место в рейтинге
  • 125334
  • 96
  • 21
Нравится блог?
Подписывайтесь!

МАЛАЙЗИЯ (2 бөлім)

Азия қаржы дағдарысын жеңу (1997-1998 жж.)

Азия қаржы дағдарысы – 1997 ж. шілде айында Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде орын алған экономикалық дағдарыс. Бұл дағдарыс 90-жылдары әлемдік экономиканы қатты күйзеліске ұшыратты. Дағдарыстың басты себебі – үлкен көлемде капитал ағынының келуіне, мемлекеттік және корпоративтік қарыздардың көбеюіне, экономиканың «қызып кетуіне» және жылжымайтын мүлік нарығындағы серпіліске әкелген «Азия жолбарыстары» экономикаларының аса шапшаң қарқынмен өсуі. Азия қаржы дағдарысы Таиландта басталды. Таиланд сыртқы қарызы өте үлкен мөлшерде болғандықтан, өз міндеттемелерін орындай алмады. 1997 ж. 30 маусымда Таиланд өкіметі бағамы американдық доллардың бағамына байланған жергілікті валютаны, яғни, батты девальвациялады. Нәтижесінде, баттың айырбас бағамы жартылай, ал, Таиландтың қор нарығы төрттен үш бөлікке төмендеді. Келесі айдың ішінде дағдарыс Индонезия, Малайзия және Оңтүстік Корея елдеріне тарады. Индонезия, Оңтүстік Корея мен Таиланд елдері дағдарыстан ең қатты зардап шекті. Дағдарыс Гонконг, Малайзия, Филиппиндер елдеріне де айтарлықтай  әсер етті. Қытай, Үндістан, Тайвань, Сингапур, Бруней және Вьетнам елдері дағдарыстан азырақ зиян шекті. Аталған экономикалардың барлығына 1997-1998 жж. ұлттық валюта бағамының түсуі, қор индекстерінің төмендеуі, инфляцияның өсуі, корпоративтік қарыз мөлшерінің артуы және корпорациялардың аты шулы банкроттықтары тән болды.

7-кесте. Экономикалық көрсеткіштер

Экономикалық көрсеткіштер

1996 ж.

1997 ж.

1998 ж.

1999 ж.

ЖІӨ

 

$172 млрд.

$188 млрд.

$176 млрд.

$190 млрд.

Сыртқы қарыз

 

$ 39 млрд.

$ 47 млрд.

$ 42 млрд.

$ 41 млрд.

ЖІӨ-нің пайызы (%) түрінде көрсетілген сыртқы қарыз

23 %

25 %

24 %

22 %

1997 ж. аяғына қарай валюта алыпсатарларының малайзиялық акцияларға шабуылы, шетелдік капиталдың кетуі және елдің сыртында ринггиттің жаппай сатылуы салдарынан МФ-ның экономикасы да дағдарысқа ұшырады. 1997 ж. шілде мен 1998 ж. қыркүйек айларының аралығында Куала-Лумпур қор биржасының жиынтық индексі 75 %-ға жуық, яғни, 1000-нан 262 пункт белгісіне дейін төмендеді. 1997 ж. аяғында елдің жетекші компаниялары мен фирмаларының акцияларының бағалары шамамен $ 200 млрд.-қа құлады. Ұлттық валюта ринггиттің бағамы екі есеге жуық, яғни, 1 долларға 2,5-нан 4,8-ге, кейіннен тіпті 5,1 ринггитке дейін төмендеді. 1997 ж. алғашқы үш тоқсаны ішінде елден $ 11 млрд. көлеміндегі капитал сыртқа кеткен. 1998 ж. бюджеттің шығыстар бөлігі 18 %-ға қысқартылды. Тұтыну импорты азайды, жалақы төлеу тоқтатылды, алтын-валюта сақтық қорларының құны түсті. Елдегі бағалар бірден шарықтап өсті, жұмыссыздар саны артты. Дүрлікпе сұраныс салдарынан дүкендер сөрелеріндегі бірінші қажеттіліктегі тауарлар тез сатылып кетті. Ондаған және жүздеген ұсақ және орта кәсіпорындар банкроттыққа ұшырады. Бастапқыда Малайзия да Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа елдері сияқты Халықаралық Валюта Қорының (ХВҚ) ұсыныстарының көмегімен дағдарыстан шығуға тырысты. ХВҚ-ның ұсыныстары: ұлттық валютаның құбылмалы бағамын енгізу; айырбас бағамын ырықтандыру; капиталмен операцияларға шектеулерді болдырмау; инфляциямен күресу және инвесторлардың сенімін арттыру үшін есептік мөлшерлемені көтеру; мемлекет тарапынан банктер мен проблемалық компанияларға өте аз көлемде көмек көрсетілу; шетелдіктердің меншік құқықтарын шектеудің күшін жою; мемлекеттік меншікті жекешелендіру; мемлекеттік субсидияларды қысқарту немесе мүлдем алып тастау.

