Батыстың тәжірбиесі немесе теріс ықпалы?!

Кали Аубакиров November 20, 2012
680
0
0
0

Батыстан келетін ақпарат ағыны жастарымыздың ойын құрта ма?! Не батыстың ақпарат ағыны сабақ беріп тұр ма?!

Сонау ХV ғасырдан бастау алатын Қазақ хандығының өзінің ерекше бір, басқаларға ұқсамайтын дәстүрлері мен бар бай рухани құндылықтары халқымызға тән нәрсе болатын. Сол уақыттағы талабына сай неше түрлі мәдени маңызы бар еңбектер жазылып, шығарылып, салынып болған еді. . .

Жалпы кейін еліміз Кеңес Одағы құрамында болған кезінде жабық саясат жүргізілуінің арқасында батыста, жалпы шетелде не болып жатқанның, сән үлгілері қандай, әлем бойынша қарапайым халық нені тұтынып жүр екенің білген жоқ. Осындай ауыр қауіп-қатерлерді халық бастан кешірді. Иә, мүмкін халық кейбір жағынан әлемнен арта қалып отырған да шығар, бірақ ауыр өнеркәсіп сияқты салалардан озық елдердің қатарында болды. Бір жағынан менің ойымша, бұл халықтың рухани жағынан бұзылуын тежеп, еңбекқорлыққа, таза-пәктікке, адамгершіл болып, шыңдықты айтып жүруге тәрбиелеген еді. Әрине үкіметтің ұстанған саясаты кейбір сәттерде тым артық, қатаң да болған шығар, бірақ соның арқасында әрбір адам қоғамдағы өзінің орнын біліп отырды.

Енді қазіргі ХХІ ғасырға келсек. . .  Еліміз тәуелсіздігін жариялағанына биыл 20 жыл толып тұр. Бұл қатаң саясаттан арылғанымызға, санаулы уақыт қана болды. Бірақ қазіргі кездегі жағдаймыз қандай?! Жас буын өкілдерін, жастарды, кейбір ересектердің өзін өмірде не қызықтырып отыр?! Тәрбиелену үлгісі?! Рухани  құндылықтары қандай?! Қандай мақсатқа жетелеп отыр?! Қызуғышылықтары неде?! Қаза берсек осы сыңды сұрақтар көптеп шыға береді . . . дегенмен, көпшілікте бұл сұрақтарға сан алуан жауап түрлері баршылық. Кейбір сұрақтарға өзімнің тек таза азамттық пікірімді білдірсем! "Бес саусақ бірдей емес" - сондықтан катты сыңаманыздар, сұрақтарға жауаптарыңызды асыға күтем . . .

Сонымен, кішкентай бүлдіршіндерден бастасам екен. Қазіргі замаңның баласына ең біріншіден жақсы ойнау үшін немесе ұйықтар алдында не керек?! Өкінішке орай неше түрлі гаджеттер (PSP, ноутбук пен нетбуктер және т.с.с.) Бұл замаң талабы деп кейбіреулер айтуы мүмкін, бірақ біз онсыз да,  әдемі тәтті ертегілермен, бір мезетте ғана көрсететін жылы жүзді бағдарламалармен, мультфильмдермен, бірнеше ұрпақ тәрбиеленіп шыққан, әрі ұқыпты ұсталынып, арғы ұрпаққа амантқа қалдырынып отырған ойыншықтармен өсіп, ұйқыға батық.  Сонда біздің қай жеріміз кем болып өсті?! Керісінше, қазіргі замаңның баларына қарағанда денсаулығымзды жақсырақ қалыпты жағдайда ұстай алдық. Ал осы замаң талабының денсаулыққа қанше теріс ықпалы жайлы көбі біле тұра, шектеусіз қолдана береді. Білмейтіндерге, «құлақтарыңызға алтын сырға» : http://ihelp.in.ua/it-novosti/vliianie-smartfonov-i-planshetov-na-detei және http://www.kp.ru/daily/25943/2888015/ . Осымен қандай зиян келтіретіні жайлы осы сілтемелер арқылы біле аласыздар!

Енді батыстың, шетелдің мультфильмдері мен жалпы БАҚ арқылы тарататын ақпараттарға үңілсек. . . Біріншіден, шектеусіз – ызалы, жүйкеге теріс әсер тигізетін мультфильмдер. Әрине олар өте көп, аралырында тәуірлері де баршылық. Дегенмен, көбісі мағынасы жоқ, баланы теріс жолға, қатыгездікке салатын, ең бастысы рухани құндылығын құртуға дәріптейтін мағынсыз бар ақпарат түрі. Олар бүлдіршіндерімізден нағыз зомбиларды тәрбиелеп отыр: http://www.muslimpress.ru/novosti/ostorozhno-multfilmy.htm, http://www.soznanie.info/st_zchild.htmlСонда Ұлттық рух, мүдде қайда қалды?! Осындай балалармен ертеңіміз не болар?! АҚШ-ғы қайғылы оқиғалармен ұласатыны болар. . . жаңалықтардан естіген шығарсыздар. Оқушы мектепке келіп, сыныптастарын атып тасғанадар жайлы . .. Бізге сол керек пе?! Жоқ болса, онда құзырлы органдар қайда қарап отыр?!

Жалпы ойымды қорытындыласам, осы не бір пайдасы жоқ шетелден келіп отырған ақпарат ағындары, ойыншықтар, компьютерлерге арналған ойындар т.с.с. тек санамызды құртып, шірітіп отыр. Соған дәлел ретінде, қазіргі уақытта ұлдар қыздарға, қыздар керісінше ұлдарға ұқсайтын болып көрінеді. Жастар шыдамсыз, өте қатыгез, әрине барлығы емес, бірақ тағы сол көбісі солай болып отыр. Сонда бізде өзіміздің елімізге, халқымызға сай шығаратын ақпарат ағындарын табу үшін ойлар жеткіліксіз деп санайсыз ба?! Жоқ әрине, өте жеткілікті. Тек үкімет тарапынан қолдау қажет! Ата-аналар тарапынан балаларға көбірек көңіл бөліп, сұрағаның бет алды алып бермей, ойлану қажет! Ал жастарға жаңа, креативті бізге тән ойларды қалыптастыру керек! Шетел ақпаратының белгілі бөлігін болса да іріктеу керек. Сонда ғана өскелен ұрпақ, ата-тектерін ұмытпай, ұлттық рухын сақтап қалар!!! Қазақстанды көтеріп, кейін керісінше біздің керемет бір ақпарат ағындарын шетелге дәріптеп отырар!!! Солай болатынына сенейік!!! Сеніп тұрып істермен дәлелдейік!!!

 

Оцените пост

0