«Біз елімізді ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп атайтын боламыз»

Far East Movement 2012 M12 18
1497
0
0
0

Елдің жүрегін елжіреткен Елбасының аузынан шыққан осы сөз еді. Бүгін Президент Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» Стратегиясын іске асырудың негізгі қорытындыларын шығарып, Қазақстан халқына...

Елдің жүрегін елжіреткен Елбасының аузынан шыққан осы сөз еді. Бүгін Президент Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» Стратегиясын іске асырудың негізгі қорытындыларын шығарып, Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын арнады. Астана төріндегі су жаңа "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрында өткен салтанатты жиынға биліктің бүкіл бұтағы мен зиялы қауым тайлы таяғымен жиналды.

Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады.

Осылай тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйыстыратын ең басты құндылығымыз – туған тіліміздің мерейін үстем ете түседі.

Тәуелсіздігін алған тұста еліміздегі қазақтың саны 6,8 миллион немесе 41% болса, қазір 11 миллионға жетіп, 65 %-дан асты.

Қазақтың саны 4 миллионға артты.

Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтылса, тіліміз әлдеқашан Ата Заңымыздағы мәртебесіне лайық орнын иеленер еді.

Қазақ тілі туралы айтқанда, істі алдымен өзімізден бастауымыз керектігі ұмыт қалады.

Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін қамшылауы тиіс.

Тағы да қайталап айтайын: қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.

Сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс тіліне айналады.

Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз.

Сондықтан оған бей-жай қарамайық.

Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп атайтын боламыз.

Тіл төңірегінде өзінің түпкі ойын білдірген мемлекет басшысы күн тәртібіндегі күрделі мәселелердің бірі – дін тақырыбын да айналып өтпеді.

«Жастарымыздың бір бөлігі өмірге осы жат жалған діни көзқарасты көзсіз қабылдайды, өйткені, біздің қоғамның бір бөлігінде шеттен келген жалған діни әсерлерге иммунитеті әлсіз.

Бүгінде, интернет пен жоғары технологиялар ғасырында, ақпараттар тасқындаған заманда, «сүзгі» адамның ішінде болу керек.

 

Оцените пост

0