Бірақ, Малайзия ХВҚ-мен ынтымақтастықтың кез келген түрлерінен бас тартып, өзінің дағдарыстан шығу жоспарын жүзеге асыруға кірісті. 1998 ж. қыркүйек айында қаржы дағдарысын жеңуге бағытталған іс-шаралар жоспары жарияланды.

Біріншіден, 1998 ж. 1-қыркүйегінен бастап тұрақты ресми айырбас бағамы бекітілді. Бұл бағамға сәйкес 1 доллар 3,8 малайзиялық ринггитке теңестірілді. Дағдарысқа дейін 1 доллар 2,5 малайзиялық ринггитке тең болатын. Бұл шара арқылы экспорттаушылар мен импорттаушылардың мүдделері ішінара теңдестіріліп, ішкі нарықтағы бағалар реттелді.

Екіншіден, ринггиттерді шетелге шығаруды реттеу бойынша қатаң шаралар енгізілді, шетелдік банктердегі ринггиттік шоттар жабылды немесе уақытша тоқтатылды. Малайзиялық ұлттық валютаның басқа елдерге, ең алдымен, пайыздық мөлшерлеме деңгейі жоғарырақ болған Сингапурге кетуі, сондай-ақ, ақшамен алыпсатарлық операциялар көлемі азайды. Бейрезиденттерге елге әкелген сома мөлшеріндегі ғана шетел валютасын әкетуге рұқсат берілді. Өздерінің шетел валютасындағы және ринггиттегі активтерін 1999 ж. 1-қаңтарына дейін елге қайтаруға келіскен малайзиялық азаматтар табыс салығын төлеуден және бұл активтердің қайдан пайда болғанын түсіндіруден босатылды. Малайзиялық банктерге шетелдік клиенттерінің талап етуі бойынша ринггиттерді басқа шоттарға аударуына тыйым салынды. Орталық банк шетелдік банктердің ринггиттік қорларын қатаң бақылап отырды. Бұл қаражаттар Малайзияның ішінде тауарлар сатып алуға және экспорттық операциялар бойынша төлемдер жүргізуге ғана пайдаланылды. Сөйтіп, өтімді қаражаттар толықтырылды, ал, банктер несиелеу көлемін ұлғайтуға мүмкіндік алды. Елдегі активтерді өткізуден түскен дивидендтер мен ақша қаражаттарын ресми бағам бойынша шетел валютасында алуға болатын болды.

Үшіншіден, бейрезиденттердің малайзиялық құнды қағаздармен жұмыс істеу құқығы шектелді, ал, оларды сатудан түскен пайданы тек бір жылдан кейін ғана таратуға рұқсат берілді. Басқаша айтқанда, ринггиттік активтерді сатудан алынған пайдалар мен дивидендтерді шетелге аударуға бір жылға дейін тыйым салынды. Қысқа мерзімді алыпсатарлық капитал мен қоржындық инвестициялар түсімдері қысқарды. Басқа елдерде жұмыс істейтін малайзиялық компаниялар үшін сыртқа капитал шығарудың қатаң жағдайлары белгіленді. Осындай қаулылардың арқасында ақша массасы 25 млрд. ринггитке өсті. Ал, бұл өз кезегінде қор нарығының жұмысын жандандырды.

Махатхир мен Даим қанаты қатпаған малайзиялық кәсіпкерлер табын сақтап қалу үшін, ХВҚ-ның ұсыныстарына қарамастан, банктік есептік мөлшерлемені төмендетті. Бірқатар фискалды борыштар жойылып, табыс салықтарының мөлшерлемелері төмендетілді. Даим премьердің мақұлдауымен жалақыны көтерді және соған сәйкес ішкі бағалардың өсуін қамтамасыз етті. Осындай шаралардың нәтижесінде бюджетке түсетін түсімдер жыл сайын 10 %-ға өсіп отырды.

Сонымен қатар, банк жүйесін сауықтыруға бағытталған бірқатар шаралар қабылданды. Үкімет дағдарысқа қарсы күресте іскерлік ортамен тығыз байланыста бірлесе әрекет етті. Мемлекет тарапынан жекеменшік банктерге ағымдағы қарыздарын өтеу үшін 11 млрд. ринггит берілді. Ал, қаржы капиталы өкілдері өз кезектерінде банк жүйесін қайта құруға келісті.

