Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
13:39, 24 ноября 2012

Сайт жасау оңай ма?

Үлкен ұлым жақында екінші реттік kz домені мен хостинг силады. "Современный атасыз ғой" деген комплиментін де қоса берді. Ризамын ұлыма. Ол - мықты веб-программист.

Blog post image

Міне, содан бері жеке сайтымды жасаумен "әуремін". Өте қызық іс.
Алғашқыда қуаныштың екпінімен хосттың өзі ұсынған Parallels Plesk Panel арқылы бірнеше негізгі беттерді жасап, онлайнға шығарып жібердім. Ұлым көріп, "қарапайым болыпты" деген ескерту жасады.


"Жақсысы WordPress CMS-де жасаңыз сайтты, сіздің мақсаттарыңызға сол ыңғайлы" деп, өзі WP блогының ең жаңа нұсқасын хостқа қойып берді. Ал енді оның жұмысы енді қызып келеді. Сәндеу - тема таңдап, орнату, құрылымын ойластырып, беттерін жасау, сайттың орнықты да тиімді істеуі үшін қажетті түрлі плагиндерді тауып, орнату деген қыруар шаруа.

Мұның бәрін онлайнда тікелей хосттағы сайтпен істеуге де болады. Бірақ мен басқа жолды таңдадым.

Өз ноутбугіме локал сервер орнатып, сонда жеке сайтымның нақты көшірмесін қойдым. Алдымен VertrigoServ локал серверін қоюға тырыстым. Win 7 оны қабылдамады, себебін көп іздеп, таппадым. Содан, үйреншікті XAMPP локал серверін сәтті орнаттым, қазір оған қойылған Wordpress блогын біртіндеп жасақтап, бабын жасаудамын.

Көп ойланып, салыстырып, барынша анық та түсінікті стандарт теманы қойдым. Тек кейбір баптауларын өзіме ыңғайладым. Кері байланыс, тіркелу және форум сияқты қажетті плагиндерді интернеттен алып, орнатып, баптадым. Орысшадан қазақшаға аудару біраз уақыт алуда. Mingle-Forum плагинін қуана орнаттым, бірақ ені бетке тура келмей, жіңішке болып, келіспей қалды. Іздеп жүріп, әйтеуір дұрыстадым-ау, енін созып кеңейттім де, жазуға орын аштым. Сайтымда оқу-білім, тәрбие және өмір мен қоғам мәселелерін еркін талқылайтын алаң - форум ашу ниетім бар.

Сонымен қатар электрондық оқу ресурстарын жинақтасам деймін. Курстар, е-оқулықтар, презентациялар, видеосабақтар, видеоподкасттар, аудиоподкасттар және т.с.с. Мұның бәрі біраз жұмыс.

Сайттың жұмыс нұсқасы локал компьютерде дайын болған соң, оны хостқа көшіру керек. MySQL деректер қоры да көшіріледі. Мұның бәрі анау айтқан қиын емес, бірақ жауапты іс. Болмайтын ұсақ-түйектен дайын сайтты бүлдіріп алу түк емес. Өте мұқияттылықпен істеледі.

Міне, осындай қызықтарыммен бөлісуді жөн көрдім. Өйткені көптеген мұғалімдер мен балалар менен сайт жасау сырларын сұрайды. Әлі де осы сайтымды жасау барысынан пайдалы да қызықты мағлұмат беріп тұрамын. Қазірше осы.

1
991
1