• 89554
  • 7
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Ұлттық құрама оңбай ұтылды

 
 
09.11.12.

Ресейдің ашық біріншілігі саналатын Құрлықтық хоккей лигасында аздаған үзіліс орын алды. Осыған орай, Қазақстан құрамасы мен «Барыс» клубы арасында жолдастық кездесу өтті. Бұл бәсекеде елордалық ұжым 5:0 есебімен жеңіске жетті. Дегенмен «Барыстың» сапында ұлттық құраманың беткеұстар ойыншылары бар екенін ұмытпайық. Осы ретте «Барыс» командасы мен Қазақстан құрамасы жайлы әңгіме тиегін ағытып, алдағы уақыт еншісіндегі жоспарлар мен мүмкіндіктерімізді саралап көрсек.

Жаңа басшылықтан жаңалық күтеміз
ҚХЛ-дағы додаға биыл да қатысып жатқан хоккейден ұлттық құрамамыз­дың базалық клубы болып табылатын «Ба­рыс» жаңа маусым шымылдығы түсіріл­ген сәтте қарсыластарына жиі ұпай та­ратып, жанкүйерлерін біраз әбігерге салды. Сәл кейінірек елордалық ұжым бабын тауып, олқылықтың орнын тол­тыра бастады. Бірақ соңғы ойындар ба­рысында командамыз тағы да бірінен соң бірі маңызды ұпайларды жоғалтты. Қазіргі уақытта Владимир Крикунов жаттықтыратын команда чемпионаттың жалпы турнир кестесінде 16- орында келеді. Өкінішке қарай, дәл ертең плей-офф басталар болса, «Барыс» оған қатыса алмас еді. Өйткені команда «Шығыс» конференциясының турнирлік кестесінде 9- орында тұр, өзінен бір саты жоғарыдағы Нижнекамскінің «Нефтехимигінен» 6 ұпайға қалып келеді.
Биылғы маусым қарсаңында клуб басшылығында елеулі өзгерістер бо­лып, клуб президенті Нұрлан Оразбаев отс­тавкаға кетті. Оның орнын белгілі конь­киші Вадим Шақшақбаев басты. Сондай-ақ «Барыстың» бас бапкері Андрей Шая­нов та қызметтен босатылып, ко­манданы жаттықтыру міндеті ресейлік маман Владимир Крикуновқа жүктелді. Жоғарыда айтқанымыздай, «Барыс» ұлттық құрамамыздың базалық клубы болғандықтан жаңа маусымда құрамға қазақстандық хоккейшілер көбірек тартылды. Қазақстан құрамасын алдағы уақытта екі бірдей ірі, жауапты жарыс күтіп тұрғаны мәлім. Өкінішке қарай, «Барыстың» бақ-берекесіндей болған Кевин Даллмэн бастап, Иржи Новотны, Лукаш Кашпар, Камил Крепс секілді белді хоккейшілер командадан кетті. Әсіресе канадалық капитанымыз, қорғаушы болса да кейбір шабуыл­шылардан әлдеқайда көп гол соғатын Даллмэннің өзге клубтың қатарын толықтырғаны өзекті өртейді. Қазіргі уақытта бұл жігіт Санкт-Петербордың СКА командасының сапында жүр. Төрт жыл бойы «Барысты» алға сүйреген ол баспасөз өкілдеріне берген сұхбатында мүмкіндік туып жатса, Қазақстанға қайтып оралғысы келетінін айтқан екен. Чех Новотны да далада қалған жоқ. Жиырма тоғыз жастағы шабуылшы бұл күндері «Лев» командасының капита­ны. Аталған ұжым да ҚХЛ-да өнер көрсе­те­ді және қазір көш бастаушылардың қатарында келеді. Тағы бір чехиялық легионеріміз Крепс Швейцарияға қо­ныс аударып, сол жақтағы «Клотен Фла­йерз» командасының намысын қорғап жүр.