Нәтижесінде, барлығы 71 банк пен несие ұйымдарының 10 «зәкір» банк және 20 арнайы қаржы институты қайта құрылды. Сонымен қатар, «Central limit order book» (CLOB) сингапурлік қор нарығында малайзиялық акциялармен жартылай заңды қысқа мерзімді мәмілелер мен операциялар жүргізу тәжірибесін тоқтату қарастырылды. Өкімет ұлттық валютаның мұндай жолмен кетуін тоқтату үшін, тіркелудің жаңа жүйесін енгізді. Бұл жүйеге сәйкес, бұдан бұлай анонимдік мәмілелер болмайды. Иелері арқылы тіркелгенге дейін, CLOB сингапурлік қор нарығында сатып алынған акциялар сенімхат бойынша сатылмауы тиіс. Бұл шарт орындалмаған жағдайда, екі жүз мыңға жуық шот уақытша тоқтатылды. Мұндай шаралар Малайзияның қор биржасына оң ықпал етті. Оның акцияларының жиынтық индексі 262-ден 800 пункт белгісіне дейін көтерілді. Сонымен қатар, акциялардың нарықтық құны да өсті.

Дағдарысты басқару бойынша жаңа институттар құрылды. Олардың ең маңыздылары – «Данахарта», «Данамодал» және Корпоративтік қарыздарды қайта құрылымдау бойынша Комитет (CDRC). 1998 ж. шілде айында үкімет «Данахарта» сенімсіз қарыздарды басқару бойынша агенттігін құрды.  «Данахарта» банктердің борыштық ауыртпалығын жеңілдету үшін, мерзімі өткен борыштық міндеттемелерді сатып алуды мақсат етті. Ол банктердің бүкіл проблемалық қарыздарының жартысына жуығын сатып алды. Мұндай қарыздар нарықтық бағалар бойынша 20 %-ды құрады (шамамен номиналдық құнының 54 %-ы). 2000 ж. аяғына қарай «Данахарта» жалпы сомасы 47,5 млрд. ринггитті құрайтын борыштық міндеттемелерді сатып алды. 2005 ж. банктер агенттіктен бұл борыштарды қайтадан сатып алды. Үкімет қиын уақытта елдің қаржы институттарына осылай нақты көмек көрсетті. Салыстыру үшін айта кетейік, Таиланд үкіметі «Данахартаға» ұқсас құрылымды тек 2001 ж. құрған болатын. «Данамодал» агенттігі Малайзияның Орталық банкі жанынан ашылды. Оның мақсаты дағдарыстан зиян шеккен қаржы институттарына көмектесу болды. 1999 ж. орта шеніне қарай «Данамодал» проблемалық банктерге 7,5 млрд. ринггиттен аса ақшаны салу арқылы оларды банкроттықтан сақтап қалды. Бүгінгі күні бұл банктердің көпшілігі агенттік алдындағы борыштарын төлеп құтылды. CDRC қарызды қайта құрылымдау бойынша уағдаластыққа қол жеткізу мақсатында ірі бизнес өкілдерінің арасынан борышқорлар мен несиегерлердің форумы ретінде құрылды. Комитет отыздан аса ірі компанияның мәселелерін шешті.      Малайзия оказалась единственным из охваченных финансовым кризисом государств Восточной и Юго-Восточной Азии, которому удалось его преодолеть собственными силами. Елде әлеуметтік күйзеліс болған жоқ. Үкімет қолайлы инвестициялық ахуалды барынша қолдап отырды. Дұрыс саясаттың нәтижесінде, Малайзия дағдарысқа дейінгі даму деңгейіне жетті және тіпті одан да асып түсті. 1999 ж. екінші маусымында капиталды бақылау бойынша қабылданған уақытша іс-шаралардың әрекет етуі бірен-сарандап тоқтатыла бастады. Елде жоспарлы құрылыс жұмыстары қайта жаңғыртылып, экономика қайтадан қарқынды дами бастады. 1999 ж. аяғына қарай алтын-валюта сақтық қорлары $ 28,5 млрд.-ға, яғни, дағдарысқа дейінгі деңгейіне жетті. 2000 ж. Малайзия әлемде ЖІӨ-нің өсу қарқыны бойынша алдыңғы орындардың бірін иеленді (8,2 %).

8-кесте. Экономикалық көрсеткіштер

Атауы

1990 ж.

2010 ж.

