место в рейтинге
  • 123824
  • 96
  • 20
Нравится блог?
Подписывайтесь!

МАЛАЙЗИЯ (1 бөлім)

Дана Жол Малайзияның мысалында билік басында кәсіпкерлер тұрған елдің қалай дамитынын көрсетеді. Бұл ретте билік басында кәсіпкерлер тұр дегенді зауыттың иесі елдің президенті немесе премьер-министрі болып отыр деп түсінбеу қажет. Бұл экономикалық саясаттың ішкі тауар өндірушілердің мүдделеріне қызмет ететінін, сондай-ақ, осы жүргізіліп отырған саясаттан ұлттық компаниялардың меншіктенушілері көбірек пайда алатынын білдіреді. Елді оқытушы да, адвокат та, кәсіпқой шенеунік те басқара алады.

Малайзия мен Қазақстанның ұқсастықтары көп. Кезінде екі ел де отар елдер болды. Яғни, Малайзия Британияның, ал Қазақстан Ресейдің отары болды. Сонымен қатар, Қазақстанда, Малайзиядағыдай, әртүрлі этникалық топтар мен діндер бар. Біздің елде бүкіл халықтың 65 %-ын қазақтар құрайды және халықтың 65-70 %-ына жуығы ислам дінін ұстанады. Малайзия халқының саны 29 млн. адамнан асады. Оның 50 %-ынан астамы – малайлық мұсылмандар. Қытайлар бүкіл халықтың 23,7 %-ын құрайды. Олардың көпшілігі – буддистер, даостар, конфуциандықтар және христиандар. Үндістер жалпы халықтың 7 %-ын құрайды. Олардың арасында индуистер, буддистер, сихки, мұсылмандар және христиандар бар. Халықтың қалған 16 %-ын әртүрлі этникалық топтар, Малакка мен Калимантан аралының аборигендік халқы және көпшілігі индонезиялықтар болып келетін мигрант жұмысшылар құрайды. Елдің ресми діні – ислам. Конституция басқа діндерді де еркін ұстануға құқық береді. Сондықтан, бұл елде діни сипаттағы дау-жанжалдар іс жүзінде орын алып отырған жоқ.

Малайзия 1957 ж. тәуелсіздігін алған кезде, негізінен, каучук және қалайы өндірісі мен экспортына маманданған, артта қалған ел болды. Ел тәуелсіздік алғаннан кейінгі аз уақыттың ішінде, экономикалық өсудің жоғары қарқыны мен халықтың айтарлықтай жоғары өмір сүру деңгейін паш ете отырып, өз дамуында үлкен табыстарға қол жеткізді. Жапон экономикасының даму үлгісіне бағдарлану, шетелдік капитал мен технологиялар тарту, өнеркәсібі дамыған елдердің озық тәжірибелерін пайдалану, индустрияландырудың импортты алмастыру мен экспортқа бағытталу сияқты негізгі құралдарын тиімді ұштастыра білу, саяси тұрақтылық – осылардың барлығы Малайзияға экономиканы жаңғыртуда, әлеуметтік салада елеулі жетістіктерге қол жеткізуіне мүмкіндік берді. Оның мемлекеттік құрылымы – конституциялық монархия. Малайзияның Ираннан айырмашылығы мынада: Иранның басқарушы табы діни-идеологиялық тұғырнамада тұрған феодал-шенеуніктер, ал Малайзияның басқарушы табы діни-идеологиялық тұғырнамада (ислам) тұрған кәсіпкерлер болып табылады. Көріп тұрғанымыздай, Иранның да, Малайзияның да идеологиялық негізі – ислам. Бірақ, екі елдің билік басында отырған таптары бұл идеологияны әр түрлі стратегиялар мен тактикалардың көмегімен жүзеге асырып отыр.

Ирандағы билік басында отырған феодал-шенеуніктер экономика саласын заңдар, бұйрықтар мен рұқсат берулер арқылы реттейді. Демек, Иранда дәл осы шенеуніктер не өндіру керек, өндірілген тауарды қайда сату керек, зауыттарды қандай бағаға салу керек, алынған табысты қалай бөлу керек, т.б. сұрақтарды шешеді. Иранның діни тұғырнамада тұрған феодал-шенеуніктері идеология саласында Ислам жөніндегі өз көзқарастарын басқалардың да мойындауына міндеттейді. Ал, олардың көзқарастарымен келіспегендерді теріс бағыттағы мұсылмандар деп есептейді.

