место в рейтинге
  • 28090
  • 57
  • 2
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Қазақстандық қатыгез "Рэмбо" немесе қарапайым жігіт...

Барлығы түсінікті, максималды обьективті болу үшін бұл оқиғаны о бастан бастасам!!! Бірақ қымбатты оқырман, бірден атап кетейін, осында жазылған ақпарат барлығы ресми БАҚ өкілдерінен алынған. Араларында шамалы менің жеке ойым, түйінім де болуы ықтимал. Сондықтан, жалған ақпарат жоқ! Ойларыңызды асыға күтем!!!

2012 жылдың көктемнің соңғы күні - 31 мамыр Қазақстан үшін үлкен қайғылы хабармен тарихқа енеді деп есептеймін. Алматы облысы «Арқанкерген» шекара бекетінде жазықсыз, бірақ «Отан үшін отқа түсем» деп жүрген, БАҚ өкілдері белгісіз жағдайларда 15 сарбазымыз бейбіт өмірде дүниеден өткені  жайлы қайғылы хабар еліміздің түкпір-түкпірін аралап шығып,  алғашқы болып 15 жанұяның жүрегін жаралап шығады.  Кейінгі болып өткен күндер фильмнің жанры секілді бірнеше рет ауысып, халық арасында үрей туып, көптеген болу себептерін айқындап береді.  Халық үлкен мұңға батады.

Негізінен «Арқанкерген» шекара бекетінде 15 адам: 1-офицер, 3-жалдамалы әскери қызметші және әскери борышын өтеуге келген жас 11-сарбаз. Атап кететін жайт, бұл бекет тек қана жазғұтырм құрылып Қазақстан-Қытай шекарасында заңсыз өтулерді алдын алу мақсатында жұмысын атқарады. Нәтижесінде, құқық қорғау органдарында қайғылы оқиғаның бірнеше ресми нұсқалары пайда болады.  Көптеген фактілер күнде жаңартылып, ақыры  бір жұмадай (бес күн) уақыт өтіп, 5-ші маусым күні алғашқы күдікті ұсталынды деген хабар халықты біршама тыныштандырады. Бірақ, бұл хабар одан сайын дауылды жаңа серпіліспен қуаттандырғандай болып шықты. Күдікті – Владислав Челах. Бұл жігіт сол әскери борышын өтеуге келген 11 сарбаздардың қатарынан екен болып шықты. Қарағандылық, орта-кәсіптік білім аяқтаған, жас 19 жасар жігіт барлығын қырып-жайғаны туралы ешкімнің ойына не санасына сыймай қалады. Ақыры халық арасында «Рэмбо» лақапқа иелініп іс одан сайын ушығып кетеді.

Дәл сол ыстық жаздың алғашқы күндері 5 маусым, елімізде қаралы күн болып, жалпы халықтық мұң,  құрбандарды еске алу рәсімі бір минуттік үнсіздікпен ұласады.  Арада тағы сол 5 күн өтіп (10 маусым) еліміздің 6 облысы бойынша «Джаназа намазы» шығарылады. Атырау, Алматы,  Ақтөбе, Қарағанды,  Жамбыл және БҚО облыстарында сарбазадрды жерлеу рәсімі іске асып, жанұялар қайғыға батады. Енді еліміздің барлық халқының бір ғана мақсаты,  кінәлілерді тауып, заң алдында жауапқа тарту.  Осыдан кейін халықтың ойы соғыста сияқты екі нақты фронтқа бөлінеді.

Челах өзінің алғашқы сөзінде, енді ұсталынған сәтте мойындағанның теріске шығарып, сөйлеген сөзінен бас тартады. Сәл тағы артқа көз жүгіртіп жіберсек, 5 маусым күні Алматы облысында Қазақстан-Қытай шекара маңында «Арқанкерген» шекара бекетіннен амал қалған бір сарбаз табылады. Кейін ол құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне өзінің кінәлі екенің құптап, бар қылмыстың жауапкершілігін өз мойнына алады. Анасы және атасы осы хабарды ести келе,сол мезете 9 маусым күні өз ұлдарымен кездесуге келіп, нәтижесінде, журналистерге берген сұхбатында Владислав нақты ештеңе айта алмады, психологиялық күйзеліске душар болғаның нақты мәлім етеді. Сонымен қатар, медициналық-психологиялық тексерістен өткізу керектігін хабарлайды. Сараптаманың қорытындысы,Челах толығымен денсаулығы дұрыс, ойлау қабілеттілігі және психологиялық жағдайы қанағаттарлық жағдайда.