1990 ж. жылмен салыстырғандағы өзгерісі, %

1

ЖІӨ

$ 87 000 000 000

$ 420 000 000 000

+381 %

2

Жан басына шаққандағы ЖІӨ

$ 4 770

$ 14 730

+209 %

3

Мұнай өндіру көлемі, баррель/тәулік

606 000

628 200

+4 %

4

Мұнай экспортының көлемі, баррель/тәулік

364 000

 

234 000

 

-36 %

5

Азаматтар саны

18 000 000

28 400 000

+56 %

6

Бір баррель мұнайдың бағасы, $/баррель

$ 23

 

$ 71

 

+199 %

7

Мұнай экспортынан түскен кіріс

$ 3 000 000 000

$ 6 000 000 000

+92 %

8

Әр азаматтың жылдық кірісі

$ 174

$ 214

+23 %

9

Жалпы сыртқы қарыз

$ 15 000 000 000

$ 81 400 000 000

+432 %

10

Дәлелденген мұнай қоры, млрд. баррель

2,95

4

 

+35 %

11

Дәлелденген газ қоры, трлн. текше фут

52

83

+60 %

12

Жұмыссыздық деңгейі

6 %

3,5 %

-42 %

Малайзияның тікелей шетелдік инвестицияларды (ТШИ) тарту тәжірибесі

Экспорт көлемі шетелдік капиталдың компанияның акционерлік капиталындағы рұқсат етілетін үлесін анықтаушы негізгі көрсеткіш болып табылды. Компания тауарларының экспорты көбірек болған сайын, шетелдік капиталдың қатысу үлесі де жоғарырақ болады. Мысалы, компанияның бүкіл тауарларының 80 %-дан астамы экспортталынса, онда шетелдік капиталға кәсіпорынның 100 %-ын  иеленуге рұқсат етілді. Сонымен, шетелдік компаниялар Малайзияда тек экспортқа бағдарланған өнеркәсіп салаларына ғана қатыса алды. Аталған шектеулер елге ТШИ ағынын молайту мақсатында тек 1998 ж. жойылды.

9-кесте. Өндірістік секторға күрделі қаржы салуды ынталандырушы негізгі іс-шаралар

Салық бастамалары

Салықтық жеңілдіктер

Пионерлік мәртебе

Жоғары технологиялық компанияларды, Индустриалды даму-нығайту Бағдарламасына (Industrial linkage scheme) кіретін компанияларды пайда салығынан 5 жылға босату, ары қарай табыс салығы – 30 %, Сабах, Саравак, Лабуан және түбектегі Шығыс Дәлізі үшін – 15 %.

Күрделі қаржы салымдары бойынша жеңілдікті салықтар

Компания жұмыс істей бастағаннан кейінгі 5 жыл ішінде салынған күрделі қаржы салымдарына салықты 60 %-ға, Сабах, Саравак, Лабуан және түбектегі Шығыс Дәлізі үшін 80 %-ғa төмендету. Жеңілдік компания құрылған жылы нормативті пайда 70 %-ды, сондай-ақ, Сабах, Саравак, Лабуан және түбектегі Шығыс Дәлізінде тіркелген компаниялар мен жоғары технологиялық компаниялары үшін 100 %-ды құрағанда есепке алынады. Барлық сома түгелдей пайдаланылып біткенге дейін, жеңілдіктің пайдаланылмаған бөлігі келесі кезеңдерге өтіп отырады.

Ғылыми-зерттеу және технологиялық-конструкторлық жұмыстармен (ҒЗТКЖ) және тренингтік қызметпен айналысатын компаниялардың жұмыс істей бастағаннан кейінгі 10 жыл ішінде салынған күрделі қаржыларына 100 %, ішкі ҒЗТКЖ-мен айналысатын компанияларға 50 % көлемінде жеңілдіктер ұсынылады. Жеңілдік компания құрылған жылы нормативті пайда 70 %-ды құрағанда есепке алынады. Барлық сома түгелдей пайдаланылып біткенге дейін, жеңілдіктің пайдаланылмаған бөлігі келесі кезеңдерге өтіп отырады.

Қайта инвестициялау бойынша жеңілдіктер

Салынған күрделі қаржы салымдарына салықты 60 %-ға қысқарту. Жеңілдік компания құрылған жылы нормативті пайда 70 %-ды, сондай-ақ, Сабах, Саравак, Лабуан және түбектегі Шығыс Дәлізінде тіркелген компаниялар мен жоғары технологиялық компаниялары үшін 100 %-ды құрағанда есепке алынады. Барлық сома түгелдей пайдаланылып біткенге дейін, жеңілдіктің пайдаланылмаған бөлігі келесі кезеңдерге өтіп отырады.

Қайта инвестициялау бойынша жеңілдіктің берілу мерзімі біткен соң, компаниялар күрделі қаржы салымдарының жеделдетілген амортизациясын қолдана алады. Бұл жағдайдағы 40 %-дық қалыпты мөлшерлеме және 20 %-дық қосымша мөлшерлеме күрделі қаржы салымдарын 3 жыл ішінде есептен шығарып тастауға  мүмкіндік береді.

Нарық талаптарына сәйкес өндірістің өзгеруіне берілетін жеңілдіктер

Қайта құру, қайта ұйымдастыру және сектор ішінде қосылу үшін, өндірістік кәсіпорындарға жеңілдіктер беріледі. Бұл жеңілдіктер өндірістің өз шығынын өзі өтеуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді, өндірістік технологияны жақсартады, өнімділікті арттырады және адам және басқа да ресурстарды тиімді пайдалануды  қамтамасыз етеді.

