Gangnam Style енді Қазақша!

Far East Movement 2012 M11 26
1991
0
0
0

Ерболат «Gangnam Style»-ға пародия жасады! Соңғы уақыттарда ғаламторда рейтингі рекордтық деңгейге жеткен «Gangnam Style» атты клиптің қазақша нұсқасы шықты. Әннің қазақша нұсқасының авторы - әнші...

Ерболат «Gangnam Style»-ға пародия жасады!

Соңғы уақыттарда ғаламторда рейтингі рекордтық деңгейге жеткен «Gangnam Style» атты клиптің қазақша нұсқасы шықты. Әннің қазақша нұсқасының авторы - әнші Ерболат Құдайбергенов. Жұлдыз «Gangnam Style» бейнебаянын пародиялаған нұсқасын «Жанған Style» деп атапты.

Әннің түпнұсқасы ғаламторда осыдан 4 ай бұрын пайда болған болатын. Ғаламторға шығысымен-ақ, үлкен сұранысқа ие болған бейнебаян YouTube сайтында көрушілер саны бойынша рекорд жаңартты. Бүгінгі күнге дейін «Gangnam Style» әнін интернет тұтынушылар 810 миллион рет тамашалаған екен. Ал, оған дейін көш басында канадалық Джастин Бибердің «Baby» атты клипі тұрған. Бұл әннің бағындырған межесі 803 миллион болған еді.

«Gangnam Style» әнінің авторы жұршылыққа PSY есімімен танымал оңтүстік корейлік Пак Чэ Сан. Ол 2001 жылдан бері халыққа дәл осындай жеңіл стильдегі әзіл әндер мен бейнебаяндар ұсынып келеді.

Ән шыққалы бері, әлемнің бірнеше елінде оны қайталаған клиптер түсірілген, солардың қатарына енді Қазақстан да қосылды

Оцените пост

0
Дальше