Кейін неше түрлі зерттеулер жүргізіліп, сараптама қорытындылары күтіледі. Сот процесін бастау үшін нақты айғақтар жиналып, іс өзінің кезегімен ұласа береді. Мінеки, 19 қараша күні Талдықорған қалалық сотта, Владислав Челахқа «Арқанкерген» шекара бекетінде болған қанды оқиғаға байланысты Қ.Р. Қылмыстық кодексінің тоғыз бабы бойынша айып тағылды. Сот процесінің басталғалы екі күн өткенің өзінде, көптеген жаңалықтар  ашылып, неше түрлі іс-әрекеттермен алмасады.  Ең алғашқысы, көпшілікті таңқалдырған сотта өзін-өзі ұстауы. Дөрекілік және әдепсіздіктің арқасында сөгіс жарияланып,  ескерту жасалынады. БАҚ өкілдерін өте қатыгез түрде сот процесінен алыстатуды сұрайды.  21 қараша күні өз өзіне екінші рет қол жұмсау мақсатында наразылығын одан сайын ушықтырып жібереді. Сол сияқты басқа да көптеген іс-әрекеттер орын алады. Сот аяқталғаннан кейін тағы бір пост жазып пікірмен бөлісермін. Әзірше осы уақыт аралығында өзімнің қалыптасқан пікірмен бөлісіп. Ойымда қорытындыласам!

Іс енді басталған сәтте менің Челахқа деген күмәнім болған жоқ. Шынымен бірдей 15 адамды бір мезетте қырып жою мүмкін емес сияқты. Басқа, үшінші күштер бар екені деп сенімді болдым. Бірақ өкінішке орай ма, не қуанышқа орай ма көңілім өзгерді! Біріншіден, оны ұстаған сәтте қасында қайтыс болған сарбаздардын дүние-мүлкі тәркіленген болатын. Егер Челах оларды өлтірмесе онда бұл заттарды қайтеді ол тауға барып тығылып?! Екіншіден, заңсыз түрде қару ұстау және әскери мүлікке зақып келтіріп, жою баптарымен келісіп отыр. Сонда қаруды не үшін алды?! Әскери мүлікті не үшін өртеп шықты?! Үшіншіден, сөзді бұрмалап, ауыса беруі. Егер адам өзінің кінәсіз екенің нақты сезініп, біліп тұрса, онда сөйлеген сөздерін ауыстыра беруі не үшін қажет?! Төртіншіден, өз-өзіне екі рет қол жұмсау әрекеттері. Егер тағы да адам кінәсіз болса, аяғына дейін нық тұрып өзінің сөздерін дәлелдемейді ме?! Егер,адам шын пейілді,адамгершіл,ашық болса анасын және ертеңгі күнің ойламайды ма?! Демек, шекара бекетінде өзі не істегенің дұрыс түсінбей, тәтті ұйқы, түн ортасы кезінде өзі бір табақтан тамақ ішкен құрбыларын атып тастап, қатыгездікпен өртеу сияқты іс-әрекеттер мен өз өзіне қол жұмсау өзінің кінәлі екенің мойындағаны емес пе?! Жаным-ау бір байғұс жаны ашып жүрген не дегенде анасын ғана ойласа, бұл әрекетке кез келген адам бармас еді?! Бұл сот процесі әділетті өтіп, барлық жақ толыққанды тыңдалып, айғақтар дәлелденіп, шешім шығарар.

Мен әрине сот алқасы емеспін. Белгілі бір айып таға алмаймын, бірақ осының барлығысы болған фактілерге сүйенген ой. Мен үшін ең бастысы кінәлілерді тауып, заң алдында оның барлық қатаңдығымен жазалау. Жазықсыз, енді өмірлерін бастаған, өмірдің ащысы мен тұщысын енді ажыратып жүрген азаматтардың өмірін қию ешкімнің де құқығында, не құзыретінде ЖОҚ!!!

21 ноября 2012, 18:12
1060

Загрузка...
Loading...

Комментарии

kazbei
0
0
Челахтын сөзін күтейік. Ол не айтады....
Wokpar
0
0
Әрине енді бізде күтуден басқа амал қалған жоқ! Бірақ менің ойымша, Челах айтатын сөзін бірнеше рет айтып болды, нәтижесінде 2-3 түрлі ой болды . . .
Арқанкергенде 31 мамыр күні не болғанын, Челахтың өзі және өмірден озған адамдар ғана біледі.
Wokpar
0
0
Өкінішке орай өмірден озғандардан ештеңе сұра алмасыпыз... тек жүректерімізде мәңгі қалады деп айта аламыз. Ал Челахқа сену...білмеймін, нақты болып жатқан жағдайларға қарасақ, сенімсіздікті тудырады. Сондықтан нақты айғақтар, куәгерлер жауап табу үшін септігін тигізер....
Wokpar
0
0
Толықтай келісемін! Басқа амалымыз жоқ. Сот өзінің әділ шешімін қабылдар...
Челах үшін 15 адам өлтіру, оңайға соқпаған шығар. Сөздерінің ұйқасы табылмай жатқаны да содан болар.
Wokpar
0
0
Әрине 15 адамды өлтіру өте қиын, ең бастысы ойға сыйымсыз нәрсе! Дегенмен, егер барлығы ұйықтап жатса, қару алып барлығын қырып жою . . . бірақ бұл өте үлкен қатыгездік емес пе?!
Мүмкін ол байғұс, бір шайтанның арбауына түсіп калды ма екен
Wokpar
0
0
мүмкін... өмірімізде көп жағдай орын алуы мүмкін!!! Бірақ шайтанның арбауына түсіп, 15 адамды қырып тастау жауапкершіліктен алыстатпайды ғой...
Челах сенің серіктестерің кім атап айтсаңшы?
Wokpar
0
0
Шынымен егер серіктестері болса, бірден барлығын ашып айтпайды ма?! Егер, шындықты айтса, көп нәрсе өзгеррер еді. Бірақ менің ойымша, серіктестері тек сол сіз аталмыш шайтандар болмаса . . .
Челах кінәсіз болсаң, дәлелдеу керек. Құр сөзбен бұл қылмысты мен жасадым деген болмайды...
Wokpar
0
0
Әрине, бұл қылмысты мен жасадым деп құрғақ сөзбен ешкім айтпай отыр.... кез келген нәрсенің дәлелі қажет!!!
менің ойымша Челахқа қысым көрсетіліп отыр,ол мүмкін кінәсіз...бұл оқиға құрбандарының туған-туыстарына қазаның арты қайырлы болып,елімізде мұндай қасірет қайталанбасын!!!

