Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:08, 29 ноября 2012

Сәбинің өміріне кім жауапты?!

Кез келген бала 9 ай бойы (кейде 1-2 айға кем, не артық) анасының құрсағында өсіп-өніп, өзінің осы өмірге келуінің кезегін күтіп жатады деп айтуға болады. Әке-анасы, жақындары бұл баланың өмірге келуін асыға күтіп дайындалады. Баланың жынысы анықталғаннан кейін, оған қандай есім қоятының да жайлы ой-толғауға батады. Мінеки, көзді ашып-жұмғанша тоғыз ай зымырап шығып, бала тумасынан анасының қойнына жатқызылды. Осы уақытта бақытты ана құшағын жая, махаббат атты бесіке жатқызып өмір бақи тербетіп шығады. Бұл азамат қайртайғанша сол анаға ол - әлі де болса бала болып қалады... Әкенің қамқорлығынан, ананың шексіз махаббатынан өмірде одан басқа, асқан шынайы сезім кездесе алмаспыз... Кейін балаға берген тәрбиесіне байланысты, ол ер жетіп, үлкен азамат болады. Кез келген ананың кейінгі мақсаты мен арманы баласын бақытты қылу. Олар тер төгіп, өзінің жанын аямай, балаға барлық қажеттіліктерін өтеуге тырысып, бағып-қағып шығады...

Кез келген адам, өзінің өмірін жоғарыда айтып өткендей соған сәйкестендіруге армандайды. Одан басқа бұл - "табиғи заңдылық" деп те айтуға болар...  Өкінішке орай өмірдің аты - Өмір! Барлығы түзу, "сүттен ақ, судан таза" болып шықпайды...

Бірақ менің қозғап отырған мәселем, соңғы уақытта кей жас аналар балаларын дүниеге әкеліп, неше түрлі жерге, аяусыз тастап кетіп қалады екен. Жасанды түсіктердің де саны күннен-күнге өсіп бара жатқаны да өте толғандырады. Жетімдер саны өкінішке орай ұлғайып, балалар ананың ыстық махаббатынан, жылулығынан тыс қалады. Соңда бізге баланы дүниеге әкелу не үшін мүмкіндік береді . . . Кей жас жұбайлар керісінше өмірдің ащысынан табиғи жолмен баланың қызығын көру, күлкісін есту мүмкіндігінен айырылып отыр! Сонда олардың не жазығы бар?! Ал бала тууға, бірақ  баланың ыстығын, мәнің түсінбейтін бейшара аналарға бұл мүмкіндік не үшін беріледі?! Жалпы осындайларды аса құдыретті сөз – ана деп айтуға тіл бармас.

БАҚ арқылы байқасақ, жуырда жас ана жаңа туған нәрестені қарқыраған аяз күні қоқысқа арналған даладағы жәшікке тастап, қалдырып, бала дүниеден өтеді... Немесе тағы бір жағдай бала тумасынан ДЦП ауруына шалдығып, көп балалы ана баласын қорада бұзаудың қасына серік қылып байлап, 6 жылдай өсіріп шығады. Осы сияқты, одан басқа да зұлымдыққа, қатыгездіке толы жағдайлар өмірімізде өкінішке орай көп... Сонда бұл аналар осындай іс-әрекеттерге бойалдырып, қалайша ештеңе болмастай өмір сүре бермек?! Ең сорақысы, ертеңісі тағы да екі қабат болып, осы жағдайларға қайта оралып келеді...

Қорытындылай келгенде,  таза пәк сәби өмірге келуге құқығына иелінсе де, барлығы анасының қолында... Қатыгез жағдайларға баратын, баларын тасап кететін аналарға қарсы ешетеңе істе алмаспыз ба?! Сол аналардың сезімі, өмірге деген құлшынысы жоқ па?! Жетімдер үйі болмастай, не олардың саны азаюына не істей аламыз?! Осы сияқты сұрақтар көп, әрі шексіз болуы мүмкін. Бәлкім аналрдың осы қылықтары, біздің тәрбиемізден, қоғамның көзқарасынан да болар... Сондықтан біз, барлығымыз өзімізден бастайық! Әр біреуіміз өз жанұядан бастасақ!!! Баланы дүниеге әкелу мүмкіндікке ие болдын ба, өзінің жауапкершілігінді көтеріп, сәбиге басымен жауап бер!!! Өмірдің соңына дейін, соңғы тынысына дейін қасынан табыла біліп, қамқор бол!!! Дұрыс, үлгілі тәрбие бер!!! Өзінің балан бос уақытта немен әуестеніп, немен айналысып жүргенің біліп жүр!!! Бар махаббатынды, ыстық ықыласынды, жанұялық жылулықты ұстай білейік ағайын!!! Қатыгез қателіктерге жол бермей, өз істерімзге мойнымызбен көтерейік!!! Бала - өмірдің бақыты мен мәні емес пе... Балаларымызды шың жүректен сүйіп, өзіміз жіберген қателіктерге жол бермейік!!!

 

 
0
1090
0