Индустриалды даму-нығайту Бағдарламасын (Industrial linkages scheme) дамытуға қажетті бастамалар:

  • Ірі компаниялар бастамалары
  • Жабдықтаушылар бастамалары
  • Қызметкерлердің біліктіліктерін көтеру мен тауар жасау бойынша шығындарға салынатын салықтан алынатын шегерімдер.
  • Күрделі қаржы салымдарына пионерлік мәртебе беру немесе жеңілдікті салықтар ұсыну, сондай-ақ, оларды бес жылға табыс салығынан 100 % түрінде босату.

Экспорт бастамалары

Экспортты алға жылжыту бойынша шығындар мен жүктерді тасымалдау құнына екі еселенген шегерімдер ұсыну, экспорттық несиелерді сақтандыру кезінде сыйлықақылар беру. Ұлғайтылған экспорт құны мен өнеркәсіптік ғимараттарға салықтық жеңілдіктер беру, экспорттық несиелерді қайта қаржыландыру сызбасын қарастыру.

Малайзиялық сауда белгілерін алға жылжыту бойынша бастамалар

  • Жергілікті жарнаманы орналастырумен байланысты шығындарға екі еселенген шегерімдер ұсыну.
  • Малайзиялық фирма белгілерін алға жылжытып отырған компанияларға кәсіби сыйақылар беру.

Оқыту мен дамыту бойынша бастамалар

  • Жұмысқа кіргенге дейінгі оқыту
  • Қайта аттестациялау бойынша шығындарға екі еселенген шегерімдер ұсыну
  • Адам ресурстарын дамыту бойынша Қор
  • Кәсіпорын құрылғанға дейінгі оқыту және дамыту бойынша шығындарды салықтардан бір реттік босату.
  • Қызметкерлерді сертификатталған тренингтік ұйымдарда біліктілігін көтеру бойынша оқыту шығындарына екі еселенген шегерімдер ұсыну.

Инфрақұрылымды дамытуға демеуқаржылар бөлу

Өндірістік секторда немесе Шығыс Малайзиядағы қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін компанияларға инфрақұрылымды дамыту бойынша шығындарына 100 % дотация беріледі. Жеңілдік компания құрылған жылы нормативті пайда 70 %-ды құрағанда есепке алынады. Барлық сома түгелдей пайдаланылып біткенге дейін, жеңілдіктің пайдаланылмаған бөлігі келесі кезеңдерге өтіп отырады.

 

ҒЗТКЖ бастамалары

10 жыл бойы 100 % жұмсалған күрделі қаржы шығындарына салынған күрделі қаржы салымдарына табыс салығынан 5 жылға босата отырып, пионерлік мәртебе беру немесе нөлдік мөлшерлеме бойынша салық ұсыну. Жеңілдік компания құрылған жылы нормативті пайда 70 %-ды құрағанда есепке алынады.

 

10-кесте. Малайзияға ТШИ-лардың жалпы ағыны, 1970-2010 жж.

Жылдар

1970 ж.

1990 ж.

2010 ж.

Тікелей шетелдік инвестициялар

$ 94 000 000

$ 2 611 000 000

$ 9 102 000 000

1970 ж. жалпы тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) көлемі $ 94 млн., 1990 ж. $ 2,6 млрд., ал, 2010 ж. $ 9,1 млрд. құрады. (10-кесте). ТШИ Малайзияның әлеуметтік-саяси міндеттерін жүзеге асыруда және оның өнеркәсібін дамытуда үлкен рөл атқарды. 1985 ж. жаңа, ашық инвестициялық режим енгізілгеннен кейін, шетелдік кәсіпорындардың жалпы өнеркәсіптік өндіріс көлеміне салымдары 1986 ж. 33,4 %-дан 1999 ж. 44,2 %-ға өсті. Ал, дәл осы уақыт аралығында шетелдік кәсіпорындарда жұмыс істейтіндер 30,3 %-дан 38,1 %-ға артты. Өндірістік сектордың жылдам қарқынмен дамуының нәтижесінде, осыған дейін жұмыс күші артық болып келген Малайзия кадр жетіспеушілігіне ұшырады. Кадр жетіспеушілігі салдарынан, жалақының орташа деңгейі біраз өсті.

2000 ж. шетелдік кәсіпорындардың бүкіл ҒЗТКЖ-ға салынған жеке инвестициялардағы үлесі 65 %-ды құрады. Бұл көрсеткіш аталған бап бойынша мемлекеттік шығындар мөлшеріне теңесті. 2000 ж. Малайзияда ҒЗТКЖ-ға кеткен шығындар ЖІӨ-нің шамамен 0,5 %-ын құрады.