Малайзияның басқарушы табы экономикалық салада ішкі тауар өндірісінің еркін дамуына мүмкіндік бермейтін кедергілерді барынша жоюға тырысады. Малайзиядағы билік басында отырған кәсіпкерлер не және оны қайда өндіру керек, өндірілген тауарды қандай бағаға және қайда сату керек, зауыттар салуға қанша ақша құю керек, т.б. мәселелерді малайлық компаниялар меншіктенушілерінің өздері шешуі тиіс деп есептейді. Малайзияның басқарушы табы идеологиялық салада міндеттеу әдісі арқылы емес, сендіру әдісі арқылы әрекет етеді. Малайзиядағы билік басында отырған кәсіпкерлер Ислам идеологиясының дәл осы сендіру әдісі арқылы әділетті қоғам құруды толық бейнелейтінін көрсетеді. Мұндай қоғамда әр адам өзін-өзі жетілдіруге мүмкіндік алады.

Енді Малайзияның саяси-экономикалық үлгісін толығырақ қарастыруға көшейік.

Малайзиядағы этникааралық жағдай. 1969 ж. қауымдар арасындағы дағдарыс.

1-кесте. Малайзия халқының ұлттық құрамы

Этникалық топ

1968 ж.

2012 ж.

Адам

%

Адам

%

Малайлар

4 658 811

45 %

15 457 000

53,3 %

Қытайлар

3 682 051

35 %

6 873 000

23,7 %

Үндістер

982 387

9 %

2 030 000

7 %

Басқалары *

1 131 870

11 %

4 640 000

16 %

Барлығы

10 455 119

100 %

29 000 000

100 %

* - негізінен, еуразиялықтар, еуропалықтар, австралиялықтар, жаңазеландиялықтар, американдықтар, арабтар.

Тәуелсіздік алғаннан кейін, малай және қытай буржуазияларының арасындағы сандық және сапалық алшақтықтар  өткір әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселеге айналды. Өкіметтің протекционистік саясатына, сондай-ақ, ұлттық малай капиталының дамуын ынталандырған арнайы ұйымдардың құрылғанына қарамастан, қытайлық капитал басымдық жағдайын сақтап қалды. Қала халқының көп бөлігін қытайлықтар, ал ауыл халқының басым бөлігін малайлықтар құрады (2-кесте). Малайлықтар, негізінен, ауыл шаруашылығында еңбек етті. Ал, өнеркәсіпте, әсіресе, сауда саласында көбінесе малай емес этнос өкілдері жұмыс істеді. Бірақ, малайлық қызметкерлер қытайлық қызметкерлерге қарағанда көбірек болды.

Қазақстанда да осыған өте ұқсас жағдай орын алды. КСРО ыдырағаннан кейін, қазақтардың тек 25 %-ы ғана қалаларда тұрды.

2-кесте. Қала және ауыл халықтарының ұлт бойынша жіктелуі, 1970 ж.

Этникалық топ

Қала халқы

Ауыл халқы

Адам

%

Адам

%

Малайлар

694 935

27,4

3 976 939

63,4

Қытайлар

1 491 871

58,7

1 639 449

26,1

Үндістер

324 223

12,8

612 118

9,8

Басқалары

28 858

1,1

41 164

0,7

Барлығы

2 539 887

100

6 269 670

100

3-кесте. Салалар бойынша Малайя этностарының үлесі, 1970 ж.

