Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:09, 05 декабря 2012

Достар, www.elim-ai.kz әлеуметтік желісі назарларыңызға интернет негіздері жайлы ақпарат беретін жаңа видеосабақтар курсын ұсынып отыр.

Достар,  www.elim-ai.kz әлеуметтік желісі назарларыңызға интернет негіздері жайлы ақпарат беретін жаңа видеосабақтар курсын ұсынып отыр. Бұл видеосабақтардағы оқу материалдары  интернеттегі жаңа технологиялардың қыр-сырын егжей-тегжейлі түсіндірумен қатар, қолданушының аталған технологияларды оңай, өздігінен меңгеріп алуына мүмкіндік жасайды. Курс 6 видеосабақтан тұрады. Әр сабақтың тақырыбы ондағы қосымша тармақтарда таратылып, кеңінен түсіндіріледі. Курстағы сабақтарда интернет технологияларына кіріспе, электронды пошта, файлдарды жүктеу қызметі, IP-телефония, әлеуметтік желілер, интернет қызметі және интернетке қосылу секілді тақырыптар қамтылған. Оқу материалдарының тиімділігі олардың видеосабақтар арқылы түсіндірілетіндігінде. Бұл курстар арқылы білім алам деушілер интернеттегі жаңа технологияларды меңгеруде қалыс қалмайтыны анық. IT-технологияларды меңгерем деуші оқушы, студент немесе жай ғана осы салаға қызығушылық танытқан кез келген тұтынушы интернет негіздерімен www.elim-ai.kz сабақтары арқылы танысуына мүмкіндігі мол.

Blog post image

 
0
698
0