Тікелей эфир

Көрерменіне жол тартқан «Ғаламтордағы махаббат»

60-70 ж.ж. кейін тәуелсіздігіміздің алғашқы қадамдарымен бірге құлаш сермеген «жаңа толқын» режиссерлері ғарыш кемесін ортақ символ ретінде алып, жаңа өмірдің бастауында тұрғанындарын көрсетіп, биікке ұмтылыстарын байқатты. Режиссерлеріміз өмірдің нақ көріністерін бейнелеуге тырысты, құндылықтар ауысып, қымбаттың құны жоққа айналған, бетке ұстар нысана, бағдар таппаған кезеңді суреткер көзі тап баса білді, қазақ киносы кино тілін басқа қырынан аша бастаған шақ еді бұл.

«Жаңа толқын» өкілі Әмір Болатұлы Қарақұлов «Жапырақтар», «Ажыратушы», «Көгершін бағушы», «Жылама», «Соңғы демалыс» фильмдерінің авторы, үздік режиссурасы үшін «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты (2002). «Ажыратушы» кинофильмі үшін Халықаралық кино байқауындағы (Мәскеу қаласы, 1991) «ФИПРЕССИ» сыйлығының, «Көгершін бағушы» картинасы үшін Халықаралық кино байқауындағы (Таормин қаласы, Италия, 1993) бас жүлденің, Токиодағы Халықаралық кино байқауы Алтын жүлдесінің, «Соңғы демалыс» кинофильмдері үшін Халықаралық кино байқауындағы (Роттердам қаласы, 1996) бас жүлденің иегері, биыл қазақ киносының алтын қорын тағы бір кинотуындысымен толықтырды. Аталмыш кинофильм VIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінде тұсауын кесіп, қалың көрермен көзайымына айналып та үлгерген болатын.

«Ғаламтордағы махаббат» — авторлық кино түсіріп жүрген режиссердің коммерциялық бағыттағы алғашқы фильмі. Өз махаббатын ғаламтор бетінен іздеген сұлу ару жанындығы қызметтес қарапайым жігітті байқай бермейді. Оның сүйгені, жүрегін жаулағаны — монитордың әр жағындағы жұмбақ жігіт. Әрине, қыз үшін бұл жігіттің неге кездескісі келмейтіні беймәлім.

«Көрерменге көңіл көтерерлік, қызықты фильм керек деп есептеймін, қоғамдағы түрлі дағдарыстардан адамдар тым шаршап кеткен, оларды қазір жұбатып, көңілдерін бір жадыратқым келіп тұрады. Қоғамдағы қандай жағдайда да кино — көрерменінің жұбатушысы. Мысалы, немістер Москваға жақындағанда, біз кино түсіріп жаттық, Берлин бомба астында қалғанда да немістер кино түсіріп жатты. Кино ол мәңгілік пропаганда. Кино деген құдіретті әлем. Адамдар әр түрлі, олардың түрлі ойлары мен көзқарастары бар, оларды біріктіріп, ойын ортақ етер, достастырар кино деп білемін. Кинода шынайылық болуы керек. Американдықтар кинолары арқылы ұлы елге айналды» — дейді режиссер.

Аталмыш фильм арқылы режиссер расымен де көрерменінің тамырын баса білді. Киноматографиялық мүмкіндіктерді шебер пайдалана білген автор, фильмін қоғам өмірінің бейнелеуіш құралына айналдырды. Мелодрама мен шытырман оқиғаға толы заманауи өмір сипатын, түрлі пиғылдағы адамдар мен нәпсі құмарлық, ғашықтық машақаты, бәрі де сұлулық үшін күресте таза адамдық махаббаттың қашанда жеңіп шығатынын режиссер көрерменіне дәйекті жеткізе білді. Картинадағы актерлардың шынайы ойыны, режиссер мен актер арасындағы тығыз байланыс нәтижесінде өрбіп отырған оқиға желісіне сенесің. Актерді экран арқылы оқи аласың, үлкен пландар арқылы режиссер өз ойын шебер жеткізе білген, пландардың ауысуы, ракурстар, жарық пен монтаж, дыбыстың өзіне тән драматургиялық шешуші сәттері фильмді тұтастандырып, кадр аралық ритмді құрайды.