Сала

Малайлар

Қытайлар

Үндістер

Басқалары

Ауыл шаруашылығы мен балық аулау кәсібі

67,6 %

21,4 %

10,1 %

0,9 %

Тау-кен өнеркәсібі

24,8%

66 %

8,4 %

0,8 %

Өңдеу өнеркәсібі

28,9 %

65,4 %

5,3 %

0,4 %

Құрылыс

21,7 %

72,1 %

6 %

0,3 %

Коммуналдық қызметтер

48,3 %

18 %

32,2 %

1,4 %

Көлік және байланыс

42,6 %

38,6 %

17,1 %

0,7 %

Сауда

23,5 %

65,3 %

10,7 %

0,5 %

Қызметкерлер

48,5 %

35,7 %

14 %

1,8 %

Табыстар деңгейіндегі айырмашылықтар малай халқының кедей өмір сүргендігін көрсетеді (4-кесте). Жеке өнеркәсіптік сектор активтерінің 94,5 %-ы қытайлық кәсіпкерлерге және тек 2,3 %-ы малайлық кәсіпкерлерге тиесілі болды. 1970 ж. қарай жауапкершілігі шектеулі компанияларда қытайлық капитал шетелдік капиталдан кейінгі 2-орынды иеленді. Қытайлық капитал каучук өндірісінде, тау-кен және өңдеуші өнеркәсіптерде, құрылыста, банк және сақтандыру ісінде малайлық капиталдан анағұрлым асып түсті.

4-кесте. Малайзиядағы негізгі этникалық топтардың орташа айлық отбасылық табыстары

Этникалық топ

1970 ж.

1999 ж.

доллармен

пайызбен

доллармен

пайызбен

Малайлар

71,7

20

421

24,1

Қытайлар

126,7

35

565,8

32,3

Үндістер

164,2

45

763

43,6

Барлығы

362,6

100

1 749,8

100

XIX ғасырдан бастап Малайя аумағына қытайлар жаппай көшіп келе бастады. Бастапқыда қытайлардың көпшілігі бұл орынды уақытша тұрақ ретінде қарастырды. Бірақ, XX ғасырдың басында қытайлар тек ағылшындардан кейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан зор мәнге ие болды. Алғашқы уақытта қытайлар бөлек тұрды. Малайзиялық үндістердің көпшілігі Малайяға Британия үстемдік етіп тұрған кезде көшіп келген Оңтүстік Үндістан иммигранттарының ұрпақтары болып табылады.

1963 ж. құрамына Сингапур, Сабах және Саравак кірген Малайзия тәуелсіз мемлекеті құрылды. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдары малайлықтар арасында қытайлардың экономикалық салаға ары қарай үстемдік жүргізіп отырғанына қарсы наразылық өсе түсті. Малайлықтар елдің ұлттық байлығының өте азғантай бөлігін иеленді. Олар бұрынғысынша, негізінен, фермерлер, ұсақ каучук плантацияларының иелері болып қала берді. Сонымен қатар, олар елдің іскерлік өміріне мүлдем араласпады. Ұлттық байлықтың басым бөлігі әлі де шетелдіктердің, соның ішінде, негізінен, ағылшындардың қолында болды. Десе де, бизнес саласындағы қытайлардың басымдық жағдайы одан әрмен күшейе түсті: барлық бөлшек сауда, тауарларды тарату және жеткізумен айналысқан көлік фирмалары мен компаниялары қытайларға тиесілі болды. Қытайлық компаниялар қытайлық отбасылардың меншіктерінде болды. Оларда тек қытайлар ғана жұмыс істеді. Қала халқының көп бөлігін қытайлар құрағандықтан, барлық маңдайша жазулар үлкен қытай иероглифтерімен жазылды. Малайлықтар олардың өнеркәсіп пен бизнестің дамуына қатысуын кеңейту арқылы елдің ұлттық байлығындағы үлестерін арттыру туралы талаптар қоя бастады. Сонымен, елде қытайлықтарға қарсы наразылық күшейе түсті, ұлттық тіл, қытай мектептерінің мәртебесі және ағылшын мектептерінің одан әрі үстемдік ету мәселелері жиі көтерілді, азғана малайлық науқандардың сәтсіздіктерге ұшырауы талқылана бастады. Үкімет бұл нәсілшіл, арандатушылық үгіт-насихат жұмыстарын ауыздықтау үшін ештеңе істемеді. Тұрмыстық деңгейде малайлықтар мен қытайлықтар арасындағы қарым-қатынастар одан әрі шиеленісе түсті.

