место в рейтинге
  • 120809
  • 96
  • 20
Нравится блог?
Подписывайтесь!

МАЛАЙЗИЯ (3 бөлім)

Қазақстан

12-кесте. Ауыл шаруашылығы тауарларының өндіріс көлемі

Атауы

1990 ж.

2010 ж.

1

Жұмыртқа (1000 дана)

4 200 000

3 720 300

2

Сүт, мың тонна

5 600

5 381

Өнеркәсіп

Малайзия үкіметі өнеркәсіпті дамытуда шетелдік капиталды тарту мен жеке секторды ынталандыруға үлкен мән береді.

13-кесте. Малайзиядағы Индустрияландыру стратегияларын жүзеге асыру кезеңдері (1957-1990 жж.)

Кезеңдер

Индустрияландыру стратегиясы

Индустриалды саясат

Өнеркәсіптік өндіріске көңіл аудару

1

Импортты алмастыратын индустрияландыру    (1957-1970 жж.)

  • Pioneer Industrial Ordinance, 1958

-          Қарапайым тұтыну тауарлары

-          Ішкі нарыққа бағдарлану

2

Экспортқа бағытталған индустрияландыру     (1970-1980 жж.)

  • Инвестицияларды ынталандыру туралы Акт, 1968
  • Өнеркәсіпті үйлестіру туралы Заң, 1975

-          Экспортқа бағдарлану

-          Еңбекті көп қажетсінетін өндіріс

-          Еркін сауда аймақтары (ЕСА)

-          Электроника және тоқыма тауарларын экспортқа шығару

3

Импортты алмастырудың екінші кезеңі                   (1980-1985 жж.)

  • Heavy Industries policy

-          Ауыр өнеркәсіптің кейбір салалары бойынша ішкі нарыққа бағдарлану

-          Ұзақ қолданылатын тұтыну тауарлары, жартылай фабрикаттар және өндіріс құрал-жабдықтары

4

Экспортқа бағытталу    (1980-1990 жж.)

  • Industrial Master Plan 1986
  • Инвестицияларды ынталандыру туралы Заң, 1986

-          Экспорттың кеңеюіне жағдай жасау

-          Ресурсқа бағытталған өнеркәсіп

-          Капиталды көп қажетсінетін өндіріс

Елдің басшылығы 1957 ж. тәуелсіздігін алғаннан кейін, бірден  ұлттық өндіріс мәселесіне көңіл бөліп, 60-жылдары импортты алмастыру саясатын жүргізді. Импортты алмастыру деп тұтыну мақсатындағы импортталатын өнеркәсіптік тауарларды отандық тауарлармен алмастыруды айтамыз. Мұндай стратегия, әдетте, кейбір маңызды тауарлар импортына кедендік кедергілер немесе квота қою арқылы дәл осы тауарлардың жергілікті өнеркәсібін дамыту мақсатында жүзеге асырылады. Бастапқыда өндіріс шығындары осыған дейін импортталынып келген тауарлар бағаларына қарағанда жоғарырақ болады. Импортты алмастырушы өнеркәсіптік өндірістерді ұйымдастырудың экономикалық мәні уақыты жеткенде ірі өндіріс пен төмен шығындарға қол жеткізу немесе импортталатын тұтыну тауарларының түрлерін азайту арқылы төлем балансын жақсарту болып табылады.

