Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:22, 03 декабря 2012

ОРЫСТАР ТЕГІН БІЗДЕН НЕГЕ ІЗДЕЙ БАСТАДЫ?

Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Әбішұлының соңғы аптадағы қос сапары Батыс пен Орыстың енді саяси салада кіммен санасу керек екенін ұқтырды.

Орыс империясының қалдығын басқарып отырған Владимир Путин мырза президенттік таққа отыра сала «дос көршісін ұмытып» Нұрсұлтанға мұрнын шүйіре қарап, өзбекке қарай ентелеген болатын. Енді міне, ұйқыдан шошып оянатын кезі келгенін түсіне бастағандай. Орыс басылымдары Нұрсұлтанның Түркияға сапарын әр түрлі бағаласа да, түркі жұртының  біріге бастауына қызғана қарайтыны хақ.

«Арамзадан пайда жоқ, қудан елге пайда бар» дейтін қазақтың даналық сөзі соңғы аптада бір дәлелденді.  Біздің Нұрекең орыс президентінің туылған күнін құттықтай барып, 2 мәрте мақтап, «көпшікті  қабаттап қойды» да, бірден Түркия еліне ат басын тіреп, туысқан ағайынмен бірге қауқылдасып, 3 күн жатып алды. Тыныш жатқан жоқ, күллі  орыстар «өттері ауыздарына түскендей» шуылдап кетті. Біреу қызғанса, біреу қуана қарады. Себебі,  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев күллі Түркіні бір арнаға бұратын қағанат жобасын бір қадам алға жылжытып, Туын көтеріп, тіл мен ділін біріктірді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  200 миллионнан астам Түркі жұртын бірігуге үндеді.

«Біз бүкіл түркі халқының ата жұртында тұрып жатырмыз. 1861 жылы қазақтың соңғы ханы өлтірілгеннен кейін, біз Ресей патшалығының, одан Кеңес Одағының боданы болдық. 150 жылдың ішінде қазақ деген халық өзінің ұлттық салт дәстүрін, тілін, дінін, дәстүрін ұмытуға аз қалды. Жаратқанның қолдауымен 1991 жылы біз өзіміздің тәуелсіздігімізді жарияладық. Сіздердің бабаларыңыз атажұрттан бері қарай жылжыған кезде Түркі қағанатының ішінен түрік деген атты өздерімен алып кетті. Қазірге дейін түркінің ішінде жігіттің сұлтаны, ең жақсы жігіт қандай дегенде «қазақ» дейді. Сол қазақ – бізбіз» – президент Назарбаев.

Осылайша ағынан ақтарылған президентімізге, атап айтқанда Түркі жұртының ақсақалына Түркия аямай құрмет көрсетті. Көзі тірі қазақ басшының атына көше берілгені өз алдына. Ал бұдан да маңыздысы – соңғы 10 жылда Түркі халықтары арасындағы байланыс дамып, енді Түркі Кеңесі ресми Туын бекітіп желбіретті. Соған сай Халықаралық Түркі Академиясы құрылды. Тіпті,  Түркі академиясы халықаралық мәртебе алмай тұрып,Назарбаевтың пәрменімен 2010 жылы құрылып, іске кіріскен еді.Сол ғылыми орда 2011 жылды түркітану мәселелеріне арналған 24 ғылыми еңбектер жинағын шығарып үлгерді. Бұл дәстүр биыл да жалғасуда. Жуырда Түркі дүниесі дәстүрлі де сүбелі басылымдармен толықты. Халықаралық Түркі академиясы биыл түркітанушы ғалымдар мен тарихи мұраға құштар оқырмандарға арнап, «Түркі дүниесі» атты халықаралық альманах пен түркі әлеміндегі кесек туындылардың «Асыл мұра» атты антологиясын жарыққа бір-ақ шығарды. Бұл басылымдар алғаш рет, 2012 жылы 23 тамызда Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында өткен түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің ІІ Саммитінде мемлекет басшыларының назарына ұсынылып, көрімдігін алып еді. Аталмыш басылымдар Түркі өркениетін әлемге паш етудегі қадам. Осылайша ағыл-тегіл алып түркі жұрты бір арнаға топтаса бастады.

