Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:44, 08 ноября 2012

Тағдырыңызға таза тамақ та әсер етеді

 
08.11.12.
Blog post image
Алматыда Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің бастамасымен, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен халықаралық тренинг басталды. Оған Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Тәжікстаннан денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы министрліктерінің жауапты қызметкерлері, Ресейдің эпидемиолог, микробиолог ғалымдары, сондай-ақ АҚШ-тың жұқпалы ауруларға қарсы қызмет мамандары, Дания техникалық университетiнiң ғалымдары және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жауапты қызметкерлері қатысуда.

Жиында Қазақ тағамтану ака­демиясының басшысы, ака­демик Төрегелді Шарманұлы елімізде тағам инфекцияларын болдырмау барысында Үкімет тарапынан қомақты қаржы бөлініп, денсаулық сақтау саласы мамандарының біршама жұ­мыстар жүргізіп отырғанын тілге тиек ете келіп, әлемде миллио­н­да­ған адам тағамға қауіпті өнім­дерді пайдаланудан ауруға шал­дығып, қайтыс болып жатқанын айтты. Сондықтан қазіргі кезде та­ғам өнімдерінің қауіпсіздігін қам­тамасыз ету - еліміздің ұлт­тық саясатының басты мін­дет­терінің бірі.
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-прак­ти­калық орталығында эпидемио­логиялық ахуалды халықаралық деңгейде қадағалау және шұғыл шешімдерді қабылдау бойынша ДДСҰ ақпараттық жүйесіне қол жеткізуге болады. Инфекцияны сырт­тан әкелу қаупі төнгенде ке­шен­ді эпидемияға қарсы шаралар дер кезінде қабылданады.
Бір қуанарлық жайт, санитар­лық дәрігерлер мен дәрігер-эпи­демиологтардың жүйелі атқарып отырған, аурудың алдын алу мақ­сатындағы кешенді жұмыста­ры­ның арқасында биылғы он айда өткен жылдың осы мерзімімен са­лыстырғанда жұқпалы аурудың 30-ға тарта түрі азайды. Бұл рет­те елімізде денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдар­ламасы оңтайлы орындалып ке­леді деп айтуға болады.
Елімізде тағамнан пайда бо­ла­тын ауруларды эпиде­мио­ло­гиялық қадағалау жүйесі жұмыс іс­тейді және апта сайын науқас­тардан және дені сау азама­т­тардан бөлінген өсінділердің мик­робтық пейзажына зертха­на­лық мониторинг жүргізіліп, тағам өнімдерінің, сүттің сапасы қада­ға­ланады. Йод жетіспеушілігі жағ­дайларына мониторинг жүр­гізіліп, базаларды пайдалану тұ­рақты түрде қадағалануда.
Тағам өнімдерінің құрамы жә­не сапасының стандарттары бел­гіленіп, үстіміздегі жылы Үкі­мет тағам өнімін шығаратын, оны көтерме және бөлшектеп сата­тын нысандарға, сондай-ақ қо­ғам­дық тамақтану орындарына қойыла­тын санитарлық-эпиде­миоло­гия­лық талаптарды қайта қарап, бе­кітті.
Қазақстанда денсаулық сақ­тау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Са­ламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шең­берінде Кеден одағының сани­тарлық шаралар жөніндегі келі­сімі жүзеге асып, санитарлық ша­­ралар саласында екі Заң ра­тификацияланды және Дү­ние­жүзілік банктің «Қазақ­стан­ның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі шеңберінде тағам өнімінің қауіпсіздігі» жобасының «F» ком­по­ненті іске асуда.
Былтыр жұмыс істейтін облыс­тық орталықтардың базасында мамандандырылған, оның ішінде күйдіргіні және бруцеллезді диаг­­ностикалайтын зертханалар құрылып, біздің орталықта тағам өнімінің қауіпсіздігі бойынша республикалық референс-зерт­ханасы және тағам өнім­дерінің қауіпсіздігін бақылайтын маман­дандырылған 3 зертхана құ­ры­лып, жұмыс істеуде.
Қазіргі кезде зертханалар қо­сымша және заманауи құрал-жабдықпен (ПТР, хрома­торг­рафтар, атомдық абсорбциялық спектрофотометр) жабдықталып, Дүниежүзілік банк жобасының «F» компоненті бойынша респуб­ли­каның 11 санитарлық-эпиде­мио­логиялық сараптама ор­та­лық­тары толықтай заманауи 39 қондырғымен жабдықталуда.
Облыстық санитарлық-эпи­демиологиялық орталықтардың 55 маманы, оның ішінде алыс ше­телдерде 33 маман оқытылып, білімдерін халықаралық стан­дарт­қа сай жетілдірді.
Үстіміздегі жылы 6 айда 25 ел­ден әкелінген өнім зерттеліп, 714 сынама зертханалардан өтті. Сондай-ақ ауызсу арқылы пайда болатын қауіпті жұқпалы ауру­лардың бірі тырысқақ екенін ес­керсек, бұл аурудың эпидемио­ло­гиялық жағдайы әлемде күр­делі деңгейде сақталып отыр.
Тырысқақты қадағалау мақса­тында санитарлық-эпидемио­ло­гиялық қызметі эпидемияға қар­сы іс-шаралар жүргізіп, ты­рысқаққа қауіптілік тобынан бар­лығы 27 мыңнан аса адам тек­серілді, соның ішінде арнайы тәртіптегі мекемелер, әлеуметтік оңалту мекемелеріндегі, пси­хоневрологиялық диспансерлер мен стационарларда, шетелден келген азаматтар, босқындар және уақытша мигранттар бар.
Эпидмерзімде (мамыр, қазан) қоршаған орта нысандардан тырысқаққа 21 мың су сынамасы, шаруашылық және ауызсудың орталықтандырылған суқұбыр­ларының санитарлық қорғау ай­мағындағы үстіңгі су айды­нынан 2,5 мың су сынамасы зерттеліп, тырысқақ вибриондары бөлін­бегені анықталды.
Сонымен қатар демалыс ай­мағы, бассейндер, фонтандар, аквапарктер жалпы рек­реа­ц­иондық суды қолдану орындары, сонымен қатар тырысқақтан эпи­демиологиялық мағынасы бар орыннан 15 мыңға жуық су сына­масы зерттеліп, тырысқақ виб­риондары бөлінген жоқ.
Ашық су айдындарында та­ралатын 01 серотопты және 01 се­ротопты емес тырысқақ виб­риондарының барлық жергілікті штамдарының авируленттілігін, тырысқақпен ауыратын науқас­тың болмағанын ескере отырып, еліміз аумағында таралатын тырысқақ вибриондары эпиде­миялық жағынан қауіпсіз деген қорытынды жасауға болады.
Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі мәселелерінің өзектілігіне бай­ла­нысты және оларды шығару, қай­та өңдеу, әзірлеу, оны ары қарай ғаламдық, дүниежүзілік деңгейде тарату мәселелерін ескере отырып, өткізіліп отырған семинар өз нәтижесін береді деп ойлаймыз және еліміздің ден­сау­лық сақтау саласында қызмет жасап жүрген мамандар өздері­нің тәжірибелік, теориялық білім­дерін пайдалана отырып, халық денсаулығын қорғауда аянбай еңбек ететіне сеніммен қарауға болады.

Шалғынбай ЖАНДОСОВ,
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық
сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық
орталығының директоры,
медицина ғылымдарының кандидаты

0
607
0