• 94717
  • 7
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Бейнелеуге бейімі бар балалар басқа салаға неге кетеді?

 
09.11.12.

Еліміздегі сурет өнері әлемдік деңгейдегі кәсіби емес, жай ғана әуесқойлық бағытта дамуы мүмкін. Қоғамның және меморгандар тарапынан жанашырлық көзқарас пен қолдаудың жоқтығынан қылқаламмен күнкөру дегеннің өзі қиямет-қайымға айналып бара жатыр. Бұған соңғы жылдары кәсіби суретшілер дайындайтын жоғары оқу орнына түсетін жастардың арасында ер балалардың жылдан-жылға азая түскендігі дәлел. Отбасының асыраушысы саналатын азаматтар бойында табиғи таланты болса да қылқаламның құпиясын үйрететін оқу орындарынан сырттап жүреді.

 Өйткені бүгінгі қоғамда мұндай кәсіппен отбасын асырай алмайтындықтан дарынын далада қалдырып, өзге салаға кетуге мәжбүр. Мұндай өзекті мәселені «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының жанынан құрылған «Мирас» мәдениет пен өнерді дамыту бойынша қоғамдық кеңестің отырысында Суретшілер одағының өкілдері көтерді.
Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұл­танов жүргізген жиынға Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму комитеті­нің төрағасы А.Бижанов, «Нұр Отан» хатшысы Е.Қарин, Мәдениет және ақпарат вице-министрі А.Бө­рібаев және Театр, Суретшілер, Композиторлар одағының төр­ағалары мен шығармашылық саланың өкілдері қатысты. Жиын барысында еліміздегі қылқалам өнерінің келешегі мен кедергілері жайында Суретшілер одағының төрағасы Байтұрсын Өмірбеков арнайы баяндама жасап, бірқатар түйткілді түйіндерге тоқталды.
Еліміз бойынша 980 мүшенің басын қосқан Суретшілер одағы кезінде ең бай және кәсібилік пен әлеуметтік жағынан толық қам­тамасыз етілген шығармашылық ұжым еді. Сәулеті мен дәулеті ке­ліскен ортақ ғимараттары, 100-ден астам шеберханалары тоқтаусыз жұмыс істеді. Оның үстіне, сол кездегі қоғамның қылқаламның құдіретіне деген құрметі мен қызығушылығы да ерекше еді. Қазір солардың жұрнағы да қалмады, ғимарат сатылды, шеберханалар талан-таражға түсті. Олардың орнын әлеуметті әуесқойлықпен алдан­дыратын Алматының «Арбаты» секілді алаңқайлар басты. Байтұр­сын Өмірбеков таяуда Ресейдің Улья­нов қаласында өткен әріптес­терінің байқауына қазылық жа­сапты. 15 аталым бойынша сынға түскен үміткерлерге үлкен жүлделер тара­тылған. Тек 1-орынға берілетін жүлдесінің өзі 1 миллион теңге екен. Ал бізде бейнелеу өнеріне қатыс­ты байқаулар мен бәсекелер жоққа
тән. Тәжірибе бөлісіп, пікір ал­ма­сатын симпозиумдар мен конфе­ренция­­лар да екібастан ұйымдас­тырыл­­май­ды. Себебі қаржы жоқ. Есесіне, ба­тырлар мен билердің ескерткішін немесе арзанқол суретін бір түнде салып шығатын жеңіл қолды жігіттердің дәурені жүріп тұр. Төр­ағаның айтуынша, атақты шебер Әбілхан Қастеев Амангелді ба­тырдың бейнесін түсіру үшін он жылдай еңбектенген. Ауылына барған, ағайын туысымен сөйлес­кен, қысқасы батырдың бітім-болмы­сын, мінез-құлқын тынымсыз зерттеп, соған сәйкес хас тұлғасын талассыз кескіндеген. Ал бүгінгі­лердің қарекеті Қастеевтің еңбегі­нің қасында күлкіңді келтіреді.
Туабітті жас дарындардың су­­рет өнеріне келуі де сирей бастауы аға буынды алаңдата түсіпті. Өйткені адам баласының таңданысын туғызатын қаншалықты тартымды дүниелер туғызғаныңызбен оның бағасы жоқ, ешкім бағаламайды. Материалды, моралды тұрғыдан да. Отбасының тірекшісі саналатын ер азамат үшін еңбегінің бағаланбауы ауыр азап емес пе?! Сондықтан да бейнелеу өнеріне бейімі бар балалар несібесін басқа саладан теруге мәжбүр. Үлкендерінің тағдыры да осы тақылеттес. Бірқатар мықты мамандар өнерін жоғары деңгейде бағалайтын шет мемлекеттерге асқан. Сонда тұрып, ізденеді, карти­наларын атақты көрмелерге қояды, лайықты баға ұсынылғандарын сатады. Әйтеуір, тынбайды.
«Елорданың гүлденуі, тәуелсіз­діктің 20 жылдығы және егеменді елдің лайықты ерлерінің еңбектері үлкен картиналарға татитын та­қырыптар еді. Бірақ соған ба­ғыт­таған, ынталандырған ешкім болмады. Әйтпесе, еліміздің дамуын тарихи дүниеге айналдыратын хас шеберлер бар ғой. Оларға да қы­зықты жобалар немесе ұсыныстар түспеген соң, өздігінен алып шы­ғуы қиын. Жоғары мазмұнды карти­на­ға кететін шығындарды екінің бірі көтере алмайды. Егер ұлттық сурет өнерін сақтап, дамытуды керек етсек, алдымен мемлекет біздерге көңіл бөлуі керек» дейді Байтұрсын Өмірбеков. Бұл ойларға қатысты Мәдениет комитетінің төрағасы Тілеуғали Қышқашбаевтың айтар
өз пікірі бар.
- Суретшілер одағы қоғамдық негізде жұмыс жүргізеді. Оның бүкіл кемшілігі мен қиындығын тек мемлекеттік мекемеге артып қою қисынсыз. Өздері ізденіп, ұсыныстар әзірлеп, қолдаушылар табуға тиіс. Біз өз тарапымыздан көмегімізді береміз. Мәселен, жиыннан соң хаттамалық шешімге сүйеніп, ай­мақтағы әкімдіктердің бағы­ны­сындағы көрмелер мен мұражай­ларға суретшілердің сапалы туын­дыларын сатып алуды ұйым­дастыруға қаржы қарауын сұрап, хат жолдайық. Мұны жүзеге асыру үшін жан-жақты қолдау білдіруге әзірміз .
Жиынға қатысушылар өзге де пікір білдірушілердің ұсыныстарын ескеріп, қиындықтан шығудың амалдарын бірлесе қарастыруға келісті. Сондай-ақ ауылдағы мәде­ниет нысандарын дамытуға қатысты Маңғыстау облысы әкімінің орын­басары Халила Нұрғалиеваның хабарламасы тыңдалып, ескерілу­ге міндетті мәселелер тиісті органдар­ға жіберілетін болды.

