Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
04:45, 03 декабря 2012

Атақ па саған керегі?

Атақ па саған керегі?
Береді Алла, береді.
Даңқты даңғой боларсың,
Ниетің сондай себебі.
Өмірден өтіп кетсең де,
Дейді жұрт «пай-пай, ер еді!»,
Байлық па саған керегі?
Береді Алла, береді.
Сұғанақ қолың сумаңдап,
Теңге мен тиын тереді.
Бересің жауап сен де ертең,
Сұраусыз су жоқ себебі.
Сұлу ма саған керегі?
Береді Алла, береді.
Желкілдеп тұрған желегі,
Еріп те тұрған немені,
Ерінің талай емеді.
Жүзіңнің мұңы болмаса,
Ізіңнен мыңы ереді.
Өлімге үрке қарайсың,
Қойылар соңғы нүкте деп.
Нүктенің арғы жағынан,
Басқа бір сөйлем күтпе деп.
Сүйесің мына жалғанды,
Бақ керек саған, құт керек.
Сынақта жүрген құлына,
Раббысы артар жүк бөлек.
Өмірді думан, той көрсең,
Ібіліс салған ойға ерсең,
Ақыретте саған, біліп қой,
Азаптан басқа түк те жоқ.
1
2153
1