Малайзияның импортты алмастыру үлгісі өзіне тән ерекшеліктермен жүзеге асырылды. Яғни, мұнда еңбекті және ресурстарды көп қажет ететін кәсіпорындар құрылды. Импортты алмастыру қарапайым тұтыну тауарларының өндірісін дамыту құралы болды. Мұндай тауарлар ішкі нарықты қамтамасыз етуге бағытталды. Импортты алмастыру саясатының негізгі құралдарына жоғары импорттық баж салықтары мен жаңа өнеркәсіп салаларын мемлекет тарапынан қолдау жатты. Үкімет ауыл шаруашылығы саласында халықтың басты азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуіне және ұсақ фермерлік қожалықтардың жаңғыртылуына үлкен мән берді. 1970-жылдардың басында Малайзия өндіріс процесі біртіндеп қиындатылған экспортқа бағдарланған салаларды дамытуға көше бастады. Экспортқа бағдарланған саясатты іске асыру мақсатында инвесторлар мен экспорттаушылар үшін жеңілдіктер жүйесі әзірленіп, еркін сауда аймақтары құрылды. Тоқыма өнеркәсібі мен электроника тауарларының экспортына үлкен көңіл бөлінді. Дәл осы уақыттан бастап Малайзияның экономикасы жылдам қарқынмен өсе бастады. 1971-1980 жылдар аралығында Малайзияның ЖІӨ-нің орташа жылдық өсу қарқыны 8 %-ды құрады. 1984 ж. қарай тұрмыстық электроника экспорты бүкіл экспорттық түсімдердің 32 %-ын ($ 12,2 млрд.) берді. Тұрмыстық электроника тауарларының өндірісі жылына 69 %-ға, ал, тоқыма тауарларының өндірісі  26 %-ға өсіп отырды.  1990 ж. таман бұл екі өндіріс түрі дайын өнімдерді экспорттаудан түсетін түсімдердің 2/3 бөлігін құрады. Жалпы алғанда, дайын тауарлар өндірісі жылына 10,3 %-ға көбейіп отырды. Әлемдегі тұрмыстық электроника тауарларының әрбір төртіншісі (компьютер, теледидар, т.б.) Малайзияда шығарылды.

Күрделі өнеркәсіптік тауарлар өндірісі ең жаңа құрал-жабдықтардың қолданылуын, озық технологиялар мен ноу-хаудың енгізілуін талап етті және мемлекеттік сектордың, шетелдік немесе жергілікті қытайлық капиталдың қолдауымен жүзеге асырылды.  Сәйкесінше, қазіргі заманғы инфрақұрылым мен арзан жұмыс күші қажет болды. А. Разак, Х. Онн және Махатхир әкімшіліктері мұндай жағдайларды жасай алды.