Бейсенбай ДӘУЛЕТҰЛЫ

Астана қаласы


 
«Айқын» AIKYN
Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны 2004 жылы 6 наурызда жарық көрді. 2005 жыл газет Президент сыйлығын жеңіп алды. 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иемденді. Аптасына 5 рет шығатын күнделікті газеттер арасында «Айқынның» өз орны бар. Аз ғана уақыт ішінде «Айқын» республикадағы белді де беделді басылымға айналып, Қазақстанның бұқаралық ақпарат кеністігінде өз ор…нын тапты. Газеттің әр нөміріндегі мақалалар түрлі сараптамалық шолуларда, пікірталастарда негізгі тақырыпқа айналып, интернет жүйесінде де қайта басылып келеді. Шенеуніктер, менеджерлер, түрлі деңгейдегі кәсіпкерлер өз жұмысын біздің газеттегі жаңалықтарды оқудан бастайды. Республикалық қоғамдық-саяси басылым – «Айқын» газеті қазақ қоғамының мәдени өмірі мен қоғамдық-экономикалық, саяси деңейін көтеруді алдына мақсат етіп қойған. Басылымның бірқатар облыстарда тілшілер қосыны бар. Сондай-ақ Будапешт, Пекин, Ашхабад қалаларында өз тілшілеріміз қызмет етеді. Газеттер бағасы мен таралымы жағынан б
9 ноября 2012, 10:39
393

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

У меня обширный сексуальный опыт, и я этим не хвастаюсь. Будь у меня возможность, променял бы это всё на одного партнёра. Но так как с личной жизнью не заладилось, а секс я очень люблю, то приходилось изворачиваться.
bez_prav
18 окт. 2017 / 18:01
Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я знал дату свадьбы. За неделю до свадьбы в соцсети "Вконтакте" на все мои последние фото, был проставлен лайк с её профиля. Сердце забилось сильнее. В душе загорелась наивная, крошечная надежда.
Dominator-kz
17 окт. 2017 / 15:41
Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Если вам нет 35 лет и у вас нет своего жилья, то есть интересная гос.программа. Нишевая программа - молодые семьи Алматы до 35 лет, семья - это как минимум 2 супруга без детей.
DanaJarlygapova
19 окт. 2017 / 16:21
Маргулан Сейсембаев: Об идеальных учителях, финской модели обучения и дисциплине

Маргулан Сейсембаев: Об идеальных учителях, финской модели обучения и дисциплине

Крупнейшая частная школа осознала, что внедрять финскую модель в чистом виде в Казахстане, не имеет смысла. Нельзя давать детям свободу без "идеальных" учителей.
Zhumanova
сегодня / 8:18
  • 2089
  • 3
Доверяют ли граждане Казахстана полицейским? Социальный опрос

Доверяют ли граждане Казахстана полицейским? Социальный опрос

Борьба с оборотнями в погонах идёт не один год, но без особого эффекта. Это даёт повод подробнее поговорить о нашей полиции и её проблемах. Как относятся к полицейским казахстанцы?
voiceQZ
20 окт. 2017 / 18:42
  • 2519
  • 41
Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

История из моей жизни. Я вспоминаю эти отношения и сама не могу понять - как так произошло? А дело в том, что вы и сами не заметите. Это наступает плавно и динамично.
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 14:17
Сказ об офисных планктонах. А какой работник ты?

Сказ об офисных планктонах. А какой работник ты?

Я проработала во многих компаниях и повстречала очень много разных интересных людей. Исходя из моих наблюдений, могу описать несколько категорий работников. Может, речь пойдет о ком-то из вас…
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 17:51
  • 1901
  • 19
«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

Аким Шымкента Габидулла Абдрахимов нашёл решение накопившихся проблем городского транспорта. Все ключевые работники акимата некоторое время будут сами ездить на автобусах.
openqazaqstan
18 окт. 2017 / 10:53
  • 1906
  • 36
Аркадий Волож привел в Казахстан «Яндекс.Лицей». Плакать или радоваться?

Аркадий Волож привел в Казахстан «Яндекс.Лицей». Плакать или радоваться?

"Яндекс.Лицей" зашел в казахстанские школы. План - учить бесплатно программированию, формировать себе кадры и выйти на мощность 10 тысяч школьников в год.
Zhumanova
18 окт. 2017 / 8:36
  • 1736
  • 17