Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
08:23, 14 декабря 2012

Ғылыми жұмыс жазу. 1.2 Әдебиет іздеу, оқу & жазу

Сәлем,

жайлап екінші постқада келдік. Қазір өзім практика есебін жазумен әуре болып жүргендіктен асықпай жазып отырамын.

Менің қазақшам онша асып-тасып жатқан жоқ, сондықтан анау-мынау қателер: не стиль жағынан, не сөздік қорға байланысты ұсыныстар немесе түзетулер болса, қуана-қуана қарсы аламын! Қорықпай пікірлеріңді жаза жүріңдер!

Сонымен тақырыпқа кірісейік!

Әдебиет іздеу.Blog post image

Тақырыпты таңдадың, енді әдебиет іздеу кезекке келеді. Таңдаған тақырыпқа байланысты әдебиет іздеудің ең оңай тәсілі кітапхана тізімінен (каталогтан) қарау.

Каталогтан қарағанда әрдайым тақырыпқа қара, тақырыптан көп нәрсені ұғуға болады, кітаптың саған керек не керек емес екендігін бірден аңғару оңай. Содан соң автордың аты-жөніне назар аударған дұрыс. Осы кітаптан басқа қандай кітаптар, шығармалар жазған; осы тақырып бағытында жазған ба әлде басқа тақырыпқа жазған ба, қарап ал. Бәлкім, жазылған кітап бір томдықта шыққан болар не оның жаңадан шыққан басылымы болар, әрдайым кітаптың шыққан жылына қара. Неғұрлым жаңа басылым болса, соғұрлым орынды, дұрыс әдебиетпен жұмыс жасайсын және уақытыңды үнемдейсін. Соңғысы, қай баспадан басылғаннын қара, баспаның атауы сенімді болғаны абзал (мысалы, "Атамұра" баспасын бәрі таниды, сондықтан кітаптың сенімді, әрі тәжірибелі баспадан шыққанына күмән келмейді).

Кітапты алғаннан соң, артында не ішкі бірінші бетте пікір не рецензия тұрады, соған назар аудар. Содан соң мазмұнын қарап шық. Алғы сөзді шолып оқу арқылы жұмыстың қалай жазылғаннын немесе керекті тақырыпқа байланысты автордың көзқарасын білуге болады. Тағы бастысы ол - қолданылған әдебиеттер тізімі - оның арқасында көптеген мәлімет алуға болады, мысалы, қандай әдебиеттерге сүйеніп кітаптың авторы осы жұмысты жазған. Яғни, егер кітапта қолданған кейбір ойларды өзің дұрыстап түсінгін келсе, одан қолданған әдебиеттер тізімінен басқа автордың аты-жөнін, кітап атын, шыққан жылын жазып алып әрі қарай жұмыс істейсін.

Әдебиетті табудың ең жақсы тәсілі ол тақырыпқа байланысты мақалалар оқу. Мақалалар көбінесе қысқа жазылады, сондықтан уақытты едәуір үнемдеуге болады. Енді әдебиет іздеудің екі тәсілі бар, олар:

- Егер жылдам әдебиет тізімін жасау керек болса, онда "Қар кесегі" деген тәсіл және

- толықтай жазылған әдебиет тізімі үшін "Библиографиялық тізім" атты тәсіл қажет.

 

Құрметті оқырман, өкінішті, менің қазір мына постты жазуға қолым тимей жатыр...оқудан кішкене қол бос болса, әрі қарай міндетті түрде жазамын, сіздерден пікірлер күтемін, әсіресе студенттерден.

1
2714
2