Mediablogkz атты конференция қалай өтті?

Алия 2012 M12 11
2420
11
14
0

Өткен демалыста Қазақстанның барлық аймақтарынан жиналған блогшы, журналист қауым блогосфераның проблемаларын талқылап, тәжірибесімен бөлісті. Ресейден келген мамандар болса, өз білгендерін ортаға ...

Өткен демалыста Қазақстанның барлық аймақтарынан жиналған блогшы, журналист қауым блогосфераның проблемаларын талқылап, тәжірибесімен бөлісті. Ресейден келген мамандар болса, өз білгендерін ортаға салып, блогшылардың сұрақтарына жауап берді. Конференцияда азаматтық журналистика мен оның еліміздегі мысалдары, мультимедиалық контент, мемлекет және блогосфера мен онлайн-журналистика, қазақстандық контент тақырыптары талқыланды.

Айдос @aidoseg

- Алғашқы Орталық Азия блог-конференциясына еліміздің түкпір-түкпірінен келген достарыммен кездесіп, жаңа блогшылармен танысу үшін келдім. Түрлі тақырыптардағы талқылаулар, Ресейден келген арнайы қонақтарды тыңдау өте қызықты болды. Бір сөзбен айтқанда, бұл конференцияға келгеніме өте қуаныштымын.

Рысгүл @Zevsko

- Конференцияда өте актуальды проблемалар қозғалды. Бірақ бұл жерде қозғалған мәселелер біздің қазақ тілді сайттардың деңгейінде емес. Себебі біздің қазақ тілді сайттар енді дамып келе жатыр. Мысалы, корпоративті блогтар жайында айтылып жатыр. Ал корпоративті блогтар мен сайттар қазақ тілінде жоқ десе де болады. Бұл конференцияда маған ерекше ұнап, ләззат алып тыңдаған дәрісім - суретті дұрыс түсіруді түсіндірген «VoxPopuli» редакторының бөлімі.

Олжас @Augustus_01

- Бұл екі күндік кездесу қатысушыларға да, ұйымдастырушыларға да көп нәрсе берді. Өйткені осындай кездесулер адамдарды жақындастырады, сөйтіп жаңа жобалар дүниеге келеді. Сайтты алға жылжытудың жаңа түрлерін, қандай тақырыптарда жазу-жазбау туралы, копирайтинг туралы кәсіби мамандардан білдік. Ұйымдастырушыларға қазақстандық мамандармен қатар бұл салада үлкен тәжірибесі бар ресейлік мамандарды да шақырғандарына алғысымды айтамын.

Индира @angelok_v_kedax

- Жаңа блогерлермен таныстым, өзге қалалардан келген достарыммен кездестім, қызықты дәрістер тыңдадым, түртіп аларлық көптеген дүниелерді білдім.  Блог-конференция өте қызықты өтті.

Бекмырза @iBekmurza

- Видео блогингтің мамандары Самсон мен Нерушты көруге келдім. Конференция өте тамаша өтті. Көптеген блогерлермен танысып, жаңа достар таптым.

Александр Данилов @alexandrdanilov

- Блог-конференция өте жақсы ұйымдастырылған, қызықты спикерлер шақырылған. Келесі жолы кейбір жетпей қалған тұстар ескеріледі деп ойлаймын. Бірақ бірінші жолға бәрі күшті болды. Ерекше тың дүниелер болды деп айта алмаймын, алайда мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесіп, өзімізді мазалап жүрген мәселелер туралы сөйлесу қызықты болды. Негізі конференцияның осындай форматта өткендігі дұрыс деп ойлаймын. Алдағы уақытта талқылау алаңына қазнеттегі өз орындарын тапқан беделді тұлғалардан да өзге, өздерінің сапалы контенті бар жаңа тұлғалар шақырылады деп сенемін.

Азаматтық журналистика тақырыбындағы пікірталас

Қырғызстаннан келген қонақ блогты достарыңыз жиналатын "тусовка" ретінде қабылдауды қою керек деп отыр.


Қыздар твиттерде #mediablogkz хештегімен твит оқып, жауап қайтаруда.

DressMe жобасы ең әдемі look-тың конкурсын ұйымдастырып жатыр. Фотода жеңімпаз Әйгерім.

Ернар Бекенов (kinostan.kz) Жалғас Ертайдың қазақтілді сайттарды монетизациялаудың алғышарттарына арналған презентацияны тыңдап отыр.

Анар Мұстафина (Massaget.kz)

Жалғас Ертай қазақтілді сайттардың ақша табу жолдары мен алғаш тәжірибесі туралы айтуда.

Айгүл Жамалова, тележурналист

Бақытжан Бұхарбаев блогтар мен әлеуметтік желілердің арқасында үкіметтің халықпен орнатқан байланысы туралы айтуда.

Материалды дайындаған: Айнұр Ракишева

Әлия Сембай

Оцените пост

14

Комментарии

3
сәтті шығыпты. Конференцияға шақырған Әлияға да рахмет!
0
Индира қазақша біле ма?
1
түріме қарасаң, әндетіп тұрған сияқтымын :)
0
түріңе қарасам, ээ, неғып келдіңдер деп тұрғандайсың))
0
саған да рахмет қатысқаның үшін)
Показать комментарии