Ресей, Беларус, Қазақстан арасындағы Кеден Одағының соңғы уақытта еліміз экономикасына кедергісін нақты қисап көрсетті. Біз миллиондаған қаржыдан қағылдық.  КО құрылғалы Беларустың экспорты – 22 пайызға, Ресейдікі 28-ге өскен. Ал ҚР керісінше, 30 пайызға кеміген!  КО дейін де, Ресеймен саудада  нөл пайыздық кедендік ставка болатын. КО аясында 92 пайыз кедендік тариф саясаты Ресейдікі болғандықтан, шетел тауарларының бағалары күрт өсіп жатыр. Кедендік салықтардан түскен қаржының 88 пайызы Ресей бюджетін, 7 пайызы ғана Қазақстан бюджетін толықтырады.(http://www.ult.kz/kz/article/view?id=621) Ал орыстар осы жағдайды көре тұрып, нақты қадамға бармады, себебі олар нағыз саясатты түсінсе де, болашақтарына емес, бүгінмен ғана шектеліген саясат ұстануда.

Тарихта Қазаққа опа қылмаған Орыстар өз құқайларын Қарумен көрсетеміз деп жүріп, «келген бақты керген бақ қайтарадының» кебінін киді. Тәкаппар саясаттың кесірінен  қазақ сынды өркениеттің тұқымын шошытып алды. Енді «орысқа сену – өзіңнен өзің жеру» екенін жұрт түсінді. Елбасы да осыны бағамдады, сол үшін одан да керемет, нағыз жан ашыр туысқан халықтардың басын қосқан Түркі Кеңесінің құрылуына мұрындық болды.  Аты әлемді жаулаған Һұндар мен Түркілердің тұқымдары осылайша ұйыса бастады.

Франсуздар «Орыстың бетін тырнасаң татар шығады» деп бекер айтпаған.Солтүстіктегі көрші әйгілі немістекті Екатерина-1-ден үйренген тәлімімен ешқайда шықпайтынын түсінді де, ата-бабаларын Һұндар мен Түркілерден іздей бастады. Тіпті ұлы Еділханды (Аттила) орыстың алғашқы кінәзі деп жар салды. Бұл туралы Олжас Сүлеймен сынды ғалық-ақынымыз ширек ғасыр бұрын айтып тастамады ма!?  Міне осылайша да  «артпен сүгудің үлгісін» көріп отырмыз.

Онсыз да Ресей халқының 28-30 пайызы Түркі халықтары екенін, тіпті, тағы 25 пайызы орыстанған түркілер екенін ескерсек, бұлардың бізді жағалай бастауы қыйсынды да. Кезінде «Кеңес Одағын» құрып беріп, жалғастырған Ленин (шұбаштекті) мен Сталин(грузин) де өзіміздің тағдырлас халықтар екенін білеміз. Әрине өздері келіп қолтығымызға кірмесіне амалы жоқ. Оларға Қазақстанның қамқорлығынан айырылу – Орыс империясының ыдырауының алғашқы басқышы екенін түсінетін кездері келді. Жыландай сумаңдаған Қытай мен абжыландай арбаған Батыстың қыспағында қалған орыс енді бізді іздемесе кімді іздесін? Бұл жерде Біз деген кім деп ойлайсыздар? Әрине Түркілер, Түркілердің қарашаңырағы – ҚАЗАҚСТАН.

Орыстың тағы бір ұтылар жері – жан санының тез қарқынмен азаюы болып тұр, осы  табиғи өсім 1,37 деген коефициентпен жалғаса берсе,Ресейдің  енді 50 жылдан кейін  нағыз Түркілер еліне айналары хақ. Осының барлығын Путин мырза түсінді. Бірақ кеш ұғып жүр. Кім білсін, қазақтың «қонақжайлылығы мен сабырлылығын» өздеріне деген құлшылық деп ойлап, бұрынғыдай басынып, бұрынғыдай құлдатқысы келген шығар. Ал шын мәнінде бізге деген тәуелділіктің барған сайын біліне бастағанын сезгені  дұрыс. Себебі, біз – Түркі халқы, топтасып, түгелденіп, көркеюдеміз. Осы бойынша дамый берсек, санымыз таяу уақытта 200 миллионнан асатын жан саны бар, Орта Азия мен Кіші Азия түбегін, Ебразияны қамтыған алып қауымдастыққа айналатынымыз шындық.  Бұл енді бір жағынан алғанда стратегиялық міндет. Бұл міндеттің алғашқы бөлімдерінің орындала бастауы біз үшін үлкен жеңіс.

Һұн бабамыз Ебропаны жаулаған,

Түркі бабам ұлы  Азияға орнаған,

Кіндіктерін тектеріне байлаған

Бабалардың ерлігінен, айналам!

 

Қара тасқа қашап жазған жазбадан,

Күлтегіннің аманатын аңдағам,

Бабалардан қалған Қарашаңырақ –

Қазақстан елдігіңнен, айналам! – деп тамамдауды жөн көрдім!

0
930
1