Қазақстан – Кремльдің боданы емес, тәуелсіз ел

Руслан Жангазы 2012 M11 9
825
0
0
0

Қазақстанның сыртқы Еуразиялық саясаты тығырыққа тіреді. Интеграциялық үдерісте ұлттық мүддені қорғау - елдігімізге үлкен сын.

Солтүстіктегі көршіміз Қазақстанға қыр көрсетуге көшкен сыңайлы.

Жуырда ғаламдық ақпараттық кеңістікте Ресейдің мемлекеттік мүдделерін қорғауға бағытталған «Россия – 24» телеарнасы, Кремльдің идеологиялық қолшоқпары: «Қазақстан – кедей ел. Экономикасы түкке тұрғысыз, әлсіз. Ал, Парламенті қауқарсыз. Өкінішке қарай, республика Кедендік Одақ елдеріне ештеңе ұсына алмайды және сатып алуға да мүмкіндігі жоқ» – деген хабар таратты.

Әрине, Қазақстан мен Ресей қарым-қатынастарын сараласақ, стратегиялық әріптестік аясындағы терезесі тең дәрежедегі қос мемлекет сипаттамасына сәйкес келмейді.

«Россия – 24» телеарнасында Қазақстанға бағытталып айтылған сөздер осы пікірдің дұрыстығын аңғартады.

Алайда, Мәскеудің құрып кеткен империяны қайта қалпына келтіруге бағытталған тегеурінді саясаты іске аспайтын түрі бар. Көршінің теріс пиғылы сыртқа шықты.

Ресей жоғары басшылығының бұдан бұрын Қазақстанға қатысты «мәңгілік достық, тату-тәтті көршілестік, стратегиялық әріптестік» т.с.с. жариялаған мәлімдемелері бос сандырақ екен.

Қазақстан өз ұлттық мүдделерін табанды қорғауға ниетті. Еуразиялық Одаққа күштеп кіргізуге жол берілмейді.

Ресей телеарналары Қазақстанды қаралауды жалғастыра беретін болса, оларды өз елімізде таратуға тыйым салайық. Кабельді операторлардың тарату лицензияларын қайтару – мемлекеттің қолында екендігі баршаға аян.

Мемлекетіміздің халықаралық имиджіне нұқсан келтіретін шетел телеарналарына біз неліктен жағдай жасауымыз қажет?

Қайтер екен сонда?

Егемен Грузияның аумағына 2008 жылы өктемдеп кірген әскерлері, бізге де сол күш көрсету сценарийін іске асырмақшы ма?

Қазақстан – сыртқы және ішкі саясатын дербес анықтайтын және жүзеге асыратын тәуелсіз мемлекет, ол – Кремльдің боданы емес! Осыны ұғынатын кез келді.

Әйтпесе, араны ашылған аюдың тұмсығын Көк Бөрілер сындырып кетпесін...

 

Оцените пост

0
Дальше