Кәсіпорындардың көпшілігін шетелдік компаниялар құрды. Оларды жергілікті жұмыс күшінің арзандығы қызықтырды. Мемлекет экспортқа бағытталған кәсіпорындарды құру жоспарларын жүзеге асыруға белсене қатысты. Нәтижесінде, экономикалық өсу локомотивіне айналған, экспортқа бағдарланған өндіріс үлгісі қалыптасты. Алайда, сырттан келетін инвестициялар ағынына, технологияларға және қосалқы бөлшектерге тәуелділік арта түсті. Электротехникалық және электронды өнеркәсіп пайда болғанда, кәсіпорындардың 80-85 %-ы сырттан әкелінетін құрамдас бөлшектерге тәуелді болды. Жаңа салаларды қаржыландыру мәселесі капиталы, технологиясы және озық менеджменті бар трансұлттық корпорацияларды (ТҰК) тарту арқылы шешілді. ТҰК-лардың көмегімен бәсекеге қабілетті тауарлар шығаратын, қазіргі заманғы кәсіпорындар құрылды. Сонымен қатар, ТҰҚ бұл кәсіпорындарға әлемдік нарыққа шығуға және тауарларын өткізуге көмектесті. Малайзияда жұмыс істей бастаған алғашқы ТҰҚ-лардың бірі «Siemens group» болды. Ол 1972 ж. Малайзияда өз кәсіпорнын ашты. «Siemens group» Малайзияның телекоммуникация, энергетика, мұнай-газ өнеркәсібі, көлік, автокөлік жасау, сумен жабдықтау салаларында, сондай-ақ, толық өндірістік циклдегі көптеген кәсіпорындарда  жұмыс істейді. Үш онжылдықтан астам уақыт ішінде бұл ТҰҚ Малайзия экономикасына $ 5 млрд. аса инвестиция салды. 2005 ж. оның кәсіпорындарында 3700 басқарушы мен қызметкер жұмыс істеді. «Siemens» Малайзияның Азия-Тынық мұхиты аймағындағы экономикалық қатынастарының перспективаларын бағалай отырып, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Тынық мұхиты елдері үшін Телекоммуникациялық қызметтер орталығын, Аймақтық мұнай-газ бизнес-орталығын, Азия-Тынық мұхиты тұрақты байланыс орталығын, т.б. құрды.  Тағы бір мысал ретінде 1973 ж. құрылған «Infineon technologies Malaysia» компаниясын келтіруге болады. Бұл компанияның 1973 пен 2005 жылдар аралығындағы жалпы инвестицияларының сомасы  4 млрд. ринг. ($ 1=3,8 рингг.) асты. Бұл ТҰҚ-ның Малаккадағы кәсіпорны 2005 ж. қарай оның әлемнің түрлі елдерінде шығарылатын бүкіл тауарларының үштен бір бөлігін шығарды және бұл кәсіпорында 5800 малайзиялық жұмыс істеді. Бұл кәсіпорында автокөлік өнеркәсібі үшін жартылай өткізгіштер, бақылау және энергетикалық жүйелер, ұялы телефондар, серверлер, компьютерлер, сандық және мультимедиялық аппаратура, әмбебап мобильдік телекоммуникациялық жүйелер, т.б. өндіріледі. 2005 ж. «Infifneon technologies» әлемдік жартылай өткізгіштер өндірісіндегі жаңартпалардың көшбасшысы ретінде танымал болды. Оның табыстарының құпиясы жаңа технологияларды әзірлеу мен қолдануда, жоғары білікті мамандарды дайындау мен қайта дайындауда болып табылады. Компания Малаккада кәсіпорында жұмыс істейтін қызметкерлерге арналған академия ашты. Сонымен қатар, «Infineon technologies» компаниясы Кулимде (Кедах штаты) жартылай өткізгіштер шығаратын кәсіпорын құрды. Бұл кәсіпорынның бүкіл ақпараттық-технологиялық инфрақұрылымын «Siemens» компаниясы жасап берді. 1980-1986 жж. аралығында Малайзияда ауыр өнеркәсіп салаларында импортты алмастыру саясаты жүргізілді. Махатхир сауда және өнеркәсіп министрі болып тұрғанда негізі қаланған HICOM мемлекеттік корпорациясы (Heavy Industry Corporation of Malaysia) жапондық және оңтүстік кореялық өнеркәсіп гиганттарымен бірге бірқатар ірі зауыттарды, соның ішінде, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауымдастығының жобасы – ауқымды химиялық тыңайтқыштар фабрикасын және Мицубисимен бірлесе отырып, «Протон ұлттық автокөлік» өндірісі бойынша ірі зауытты салуға кірісті. Құрылыс жұмыстары мемлекет тарапынан көп мөлшерде субсидиялардың берілуі, тарифтік протекционизм саясатының өткізілуі және Жапониядан ірі қарыздар алу арқылы жүргізілді.

14-кесте. Өнеркәсіп тауарларының өндіріс көлемі

Атауы

1975 ж.

1990 ж.

2010 ж.

1

Автокөліктер

50 000

200 000

567 715

2

Пневматикалық шиналар

3 367 000

6 794 000

14 699 000

3

Камералар

4 756 000

12 224 000

15 406 000

4

Латекстер

141 152

255 947

74 913

5

Резеңке қолғаптар

138 595 000

1 793 741 000

26 257 329 000

6

Катетерлер

7 809 689

50 623 376

129 480 324

7

Резеңке қоспалар, тонна

8 375

19 437

129 983

8

Резеңке таспалар, тонна

2 962

3 785

3 592

9

Шикі мұнай, баррель/тәулік

18 000

606 000

628 200

10

Сұйытылған табиғи газ, млрд. текше м.

