Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:22, 08 ноября 2012

Көңіл күйіңіз қалай?

 
08.11.12.
Бәріміздің де Алладан тілейтініміз - темірдей денсаулық, әрине. Бар мүшеміз сау болып, ешқандай сырқатқа шалдықпасақ екен, ауру дегенді атымен білмесек екен дейміз. Алайда сол үшін адам қарап отырмай, өзінің сүйікті ісімен айналысып, денесін шынықтыруы керек. Денсаулықтың кепілі - спорт деп білсек, адамның мінезі мен сан рет құбылған көңіл күйі де адамзат денсаулығына әсер етеді екен.

Ғалымдардың зерттеуі бойын­ша жаман, көңілге кірбің түсіретін ойлар - мидың оң жақ жарты шарының маңдайалды бөлігін белсенді жұмыс істет­кізеді, ал көңілге жағатын жақсы ойлар - сол жақ жарты шары маң­дайалды бө­лігінің белсен­ділігін арттырады. Ақыры ағза­дағы бұл реакциялар адам­ның иммундық жүйесіне әсер етеді.
Адам бойындағы реніш, ашу қандайда бір ауру тудыруы мүм­кін. Ренжулі адам өзін кім рен­жіткенін, қандай сөзбен рен­жіткені сияқты жайттарды есінде сақтап қалады-мыс. Соны қайта-қайта есіне түсіру қуа­тының әлсіреуіне әкелмек. Сол себепті де ренішті бойында көпке дейін сақтайтын кекшіл жандар жиі ауырып, аз ғұмыр кешетін кө­рі­неді. Қатыгездеу жандардың, әсіресе, бауыры ауырады екен. Егер сіз ренішіңізді ішіңізде сақ­тай берсеңіз, ол өзінен-өзі жо­ғалып кетпейді, қайта үдей түседі. Сондықтан да адам қуана білу керек және бойындағы жақсы ойын дамыта түсуі қажет. Өйткені жақсы ой өмірде қуанышты сәт­терге жетелейді.
«Өз тілім - өз жауым» демек­ші кейде қалжыңдап айтылса да аузымыздан шыққан сөзге аса мән бермей жатамыз. Ал сол сөз жеке өмірімізге, денсаулы­ғы­мызға әсер етуі мүмкін. Өмірде оған дәлел болар жайттар да бар. Бірде, ащы суға үйір күйеуіне ыза болған әйелі ашумен «көргім кел­мейді осыны» деп бірнеше мәрте айтқан екен. Ақыры бірер жыл­дан кейін әлгі әйел көру қабіле­тінен айырылған.
Денсаулыққа жағымсыз ой­лар мен аңдамай айтылған сөз­ден басқа, үрей де әсер етеді. Мы­салы, адам дұрыс жол таңда­мағанына көзі жетсе, өмір жо­лын аяқпен жүріп өтетін болған­дық­тан, оның аяқтары сыр­­қат-­
тануы мүм­кін.
Кейбір оқушылар бақылау жұ­мысын тапсырар кезде де­не­сінің ыстығы көтеріліп, өзін жай­сыз сезінеді. Оны педиатр дәрі­герлер сырқатпен емес, ба­ланың 2 деген баға алудан қо­рық­қандығымен байланыс­тырады. Сондай-ақ себепсіз уайым­ға салынып, өзіне сенім­сіздік таныт­қан адам гастритке шалдығатын көрінеді.
Голландия ғалымдарының зерттеуінше, өмірде әр нәрсені жеңіл қабылдап, шаттанып жү­ретін жандар жиі ауырады екен және олар көбінесе жүрек-қан тамырлары ауруынан көз жұ­ма­тын көрінеді.
Адам бойындағы оптимизм қатерлі дерт пен өлім қаупін тө­мендетеді. Олар пессимист адам­ға қарағанда ауруынан тез айы­ғады. Медицинада да осыған бай­ланысты түрлі жағдайлар кез­деседі.
Белсенді көңіл күйі адам ғұ­мырын ұзартумен қатар, өзінің ау­руға қарсылық қуатын кү­шей­теді екен. Бірнеше жылдан бері, көңіл күй мен денсаулық ара­сында байланыс болатын­дығын ғалымдар тағы бір тұрғыдан рас­тады. Олардың мәлімдеуінше, егер адам жыл бойы жабырқап, торығып, күйзелісте жүретін бол­са, онда қан құрамындағы холес­терин шамасы артады және адам тәнінің ауырсыну түйсігі ұлғая­ды.
Ғалымдардың тағы бір дерегі бойынша, егер адам өзінде бар­дың бәріне разы болса, мысалы, жанашыр жұбайының болға­ны­на, белгілі табысқа жеткендігіне, тіп­ті өзінің тірі жүргендігіне де разы сезіммен қарай алатын болса, мұндай сезім иммунитеттік қуат­ты арттырып, қан қысымын тө­мендетіп, тұтас тәннің қалпына келу қарқынын тездетеді екен.
Ендеше, жүзіміз жарқырап, шат­тықта ғұмыр кешейік.

Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ


0
911
0