«Барысқа» кімдер қосылды?
Бұл ретте сөзді атақты отандасымыз Н.Антроповтан бастайық. 1980 жылы Өскемен қаласында дүниеге келіп, спорттық ғұмырын жергілікті «Тор­пе­доның» қатарында бастаған Николай кейінірек Мәскеудің «Динамосы» мен Қазанның «Ақ Барыс» командаларының сапында ойнаған болатын. Бірақ оның даңқын шығарған мұхиттың арғы бе­тіндегі жарыс - Ұлттық хоккей лигасы (ҰХЛ). Әлемдегі ең танымал хоккей чемпионатында жерлесіміз алдымен «Торонтоның» намысын жыртты. Одан соң «Нью-Йорк Рейнджерс», «Атланта Трешерс» клубтарының жейдесін ки­ген ол 2011 жылдан бері «Виннипег Джетс» командасының мүшесі. Орталық ша­буылшы «Барысқа» ҰХК-дегі локаут­тың (команда басшылары мен ойыншы­­лары арасындағы келіспеушілік - ред.) ар­қасында көмектесіп жүр. Оның қанша уақытқа созылатынын әзірге дөп басып айту мүмкін емес. Бірақ осы аралықта Николай Антроповтың астаналықтарға зор көмек тигізіп отырғаны анық.
Команда қатарын толықтырған бағалы ойыншылардың бірі - Д.Уппер. Өскемен хоккей мектебінің түлегі «Ақ Барыс», «Спартак», ЦСКА сияқты белді клубтарда өнер көрсетті. 2010 - 2012 жылдар аралығында ол Мәскеу облы­сының «Атлант» командасы қатарын­да болып, капитан ретінде айдынға шық­ты. 1999 жылы еліміздің үздік хоккейшісі болып танылған Дмитрий бұл күндері ұлттық құраманың құнды ойыншы­ларының бірі.
«Барыстың» сапын 2011 жылғы әлем чемпионы, финляндиялық Теему Лассила толықтырды. Жиырма тоғыз жастағы қақпашы астаналық ұжымға Ново­кузнецкінің «Металлургінен» ауысып келді. Бұлардан өзге де бірнеше жаңа ойыншы елордалықтардың қатарына алынды.


Қадірің қандай, Крикунов?
Бас бапкер В.Крикунов туралы ма­мандардың пікірі жақсы. Бапкерлік тәжірибесі мол бұл маман бұған дейін үш бірдей ұлттық құраманы жаттықтырған. Атап айтсақ, 1995-1996 жылдары ол Сло­венияның ұлттық командасының тізгі­нін ұстады. 2002 жылы Белоруссия құрама­сын жаттықтырып, Олимпиада ойын­дарының жартылай финалына дейін жетті. Бұл - Белоруссияның ең биік же­тістігі. Ал 2005 жылы Ресей құрамасын баптап, әлем біріншілігінде қола жүлдеге ие болды. Бұл маман жаттықтырған клубтардың ішінде Мәскеудің «Дина­мосы» мен Қазанның «Ақ Барысының» орны ерек. Жуырда Хабаровскінің «Аму­рын» ұпайсыз қалдырған елордалық ұжым Владимир Крикуновқа тамаша сыйлық жасады. «Барыстың» тізгінін жаңа маусымда ұстаған маман бапкер­лік ғұмырындағы 1000-шы кездесуін өткіз­ген болатын. Ресей хоккейінің тарихында ол осы межені бағындырған төртін­ші бапкер. Оған дейін даңқты маман Вик­тор Тихонов бастап, Геннадий Цыгуров және Валерий Белоусовтар осындай құрмет­ке бөленген екен.
ҚХЛ-дегі бәсекеге араласа бастаған 2008-2009 жылдардан бергі уақытта «Барысты» Александр Высоцкий, Андрей Хомутов және Андрей Шаяновтар жат­тықтырып келді. Астаналық хоккей­шілер осы үш бапкердің кезінде де плей-офф кезеңінің алғашқы сатысынан өте ал­мады. Мәселен, 2008-2009 жылдардағы маусымда «Барыс» 1/8 финалда Қазанның «Ақ Барысына» жол берді. Кейінірек Татарстан хоккейшілері плей-офф кезеңінің жеңімпазына тиесілі Гагарин кубогын еншіледі. Бір қызығы, 2009-2010 және 2010-2011 жылдардағы плей-оффта да «Барыс» Қазанның «Ақ Барысына» тап болып, екі ретте де жеңіліс тапты. Ал 2011-2012 жылғы біріншілікте елорда­лықтар Магнитогорскінің «Металлур­гімен» плей-офф бәсекесінің алғашқы кезеңінде жолықты. Бірақ атақты «Маг­нитканы» айналып өтуге команда­мыздың шамасы жетпеді. Десек те, астаналық хоккейшілер соңғы сәтке дейін берілмей, сериялық есепте 3:4 нәтижесімен ұтылып қалды.
Ресейлік маман А.Хомутов та, жер­лесіміз А.Шаянов та «Барыстың» бабын таба алмады. Әйтпесе команда құрамы айтарлықтай мықты болатын. «Барыс» ала-құла өнер көрсетіп жүрді. Бірде мықты деген ұжымнан ұпай тартып алса, келесі ойында-ақ аутсайдерлердің бірі­нен ұтылып қалатын. Мамандардың пікіріне сүйенсек, Шаяновқа тәжірибе жетіспеді. Ал Хомутов команда мүшеле­рімен тіл табыса алмаған секілді.


