место в рейтинге
  • 30960
  • 8
  • 3
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Ғылыми жұмыс жазу. 1.1 Тақырып таңдау

Сәлем,

осы тақырып бәлкім біреуге қызық көрінер. Мектепте шығарма жазып қана үйренген, университетте ағылшын стилінде эссе жазған адамға "нағыз" ғылыми жұмыс жазу қиынға түсті. Десекте үлкен "ғылыми жұмыс" айсбергін бір қарап өттім, яғни үш-төрт жұмыс жазып тастадым, бағасы енді керемет "өте жақсы" емес, бірақ нағыз "жақсыға" татады. Енді бағалау деген әрдайым субьективті ғой..бұл мәселені қозғамай-ақ қояйық. Әрине менің компетенттілігіме күмән келсе, онда бұл постты оқымай...басқа іспен айналысуға болады.

Көңіл бөлгеніңе рақмет, сонымен мына постта мен ғылыми жұмыс жазу туралы айтамын.

1. Ең бастысы әрі дұрыс, әрі қызық, әрі келісімді тақырып табу керек.

Тақырыбың қатысқан семинарға байланысты болу керек. Кейбір профессор не оқытушы бір арнайы тақырып беруі де мүмкін.

Егер тақырыпты өзің таңдасаң:

- онда тақырып өзіңе қызық болғаны абзал;

- онда тақырып алдағы уақыттағы оқуға немесе жұмыстарға тиімді, яғни "пайдалы" болғаны жөн;

- онда тақырып бұрынғы жазылған немесе оқыған тақырыптармен байланысты болғаны жұмысты жеңілдетеді.

- онда тақырыбың келісімді болу керек (жалғасы төменде).

Тақырыптың былай алғанда үш түрі болады:

- "ғылыми" тақырып, бұл - тек шынайы ғылыми зерттеу арқылы (мыс. эксперимент) ғана қозғалатын тақырып;

- "ғасыр" тақырыбы - мұндай тақырыптар қатарына философиялық сұрақтар немесе эволюция жөніндегі тақырыптар және бір белгілі теорияға құралған тақырыптар жатады;

- "сән" тақырып - аты айтып тұрғандай, бұл өзекті оқиғаға не жаңалыққа байланысты тақырып.

Әр тақырып түрінің жақсы не жаман жақтары бар. Мысалы, "сән" тақырып тек жаңа пайда болған нәрсе туралы болса, оның болашақта қалай дамитынын айту қиынға түседі, оны тек болжауға болады. Немесе өзекті мәселе жөнінде көптеген пікірлер айтылып, сол пікірлердің арасында жоғалып, тақырып ашылмай да қалады..

Сонымен тақырып бағытын таңдадың деп есептейік. Енді тақырыпты нақтылау керек. Ол үшін бірнеше тәсіл бар. Мысалы, brainstorming, mind-mapping, freewriting... яғни ассоциациялар немесе тақырыпқа байланысты кез келген ойды жазып, бір ретке келтіру арқылы тақырыпты нақтылауға болады.

Жоғарыда аталған тәсілді бір жолы арнайы бөлек постта жазармын.

Негізі тақырыпты келесі, кем дегенде, 10 бағытта нақтылап сараптауға болады:

1. уақыт арқылы: яғни белгілі уақыт аралығында болған жағдай. Мысалы: Қазақ хандығы: Тәуке хан билік кезінде (1680-1715).

2. географиялық орын арқылы. Мысалы: Қазақ хандығы: Тәуке хан билік кезінде (1680-1715) Кіші жүз.

3. институциялық, яғни мекемеге байланысты. Мысалы: Қазақ хандығы: Тәуке хан билік кезінде (1680-1715) Кіші жүздегі (Сот жүйесі) Би кеңесі.

4. адам топтарына байланысты. Мысалы: Қазақ хандығы: Тәуке хан билік кезінде (1680-1715) билердің ролі.

5. ақпарат көзіне байланысты. Мысалы: Қазақ хандығы: орыс (қытай) тарихындағы хандық бейнесі.

6. бір белгілі тұлға арқылы. Мысалы: Қазақ хандығы: Ілия Есенберлиннің шығармаларындағы (немесе "Көшпенділер" трилогиясындағы) хандық бейнесі.

7. белгілі пән не ғылыми бағыт арқылы. Мысалы: Қазақ хандығындағы тәрбие мәселесі; Көшпенділер - ғылыми-философиялық ойлар; Қазақ хандығының саяси қарым-қатынасы; Қазақ хандығының экономикалық жағдайы.

8. белгілі теориялар немесе ағартушылық ойларына байланысты. Мысалы: Қазақ хандығы: этностың құрылуы; Қазақ хандығы: ортағасырлық мемлекеттің дамуы.

9. теория (стиль) құрған тұлға арқылы. Мысалы: Қазақ хандығы: Асан-қайғының (утопиялық) өлең жолдары арқылы хандықтың бейнесі; Құрманғазының ойнау стилі арқылы Дина Нұрпейісованың шығармашылығын сараптау.

