• 62564
  • 27
  • 29
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Құқығыңды қорғай біл – қызметі үшін ақы алмайтын «Әділетті» пайдалан!

Қазіргі заң заманында еліміздің әр азаматы өз құқықтарын білуге міндетті. Кез- келген Заң ел мүддесі үшін жасалады. ҚР Әділет министрлігінің ұйытқысымен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі іске қосылды. Аталмыш жүйенің ел тұрғындары үшін  пайдасы мен артықшылықтары  туралы  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы»  республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары Раушан Нұрымбекқызы Жантасова айтып берді.

- Раушан Нұрымбекқызы, сайтты құру идеясы  қалай туындады? Басты мақсаттарыңыз не?

- Қазақстанның құқықтық ақпараттандыру тарихы 19 жылды құрайды. Бұл даму, іздену, қалыптасу арқылы өткен жол. Сенуге мүмкін емес, бірақ осыдан жиырма жыл бұрын іздестіру құқықтық жүйелері қиял болып саналатын, заңнама жинағы қағаз түрінде жүргізілді, нақты нормативтік құқықтық актіні іздеуге уақыт қажет болды, ал заңнаманы түзейтін актілерді қолдану көп еңбекті қажет етті және ыңғайсыз болды. Алғашқы пайда болған құқықтық іздестіру жүйелері қазіргі пайдаланушының тұрғысынан қарапайым болды, ақылы негізде ұсынылды, ал олардың бірінші тұтынушылары – негізінен заңгерлер болған. Ақпараттық-құқықтық қызмет көрсету нарығының кеңеюімен біртіндеп бағдарламалар жетілдірілді, олардың құны төмендеді, ал халықтың компьютерлік және құқықтық сауаттылығының өсуімен оның пайдаланушыларының контингенті де кеңейді.               ҚР Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы                № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығы ҚР Әділет министрлігімен бірлесіп бірегей жоба – нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерімен онлайн режимінде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесін әзірледі.  «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі – қалың бұқара топтарына өтеусіз негізде ақпараттық қызмет көрсетуді ұсынудан тұратын айқын әлеуметтік жоба. Осы ақпараттық қызметтердің тегін болуы пайдаланушылардың барлық санатына баға жетпес көмек береді деп есептеймін.  Оны іске қоса отырып, біз Қазақстан тұрғындарының құқықтық және компьютерлік  сауаттылығын арттырамыз, халықтың түрлі санаттары арасындағы ақпараттық теңсіздікті төмендетеміз, ақпараттық ресурстарына жеке және заңды тұлғалардың тең қол жетімділігіне жағдай жасаймыз, халықтың құқықтық сауаттылығы деңгейін арттырамыз,  мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, кіші, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерінің біліктілігі мен кәсіпқойлығын арттырамыз және  түрлі бұқара топтарының мүдделерін білдіретін жұртшылық, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің  шығармашылық қызметке белсенді қатысуын қамтамасыз етеміз.

- Сайт қашан іске қосылды?

-  «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап ілкі жоба ретінде  Қазақстан Республикасы  Әділет министрлігінің сайтында іске қосылды.

- Бүгінгі күнге дейін канша адам сайт пайдаланушысы атанды?

- «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі 2012 жылдың басында іске қосылған уақытта 6 мың ғана пайдаланушысы болса, бүгінгі таңда осы жүйеге жүгінетін пайдаланушылардың саны айына 500 мыңға жетіп отыр. Осыдан шығатын қорытынды - бұл жоба бүгінгі таңда шын мәнінде үлкен сұранысқа ие болып отыр. Менің ойымша, пайдаланушылардың  саны уақыт өткен сайын тек артатын болады.

- Сайттың  артықшылықтарына тоқталсаңыз?

- «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінің артықшылықтары көп. Мысалы,  алуан түрлі іздестірулер пайдаланушының өздігінен тақырыптық іріктелім қалыптастыруына мүмкіндік береді,  компьютерлік сауаттылығы әр түрлі деңгейдегі пайдаланушылар үшін онда жұмыс істеудің қолайлылығын қамтамасыз ететін ыңғайлы заманауи интерфейсі бар, жүйе тәулік бойы жұмыс істейді,  күн сайын жаңартылады, екі тілде қарау мүмкіндігі бар. Ең маңыздысы бұл жүйе - тегін.

 

- Онда студент болсын, үй шаруасындағы әйел болсын өзіне қажет болып қалатын қандай  мәліметтер ала алады?

- Үйде, жұмыста, кітапханада отырып, ғаламтор арқылы қажетті сілтемені  www.adilet.zan.kz басу жолымен,  өзіне қажетті нормативтік құқықтық актіні іздеу, содан қажетті мәліметті басып шығару, оны өз компьютерінде немесе кез- келген ақпарат тасығышта сақтау мүмкіндігі бар. Мысал үшін, жеке кәсіпкер салық төлеуге байланысты сұрақ туындаған жағдайда, «Салық кодексін» не болмаса салық саласына байланысты  құжатты ашып, қажетті үзіндіні басып шығара алады.  Жүктілікке байланысты демалыста отырған болашақ ана үйден шықпастан әлеуметтік жәрдемақыларға қатысты әр түрлі мәліметті, «Еңбек кодексінен» қажетті ақпаратты осы жүйе арқылы біле алады.  Егер де пайдаланушы нақты қандай құжат қажет екендігін білмесе, ол сол салаға не актіні қабылдаған органға байланысты  немесе актінің түріне (Жарлық, Кодекс, Заң, Қаулы, Бұйрық, шешім) байланысты іздеу жүргізе алады.