Аграрлық сектор

Малайзия экономикасына аграрлық сипаттағы күрделі мәселелер тән болды. Плантациялар, негізінен, шетелдіктердің меншігінде, ал ұсақ тауарлы өндірушілер көптеген бытыраңқы, жері аз шаруа қожалықтары түрінде болды.

Үкімет шаруаларды Малакка түбегінің әр түрлі аудандарындағы  арнайы салынған ауылдарға қоныс аудару жөніндегі бағдарламалар жасады.  Қоныс аударушыларға бұл аймақтарда егілетін дақыл түрлеріне сәйкес,  жер телімдері, несиелер және қажетті құрал-жабдықтар берілді. Мемлекеттік ұйымдардың 70-80-жылдары жүргізген шаруаларды көшіру саясаты табысты болды. Мысалы, ФЛДА (Federal Land Development Authorities) жалпы аумағы 4,5 мың акрды құрайтын жерге шаруаларды көшірді. Жаңадан көшіп келген адамдарға сегізден он акрға дейінгі жер телімдері, тұқымдар мен көшеттер, сондай-ақ, алғашқы егін түсіміне дейінгі шығындарын төлеу үшін, ақша қаражаттары берілді.  Несие плантациялық дақылдардың алғашқы түсімінен кейінгі 10-15 жылдың ішінде төленуі тиіс болды.

Мемлекет шаруаларды несиемен қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық жинақ банкі, Федералдық жер банкі сияқты арнайы қаржы институттарын құрды.

1984 ж. «Бірінші ұлттық аграрлық саясат» (1984-1991) жарияланды.

Мақсаттары:

  • Ұсақ шаруа қожалықтарының тауарлылығын көтеру;
  • Ауыл шаруашылығы өндірісін қарқындандыру және жаңғырту. Ауыл шаруашылығы өндірісін қарқындандыру бағдарламасында ұсақ шаруа және фермер қожалықтарын жаңғырту, жер өңдеудің озық әдістерін қолдану, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортқа бағдарлану деңгейін өсіру және коммерциялық қызметті кеңейту қарастырылды.
  • Қоныс аудару саясатын шаруаларға тиімді шарттар бойынша жүргізу.

Нәтижелері:

Шаруаларға жер бөліп беру мен арзан несиелер ұсыну, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту бойынша іс-шаралар қысқа уақыттың ішінде ауылдарда экспортқа тауар шығаратын орта тауар шаруашылықтарының қалыптасуына әкелді. Сонымен қатар, жер үлестерінің шамадан тыс ұсақталуының алдын алу үшін, 0,4 гектарға дейінгі жерді ұжымдық иеленуге және ол бойынша меншік құқығын беруге тыйым салынды. Бір жағынан, мемлекеттік аграрлық ұйымдар ұсақ және өте ұсақ жер телімдерін қосу арқылы жер иеліктерін үлкейтуге де көңіл аударды. Мұндай аграрлық саясаттың нәтижесінде, ауылдардағы кедейшілік деңгейі 1970 ж. 58,7 %-дан 1990 ж. 21,8 %-ға дейін төмендеді.

1990-жылдардың басында «Екінші ұлттық аграрлық саясат» (1992-1997)» бекітілді. Бұл бағдарлама 1993 ж. бастап жүзеге асырыла бастады.

Мақсаттары:

  • Ауыл шаруашылығы кірістілігін ішкі ресурстарының есебінен барынша көбейту;
  • Аграрлық өндіріс пен өңдеу өндірісінің арасында тығыз байланыс орнату;
  • Ауыл шаруашылығы өнімдері нарығын реформалау;
  • Агротехнологияның жетістіктерін пайдалана отырып, негізгі дақылдардың шығымдылығын арттыру.

Нәтижелері:

Аталған аграрлық саясатты жүзеге асыру кезінде жаңа жерлерді шаруашылық айналымға біртіндеп тарту одан әрі жалғастырылды. Соңғы онжылдықтар ішінде әртүрлі мемлекеттік агенттіктер Диқандық каучукты өңдеуді ұйымдастыру мекемесі, Жерді қалпына келтіру мен оның құнарлылығын арттыру федералдық қызметі, т.б. ұйымдардың бірқатар бағдарламаларының негізінде жеке компаниялармен бірге түбектегі, Саравак пен Сабахтағы жаңа жерлерді игеру мен мелиорациялау жұмыстарын қарқынды түрде жүргізді. Нәтижесінде, шаруашылық айналымға 800 мың гектар жер енгізіліп, 120 мың гектар жердің құнарлылығы қалпына келтірілді.