Жаңа экономикалық саясат (1970-1990 жж.) және оның нәтижелері

Малайзия Федерациясының (МФ) басқарушы тобы қалыптасқан жағдайдың қауіптілігін түсіне отырып, 1969 ж. шілде айында жаңа ұзақмерзімді даму стратегиясын, яғни, Жаңа экономикалық саясатты (ЖЭС) жасауға кірісті. Бұл саясат 1971 ж. басында (оның бірінші бөлімі – Екінші малайзиялық жоспар (1971-1975 жж.)) күшіне еніп, әрекет ету мерзімі 20 жылға есептелді. Оның бірінші міндеті – ұлтына қарамастан, барлық малайзиялықтардың өмір сүру деңгейі мен еңбекпен қамтылуын арттыру арқылы кедейшілікті біртіндеп, сосын толығымен жою. Екіншісі – әртүрлі қауым өкілдері табыстарының теңсіздігін төмендету мақсатында қоғамды жедел қайта құру.

МФ экономикасындағы Батысқа, қытайлықтар мен үндістерге және малайлықтарға тиесілі акционерлік капитал үлестерінің 63,3 % : 34,3 % : 2,4 % (6-кесте) түріндегі арақатынасын 20 жылдан кейін, ЖЭС-ті жүзеге асырудың нәтижесінде 30 % : 40 % : 30 % болып өзгерту қарастырылды. 20 жылдың ішінде осындай көрсеткіштерге жету үшін, малайлықтар бизнеспен, соның ішінде, ірі бизнеспен мүмкіндігінше жылдамырақ айналысуы тиіс болды. Бұрын қытайлар немесе шетелдіктер тарапынан монополияландырылған бизнес түрлерімен айналысқысы келген малайлықтарға Үкімет келісімшарттары, лицензиялар мен арнайы жеңілдіктер берілді. Тарихи тұрғыдан алғанда, малайлықтар ауыл шаруашылығымен, ұсақ бөлшек саудамен айналысып, әкімшілік органдарда қызмет етті. ЖЭС-тің негізгі элементтері малайлықтарға білім беру мен оларды кәсіби дайындау болды. Оған дейін тек басқарушы әулеттер мен малайлық жоғары қызметтегі шенеуніктердің балаларының ғана сапалы білім алуға мүмкіндіктері болды. ЖЭС-ті жүзеге асыру кезінде ешқандай артықшылықтарға ие емес малайлықтар мен басқа да тұрғылықты тұрғындарға, әсіресе, шаруаларға білім беруге және оларды кез келген деңгейде кәсіби дайындауға үлкен көңіл бөлінді. Барлық малайлық қала тұрғындары мен шаруаларға жақсы білім беру мақсатында мектептер салынып, бұл мектептер білікті мұғалімдермен толықтырылды. Малайзия мен шетелде орта және жоғары білім алу стипендияларының саны айтарлықтай көбейтілді. МАРА (Тұрғылықты халықтың қамқоршылық кеңесі) малайлық қабілетті студенттерді дайындау үшін колледждер салуға басшылық етті, сондай-ақ, Малайзия мен шетелде әртүрлі мамандықтар бойынша студенттер дайындау үшін стипендиялар бөлді. Бұл ретте тек академиялық білімі бар мамандарды дайындауға ғана емес, сонымен қатар, адамдарды кәсіби оқытуға да көңіл бөлінді. Мысалы, көптеген малайлықтар Ұлыбританияда арнайы дайындықтан өте отырып, тігіншілер мен пішушілер болып жұмыс істей бастады. Малайлықтардың көпшілігі белгілі университеттерден «Іскерлік басқару шебері» дәрежелерін алды. Студенттердің көп бөлігі «Бизнесті басқару» мамандығын оқып шықты. Малайзияда механиктер, қолөнершілер мен білікті жұмысшыларды дайындау орталықтары көптеп ашылды. Кейіннен олардың көбісі бизнеспен, соның ішінде, ірі бизнеспен айналысып, елеулі табыстарға қол жеткізді.        Қытайлықтар мен үндістер де жаңа компаниялар ашты. Шетелдік компаниялар саны мен шетелдік инвестициялар көлемі өсті. Кез келген компанияны ашқанда немесе оның Куала-Лумпур қор биржасында (КЛҚБ) акцияларының бағасын белгілегенде, оның 30 %-дан кем емес акциялары малайлықтарға берілуі тиіс болды. Бастапқыда бұл акциялар сатып алуға өтініш білдірген малайлықтарға берілді. Акциялар малайлықтарға номиналдық құны бойынша сатылды. Ал, акциялардың нарықтық құны номиналдық құнынан анағұрлым жоғары болды. Сондықтан, көптеген малайлықтар акцияларын қайта сатып, жылдам пайда тапты. Тіпті кейбір жағдайларда қытайлар мен үндістер малайлықтарға акциялар сатып алуға ақша беріп те отырды. Ал, малайлықтар сатып алған акцияларын бірден қытайлар мен үндістерге қайта сатып жіберіп, жеңіл табысқа ие болып отырды.