Жалғыз қазақ
Қазір «Барыстың» негізгі құрамындағы 30 хоккейшінің тек 8-і ғана өз отанда­сымыз болса, олардың арасында жалғыз қазақ жігіті бар. Ол - Талғат Жайлауов. Өскемен қаласының өрені 2002 - 2007 жылдар аралығында «Торпедоның» сапында ойнаса, 2007 жылдан бері «Ба­рыстың» құрамында жүр. Көптеген жанкүйерлер «Барыстың» капитаны болуға Жайлауов лайық деп бекер айт­пайды. Бірақ әзірге бапкерлер 2007 жылы Қазақстанның үздік хоккейшісі атанған қазақ жігітіне капитандық белгіні беруге асығар емес. Сол сияқты Ресейдің ашық біріншіліктері мен өзіміздің ішкі жарыстарда талантты қазақ жігіттері жетерлік. Алдағы уақытта олар да елі­міздің бас клубының қатарын толық­тырса, нұр үстіне нұр.
Сонымен «Барыстың» Ресейдің ашық біріншілігіндегі аяқ алысы әзірге мәз емес. Дегенмен уақыт өте жағдайды түзеу мүмкін болады деп сенеміз. Команда плей-офф бәсекелеріне жолдама алып, онда сәтті өнер көрсетуді мақсат етіп отыр. Ал ұлттық құрамамыз ше?
2012-2013 жылдарға арналған елі­міздің хоккей күнтізбесіне көз жүгіртсек, ұлттық құрама үшін келер жыл сынаққа толы болатынын аңғарамыз. 2013 жылдың сәуір айында ерлер құрамасы Венгрияда өтетін әлем чемпионатында өнер көрсетеді. Бірінші дивизиондағы бәсекелер барысында В.Крикунов шәкірттері элиталық дивизионға жолдама алуға міндетті. Міне, осы жауапты жарысқа тыңғылықты дайындалу үшін құрама ағымдағы жылдың желтоқсан айында «Еурошақыру кубогында» бақ сынайды. Бүл дәстүрлі дода Румыния жерінде ұйымдасты­рылмақ. Одан соң еліміздің бас ко­мандасы Олимпиада ойындарына та­ратылатын жолдамаға таласу үшін Латвияны бетке алады. Балтық жаға­лауындағы іріктеу жарысында да бәсеке өте күшті болмақ.

Шалқар ЕСТЕН


 
«Айқын» AIKYN
Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны 2004 жылы 6 наурызда жарық көрді. 2005 жыл газет Президент сыйлығын жеңіп алды. 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иемденді. Аптасына 5 рет шығатын күнделікті газеттер арасында «Айқынның» өз орны бар. Аз ғана уақыт ішінде «Айқын» республикадағы белді де беделді басылымға айналып, Қазақстанның бұқаралық ақпарат кеністігінде өз ор…нын тапты. Газеттің әр нөміріндегі мақалалар түрлі сараптамалық шолуларда, пікірталастарда негізгі тақырыпқа айналып, интернет жүйесінде де қайта басылып келеді. Шенеуніктер, менеджерлер, түрлі деңгейдегі кәсіпкерлер өз жұмысын біздің газеттегі жаңалықтарды оқудан бастайды. Республикалық қоғамдық-саяси басылым – «Айқын» газеті қазақ қоғамының мәдени өмірі мен қоғамдық-экономикалық, саяси деңейін көтеруді алдына мақсат етіп қойған. Басылымның бірқатар облыстарда тілшілер қосыны бар. Сондай-ақ Будапешт, Пекин, Ашхабад қалаларында өз тілшілеріміз қызмет етеді. Газеттер бағасы мен таралымы жағынан б
9 ноября 2012, 10:31
345

