Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:04, 17 декабря 2012

Халык Батыры Болат Атабаевка М.Кыдырбайулынан Хат

Болат аға! Қашан қазақ Ел болады? Қай ұлтта болашақ жоқ? Бөтен біреудің тіліне жармасқан сорлы халықта дер едім. Қазақ тілін қорғау керек, ол үшін бүйту-сүйту керек деген жалаң Уәде берушілер мен өтірікшілердің құрғақ сөздері һәм әдемі қисындары, көркем сөздері мен жалынды жақайырар жаднамалардың қазір қажеті шамалы!? Ол сөздерден, тіпті сауатты жазылған Заңдардың да бүгінгі жайы мен қауқары белгілі. Біз өз тілімізді өзіміз мазақ қылып жүрген халық сияқтымыз!  Қазір Қазақ тілі мәдени-әлеуметтік проблема емес – Ол рухани Катастрофа! Сол үшін нақты Ұлттық Идея һәм бағдарлама және интуициялық-радикалды һәм ғылыми-әдіснамалық әрекет қажет. Ол дүние халық арасында Бар. Тіл мәселесі түзелмей – демократиялық мемлекет құру, экономикалық даму мен өркендеу бос сөз. Өз ана тілінен саналы түрде бас тартушы ұлттар мен ұлыстар әлемде күн санап артып келеді! Қазақ тілі ешқандай күшпен, зорлықпен емес – халықтың өзі саналы түрде сөйлеуден бас тартқанда ғана жойылады. Оны жоятын – жас Ұрпақ өкілдері! Ең қауіптісі - Жас ұрпақ өкілдері бүгін өзінің болашақтағы тілдік-мәдени һәм саяси-коммуникациялық құндылықтарын таңдау үстінде? Ондай мүмкіндіктің туындауы – ұзақ жылдар бойы ана тілінің тұйыққа тірелуіне бар күш-жігерлерін арнаған арнайы сұрқия әрекеттер мен сұраусыз ықпалдардың арқасында! Бұған кім жол берді? Біреуді кінәлау қиын, ол жас ұрпақтың адасқан жолынан ата-баба жолына түсіру одан да қиын. 1990 жылдан бері Қазақстанның барлық мектептерінде енгізілген «Атамекен» бағдарламасы ұзақ жылдар тізбегінде мол тәжірибе жинақтады. Оның ана тілдің сақталуы мен қорғалуына, сондай-ақ классикалық деңгейге көтерілуіне даңғыл жол ашатын мүмкіндіктері жетерлік.  Егер Біз ана тілімізден саналы түрде бас тартсақ, онда Аллаһ тағала мен Ата-баба Аруақтарының жазасына ұшырайтынымыз Ақиқат!

 

«Атамекен» ұлттық тәрбие бағдарламасының авторы Мұхамедрахим Құрсабаев

0
521
0