Малайзия ЖЭС жылдары ішінде (1971-1990) индустриалды-аграрлық елге айналып, қарқынды түрде қарыштап дамыды. 1960-жылдары экономика ауқымы екі есеге, ал, одан кейінгі жиырма жыл ішінде үш есеге артты. Бірақ, ЖЭС-тың кейбір нұсқаулары жүзеге аспады. Малайлық жұмысшылардың 17,1 %-ы ары қарай да кедейшілікте өмір сүрді. Бумипутраның жалпы акционерлік капиталдағы үлесі көзделген 30 %-ға емес, 20,3 %-ға ғана жетті. Есесіне, қытайлар мен үндістердің капиталдағы үлесі 40 %-дың орнына 46,2 %-ға (6-кесте) дейін жетті. Қазіргі таңда малайлықтар өздерін құқықтарынан айырылған адамдар ретінде сезінбейді және оларда қытайлықтарға деген реніш сезімі мүлдем қалмаған. ЖЭС-тың барлығына айтарлықтай пайда әкелгені соншалықты, тіпті қаржы дағдарысының нәтижесінде экономикаға зиян келтірілгеннің өзінде, ешқандай нәсілдік сипаттағы күш қолдану әрекеттері орын алған жоқ.

1980-жылдардың аяғына дейін МФ-ның бюджеттік кірістерінің жартысына жуығын экспорттық түсімдер құрап отырды. 1960-жылдары каучук пен қалайының жалпы экспорт көлеміндегі үлесі 85 %-дан 50 %-ға дейін төмендеді. Оларды пальма майы, жұмыр ағаштар және кесілген материалдар ығыстырды. 1970-1980 жылдары экспортқа бағдарланған саясат енгізілгеннен кейін, 1990 ж. қалайы мен каучуктың экспорттағы жиынтық үлесі 5 %-ға дейін азайды. 1984 ж. қарай экспорттық түсімдердің 32 %-ын ($ 12,2 млрд.) тұрмыстық электроника және тоқыма тауарлары қамтамасыз етті. Тұрмыстық электроника өндірісі жыл сайын 69 %-ға, ал тоқыма тауарларының өндірісі 26 %-ға өсіп отырды. Бұл екі сала 1990 ж. таман дайын өнімдерді экспорттағаннан түскен түсімдердің 2/3 бөлігін құрады. Әлемдегі тұрмыстық электроника тауарларының әрбір төртіншісі (компьютер, теледидар, т.б.) Малайзияда шығарылды. 1980-жылдары мұнай мен газ сатудан түскен кірістер елдің экспорттық түсімдерінің 29,6 %-ын берді, бірақ,  1990 ж. олардың экспорттағы үлесі 16,2 %-ға дейін қысқарды. Сонымен, Махатхир үкіметінің экономиканы әртараптандырумен ұштастыра отырып, елді қарқындата дамыту міндеті 1990 ж. қарай толықтай жүзеге асты.

ЖЭС-тың екі онжылдығы ішінде экономиканың жылдам өсуі Малайзияның әлеуметтік құрылымын өзгертті. Орта тап 20 %-дан 32,6 %-ға көбейді. Бұл ретте оның малайлықтардың арасындағы үлесі екі есеге өсті (13 %-дан 27 %-ға дейін). 1990 ж. қытайлықтардың 63 %-ы орта тапқа жатты. Бүкіл Малайзия халқының арасындағы жұмысшы табының үлесі болмашы ғана өсіп, халықтың тек 27,6 %-ын құрады. ЖЭС кезінде малайлықтардың арасындағы жұмысшылардың үлесі 5 %-ға көбейіп, соңында 23 %-ға жетті. Ал, оның қытайлықтардың арасындағы үлесі 8 %-ға қысқарып, нәтижесінде 34 %-ды құрады. Үндістер арасындағы плантация жұмысшыларының үлесі 19%-ға төмендеді. Малайлықтардың білім деңгейі біраз өсті. Ауылдық жерлерде тұратын малайлықтардың саны 65,2 %-дан 33,5 %-ға азайды.

