Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
01:49, 20 декабря 2012

«ID Host»

«ID Host»

Қазақстанда күннен күнге жаңа технолгоиялардың дамып, "Қазақтелеком" АҚ Қазақстанның ұлттық байланыс операторы өз арнасын кеңейте түсуі - әрине қуантарлық жайт..

"ID Host" алаңының арнайы  құрал - жабдықтармен қамтамасыз етілген, жоғары дәрежелі сенімділік пен ақпараттың берілуінің Қазақстан нарығындағы бірден бір көрсеткіші.

"ID Host" торабының барлық мүмкіншіліктері жайлы жазудың қажеті жоқ шығар деп ойлаймын, неге десеңіз қажетті ақпаратты іздеген адам "ID Host" - тың сайтынан (http://www.idhost.kz/kk/) ақ тауып алуға мүмкіндігі бар.. тіпті тегін қоңырау шалуға болатын шұғыл байланыс желісі (8-800-080-0188) бар екенін де атап кеткім келеді..

Дегенмен, айта кететін бір жайым бар еді.. ол "ID Host" - тың сайтын (http://www.idhost.kz/kk/) қазақ тіліне аудару барысында, сайттың толықтай қазақ тілінде болмауы..

Сайт, қазақ тіліне жақсы аударылған, оған еш наразылығым жоқ, дегенмен кейде көз сүрінерлік орысша мақамдары кездесіп жатады..

Blog post image

Қазақ тілі деген - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз, сондықтан "ID Host" - тың сайтындағы (http://www.idhost.kz/kk/) осынау осал тұстарын толығымен қазақ тілінде көрсетулеріңізді сұраймын. Шынайы ақпарат - таза ақпарат. Сайттан адам өзіне деген таза ақпарат алуға құқығы бар, және оған сіздердің қауқарларыңыз да, техникалық ауқаттарыңызда жетерлік..

Blog post image

Сайттың тағы бір осалдығы: берілген жаңалықтар легі орыс тілінде болуы...

"Ыдысын көріп асын іш, шешесін көріп қызын ал" деген, атам қазақ.. сондықтан, сіздердің қандай да бір бастамаларыңыз ең алдымен Ана тіліміз Қазақ тілінде елге таралып, беріліп жатса, әрине бұл жай сіздердің қолданушыларыңыздың (клиентеріңіз) арасында сіздерге деген жылы лебізін қалдырары сөзсіз...

1
907
2