-

19,6

27

11

Телефондар мен телеграфтық кабельдер, тонна

5 881

10 757

4 459

12

Ажыратылған өткізгіш сымдар мен кабельдер, тонна

12 574

33 623

61 046

13

Жартылай өткізгіштер

1 015 000 000

2 565 000 000

17 997 000 000

14

Транзисторлар

386 000 000

5 956 000 000

34 184 000 000

15

Интегралды сызбалар

417 000 000

6 084 000 000

38 007 000 000

16

Теледидарлар

107 445

3 238 243

13 163 257

17

Радиоқабылдағыштар

1 393 000

37 019 000

57 350 000

18

Тұрмыстық кондиционерлер

111 631

981 245

2 593 647

19

Резисторлар

-

35 989 671 000

78 223 338 000

20

Баспа платалары

-

186 214 000

641 975 000

21

Дауыс зорайтқыштар

-

24 934 000

27 396 000

22

Светодиодтар

-

4 935 234 000

56 748 310 000

 

Экспортқа бағытталған өндірісті дамыту үшін сыртқы сауданы ырықтандыру қажет болды. Бұл ретте Малайзия  Сингапурдың тәжірибесіне сүйенді. Осыған орай, Малайзия 1971 ж. экспортты-өндірістік аймақтар (ЭӨА) құру туралы Заң қабылданды. Бұл Заңға сәйкес, экспорттық тауарлар өндіретін компанияларға жеңілдіктер берілді. 1990 ж. қабылданған Еркін аймақтар туралы жаңа Заң (Free Zones Act) ЭӨА-тардың ары қарай өркендеуіне жол ашты. Малайзияның Кеден кодексіне сәйкес, еркін аймақтар деп елдің негізгі заңдарының шеңберінен тыс жатқан аумақтарды айтамыз. Еркін аймақтарға сырттан тауарлар (рұқсат етілмеген тауарларды қоспағанда) әкелуге, сондай-ақ, оларды қайта өңдеп, экспорттауға болады. Бұл аймақтар экспорттау кезінде кедендік баждардан, акциздік алымдардан, сату және қызмет көрсету салықтарынан босатылады. Аймақтардың қызметі акциялар туралы және инвестицияларды ынталандыру туралы Заңдармен реттеледі. Мұндай аумақтарда құрылған кәсіпорындар көбінесе импорттық шикізаттар мен құрамдас бөлшектерді пайдаланады. Кейде кәсіпорындардың әкімшіліктеріне бүкіл өндірілетін тауарлардың 20 %-ын ішкі нарыққа жеткізу тапсырылып отырды. 2004 ж. Малайзияда 25 еркін экономикалық аймақ құрылды. Соның ішінде 14 қосымша сауда аймағында тауарлар топтамасын бөлу, бөлшектеу, сұрыптау, қайта буып-түю және таңбалау операциялары жүзеге асырылады. Мұндай операциялар Малайзияда ақырындап дамып келе жатқан кері экспорттық сауда үшін қажет. 14 ЕӨА-та мамандандырылған өнеркәсіптік кәсіпорындар құрылды. Бұл жүйе Малайзияның экспортқа бағдарланған экономикалық даму үлгісінің маңызды бөлігі болып табылады.

Мұнай өнеркәсібі

Малайзия Федерациясында мұнай ресурстарын игерудің көп бөлігі трансұлттық компаниялар арқылы жүзеге асты. 1975 ж. дейін бүкіл мұнай өндірісі ағылшын-голландтық «Royal Dutch Shell» концернінің қолында болды. Концерннің «Sarawak Shell Bhd.» және «Sabah Shell petroleum Company» еншілес компанияларына Федерацияда өндірілетін мұнайдың 80 %-ы мен 20 %-ы сәйкес келді. 1975 ж. бастап «Exxon» ірі американдық мұнай монополиясы мұнайды өнеркәсіптік тұрғыдан пайдалана бастады. 1980 ж. таман бұл монополияның Малайзияның жалпы мұнай өндірісі көлеміндегі үлесі 43 %-ға жетті.