5-кесте. Экономикалық көрсеткіштер

Атауы

ЖЭС жүргізілгенге дейін (1970 ж.)

ЖЭС жүргізілгеннен кейін (1990 ж.)

1970 ж. салыстырғандағы өзгерісі, %

1

ЖІӨ

 

$ 4 700 000 000

$ 87 000 000 000

 

+1 764 %

2

Жан басына шаққандағы ЖІӨ

$ 430

$ 4 800

+ 1 017 %

3

Мұнай өндіру көлемі, баррель/тәулік

18 000

606 000

 

+3 267 %

4

Мұнай экспортының көлемі, баррель/тәулік

-

364 000

 

5

Азаматтар саны

11 000 000

18 000 000

 

+67 %

6

Бір баррель мұнайдың бағасы

$ 1,80

$ 23,81

+1 223 %

7

Мұнай экспортынан түскен кіріс

-

$ 3 000 000 000

8

Әр азаматтың жылдық кірісі

-

$ 173

9

Жалпы сыртқы қарыз

$ 500 000 000

$ 15 300 000 000

+2 955 %

10

Дәлелденген мұнай қоры, млрд. баррель

2,95

 

2,95

 

11

Дәлелденген газ қоры, трлн. текше фут

52

 

52

 

12

Жұмыссыздық деңгейі

7,4 %

6 %

-19 %

6-кесте. Этникалық топтардың жалпы акционерлік қоғамдағы үлесі, %

Этникалық топ

1970 ж.

1990 ж.

Бумипутра

2,4 %

20,3 %

Малайлық жеке тұлғалар мен институттар

1,6 %

14,2 %

Трастілік агенттіктер

0,8 %

6,1 %

Малайлықтар емес

28,3 %

46,2 %

Қытайлықтар

27,2 %

45,2 %

Үндістер

1,1 %

1,0 %

Номиналдық компаниялар

6,0 %

8,5 %

Шетелдіктер

63,3 %

25,1 %

Біздің кейбір мырзалар меншікті бөлу кестесіне көз жүгірте отырып (6-кесте), Малайзияның басқарушы табының саясатын қате деп санайды. Яғни, этникалық малайлар меншіктің тек 20 %-ын иеленетіндіктен, экономикалық саясат малайлықтардың мүдделеріне сай жүргізіліп отырған жоқ деп есептейді. Бірақ, олар 1970 ж. елдің ЖІӨ-і $ 4,7 млрд. болғанда, оның тек 2 %-ы немесе $ 90 млн.-ы ғана малайлықтарға тиесілі болғанын көрмейді. 1990 ж. ЖІӨ $ 87 млрд. құрағанда, оның енді 20 %-ы немесе $17 млрд.-ы малайлықтарға тиесілі болды. Демек, этникалық малайлардың әл-ауқаты күрт жақсарғанын байқауға болады. Әрине, Малайзия үкіметі малайлықтарға көбірек үлесті беруі керек еді деуіміз мүмкін. Бірақ, бұл ретте малайлықтарға жетпеген үлесті басқалардан тартып алуға тура келетін еді. Ал, бұл жағдай бірден елдің өз ішінде азаматтық соғыстың болуына және көрші елдермен соғысына апаратын еді. Мұндай сауатсыз саясаттың нәтижесінде малайлықтар меншіктің 100 %-ын иеленуі әбден мүмкін. Бірақ, бұл 100 % сол $ 4,7 млрд.-ты құрайтын еді.

Малайлық көпшіліктің таңдаған дұрыс саясаты малайлықтардың $ 4,7 млрд. емес, $ 17 млрд. иеленуіне әкелді.

