Сайтқа тіркеу де маңызды екен

Бақытжан Күшібарұлы November 25, 2012
492
0
0
0

Сайтқа келген қонағың тіркеуден өткені дұрыс па, әлде олай "қинаудың" қажеті жоқ па? Міне, бүгін менің алдымда осы мәселе тұрды. Бұл да бір өте үлкен мәні бар тірлік екеніне көзім жетті. Арнайы...

Сайтқа келген қонағың тіркеуден өткені дұрыс па, әлде олай "қинаудың" қажеті жоқ па? Міне, бүгін менің алдымда осы мәселе тұрды. Бұл да бір өте үлкен мәні бар тірлік екеніне көзім жетті.

Арнайы тіркеу жасалмаса:
1) форумға кіре алмайды.
2) сайттың жалпы қауіпсіздігі төмен болады, спам мен троль көбейіп кетеді.

Тіркеу жасалса:
1) келушілер туралы байланыс мәліметтеріңіз болады.
2) спам-боттарды сайтқа өткізбей, тосқауыл қоюға болады.

Тіркеу жасалу керек деп шештім. Wordpress блогына тіркеу формасын қоятын плагиндерді қарап шықтым. Локал сервердегі блогыма орнатып, істетіп те көрдім. Біреуін таңдадым-ау - theme-my-login.6.2.3.

WP блогын жасаудың бір қиындығы - орысшадан қазақшаға аудару. Мысалы, бас беттің аты "Главная" болып тұр, оны жөндеу үшін сайт беттерінің PHP-кодына кіру керек болады. PHP программалаудан біршама түсінік болу керек.

Міне, осындай жаңалықтар.

Оцените пост

0