10. таңдалған аспект (көзқарас) бойынша. Мысалы: Қазақ хандығы: әйелдердің қоғамдық ролі; Қазақ хандығы: мал шаруашылық дамуы; Қазақ хандығы: дін жағдайы.

Аталған пункттер бір тақырыпта топтасып араласып келеді. Мысалы: Қазақ хандығы: Ілия Есенберлиннің шығармаларындағы (немесе "Көшпенділер" трилогиясындағы) ханның бейнесі.

Осылай жұмыс тақырыбын нақтылап, кішірейтіп, қысқартып жақсы жазуға болады.

Тақырып неғұрлым нақты болса, соғұрлым оңай жазылады.

Жазылған мысалдардың барлығы ойдан шығарылған (көңілге алма), өзім не тарихшы, не музыкант емеспін.

Мына пост саған оқуда көмектеседі деп үміттенемін.

Келесі постта жазуға дайындық, яғни әдебиет таңдау, оқу және алғашқа қолжазба туралы сөз қозғаймын!

Жазылған постта қолданған әдебиеттер:Norbert Frank (2006): Fit fürs Studium. Erfolgreich reden, lesen, schreiben. 8. Aufl. dtv: München

 
paradizo san paradizosan
4 декабря 2012, 5:16
25678

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Школа High Tech High – дети здесь самостоятельны так же, как и профессионалы в офисах

Школа High Tech High – дети здесь самостоятельны так же, как и профессионалы в офисах

Известный казахстанский бизнесмен становится первопроходцем и создает школу, о которой можно только мечтать. То, что мы, как взрослые, делаем в бизнесе, дети будут делать в этой школе.
Zhumanova
24 апр. 2017 / 16:29
  • 20151
  • 5
Как выбрать новостройку в Алматы: инсайты, критерии и личный опыт

Как выбрать новостройку в Алматы: инсайты, критерии и личный опыт

Я прекрасно понимаю тех, кто долго ищет подходящую квартиру - сама искала, потратила на поиск 1,5 года. Что, прежде всего, повлияло на мой выбор при покупке квартиры в новостройке Алматы?
Zhumanova
21 апр. 2017 / 10:04
  • 3832
  • 12
«Третья мировая война начнётся в мае 2017 года» – провидец из Португалии

«Третья мировая война начнётся в мае 2017 года» – провидец из Португалии

Провидец из Португалии по имени Горацио Вильегас считает, что новая мировая война состоится уже в текущем году. Считается, что португалец два года назад объявил, что Трамп станет президентом.
Seattle
21 апр. 2017 / 15:33
  • 3736
  • 13
Кому в Казахстане жить хорошо? Почему мы остаёмся в топ-5 стран мира по числу самоубийств

Кому в Казахстане жить хорошо? Почему мы остаёмся в топ-5 стран мира по числу самоубийств

Всё ли так хорошо у жителей Казахстана? Почему-то наша страна сохраняет твёрдые позиции в первых строчках мировых рейтингов по числу самоубийств.
openqazaqstan
24 апр. 2017 / 16:54
  • 3318
  • 19
«А ты покушала?» или Как завоевать сердце женщины простой заботой

«А ты покушала?» или Как завоевать сердце женщины простой заботой

Так как опыт хождения по свиданиям у меня немаленький, да и с интуицией давно дружу, я быстро отсеиваю тех, с кем будут проблемы. Как я это определяю? Очень просто.
Bonittta
22 апр. 2017 / 14:10
Каждую ночь я жду его. Почти каждую ночь он оправдывает мои ожидания

Каждую ночь я жду его. Почти каждую ночь он оправдывает мои ожидания

Каждую ночь я жду его. Такая уж у него работа, он приходит поздно. Но почти каждую ночь он оправдывает мои ожидания. Когда его долго нет, признаюсь, я начинаю нервничать. Названивать и писать смс-ки...
DominaOmnium
21 апр. 2017 / 2:25
  • 2486
  • 12
Юный алматинец покорил Первый канал на шоу Максима Галкина

Юный алматинец покорил Первый канал на шоу Максима Галкина

Житель Алматы по имени Марк Усачев недавно оказался на телепрограмме "Лучше всех", с успехом идущей на Первом канале России. 9-летний алматинец покорил публику своими недюжинными знаниями.
Seattle
24 апр. 2017 / 16:59
  • 2078
  • 2
«Казпочта» отжигает. Редкий шанс вспомнить агрессивные советские очереди

«Казпочта» отжигает. Редкий шанс вспомнить агрессивные советские очереди

Люди старшего и среднего поколений помнят шумные, недобрые, грубо ругающиеся очереди советских лет. Увидеть, как это было, можно теперь разве что в каком-нибудь фильме. Хотя не только.
openqazaqstan
вчера / 16:14
  • 1916
  • 20
Паводок в Атбасаре глазами блогера

Паводок в Атбасаре глазами блогера

Ситуация в населенном пункте непростая, много домов подтопило, по сравнению с 2014-м годом уровень воды поднялся намного выше. Жители держатся молодцом.
kokshetau_today
21 апр. 2017 / 14:17
  • 2003
  • 8