Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:00, 04 декабря 2012

Махаббат жайлы бір үзік ой.

«Махаббат – деген не?»- немесе «Ол шынымен барма?»- деген сұраққа көп кездесеміз біреуден көңілі қалған немесе алам деп алмай кеткен жігіттеріне өкпелі назданған қыздар қауымының наразылығын көп естиміз,  интернетте немесе былай танысқан қыздарымыздың көбісінің аузынан еститін әңгімеміз осы кейде ойға қалам егер мына қыздың айтып отырғандары шындық болса сол алдап кеткен жігіттің өзінің де әпке – қарындастары бар шығар неге солардай көрмеймді деп қаласын ішінен. Осы қыздар да бір – бір үйдің қанаттыға қақтырмай тұмсықытыға шоқтырмай мәпелеп өсірген қыздары емеспе қалай ғана алдап кетті деген жауабы тура тап кәзір табыла қоймайтын ойға батасын. Кішкентай кезімізден оқып өскен махаббат жырларындағыдай бір-біріне деген өліп – өшкен сезім кәзіргі біздің қоғамда жоқпа деген ойға қаласын. Көбінесе сезімдері жарасқан жұптардың тіпті үйленбей жатып ажырап кетуінің себебі көп жағдайда қаржыға кеп тіреледі, бір мысал келтірейік. Алматыға келіп басқа облыстан бір жігіт жұмыс істеді делік, алатын жалақысы 35 – 40 мың теңге далада тұрмайды әрине ауылдастары немесе жұмыста бірге істейтіндермен 3 – 4 бала бірігіп  пәтер жалдайды бәріміз білеміз жұпыны деген времянкамыздың өзі 20000 теңгеден төмені жоқ. Ауылдың таза ауасымен самалын жұтып өскен бала қаланың шуылдаған мәшінесінің гүріліне, пәтер жалдап тұрудың машақатына үйренуге тура келеді. Жас емеспе қанша шаршап келседе жанындағы балалар көшеге шыққан соң жалғыз өзі қайдан қалсын жанындағылармен серуендеп немесе қыздармен танысу үшін паркке, кафеге, түнгі клубтарға барады қыздармен танысады, ол іштей біледі бұл жақтағы махаббат ауылдағыдай болмайтынын. Ауыл мен қаланың айырмашылығы жер мен  көктей екенін. Сонда да  бір қызды ұнатады,  жігіт қызға барып кездесіп жүреді. Кездескен сайын далада жүре бермейді ғой шама шарқынша кафеге, түнгі клубқа апарады. Әрине оның жағдайын түсінетін оған «сенде қыдырғанға ақша жоқ басқалардың жігіттері сияқты машинаң да жоқ» деп оны сөгіп ұялтып жерге қаратпайтын сен мен үшін қолынан келгенше тырысып бағып жүрсін ғой деп түсіністік танытатын ақылды қыздар бар, ал керісінше оның жағдайын түсінгісі келмей «жағдайың келмесе неге келсің?» деген ойларын ашық  айтып жігіттін силамай жағдайын бетіне басып ұялтып жататындар да кездеседі. Осындай намысқа тиетін сөздерден  басталған түсініспеушіліктің ақыры олардың айырылуына апарып соғады міне осындай жағдайлардан кейін жігіттердің ішінде де махаббатқа деген көңіл қалушылық, сол бір қыз үшін бүіл қыздарға деген өкпе пайда болады. Жоғарыда атап өткендей махаббатқа көңілі қалған «еркектердің бәрі бірдей оларға сенуге болмайды» деген пікірдегі қыздарды немесе «Осы күнгі қыздарға тек қана ақшасы бар жігіттер ғана керек» деген пікірдегі жігіттерді де кездестіресің. Содан ойға қаласын бұрынғы ақындар жырлап өткен өмірдің мәні болып саналатын тылсым нәзік сезімді жоқ деп мойындамай өздерін сол ойларына сендіріп әлек боп жүрген қанша қыз - жігіттер неге сонша түңіліп кетті екен? деген ойлар кейде маза бермейді. Жасы үлкен аталарымызға - «осы дүниеде махаббат барма? әлде ол жоқпа?» деген сұрақты қойыпта көрдім қартайған сайын өмір ыстық көрінеме әлде сол ата-апаларымыздың кезінде жүрек қалауымен танысып, махаббатпен үйленуіне жолбермей  әке-шешесінің құда түскен адамына  жігіт немесе қыз мынаны қаламаймын менің өз сүйгенім бар деп қарсылық айта алмайды екен, сол кездің жастары Махаббат бостандығын аңсап мынандай өлең шығарыпты халық арасында:

Өлеңді кім айтпайды ән шығарса,

Сұлуды кім алмайды мал шығарса.

Жарылқап жақсы құдай кетер еді,

Бір жүр деп сүйгеніңмен заң шығарса.

Әйтеуір қайсынан сұрасаңда бірінің аузына бірі түкіргендей бәрінен – «махаббат бар» деген жауап алдым. Мүмкін сол кезеңде жас болған ата-апаларымыз осы күнде жастарымыздан көбінен қолдау таппаған Махаббаттың қадірін білетін шығар осының кесірінен сол заманның қаншама жастары өз сүйіктілерінің жанында бола алмай бір көруге зар болып жоғарыда жазылғандай өлеңдер шығарған да болар. Кейін кеңес одағы құрылып тең құқылы заман болып басқаға бостандық болмасада ескі қағиданы бұзып жастардың жүрек қалауымен отбасы құруына жол ашты, әрине қай заманда болмасын сүйген, қалаған адаммен бірге болу ол бақыт қой мейлі сен бай немесе кедей бол мәселе ода емес тек екі жастың бір-біріне деген нәзік сезімінде. Ол сезімнің құдіретін тілмен айтып жеткізу мүмкін емес, қазақта бір сөз бар ғой «тас емшегін жібітті» деген осы теңеу махаббатқа арналғанға ұқсайды талай жылдан бері біреуге көңілі қалып өкпесі махаббат пен сол адамға қара қазандай болып жүрген қыз-жігітеріміздің  қыс сияқты сұп-сұр боп ешкімге жібімей қатып қалған антрактида мұзындай қатпар-қатпар реніші мен өкпесін тек сол сезім ғана жібітіп өміріне қайта көктем силай алатынына ешкімнің дауы жоқ болар деумен өз ойымды аяқтайын.

 

Қобланды Абенов

0
2524
0