1974 ж. Малайзияда «Petroliam Nasional» - «Petronas» мемлекеттік мұнай корпорациясы құрылды. Оған мұнай мен газды барлау, өндіру, қайта өңдеу және сату бойынша монополиялық құқық берілді. «Petronas» шетелдік компаниялармен жасалынған келісімшарттарды түбегейлі қайта қарады. Үлескерлікпен қатысудың жаңа формуласы қабылданды. Оған сәйкес, өндірілетін мұнайдың 40 %-ы роялти төлеуді қоса алғандағы өндірістік шығындарды жабуға жұмсалуы тиіс. Ал қалған 60 %-ы жылдық мұнай өндіру көлеміне сәйкес, 65:35 немесе 75:25 түрінде бөлінуі тиіс. 1980 ж. маусым айында Малайзияда «Ұлттық мұнай саясаты» бекітілді. Бұл саясат мұнай қорын сақтауға бағытталды. Осыған байланысты, мұнай өндіру көлеміне шектеулер енгізілді. Әрбір мұнай кен орны бойынша жылдық өндіріс көлемі оның болжанған қорының 1,75 %-ынан аспауы керек.

Автокөлік өнеркәсібі

Малайзияда автокөлік өндірісі тек 80-жылдардың ортасынан бастап қана дами бастады. Оған дейін Федерацияда тек 15 автокөлік құрастыру зауыты жұмыс істеді. 1967 ж. бірінші жеңіл және жүк автокөлік құрастыру кәсіпорны іске кірісті. 1983 ж. Малайзияда автокөлік шығаруды жолға қойған «DRB-HICOM group» тобының көмегімен «Proton» компаниясы құрылды. Келесі жылы аталған топ «Edaran otomobil nasional» фирмасын ашты. Бұл фирма көліктерді сату құқығына ие болды. 1985 ж. шығарылған бірінші малайзиялық автокөлік әлі де біраз жетілдіруді қажет еткенімен, малайзиялықтардың едәуір жетістігі болып табылды. Себебі, сол уақытта әлемнің тек он елінде ғана маркалы автокөліктер өндірілді. Махатхир ұлт мақтана алатындай, «таза малайзиялық» автокөліктің болғанын қалады. Сонымен қатар, ол қосалқы бөлшектер жиынтығы аралық өндірісін дамыта отырып, он мыңдаған жаңа жұмыс орнын ашқысы келді. Есептік өндіріс көлемі жылына 80 мың жеңіл машинаны құрады. Бірақ, құлдырау жағдайларында ішкі сұраныс мардымсыз болды. Сол кезде үкімет біртіндеп импорттық автокөліктерге баж салығын көтере бастады, ақырында оның мөлшерін 300 %-ға дейін жеткізді. Бұл Протондарға ел ішінде тұрақты сұраныстың болуын қамтамасыз етті. Оның үстіне, Протондар 1990 ж. бастап Қиыр Шығыс елдерінде, тіпті Ұлыбританияда да сатыла бастады. Тек 1990-жылдардың басында олардың өндірісі бірқалыпты табыс әкеле бастады, ал тауарлардың жиырма пайызы Ресейді қоса алғанда көптеген елдерге сатылды. 1995 ж. Протон зауыты жекешелендіру науқаны аясында ірі малайлық магнатқа сатылды.

1993 ж. қарай Малайзияда 8 автокөлік құрастырушы зауыт жұмыс істеді. Көп кешікпей, екінші автокөлік жасайтын «Perodua» зауыты құрылды. Жаңа біріккен компания капиталының 38 %-ы малайзиялық «UBM corporation» компаниясына, 20 %-ы «Med-Bumicar MARA» мемлекеттік компаниясына, 10 %-ы ПНБ Икуити рекорз» компаниясына, 20 %-ы «Дайхацу моторз» жапондық компаниясына, 7 %-ы «Мицуи» компаниясына тиесілі болды. Малайзияда «Proton» және «Perodua» ұлттық автокөлік компанияларын қолдау мақсатында сырттан әкелінетін импорттық автокөліктерге өте жоғары мөлшерде баж салығы салынады.

