрақтан алыстап, аймақты бағдарлап қайтуды әдетке айналдырды. Кейде жақын жерде қыстаққа барып, азық-түлік те алып келеді. Жақсы шабады.Нағыз тау қахарманына айналды. Мұсылман дінін қабылдап, есімін Айтекке ауыстырды.

Соңғы күндері ақсақал үйінен көрінбеді. Тек екі күннен кейін ғана оның Кабулден келгені белгілі болды. Әмзебек ақсақал келісімен отбасы мүшелерін ас дастарқан басына жинады. Бір маңызды әңгіменің боларын сезген олар ақсақалдың аузын бақты. Ақсақал дәмнен ауыз тиіп барып өз әңгімесін бастады:

- Жақсы жаңалығым бар! Қазақ елі! Қазақстан! Біздің атажұртымыз ел бастайтын дәрежеге жетіпті! Бір үлкен халықаралық ұйымды басқарып жатқанға ұқсайды! Бауырларымыз ауған жастарын өздерінде тегін білім алуға уәде еткен екен! Соған осы жұмада іріктеу басталады. Осы жаңалықты естіп, бір шешімге келіп отырмын. Шырақтарым! Ата жұртқа оқуға барасындар! Біз көрмегенді сендер көріңдер! Сендер қазақ деген қайсар ұлттың ұл-қыздарысыңдар! Осыны жадыларыңда жаттаңдар! Болашақ сендердікі, біз осы күнімізге ризамыз, тайталасар дәрменіміз жоқ!

Бұл жаңалыққа сенер-сенбесін білмей тұрған Хайтек таңырқаған күйде:

- Ата! Мен қалай барамын! Құжаттарым жоқ қой!

Ақсақал сабырлы үнмен:

- Қам жеме, балам! Ұлымның құжаты сенің кәдеңе жарағалы тұр! Қасыңа Тұмарды қосамын, біріңе-бірің серік болыңдар! Құлындарым, шырақтарым ынтымақтарыңды ыдыратпай біріңе-бір бас- көз болғайсыңдар! Сендер бір үйдің баласысыңдар, бірліктеріңе бекемдік тілеймін! – деп сөзін аяқтаған ақсақал мұңайып отырған кемпіріне нықтала қарады.

Бүгін күн шапағын аямай төгіп, табиғат тамылжыған кейіпке енген. Іріктеу сынағынан сүрінбей өткен Хайтек пен Тұмар Қазақстанға кетіп барады. Ақсақал мен әже екі жасқа ақ батасын беріп, қимай қоштасты. Ұшаққа мінген жастар әп-сәтте бұлттардың арасына еніп, көзден ғайып болды. Осы сәтте көздері аспанға қадалған қос қарияның жанарынан жас байқалды, бірақ ол жастың қуаныштан екендігі айтпаса да белгілі еді.

3-бөлім

Алатаудың бөктеріндегі әсем Алматы нағыз көктемгі кейіпке енген. Саябақ біткен сұлуланып, күннің шуағы нұрланған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің алды толған жастар. Күлімдеген жүздер көрінеді. Арасында Айтек пен Тұмар да байқалады. Барлығы бір жиынның басталуын күтіп тұр. Көп күттірмей сол сәтте осы оқу орнының басшысы болуы керек бір жүзі жылы азамат трибунаға келіп, өз сөзін бастады:

-Құрметті ауғандық жастар Қазақстанға қош келдіңіздер! Біздің еліміз жыл өткен сайын әлемдік аренадағы орнын нығайтып келеді. Оның айғағы ретінде ағымдағы жылғы ЕҚЫҰ төрағалық жасап, игі бастамалардың бастауы болып, ынтымақтастығы ыдырған кейбір елдерге ымырашылдық көрсетіп, келіссөзге, бітімге келуге шақыруын айта аламыз. Бүгінгі сіздердің біздің елге келіп білім алу мүмкіндігіне ие болуыныз да осы жемісті жұмыстардың көрсеткіші. Енді Ауғанстанды жаңа түрленіп, өркендеуіне, осы мың жастың өзіндік қосар үлесі болатындығына сенімім мол. Сіздерге тілерім осы білім сапарында жолдарыныз болсын! Сіздер шығыс халықтарына ортақ мереке Наурыз мейрамы қарсаңында келдіңіздер! Осыған орай біз қазақ халқының таным тағылымын айшықтайтын осы мерекені бірге тамашалауға «Бастау» ауылына аттанамыз.

Ауған жастары мінген автобус тау бөктеріндегі жағалай ақшаңқан киіз үйлер тігілген ауылға келіп тоқтады. Ұлттық киім киген халық. Домбыраның қоңыр үні құлаққа келеді. Хайтек автобустан шыға беріп өз көзіне өзі сенбеді. Сол бір сәтте көрген көрініс көз алдында тұрды. Топ жылжи берді. Бірақ Хайтек сол көріністі қызықтап қалып қойды. Жүрегі лүпілдеп, жерге тізерлеп отырады. Мұрнына бір ғажап иіс келеді. Көк майсаны иіскегісі келетіндей. Осы көрініске мұңлы көздерімен мейірлене қарады. Сол кезде ғана жалғыз қалғандығын сезген ол топ соңынан аяндай бастады.