Wokpar
0
0
дұрыс айтасын Аида, осындай жағдайлардан, оқиғалардан ертеңіміз аулақ болсын!!! Енді қысы не қысым емес екенің анықтау үшін, уақыт керек!!! Барлығын алдағы уақытта көре жатармыз!!!
Челах шынымен көп қателіктер жіберді. Бірнеше бап бойынша өз кінәсін мойындауы, қорғаныс бекетінен қашуы айыпты екенің дәлелдеп отыр.
Wokpar
0
0
Әрине, әлбете одан да басқа айғақтар жетерлік!!!
бұның барлығы біреуге керек болған соң, бұл тартылыс осындай деңгейге көтерілді гой
Wokpar
0
0
Айгерим, әрине сенің ойын дұрыс та шығар. Бірақ енді, өзін еш нәрсеге алаңдамай таза оймен ойлап қарашы. Мен де басымда солай ойлаған едім, бірақ соңғы уақытта шығып отырған айғақтар ойландырып отыр... Мен сенің ойында өзегртетін ойым жоқ.. олай ойлама деп бірден ескертейін....

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Я аллергик с детства. Имею аллергию на пыльцу березы, липы, полыни (выяснил это благодаря кожным пробам), а также пищевую аллергию на горчицу. Свои проблемы знаю, однако это меня не спасло.
Romeo_17
15 авг. 2017 / 17:21
  • 38888
  • 63
СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

Инцидент с пьяным киргизским гостем на борту Air Astana, наверное, остался бы только во внутренних сводках авиакомпании, если бы г-н Доган, не поднял громкий крик о государственном языке.
openqazaqstan
17 авг. 2017 / 14:43
  • 11363
  • 177
Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Националисты стали совсем другими. По-английски хорошо говорят, русскую классику цитируют. Очень современные, образованные, адекватные. А после Крыма в националисты уже чуть ли не любой казах готов был записаться.
Aidan_Karibzhanov
16 авг. 2017 / 16:52
Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Президент Назарбаев наконец-то разъяснил для всех, кто ещё не понял, очевидный вопрос, который всем в Казахстане очевиден. Елбасы повторил: на латиницу мы переводим казахский язык, и это не означает отказ от русского языка.
openqazaqstan
18 авг. 2017 / 16:23
  • 3213
  • 52
«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

Из множества грустных откровений постепенно сложился перечень самых распространённых уловок охотников за нашими деньгами. В нём ожидаемо лидировали профессиональные попрошайки.
caravan_kz
16 авг. 2017 / 15:05
  • 2189
  • 2
В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

Общая площадь парка составляет 25 гектаров. На территории предусмотрено устройство прогулочных дорожек, площадок для установки аттракционов и павильонов различного назначения, цветников.
zhasakmola
17 авг. 2017 / 17:13
  • 2044
  • 1
Надо научиться видеть скрытые экономические процессы за вспышкой национального гнева

Надо научиться видеть скрытые экономические процессы за вспышкой национального гнева

При полном отсутствии бюджетного жилищного строительства, целые аулы оседают в ветхих домишках, сквозь заборы которых насмешливо возвышаются башни "коктемов", "риц карлтонов" и "есентаев".
niyazov
19 авг. 2017 / 11:16
  • 2180
  • 60
В «Жилстройсбербанке» посоветовали не ходить в кафе, а копить на квартиру

В «Жилстройсбербанке» посоветовали не ходить в кафе, а копить на квартиру

При какой зарплате можно купить квартиру, рассказала председатель правления АО ЖССБ Ляззат Ибрагимова. Она также подчеркнула, что придется забыть, что такое вечеринки, кафе и всякие развлечения.
tala03
18 авг. 2017 / 9:55
  • 1633
  • 47
Как я перестала верить в бога: «Религия показалась мне фарсом, а бог – выдумкой»

Как я перестала верить в бога: «Религия показалась мне фарсом, а бог – выдумкой»

Первое, что зародило во мне сомнения – это стэндап-выступление Джорджа Карлина. Его монолог о религии показался мне смешным, но его было недостаточно, чтобы пошатнуть годы моей веры в бога.
DominaOmnium
18 авг. 2017 / 22:17
  • 1667
  • 75