Малайзияның тіл саясаты

80-жылдардың басына қарай малайзиялық азаматтардың 75 %-ы малай тілін еркін меңгерді. Ал, ЖЭС-тың бастапқы кезеңінде бұл көрсеткіш 64 %-дан аспайтын. Малайзияның түбектік бөлігіндегі малай тілін білетін қытайлықтар саны 1970 ж. 37 %-дан 1980 ж. 73 %-ға, яғни, екі есеге жуық өсті. Малай тілін игерген үндістердің саны 1970 ж.  50 %-дан 1980 ж. 86 %-ға дейін артты. Малай тілі ағылшын тілін біртіндеп ығыстыра отырып, мемлекеттік мекемелердің, министрліктер және заң шығару құрылымдарының жұмыс тіліне айналды. 80-жылдардың басынан бастап мектептердегі оқу пәндері тек қана малай тілінде өткізіле бастады. Ал, ағылшын тілі жеке пән ретінде оқытыла бастады. Техникалық және жоғары білікті еңбекпен қамтылған малайлықтардың санын көбейту мақсатында арнайы дайындық курстары, қосымша материалдық көмек, стипендиялар беру сияқты бірқатар жеңілдіктер қарастырылды. Жас бумипутра кәсіпкерлерін дайындаудың алғашқы кезеңін мектептерде өткізу жоспарланды.

Мұнда этникалық топтардың әрқайсысының әр түрлі діндерді ұстанып, өздерінің ғасырлық дәстүрлерін берік сақтап отырғанына және малай халқының үлесі 55 % болғанына қарамастан, мемлекеттік тілді білу деңгейі, яғни, мемлекеттік тілде оқи әрі жаза алуы іс жүзінде 100 %-ды құрайды. Елдегі барлық ресми іс-шаралар малай тілінде өткізіледі. Малай тілі мемлекеттік және бизнес-құрылымдарда, білім беруде, тұрмыстық өмірде белсенді түрде пайдаланылады. Бұл ретте мемлекеттік тілдің басымдығы қытайлар мен үндістер тарапынан ешқандай қарсылық тудырмайды және қазіргі малайзиялық қоғам үшін табиғи жағдай болып табылады.

Қазіргі таңда Қазақстанда біздің ұлт алдында дәл осы Малайзияда болған мәселелер тұр.

Бізге еліміздің бүкіл аумағында қазақ тілін қолдану аясын кеңейту, сондай-ақ, қазақ тілін меңгеру деңгейін көтеру қажет. Біз малайлықтардың өз елінде бұл мәселені өте тиімді шешкендігін көрдік.

Қазақстанда әртүрлі этникалық топтар мен діни конфессиялар бар. Осындай әртүрлі діндегі адамдар мен этникалық топтардан Қазақстанды өз Отаны деп есептейтін бірыңғай ұлттық қауым, бірыңғай ұлт құру қажет. Кезінде малайлықтар дәл осындай мәселені табысты түрде шешкен болатын.

Бізге ішкі тауар өндірісін көтеру қажет. Малайлықтар бұл мақсатқа да қалай қол жеткізу керектігін көрсетіп берді.

Сонымен қатар, қазақ тілінде сөйлейтін этникалық қазақтардың әл-ауқатын арттыруымыз қажет. Малайлықтар басқа этникалық топтардың мүдделерін шектемей, бұл мақсатқа да жете алды.

Біз Малайзияның мысалында кәсіпкерлер, билік басында тұрған тап ретінде, ұлт алдында тұрған барлық мәселелерді қаншалықты тиімді шешетінін көрдік. Айта кету керек, барлық билік басында кәсіпкерлер тұрған елдерде нәсілдік, діни-этникалық дау-жанжалдар өте тез және елде өмір сүретін адамдардың барлығының пайдасына шешіледі. Мұның себебі, кәсіпкерлер қай ұлтқа жататынына қарамастан, бүкіл ұлттың, яғни, тұратын еліне өз Отаны ретінде қарайтын барлық азаматтардың мүдделерін қорғайды.

Ал, билікте отырған феодал-шенеуніктер көбінесе тек өз этникалық тобының мүдделерін қорғайды.