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Прогноз эксперта: в Казахстане будут жить 5 миллионов китайцев

Прогноз эксперта: в Казахстане будут жить 5 миллионов китайцев

В ближайшие годы в Центральной Азии будут проживать восемь миллионов китайцев, считает заведующий отделением востоковедения национального исследовательского университета высшей школы экономики.
kurmanovainur
23 июня 2017 / 11:23
  • 41117
  • 47
Почему мы должны быть благодарны журналисту Джеймсу Палмеру за критику ЭКСПО

Почему мы должны быть благодарны журналисту Джеймсу Палмеру за критику ЭКСПО

Как одним критичным постом зарубежному журналисту Джеймсу Палмеру удалось вскрыть сразу несколько гнойников казахстанского общества.
anotherblogger
21 июня 2017 / 0:39
  • 7099
  • 64
Почему я больше не поеду отдыхать на северное побережье Алаколя

Почему я больше не поеду отдыхать на северное побережье Алаколя

Нам казалось, что на Алаколе мы сможем хорошо отдохнуть, расслабиться и набраться сил на весь следующий год. Вроде, и достаточно бюджетно, и не так далеко.
RisKaS
вчера / 18:05
  • 4182
  • 34
На каких улицах города Алматы вы точно попадете в «пробку»

На каких улицах города Алматы вы точно попадете в «пробку»

Строятся пешеходные и велосипедные дорожки, трамвайные пути "сносят", а главная традиция нашего мегаполиса - замена подземных коммуникаций и в этом году не была нарушена.
beoblod
вчера / 17:22
  • 3376
  • 3
Эксперимент. Два парня и девушка в поисках лучшего донера в Астане

Эксперимент. Два парня и девушка в поисках лучшего донера в Астане

Нас трое: девушка и двое парней. Мы обошли 7 заведений, где продают донеры. Оценивали по 10-бальной шкале только по вкусовым качествам донера. Никто нам за рекламу не платил, бесплатными донерами не кормил!
nargiz_15
сегодня / 10:08
  • 3540
  • 6
В каких случаях у вас могут изъять удостоверение личности?

В каких случаях у вас могут изъять удостоверение личности?

Недавно один знакомый задал вопрос: «Я сейчас выступаю как свидетель по одному делу. У меня забрали удостоверение личности (УЛ) в РУВД и не вернули обратно. Так можно?». Я сразу задалась вопросом...
asselsabekova
21 июня 2017 / 10:17
  • 3332
  • 20
Где отлично провести летние месяцы с пользой для здоровья и кошелька?

Где отлично провести летние месяцы с пользой для здоровья и кошелька?

Я обратил внимание, что в случае с уникальными природными зонами Павлодарской области применима поговорка: «что имеем – не ценим», а ведь они легко могли бы стать международными курортами.
Muzalevskiy
23 июня 2017 / 22:57
  • 3239
  • 11
Это «колхозное сооружение» вредит имиджу города. Я, как алматинка, против!

Это «колхозное сооружение» вредит имиджу города. Я, как алматинка, против!

Почему эту трубу не проложили под землей? Она обезображивает улицу, как дикий багровый шрам от раны, зашитой равнодушным, криворуким и ленивым хирургом, обезображивает лицо.
ValentinaVladimirska
23 июня 2017 / 12:10
  • 2647
  • 40
На Иссык-Куль через Юг. Не бойтесь ехать в Киргизию своим ходом!

На Иссык-Куль через Юг. Не бойтесь ехать в Киргизию своим ходом!

Очень живописная и бюджетная поездка вдоль всего берега по Иссык-Кулю! Мы, две обаятельные девушки, поехали вдвоем, подготовленные к совершенно автономной жизни в палатке, и ни разу ничего не...
yelenasergiyenko
22 июня 2017 / 13:20
  • 2836
  • 23