- www.adilet.zan.kz сайтына  қаншалықты жүгінуге болады?

-«Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі –  нормативтік құқықтық актілердің жүйелендірілген әрі түпкілікті деректер қоры болып табылады, ол тек қана ресми дереккөздерден жинақталады. Күн сайын жаңартылады. Сонымен қатар, кез- келген нормативтік құқықтық актіге енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың хронологиясын қарау мүмкіндігі бар.

- Раушан Нұрымбекқызы, «Әділет» жобасы өте игі бастама екені анық. Осы жобадан күтетін нәтижелеріңіз қандай?

- Осы әлеуметтік маңызды жүйені іске қоса отырып, біз халықтың түрлі санаттары арасындағы ақпараттық теңсіздікті  төмендетеміз, халықтың құқықтық мәдениетін арттырамыз, өзінің конституциялық құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асырудағы халықтың әлеуметтік қанағаттанбаушылығының байқалуы фактілерінің санын едәуір төмендететінімізге  сенімдіміз.

- Алда  қазақстандықтарды үлкен мейрам ҚР Тәуелсіздік күні мерекесі күтіп тұр, Раушан Нұрымбекқызы, мүмкіндікті пайдаланып күллі алаш жұртын құттықтауыңызға болады..

- Барлық қазақстандықтарды ұлттық мереке – Қазақстан Тәуелсіздігінің 21 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Еліміз тәуелсіздік алған күннен бастап біраз жетістіктерге қол жеткіздік. Конституция мен заң үстемдік ететін құқықтық мемлекеттің қалыптасуына біздің кәсіпорынның да қосып жатқан, әлі де қосар үлесі ауқымды. Барлық күш-жігерімізді  Отанымыз Қазақстанның одан әрі гүлденуіне, халқының әл-ауқатының артуына бағыттаймыз! Әр отбасына татулық пен ырыс-береке, Отанымыздың игілігі мен жарқын болашағы жолында жаңа табыстар тілеймін.

- Мазмұнды сұхбатыңыз үшін алғыс айтамыз.

ИПС «Әділет» AdiletZanKZ
Информационно-правовая система (ИПС) «Әділет» - проект Министерства юстиции РК, разработанный в рамках реализации Стратегического Плана развития РК до 2020 года, утвержденного Указом Президента РК первого февраля 2010 года. ИПС «Әділет» - бесплатная поисковая веб-система и полный электронный свод нормативных правовых актов Казахстана на государственном и русском языках, который формируется из официальных источников.
17 декабря 2012, 18:17
1363

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

В начале 2000-х годов в уральской популяции оставалось только 2500 сайгаков. Сейчас благодаря охране от браконьеров их численность выросла до 100 тысяч.
theYakov
17 июля 2017 / 17:55
  • 8836
  • 3
Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в этой стране таков, что если речь идет именно о свидании, то оплачивает его на 100% из 100 именно мужчина. Пытаться его расшатать - это достаточно дорогое удовольствие.
convoluted
17 июля 2017 / 15:32
Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Звоним риэлтору, говорим, верните наши 15 000 тг, так как ваша клиентка нас кинула. По его словам, он вернуть деньги больше не может. Не имеет право.
decorus
17 июля 2017 / 14:48
  • 3167
  • 15
Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

В Польше вообще очень много понятного и простого – инфраструктура, коммуникации и дороги прежде всего, льготы в образовании, поляки вообще получают его бесплатно. А урожай побольше нашего.
Shimanskaya
17 июля 2017 / 16:08
  • 3309
  • 37
«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

Некий блогер Сергей Никитский неустанно пишет о Казахстане, Астане, Экспо и посвящает два материала Алматы, причём подчёркнуто называет город Алма-Ата.
Langdon
19 июля 2017 / 15:44
  • 3257
  • 53
Один из способов выиграть суд против коллекторов

Один из способов выиграть суд против коллекторов

Сегодня в своем посте я постараюсь рассказать, как выиграть суд против некоторых коллекторских компании в нашей стране. Чем отличается коллекторское агенство от обычного банка?
Advokot
18 июля 2017 / 15:31
  • 2876
  • 9
«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

На этот раз пост очень важный и необходим к прочтению каждым! Не поленитесь и уделите время прочтению. Ни в коем случае, не разговаривайте с полицейскими до прихода вашего адвоката!
asselsabekova
18 июля 2017 / 14:19
  • 2965
  • 31
Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Автор утверждает, что программы МБА не дают никакого позитивного выхлопа, если ты уже не являешься владельцем или наследником прибыльного бизнеса. Знания МБА можно получить бесплатно, уверяет он.
Aks_Ras
19 июля 2017 / 16:28
  • 2437
  • 2
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
19 июля 2017 / 11:06
  • 2190
  • 18