Біз Қазақстанда ұлт деп этникалық қазақтарды және Қазақстанды өз Отаны деп есептейтін басқа да этникалық топтардың өкілдерін түсінеміз. Сонымен қатар, басқа этникалық топтардың өкілдері қазақтарды мемлекет құрушы ұлт ретінде, ал қазақ тілін ел аумағындағы негізгі тіл ретінде тануы тиіс. Қазақтар өз кезегінде Қазақстанды өз Отаны деп санайтын әр түрлі этникалық топтар мен діндер өкілдеріне тең қарым-қатынастың болуына және олардың құқықтары, еркіндіктері мен меншіктерінің теңдей қорғалуына кепілдік береді.

 
Дана жол danajol
Dana Zhol: qazaq economic school «Қазақстанның экономикалық даму бағдарламасын» таныстыру мақсатында экономикалық семинар-тренингтер өткізеді. Осы күнге дейін орталық БАҚ, кәсіподақтар, бизнес ассоциация, университеттер мен маслихаттар және т.б. салалармен жұмыс істеп келді. vk.com/danazhol facebook.com/danazhol https://www.youtube.com/channel/UCxz8e1MUxjOmKNSq2RAYPfA
29 ноября 2012, 21:02
983

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Как казахстанцы могут получить кусок международного рынка аутсорса?

Как казахстанцы могут получить кусок международного рынка аутсорса?

Сокурсник Илона Маска инвестировал в образовательные проекты, и теперь хочет создать в Казахстане рабочие места на глобальном рынке аутсорса.
Zhumanova
18 мая 2017 / 13:38
  • 52374
  • 23
Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Со стороны ЕНПФ в очередной раз прозвучало крайне неоднозначное заявление, от которого, на наш взгляд, лучше было бы воздержаться.
openqazaqstan
23 мая 2017 / 11:08
  • 8563
  • 27
Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

В продвинутых государствах едва ли поймут, почему в столь развитом, успешном и преуспевающем Казахстане от имени и по заданию властей творятся такие зверства над животными.
openqazaqstan
вчера / 12:12
  • 6276
  • 79
Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Вопрос о равной ответственности водителя и пешехода при наезде на последних, только-только начинают обдумывать в высоких кабинетах. Но, пока государственные головы думают, водители продолжают...
Mirogloff
22 мая 2017 / 23:29
  • 4364
  • 32
Алматинские проститутки превращаются в шпионок

Алматинские проститутки превращаются в шпионок

Попасть в притоны на алматинском проспекте Сейфуллина, которых, как бы ни старались полицейские, меньше не становится, теперь можно, только зная явки и пароли.
Mirogloff
19 мая 2017 / 13:25
  • 4114
  • 38
В Алматы доставили чудотворную икону «Умягчение злых сердец»

В Алматы доставили чудотворную икону «Умягчение злых сердец»

Икона "Умягчение злых сердец" несет особые - сакральные, духовные смыслы. Ее намоленность ощущается даже за те секунды, пока прикасаешься губами к образу.
ValentinaVladimirska
20 мая 2017 / 0:09
  • 3073
  • 0
Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Итак давайте сразу начистоту. Мне 29. Не замужем, никогда не была, детей нет. В душе я совсем не чувствую этот возраст. Каждый раз когда задумываюсь об этом больше чем на 3 минуты, меня накрывает...
user2017
23 мая 2017 / 10:57
Выйду замуж по расчету. Брак обесценился, пора вновь возвращать ему ценность

Выйду замуж по расчету. Брак обесценился, пора вновь возвращать ему ценность

После череды неудачных романов, статусов "все сложно", ножей в спину, идея "выйти замуж по расчету" посещает все чаще. И мне не стыдно про это говорить.
energo_ulzhan
22 мая 2017 / 17:39
  • 2450
  • 53
Японии грозит катастрофическое будущее из-за нехватки секса

Японии грозит катастрофическое будущее из-за нехватки секса

Социологи из страны восходящего солнца, представляющие Национальный институт исследований в области населения сделали печальный прогноз относительно будущего своей страны. По мнению специалистов, к...
Seattle
18 мая 2017 / 16:47
  • 2319
  • 17