Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:00, 04 декабря 2012

Бүлдіршіндер ханзада Жумонг, Мелих,Мәрт болып ойнайды екен.

Бізідің елде соңғы кезде алыс жақын шет елдің телехикаялары қаптап кетті, кейде отырып ойға қаласын осы біздің елде отандық телехикаиялар жоқпа? немесе бар бірақ саны аз шығар деп. Өзіміздің бала кезімізде сүйіктіміз болған «Тоғысқан тағдырлар» телетоптамасын мүмкіндік болса қайта көгілдір экранан көрсек екен деп арамандап аласың. Әйтпесе кез келген телеарнаны қоссаң да болып жататыны түрік пен кәріс, ресей телехикаялары. Таң қалам көше бойымен кейде келе жатқанда немесе балалар ойын алаңқайларында кішкентай бүлдіршіндеріміз түріктің «Дениз» телетоптамасындағы  Мәрт, Мелих ,Бану, Пелин немесе кәріс халқының тарихи «Ханзада Жумонг» телетоптамасындағы Жумонг,Тесо ханзада    болып  ойнағандарын көргенде көкейге мынандай сұрақ келеді неге осы жас жеткіншектер «Ағайындылар» телетоптамасындағы Шыңғыс, Қуаныш, Бақыт немесе Қазақстан ұлттық арнасы түсірген «Парыз» телетоптамасындағы Асан,Нартай болып ойнамайды?. Әлде өзіміздің дүниеге деген қызығушылық жоқпа? Мүмкін өзіміздің түсірілген телехикаялар, киноларымыз дұрыс таратылып насихатталмайтын шығар деп қаласын. Тіпті бүлдіршіндерімізден бұрын апаларымыз, әпкелеріміз, замандастарымыз кейде жұмыста немесе қоғамдық көліктерде байқап қаламыз сол шет елдің телетоптамасы жайлы айтып жатқанын құлағын шалғанда еріксіз езуіне күлкі үйіріледі, жанына барып қай телехикаяны көресіз деп сұарсан болды тап сол телетоптаманы жазған авторма деп қаласын жай-жапсарын тәптіштеп тұрып айтқанда аузыңның су құрып тыңдайсың, телехикая жайлы айтып жатқанда мынау неткен сериал әлде осыны көрмей жүрген мен талай қызықтан құр қалыптым ғой  деген ойға қаласың. Көбінесе ер адамдар телетопатма қарай бермейді мына бізідің қоғамда жұмыссыздық салдары болып тұр сол сериалды әйелдермен бірігіп немесе әйелдері жұмысқа кеткенде көруге мәжбүр болаған, үйде жұмыссыз қарап отырған ер адам не істейді үй шаруасын тындырған соң бар қызығы теледидар қарау ғой. Сонау 90-шы жылдардан басталған батысқа еліктеушілік әдетіміз әлі қалмаған ау сірә. Ол кезді қойшы жаңадан мемлекет болып өз еншімізіді енді ғана алып егеменді ел болып жаттық, ал енді бізге менің ойымша басқа елдің телетоптамаларын телеарналарымыздан көрсете бергенше өз режиссерлеріміздің түсірген дүниелерін сол шет елдікімен артықырақ бергені дұрыс болар еді. Бұл тек жеке бір адамның ойы деп қабылдамай қара орман қазақ жұртшылығының қалауы ретінде қабылдаса екен деген ойдамын телеарналарымыз. Сонда ғана жас бүлдіршіндеріміз «Дениз» телетоптамасындағы Мелих, Мәрт, немесе «Ханзада Жумонг» телетоптамасындағы Жумонг  болып ойнамай керісінше «Парыз», «Болашақ» телетоптамаларындағы  Нұржан, Асан Нартай болып ойнарма еді кім біледі.

Қобланды Абенов

0
1059
0