«Үшінші ұлттық аграрлық саясат» (1998-2010). Бұл құжатта 2010 ж. қарай Малайзияны әлемдік нарыққа ірі азық-түлік жеткізушіге айналдыру көзделді. Аграрлық секторды одан әрі жаңғырту және оның өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін, 10 млрд. рингг. бөлінді. Сонымен қатар, тауарлы шаруашылықтар мен ішкі және сыртқы нарықтар, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу кәсіпорындарының арасында коммерциялық қатынастар орнату арқылы ауыл шаруашылығын коммерциялауды жалғастыру қарастырылды. Малайзияның қайта қаралған стандарттар Кодексіне сәйкес, жаңа сапа нормалары енгізілді. Сонымен қоса, тауарларды Құранға сәйкес арнайы сертификаттау кеңінен қолданыла бастады.

Ұлттық экономиканың табысты дамуының арқасында инфрақұрылым да жетіле түсті. Бұл бірте-бірте көптеген ауылдық аймақтарда жағдайдың жақсаруына, көп жағдайларда шаруалардың кірістерінің қала тұрғындарының жалақыларымен теңесуіне әкелді. Ауыл халқы дамыған жол жүру жүйесі, халықты қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз ету және қазіргі заманғы телекоммуникациялық құралдарды қолжетімді ету сияқты тұрмыс жағдайлары бойынша қала халқының деңгейіне жақындады. Нәтижесінде, ауылдардағы кедейшілік деңгейі төмендеді.

11-кесте. Ауыл шаруашылығы тауарларының өндіріс көлемі

Атауы

1975 ж.

1990 ж.

2010 ж.

1

Күріш, тонна

1 200 000

 

1 138 000

1 200 000

2

Көкөністер, тонна

370 400

566 469

2 739 179

3

Жұмыртқа (1000 дана)

-

4 829 000

17 083 841

4

Балық, тонна

743 700

1 003 702

2 940 869

5

Жемістер, тонна

 

716 366

2 446 151

6

Сүт (1000 л.)

 

26,02

183,533

7

Табиғи каучук, тонна

1 459 300

1 291 000

939 200

8

Стандартты малайзиялық каучук (SMR), тонна

308 071

800 739

872 183

9

Каучук жапырақтары, тонна

2 814

7 042

3 806

10

Пальма майы, тонна

1 257 600

6 094 600

16 993 700

11

Кокос жаңғағының дәндері, тонна

232 800

1 844 700

4 292 000

12

Пальма дәнінің майы, тонна

108 300

827 200

2 014 900

 

Ауыл шаруашылығында жаңа бағыттар пайда болды. Өсімдік шаруашылығында фармацевтикалық және косметикалық өнеркәсіптердің шикізаты болып табылатын дақылдар өсіріле бастады. Ал, мал шаруашылығында ет өнімдерін қайта өңдеу жүзеге асырыла бастады.  Осындай және басқа да жаңартулардың нәтижесінде, аграрлық сектор түпкілікті қайта құрылып,  ақыр соңында аграрлық-өнеркәсіптік секторға айналды.

Малайзияның малайлықтардың әл-ауқатын арттыру саясаты оның ауылды көтеру бойынша тәжірибесімен тікелей байланыста болды. Малайзияда ауылдық аймақтарды дамыту министрлігі құрылды. Бұл министрлік ауылдарда әлеуметтік, экономикалық және гуманитарлық реформаларды жүзеге асырумен, тиісті инфрақұрылым (ауруханалар, мешіттер, жолдар, сумен жабдықтау, электрмен қамсыздандыру, компьютерлендіру, т.б.) құрумен айналысады. Сонымен қатар, бұл министрлік ауылдарда білім беру реформаларын іске асырады. Ал, Малайзияның білім министрлігі аталған реформаларды тек теориялық тұрғыдан әзірлейді. Малайзияның ауылдарында министрліктің қатысуымен мектептер мен кәсіптік-техникалық училищелер жүйесі құрылды. Сонымен қатар, осы министрліктің бастамасымен Куала-Лумпурда ауыл халқы білім алатын мамандандырылған институт ашылды. Бұл министрлік адамдарды ауыл шаруашылығына жарамсыз жерлерден көшірумен де айналысады. Бұл ретте министрлік плантацияларды алдын ала дайындап алып барып, пайдалануға береді, ауылда инфрақұрылым құрады, сондай-ақ, бастапқы кезеңде оларға қаржылай қолдау көрсетеді. Мұндай шаралар біршама қаражаттың жұмсалуын талап етеді. Десе де,  қазіргі таңда ауыл мәселесі тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағыдай қорқыныш тудырмайды.