Фильмнің әр кадры үйлесімді, мазмұн мен оқиға желісінің бір тармағын ашып тұрады, Муссинак айтқан «фотогениялық» бар. Фильм тұтастай пластикалық концепциямен сезімдердің тууын көрсетеді. Ішкі ритм мен сыртқы ритм фильм жүрегінің соғысын қатарласа көбейтіп, көрерменнің назарын тыс қалдырмай, өзінде ұстап отырады. Кино заңдылықтары мен тілін тереңнен меңгерген режиссер киносүйер қауымды кино тіліндегі фильммен табыстырды.

Бүгіннің кейіпкерлері ойын ойнайтын, біз бен сіздің өмір сүріп жатқан қоғам жайлы сыр ұққыңыз келсе, «Ғаламтордағы махаббат» фильмін көріңіз.

Назерке Сланбек

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер

академиясының 4-курс студенті

Фото: Kazakhfilmstudios

Алия Arsik
21 қараша 2012, 12:17
3551

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Көруге тұрарлық фильм деп ойлаймын.
Zere
0
0
Фильм әсіре мақталған сияқты...
Фильмді әлі көрмегендіктен бірдеңе деуге ертерек шығар! Дегенмен,жаңашыл бағыттағы киноны жаңашыл көрермендер бағасымен толықтырар деген зор сенімім бар!
кушти ау дим кору керек екен

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Как казахстанцы могут получить кусок международного рынка аутсорса?

Как казахстанцы могут получить кусок международного рынка аутсорса?

Сокурсник Илона Маска инвестировал в образовательные проекты, и теперь хочет создать в Казахстане рабочие места на глобальном рынке аутсорса.
Zhumanova
18 мая 2017 / 13:38
  • 52327
  • 23
Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Со стороны ЕНПФ в очередной раз прозвучало крайне неоднозначное заявление, от которого, на наш взгляд, лучше было бы воздержаться.
openqazaqstan
вчера / 11:08
  • 8378
  • 27
Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

В продвинутых государствах едва ли поймут, почему в столь развитом, успешном и преуспевающем Казахстане от имени и по заданию властей творятся такие зверства над животными.
openqazaqstan
сегодня / 12:12
  • 4805
  • 74
Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Вопрос о равной ответственности водителя и пешехода при наезде на последних, только-только начинают обдумывать в высоких кабинетах. Но, пока государственные головы думают, водители продолжают...
Mirogloff
22 мая 2017 / 23:29
  • 4297
  • 32
Алматинские проститутки превращаются в шпионок

Алматинские проститутки превращаются в шпионок

Попасть в притоны на алматинском проспекте Сейфуллина, которых, как бы ни старались полицейские, меньше не становится, теперь можно, только зная явки и пароли.
Mirogloff
19 мая 2017 / 13:25
  • 4064
  • 38
Кого нам ждать: обнародована культурно-развлекательная программа EXPO-2017

Кого нам ждать: обнародована культурно-развлекательная программа EXPO-2017

Рианны не будет (как и ожидалось, в общем-то). Зато будут Мумий Тролль с Би-2, Эрос Рамазотти, 30 Seconds to Mars, и даже почему-то Limp Bizkit. А также фестивали J Azzia и "The Spirit of Tengri".
Clair-de-la-Lune
18 мая 2017 / 1:19
  • 4063
  • 11
В Алматы доставили чудотворную икону «Умягчение злых сердец»

В Алматы доставили чудотворную икону «Умягчение злых сердец»

Икона "Умягчение злых сердец" несет особые - сакральные, духовные смыслы. Ее намоленность ощущается даже за те секунды, пока прикасаешься губами к образу.
ValentinaVladimirska
20 мая 2017 / 0:09
  • 3017
  • 0
Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Итак давайте сразу начистоту. Мне 29. Не замужем, никогда не была, детей нет. В душе я совсем не чувствую этот возраст. Каждый раз когда задумываюсь об этом больше чем на 3 минуты, меня накрывает...
user2017
вчера / 10:57
Выйду замуж по расчету. Брак обесценился, пора вновь возвращать ему ценность

Выйду замуж по расчету. Брак обесценился, пора вновь возвращать ему ценность

После череды неудачных романов, статусов "все сложно", ножей в спину, идея "выйти замуж по расчету" посещает все чаще. И мне не стыдно про это говорить.
energo_ulzhan
22 мая 2017 / 17:39
  • 2392
  • 52