Қонақ жастар ауыл ішін аралап жүр. Хайтех пен Тұмар көптен бөлініп екеуі әр көрініске қызыға қарайды. Бір ақбоз үйдін қасына өте бергенде. Бір ақсақал:

- Ай шырақтарым қонақсындар білем, жолдан шаршаған шығарсындар, үйге кіріп қонақ болындар! -деді. Киіз үйге енген жастар қымыздың дәмін татты. Ішкен бетте тұла бойы шымырлап қоя берді. Қандай ғажап дәм, неткен керемет, бұрын соңды татпаған ғажап дәм. Құшырлана сіміре берді. Көз жасының қымызға тамып жатқанын да аңғармады. Осы бір сәт аяқталмаса деп тіледі іштей.

Жастар наурыздың бар қызығына қанығып болған соң, қыратты бетке алды. Қыратқа шығып дамыл тапқан жастардан Хайтех мен Тұмар алыстау отырды. Төменге көз тастаған Хайтек:

- Өмірде түрлі кереметтер мен ғажайыптар болады дегенге сенбеуші едім. Енді сенуге тура келіп тұр. Қазір бейнебір түс көріп отырғандай күйдемін! Мұның барлығы маған жақын, таныс, бұрын болған сияқтымын. Қарашы, қандай керемет! Атам айтқан ата-жұрт дәл осындай деп ойламаппын. Бірақ бұл кереметтер маған әлі де құпия, жұмбақ болып тұрғаны өкінішті. Десе де, бір байланыстың бары анық! Оны жүрегім сезеді!.

Тұмар ойлы көзбен:

-Дұрыс айтасыз! Менде сіздің бойыңыздан үлкен өзгерісті байқадым! Ата-жұртқа табан тірегелі жігеріңіз жалындап, кеудеңіз расында қазақпын деп соғып тұрғандай өзгеріп сала берді! Мұны, кездейсоқтық деп айта алмаспыз! Сіздің ішкі толқуыңыз бен сыртқы сезімдердің арасында бір сыр бары сөзсіз! Әттең, әл-әзірге беймәлім! Үмітіңізді үзбеңіз! Ақиқаттың да ашылар күні келер! Бұл жер маған атамекен болса, сізге де туған тұғыр!

Осы кезде көкте қыран көрінді. Қыран қанатын кеңге жайып, көкте қалықтап жүр. Екі жастың назары қыранға ауған. Қыранға қызыға қараған Хайтехтің есіне бағдарламасындағы ұшқаны есіне түсіп, бір ұқсастықтарды аңғарғандай болды. Тағы да қызық. Тағы да сәйкестік.

Дайындық курсын мерзімінен бұрын аяқтаған талапты жастар Астанаға Назарбаев университетінде білім алуға келді. Көңілдері көтеріңкі жастар сабақтан бос уақыт бола қалса Астананы аралаудан шаршамайды. Қаланын бейнесін бағалап, ажарына тамсанады . Есілде жағалауында серуендейді. Бірақ бұл ғажайыптың барлығы Хайтектің санасында сайрап тұр. Барлығын көрген. Бұған дейін көрген. Бұлыңғыр емес анық көрген. Бұл сонда қандай керемет болды. Мен түсінбейтін. Бұл ертегі емес, түс емес шынайы өмір ғой. Мұның жауабын кім айтар деген ой Хайтектің басынан шығар емес. Бұл сұрақ Қазақстан Республикасы Президентінің мәдени орталығының мұражайын тамашалаған соң тіпті үдей түсті. Қазақ тарихына шолу жасаған ол сол бағдарламаны сынау кезінде көрген белгісіз тұлғаларды енді тани бастаған сияқты. Барлық бейнелер көз алдынан өтуде. Ол мұражайдан сол сынау кезінде бейтаныс болған тұлғалармен танысып шыққандай болды.

Уақыт зымырап өте берді. Екі жас Назарбаев университетінің үздік студенттері қатарынан көрініп, қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. Екі жастың ізгі достығының соңы махаббатқа ұласып, шаңырақ көтеріп, Әмзебек ата мен Хадиша әжейді Астана алып келді. Осылай өмірдің ең қиын сәттерінен сүрінбеген олар өмірдің бақытты белестеріне қарай бет алды...

 

P.S.Қазір әлемде басқа елдерден бала асырап алу үрдісі белең алып отыр, Хайтектің де өмірі осылай болған еді. Ол Қазақстанда дүниеге келді. Ұлты да қазақ. Бірақ тумысынан ауру болып өмірге келген оны ата-анасы асыраудан бас тартты. Сол кезде ата-анасыз, ауру үш айлық сәбиді американдық отбасы қамқорлыққа алады.

Автор: Жапал Долиев

 
4
860
3