Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
21:53, 04 декабря 2012

Кезек күтудің машақаты

Керектіңді ертерек алайын деген оймен таң қылайып жерге жаңа жарық түсер-түспестен ең бірінші болам ау деген оймен көзіңді тырнай ашып апыл – ғұпыл жуынып,  киіне сала тездетіп  барғаныңда есік алдында жүргендерді көргенде еріксіз бас шайқап таң қаласың «құдай ау мына кісілер үйіне бардыма әлде осында қондыма екен» деп. Қаншама күткен жеріңнің жұмыс уақыты болып есікті қауыпсіздік қызметкері ашар - ашпастан жүгіре басып қайтсем бірінші болам немесе сол алғашқы топтың арасында боламау деумен ішке қарай ұмтылғандарды көргенде бейне бір эстафеталық жарысқа қатысып тұрғандай боласың. Зейнетақы, жалақы бергенде, коммуналдық төлемдер төлеген уақытта  поштаның, банктың  кассаларына жету үшін біраз уақыт кезекке тұруыңа тура келеді. Қайда барсаңда әскер де сарбаздардың сапқа тұрғанын көз алдыңа елестететін ұзын сонар кезек күткендер, кезек күтіуден екі көзі төрт болғанша сарыла күтіп, тұра – тұра аяғы ауырсада күтуге арналған орындыққа отырғысы келседе тұрған орнынан тапжылмай қатып тұрғандардың ойы  алып қойған кезегін тура қөзінше басқа біреу алып - алатындай көріп бір - бірімен кассаның немесе мекемелердің есігінің алдында итерісіп ығы - жығы  болған адамдар. Осындай күтулерден шаршаған да ойлайсың «шіркін - ай қандай жерде кезек күту деген жоқ  екен» деп. Қош делік  кезек күту машақатынан өтіп діттеген жеріңе енді жете бергенде Мұқағали Мақатаевтың - «Несіне Өмір Сүргенсің» өлеңінің мына шумағында айтылғандай:

Тіршілікте не жетеді көргенге,

Тек өмірім өтпесе екен шерменде.

Не жыны бар?!

Бақыт мені көргенде,

Кетеді үркіп, енді жете бергенде

дегендей тосынан болған мына хабарландыру қаншама уақыт күтіп енді жеттімбе деп  тұрғандардың ұнжұрғасын түсіріп ақ жіберед, «кешіріңіздер желі болмай тұр тағы біраз күте тұрыңыздар» деген. Алладан амандықты тілейтін адам баласы осындай кезде еріксіз желінің тілеуін тілеп кеткін көргенде қанша уақыттан бері кезек күтіп шаршап тұрсаңда еріксіз езуіңе күлкі үйіріледі. Жоғарыда көрсетілген олқылықтардың орны бірте – бірте толады және болашақта қай уақытта барсаңда керектіңді еш кедергісіз жылдам әрі тез алып шығатын боламыз деп өзімізді - өзіміз сендіргіміз ақ келеді.

Абенов Қобланды

0
323
0