Малайзияда 2000 ж. енгізілген «Бір ауыл – бір өндіріс» бағдарламасының ауыл мәселесін шешуде маңызы өте зор болды.  Бұл бағдарлама Жапония үлгісінің негізінде жасалып, ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуы мен ауқаттылық деңгейін көтеруге бағытталды. Ауылдық аймақ немесе жеке ауыл өндірістік, климаттық, ресурстық және географиялық ерекшеліктеріне сәйкес белгілі бір тауарды өндіруі тиіс. Бұл ретте бұл тауар сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті болуы керек, сондай-ақ, жекелеген жағдайларда экспортқа шығарылуы керек. Мемлекет осы мақсаттарды іске асыру үшін, тек өнеркәсіптік аймақтарда ғана емес, тіпті ауылдық аймақтарда да қайта өңдеу кәсіпорындарын құруды ынталандырады. Бұл шара арқылы мемлекет ауыл мен жеке өнеркәсіп арасында өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға тырысады. Өндірілетін тауар ауыл шаруашылығы өнімі түрінде ғана емес, сондай-ақ, туристік қызмет түрінде де болуы мүмкін. Елдің жергілікті және шетелдік туристер келетін дәстүрлі аймақтарында орналасқан көптеген ауылдар туристік қызмет саласына тартылған.

Үкіметтің кедейшілікті жоюға бағытталған ұзақмерзімді бағдарламасы ауылдағы өмір сүру деңгейін көтеру арқылы жүзеге асты. Малайзияның ұлттық статистикалық агенттіктерінің мәліметтеріне сәйкес, кедейшілік деңгейі 1957 ж. 60 %-дан аса болатын. Ал, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 4 %-ды құрайды. Үкімет мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін, ауыл халқын өндірістік секторға тарту, урбандалуды жеделдету, білім беру мен денсаулық сақтау қызметтеріне қолжетімділікті арттыру, т.б. сияқты бірқатар іс-шаралар атқарды.

 
Дана жол danajol
Dana Zhol: qazaq economic school «Қазақстанның экономикалық даму бағдарламасын» таныстыру мақсатында экономикалық семинар-тренингтер өткізеді. Осы күнге дейін орталық БАҚ, кәсіподақтар, бизнес ассоциация, университеттер мен маслихаттар және т.б. салалармен жұмыс істеп келді. vk.com/danazhol facebook.com/danazhol https://www.youtube.com/channel/UCxz8e1MUxjOmKNSq2RAYPfA
29 ноября 2012, 21:05
1532

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Я аллергик с детства. Имею аллергию на пыльцу березы, липы, полыни (выяснил это благодаря кожным пробам), а также пищевую аллергию на горчицу. Свои проблемы знаю, однако это меня не спасло.
Romeo_17
15 авг. 2017 / 17:21
  • 38587
  • 63
СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

Инцидент с пьяным киргизским гостем на борту Air Astana, наверное, остался бы только во внутренних сводках авиакомпании, если бы г-н Доган, не поднял громкий крик о государственном языке.
openqazaqstan
17 авг. 2017 / 14:43
Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Известный политолог России Андрей Карпов предложил сделать Алматы центром секс-туризма. Но для этого сперва нужно легализовать проституцию в стране.
tala03
13 авг. 2017 / 14:48
Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Националисты стали совсем другими. По-английски хорошо говорят, русскую классику цитируют. Очень современные, образованные, адекватные. А после Крыма в националисты уже чуть ли не любой казах готов был записаться.
Aidan_Karibzhanov
16 авг. 2017 / 16:52
«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

Из множества грустных откровений постепенно сложился перечень самых распространённых уловок охотников за нашими деньгами. В нём ожидаемо лидировали профессиональные попрошайки.
caravan_kz
16 авг. 2017 / 15:05
  • 1897
  • 2
В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

Общая площадь парка составляет 25 гектаров. На территории предусмотрено устройство прогулочных дорожек, площадок для установки аттракционов и павильонов различного назначения, цветников.
zhasakmola
17 авг. 2017 / 17:13
  • 1715
  • 1
Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Многие способные выпускники без Алтын Белги готовились к тестированию, чтобы в честной борьбе попытать счастья на гранты без ущемления со стороны якобы "золотых" выпускников.
DanaJarlygapova
14 авг. 2017 / 14:35
Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Президент Назарбаев наконец-то разъяснил для всех, кто ещё не понял, очевидный вопрос, который всем в Казахстане очевиден. Елбасы повторил: на латиницу мы переводим казахский язык, и это не означает отказ от русского языка.
openqazaqstan
вчера / 16:23
  • 1503
  • 35
На EXPO через Балхаш и Боровое своим ходом

На EXPO через Балхаш и Боровое своим ходом

Мы объехали по кругу озеро Иссык-Куль, о чем повествует предыдущий пост, и вернувшись из поездки подумали, а почему бы нам не рвануть на наше озеро, не менее прекрасное?
yelenasergiyenko
13 авг. 2017 / 13:13
  • 1420
  • 6