Ұлттың жеті қуаты және жойылуы

Бейсен Бұқарбай 2012 M12 3
593
0
0
0

http://www.zhebe.com/index.php/o-am/item/258-ұлттың-жеті-қуаты-және-жойылуы Қазақ қандай халық? Ит тіріліктің кесірінен әр жерде тарыдай шашылып, несібесін теріп жүрген  туысқандарымыздың  «Біз...

http://www.zhebe.com/index.php/o-am/item/258-ұлттың-жеті-қуаты-және-жойылуы

Қазақ қандай халық?

Ит тіріліктің кесірінен әр жерде тарыдай шашылып, несібесін теріп жүрген  туысқандарымыздың  «Біз қандай халықпыз» деп ойлауға мұрсасы бола бермес. Онсыз да «күн үшін күлік жеген» ағайынның балалары қазақты қазіргі өмірімен салыстырып, басқаша түсінетіні де даусыз. Қысқартып айтқанда ұрпағы ұлылығын емес, арақ кеш ағалары мен апаларын, реніші мен мұңы белін еңкейткен ата-апаларды көріп түңілер,  қазақ болғанына налыр.

Тіпті кейбіреуі қазақы тірілікті тәрік етіп әлде бір өзі құдайдай табынған халыққа сіңіп кетуі мағат емес(болуыда болмауы да мүмкін деген мағна беретін көне қазақ сөзі). Міне бұл шыңғырған шындық. Бұл кеше кеңес одағындағы халықтардың басынан өткен тағдыр, енді қытайдағы туыстарымздың қазіргі халы да осыған бара жатыр. Ал Қазақстанда дәл соның керісі. Әдетте кез келген адам пендесі пендешілік ойламай қалмайды. Мықты болғысы, жақсы болғысы, мақтаулы болғысы келеді. Ал соған тұрарлық  қуатты  ең алдымен өз туысқандарынан, өз ұлтынан іздейді. Ал таба алмаса ше? Онда ары қарай құрыдымға кетеді. Міне осындай өз ұлтының құнын білмейтіндер сабан сегіз. Олар кезкелген кезде басқа халыққа сіңіп жоқ болады. Міне бұл рухы мен сана-сезімі, танымы жойылғандар.

Қай елде болсын сол елді құрайтын басты ұлтқа басқа ұлттар еліктейді, бірте-бірте соған деген жақындық пайда болады, сосын ары қарай дами берсе үйленеді, ал ар жағы белгілі. Мысалы Кеңес одағы кезінде Басқа ұлттардың ішіндегі сондай «Уызға жарымағандар»  Орыс болуға талпынды. Тіпті болып та кетті.

Ұлттың өзіне тартатын күші шексіз емес.

Біріншіден, кез келген пенде өз ұлтын басқа ұлттармен салыстырады. Артықшылығына мақтанады, кемшілігіне ренжиді.

Екіншіден, өз ұлтын басқа бір ұлт басып-жаншыса, ассимилияцияға күшпен енгізсе. Онда сол басылған ұлттың адамдарының жігері құм болып, рухани және психологиялық қысымға ұшырайды. Үмітсізденеді. Міне сол сезімін балаларына да сездірмейді, себебі ұрпақтарының қиналғанын қай ата-ана көргісі келеді дейсіз. Сонымен тіл мен ділі сол басқыншы ұлтқа тәуелді болған ұрпақ өз ұлтының әлсіздігінен бірден беріле бастайды.

Бұл жерде бір ұлттың өзін сақтап тұруы үшін 7 қуаты болатынын білесіз бе?

Әрине көп адамдар біле бермейді, сөйте тұра басқа ұлтқа тиген қыздарына ренжиды. Сол сатылып кеткендердің тәрбиесіздігін ауызға алды. Шын мәнінде сол сорақылықтың келіп шығуына себепкер басқада жағдайлардың бар екенін білген жөн.

Ұлттың жеті қуаты:

  1. Тәуелсіздігі. Бұл жерде билік пен байлық сол тәуелсіз ұлттың қолында болатынын ескеру керек.  Билік пен абырой кімді қызықтырмайды?!
  2. Экономикалық қуаты. Тұрмыс-тіршілігінің жақсы болуы кезкелген адамның азғантай өмірдегі арманы.
  3. Тілі мен білім жағынан алға ілгерілігі. Тілінің тәуелсіздігі мен  білім иелері арқылы мақтаныш сезімі оянады. Тілі жоғалған ұлт рухани жақтан тез жұтаңдайды.
  4. Діні мен танымы. Басқа діндегілермен айырмашылықты айқындайтын ең үлкен рухани қару. Діні азған адам тез құлданады. Діні жоғалған ұлт көмескі рухани тірегінен айырылады.
  5. Ұлттың  дене сапасы.  Дене-тәрбие саласындағы жетістіктері. Міне бұл көзге көрінетін бағалаудың бір жолы. Мысалы кез келген ұлттың жастары өзара жар талдағанда дене сапасына да қарайды. Мысалы  Лондон олимпиядасында не үшін қазақтың жеңісіне қуандық? Міне бұл біздің ұлттық дене сапамыздың әлемдік көрсеткіші деген түсініктен туындаған сезім.
  6. Ар-ұжданы мен салт-санасы, ғұрып-әдеті. Ұлттың жеке мүшелерінің рухын көтеріп, жігерін жанитын қуаты.  Бұл ұлттың  өзін жоғалтып алмауы үшін басты рол атқаратын ерлік мінезі. Өз ұрпақтарының болашағы үшін тектен-текке жалғана беретін, тарихи қалыптасқан қорғану жолы. Тәрбие жолы. Өмір сүру дағдысы.
  7. Жан санының көптігі. Бұл сол ұлттың болашақта сенімді түрде дамуына күш береді. "Көп қорқытады" деген аталы сөз бар, олар кезкелген кезде топтасып, өз мүдделері үшін шыға алады. Егер жан саны өте көп болса көп жағыдайда ұлттың жойылу қаупі болмайды.  Олар  тіпті басқа ұлттармен аралас неке болуын ұлттың дене сапасын жақсартатын фактор ретінде түсінеді.  Қытайдың тұңғыш басшысы Мау Зыдоң(Мао Цзыдунь): «адам саны сапаға айналады» - деп халықтың көбеюін қолдаған.

Бұл ғана емес, Қытайдың Шинжиаң провенциясындағы татар, өзбек ұлттарының  90 пайызы қазақ болып кеткенін айта кеткен жөн. Мұндағы  себеп, біріншден бұлар қазақпен тілі, діні жақын туысқан ұлттар болуында.  Оның үстіне осы ұлттар сол аймақтағы көпшілік ұлт қазақтармен аралас болды, қазақша оқыды, қазақтармен бірге болғанда ғана қытайларға сіңіп кетпейтінін түсінді.  Ал мұңғұлдар діндік жақтан қытайлармен қарсылығы болмаған соң, бірден тілден айырылып сіңісе бастады. Тіпті қазір Қытайдағы  7 миллионнан астам мұңғұлдың 70 пайызы қытайланып кетті.  Қытайлар болса келесі құрығын ұйғырлар мен қазақтарға салып отыр, атап айтқанда тілді шектеді, дінді заң жүзінде шектемесе де нақты шындықта оқушылар мен үкімет адамдарының діни орындарыға баруын шектеп отыр. Міне сонымен тілінен айырылған, діні шала, көргендері  қытайдың құр мақтанышы, өз қандастарының экономикалық, рухани жақтан жаншылып жатқанын көрген балалар не ойламасын? Әрине осының бәрін өз ұлтының жамандығы ретінде қарайды немесе қытайларға барынша сіңісу арқылы өзінің психологиялық және рухани қысымынан құтылуға талпынады. Кез келген қыз сол бейшара халықтан пана таба алмайтындай сезініп басқа ұлттардан да болашағын іздейді.  Қытайша оқыған бір баланың Астананы көргенде: «Мен қазақтар мұндай қала салады деп ойламаппын» -деп айтқаны, суретке түсіп достарыма көрсетемін деп қуанғаны әлі есімде. Міне сол бір реткі рухани серпіліс сол баланы қытай болудан сақтап қалды деп есептеймін. Ал шынымен де солай ойлап жүрген балалар қанша ма?  Шынан айтқанда осындай жеті қуатқа қарата  мейрімсіз соққылар ұлттың жойылуына апарып соғады. Бұл жеті қуаттың ішінде тіл мен дін басты ролде ойнайтынын мойындаған жөн. Әзірше осы дін  мен тіл ғана Қытайдағы қазақтарды қытайлардан сақтап тұр. Енді тіл жоғалса, сосын діннен жерінсе бірден сол қытайға қарай аунауы заңдылық.  Әдетте осы жеті қуаттан  үшеуін жоғалтқан адам басқа өзі ұнатқан ұлтқа бейімделеді, тіпті бірден соған кетеді.  Қазір Шығыс солтүстік Ресейдегі саха, тыва, алтай қатарлы туысқан ұлттар өз тілдерін мемлекеттік деңгейге көтеріп, ұлттық автономияны күшейтіп жанталасуда. Оларың көбі әлдеқашан орысша сөйлеп, орысша есім алып, азып кеткен. Тек діні орыстардан бөлек татар, башқұрт сынды туысқан ұлттар ғана әзірше қуатты.

