Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
13:03, 04 декабря 2012

21.12.2012 және сүннеттік ертегілер.

Бұрынғы заманнан бері адамзатты мазалап келген сұрақтардың бірі - өлім мен ақыр заман туралы. Ертеде адамдар түрлі табиғи құбылыстарды көрген, және ондай құбылыстардан қорыққан. Содан күнге, отқа, көкке табына бастаған, соларды құдайдай көрген. Ғасырдан - ғасырға өздерінің құдайларына қатысты неше түрлі мифтерді (аңыз, ертегі, хикая) ойдан құрастырған. Мұндай мифтер ұрпақтан - ұрпаққа осы уақытқа дейін жеткен, тіпті кейбір халықтардың ауыз әдебиетінде де көп кездеседі. Сондай үлкен мифтердің бірі апокалипсистік мифтер!!! Иә, мен Жалғыз Құдайды мойындаймын, әлемді жаратқан Құдіретті Жаратушының бар екеніне және Ол ақыр заманды жасайтынына да сенімдімін. Бірақ, қазіргі дәстүрлі сүннеттік, христиандық, иудейлік апокалипсистердің мифтік кейіпкерлеріне күлкім келеді. Неге? Себебі сүннет ұстанушылардың сөздеріне сенсек Қиямет күні боларға дейін Дажжал есімді ғажайып жартылай құдай жерге түседі екен!!!

Соңғы уақыттарда бұқаралық ақпарат құралдарынан майя тайпасының болжап кеткен 21.12.2012 жылы болатын ақыр заманы туралы мақала мен бейне материалдары тым көбейіп кетті. Бұған жауап ретінде әр дін өкілдері өзінше пікір айтады. Сол секілді өз пікірін 23 қараша күні ҚМДБ-ның Діни оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Смайл Сейітбеков «Ақырзаманның қашан боларын Аллаһ біледі» атты мақаласын қазақ халқына www.muftyat.kz сайтында жариялапты. Бұл ҚМДБ – ның қазақ жұртшылығына ақыр заманға әлі ерте, майя тайпасының болжамы сандырақ деп сабырға шақырып жұбатуы. Менің ойымша ҚМДБ халыққа бұл саңдырақтың орнына басқа саңдырақты тыққылап отырған сияқты. Мысалы, сол мақаладан үзінді:

Ақырзаманның үлкен белгілері:

1. Тұман (түтін).

2. Дажжал.

3. Даббатул арз.

4. Күннің батқан жақтан шығуы.

5. Хазіреті Исаның (а.с.) көктен түсуі.

6. Яжуж-Мәжуждың шығуы.

Өзім рационалды монотеист болғандықтан, Құдайдың адамзатқа тура жол көрсетуге жіберген Құранын ұстанғандықтан осы мақаладағы ақыр заман белгілерімен таныспын. Бірақ, өкінішке орай Дажжал есімді бір кісінің шығатынын, адамдарға өзін құдаймын деп таныстыратынын, өзінің жолымен жүруге үндейтінін, сол көзі көр, қалың шашты персонды Құраннан кездестірмедім.

Неге? Неліктен дәстүрлі сүннет ұстанушылардың және ҚМДБ – ның жариялап жатырған Дажжалы Құранда жоқ!?!? Және неге олар біздерді сондай кейіпкерлермен қорқытады? Бұл МИФ емеспе? Иә, аңыз ғой!? Ертегі...

Дәл осындай кейіпкер иудей мен христиандық доктриналарда «антихрист» деп аталады, және діни бұлақтарында өзінің ерекше орнын алады. Менің ойымша осы жалған «антихрист, Дажжал» аңызы этно –мұсылмандық елдердің арасында терең дамып исламдық көзқараспен араласып кеткен. Ең қорқыныштысы осы аңызға әлемнің көптеген жерлеріндегі адамдар сенеді, «антихрист, Дажжалды» қорқып күтеді. Голливуд болса, осы аңыз туралы көптеген фэнтезилік киноларда түсірген.

Тағы да осыған қосатыным, Иса пайғамбардың жер бетіне қайта келуі. Иса пайғамбардың өмірі туралы Құдай ерекше етіп Құранда берген. Саналы адам болғандықтан ол кісі бұрын өмір сүргесін, ол өмірден бақи болған адам. Құдайдың Өзі орнатқан заңы бойынша ол қайта тіріліп, жерге қайта келмейді. Иә, рас, Құдай қайта Тірілтуші, Шексіз Құдірет Иесі. Бірақ Құрандағы аяттары бойынша өлген адамды қайта жерге жібермейді. Иса пайғамбардың қайта келуі туралы Құранда ешнәрсе нақты айтылмаған, алайда, талай хадистер бар.

Мақаладан үзінді:

Хазіреті Исаның (а.с.) көктен түсуі: ақырзаман таяғанда Дажжал шығып, өзін құдаймын деп жариялап, түрлі сиқыр мен истидраж (имансыз пенденің көрсеткен сиқыры) көрсетіп жүрген уақытта, Аллаһ көктен Иса пайғамбарды түсіреді. Хазіреті Иса жер бетіне түскен соң, Хазіреті Мұхаммед пайғамбардың дінімен жүріп, Исламды жаю үшін күреседі. Себебі, оған түсірілген дін, Ислам діні келгеннен соң күшін жойған болатын.

Иса Дажжалды өлтіріп, адамдар арасында әділдік орнатады. Хазіреті Иса жер бетінде 40 жыл өмір сүргеннен кейін қайтыс болады және мұсылмандар оның жаназасын шығарып, жерлейді» (Бухари, Әнбия 48; Муслим, Фәзәйл 143; Әбу Дәуіт, Сүннет 13).

Дегенмен жоғарыда айтылған хадиске ой жүгірсек, Иса пайғамбар Аллаһтың қалауымен көктен түскен соң әлемді 40 жыл басқаратын болады. Сонда дейміз-ау «21 желтоқсан 2012 жыл» деген сандырақтың қисынсыз екендігі айтпаса да түсінікті болмақ.- дейді.

Бұл не деген керемет аңыз! Сиқыршы Дажжал, сүннетті қабылдайтын және өмірге қайта келетін құтқарушы Иса пайғамбар....

Былай қарасақ, бұл адамзат тарихының маңызды кезеңдері!!! Қалайша Құдай бұл туралы Құранда ақпарат бермеген??? Мен сендерді алдап отырғаным жоқ! Қалаларыңыздағы мешіт имамынан немесе өздеріңіз Құран сатып алып, іздеп көріңіздер, осы апокалипсистік аңыз туралы еш қандай ақпарат Құранда жоқ!!!

Мен Құдайдың бар екеніне сенімдімін, ақырзаман болады, Құдай уәде еткен. Дәл қалай болатынын білмеймін, бірақ саналы адам болғасын аңыздарға сенгім келмейді, себебі мұндай аңыздар ақылыма сыймайды және хикметке мол Құранда бұл туралы ешқандай ақпарат жоқ.

Өздеріңіз ойланып көріңіздер!!!

Аман Құмаров

0
1121
2