Тоқаш тесігінің 100 %-ы бар болғаны тоқаш тесігі ғана екендігін ұмытпау керек. Малайлықтар тоқаш тесігінің орнына бақуат әрі табысты түрде дамып жатқан кәсіпорынды таңдады. Басқа этникалық топтармен салыстырғанда, Малайлықтардың байлығы қарқынды түрде артты. Яғни, малайлықтардың жалпы меншіктегі үлесі 2 %-дан 20 %-ға немесе 10 есеге өсті. Бұл көрсеткіш ары қарай да өсуде. Қытайлар мен үндістердің үлесі 30 %-дан 46 %-ға дейін немесе тек 50 %-ға ғана көбейді. Мұндай қарқынмен малайлықтар жақын уақытта басқа этникалық топтарға қарағанда меншіктің көбірек бөлігін иеленетін болады. Сонымен, малайлықтар меншіктің басым бөлігіне өз құқықтарын нақты істері және атқарған еңбектерімен дәлелдей отырып, таза бәсекелестік күресте өз әл-ауқаттарын арттырып отыр. Тоқаш тесігінің 100 %-ын таңдаған елдер ақыр соңында өз елдерін күйретеді. Мұны көршілес елдерден, яғни, Тәжікстан мен Қырғызстаннан, сондай-ақ, Судан, Сомали, Ауғанстан елдерінен көруге болады.

Малайлықтар өз елінде меншіктің көп бөлігіне ие болмаса да, жалпы алғанда, едәуір байи түсті. Малайлықтардың меншіктегі үлесінің өсуі жақын уақытта меншіктің көп бөлігінің олардың қолына көшетінін көрсетеді.

Дана жол danajol
Dana Zhol: qazaq economic school «Қазақстанның экономикалық даму бағдарламасын» таныстыру мақсатында экономикалық семинар-тренингтер өткізеді. Осы күнге дейін орталық БАҚ, кәсіподақтар, бизнес ассоциация, университеттер мен маслихаттар және т.б. салалармен жұмыс істеп келді. vk.com/danazhol facebook.com/danazhol https://www.youtube.com/channel/UCxz8e1MUxjOmKNSq2RAYPfA
29 ноября 2012, 21:07
1374

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

В начале 2000-х годов в уральской популяции оставалось только 2500 сайгаков. Сейчас благодаря охране от браконьеров их численность выросла до 100 тысяч.
theYakov
17 июля 2017 / 17:55
  • 8741
  • 3
Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в этой стране таков, что если речь идет именно о свидании, то оплачивает его на 100% из 100 именно мужчина. Пытаться его расшатать - это достаточно дорогое удовольствие.
convoluted
17 июля 2017 / 15:32
Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Звоним риэлтору, говорим, верните наши 15 000 тг, так как ваша клиентка нас кинула. По его словам, он вернуть деньги больше не может. Не имеет право.
decorus
17 июля 2017 / 14:48
  • 3107
  • 15
Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

В Польше вообще очень много понятного и простого – инфраструктура, коммуникации и дороги прежде всего, льготы в образовании, поляки вообще получают его бесплатно. А урожай побольше нашего.
Shimanskaya
17 июля 2017 / 16:08
  • 3263
  • 37
«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

Некий блогер Сергей Никитский неустанно пишет о Казахстане, Астане, Экспо и посвящает два материала Алматы, причём подчёркнуто называет город Алма-Ата.
Langdon
19 июля 2017 / 15:44
  • 2986
  • 50
Один из способов выиграть суд против коллекторов

Один из способов выиграть суд против коллекторов

Сегодня в своем посте я постараюсь рассказать, как выиграть суд против некоторых коллекторских компании в нашей стране. Чем отличается коллекторское агенство от обычного банка?
Advokot
18 июля 2017 / 15:31
  • 2780
  • 9
«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

На этот раз пост очень важный и необходим к прочтению каждым! Не поленитесь и уделите время прочтению. Ни в коем случае, не разговаривайте с полицейскими до прихода вашего адвоката!
asselsabekova
18 июля 2017 / 14:19
  • 2849
  • 31
Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Автор утверждает, что программы МБА не дают никакого позитивного выхлопа, если ты уже не являешься владельцем или наследником прибыльного бизнеса. Знания МБА можно получить бесплатно, уверяет он.
Aks_Ras
19 июля 2017 / 16:28
  • 2304
  • 2
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
19 июля 2017 / 11:06
  • 2149
  • 18