Мұңғұлиядағы қандастарымыздың қуаты Аллаға Шүкір, толық.  Бір жағынан, онда мұңғұлдардың жан саны тым көп емес, басып кету қаупы жоқ, екінші жағынан, арада діндік кедергі бар, Үшіншіден, тіл шектелмеген. Төртіншіден,  қазақтардың экономикалық қуаты мұңғұлдардан төмен емес, Бесіншіден, қазақтар топтасып орналасқандықтан салт-санасы қаз қалпында.  Алтыншыдан, қазақ аймағы ретінде тәуелсіз, еркін ел.  Әрине дене сапасы жағынан мұңғұлдардан кем емес. Бұл жерде тағы бір айта кетерлік шындық, егер Мұңғұлиядағы қазақтар Қазақстанға оралмағанда олардың жан саны 300 мыңнан асып, 5-6 аймақты иелеп,  рухының өрлігімен, обал-сауап тәрбиесі мен ар-намыс тәрбиесінің мықтылығымен мұңғұлдардың  өзін қазақтандырып жіберер еді.  Ал Өзбекстан қазақтарының өзбектене бастауын Қазақстанның қуатының артуы тоқтатты. Тіпті кейбір өзбек боп кеткендер қайтадан қазақ болуға талпынып жатыр.

Ал Қытайдағы қытайлар үшін мұндай саясат керек емес, себебі олардың саны  көп, ұлтқа бас ауыртпайды. Тіпті жарты миллиард қытайлар лапаста жатып, аузына тигенін жейді, олар бір рет шет елге шықса-ақ өз қытайларының шет елмен салыстырғанда адам сынды тұрмыс кешіп жатпағанын түсінеді, міне бұл қолына ақша түскен қытайлардың шетелге қашуының себебі. Ал шетелдегі қытайлар үшін Қытай тек ғана өздерінің туған жері.  Кезкелген жерге барып топтасып, сандарын көбейтіп жаулап ала алады. Сол үшін күллі әлем қытайларға шектеу қоюда. Алла қаласа Қазақстан елі де алда қытайға тұрмысқа шыққан қыздарды Қазақстанда тұру құқынан айыратын заң бабын енгізіп, қытаймен некені ресми шектейді деген ойдамыз.

Осы жеті қуаттың бірінен айырылған ұлттың қуаты кеми береді. Көп жағыдайда басқыншы ұлттар түрлі зымиян саясат арқылы осы 7 қуатты бір-бірлеп кемітуді мақсат етеді. Қуты кеміген сайын, азып, тіпті сенімдерін жоғалтады, одан ары амалсыздан басқа ұлттан өзіне орын іздей бастайды. Бұл тура қыздардың жігіт талдағаны сыяқты тірілік.  Біздің қыздарымыз да дәл солай қазақ жігіттерінен өзіне қажет қуатты көре алмаған соң немесе өзінде осы 7 қуаттың бірнешеуінің кемдігінен өз ұлтына махаббаты мен сүйспеншілігі болмайды да  басқа ұлт өкілін таңдайды. Тіпті діні мен тілінеде қарамайды. Ал жігіттеріміз өзі жақсы көретін ұлттың қызына үйленеді. Алдыңғысы бірден басқа ұлтқа айналса кейінгісі сәл кешірек сіңеді. Себебі ұлт аталық жағынан анықталатыны бар ғой.   Тағы бір айта кетерлігі жан саны аса көп ұлттар үшін басқа ұлттармен аралас некеге отыру ұлттың сапасын арттыратын қан алмасу іретінде қаралады. Немесе тек жан бағу үшін жасаған қалыпты құбылыс  саналады.

Қазір Қазақстан еліндеде қазаққа тұрмысқа шығып жатқан орыс қыздарын көп көреміз, Ал шет елдегі кезкелген қазақтан сұрасаң қазақ болғанына мақтанады, Қазақстанның болғанына шүкірлік етеді. Тәуелсіз ел іретіндегі әлемді мойындатқан жетістіктеріміз, Лондон олимпиадасындағы жетістігіміз, ұлттық құндылықтарымыздың жаңғырып, елміздің мәртебесінің өсуі әр қазаққа қуаныш бағыштап, күш-қуат береді. Сенім мен жігер береді. Рухын тасқындатып, махаббатын оятады. Міне бұл Қазақстандағы қазақ ұлтының еңсесі биіктеп, бағы аспандай бастағанын білдіреді.

Алла барлық Қазақтарға  бір шаңырақтағы бақытты да баянды тіріліктің  мұрагері болуды нәсіп етсін!

Бейсен БҰҚАРБАЙ

Жебе-ақпарат

422 рет қаралды

Оцените пост

0